girniy.ru 1
Excel программасын жүктеу үшін тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасын таңдап, Программалар қатарындағы Microsoft Excel жолында тышқанды шертеміз. Егер жұмыс үстелінде Excel программасының немесе файлының жарлығы болса, онда соны екі шерту арқылы да программаны жылдам жүктеу мүмкіндігі бар


Электронды кестені ойлап табу идеясы 1979 жылы Гарвард университетінің студенті Дэн Дриклинге келді. Досы Боб Франкстон екеуі бухгалтерлік кітаптың көмегімен экономикалық есептеулерді орындай отырып, VisiCalc деп атаған бірінші электронды кестені жетілдірді. Басында ол Apple II деген компьютерлер типтеріне арналған болатын, бірақ кейіннен барлық компьютерлер типіне тасмалданды.

1987 жылы Microsoft фирмасының Excel электронды кестесі пайда болды. Бұл программа, өзінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтіп, шығу ақпараттының сапасын жоғарлата отырып, едәуір қарапайым интерфейсті ұсынды. Электронды кестелерді қолдану, оймен есептеусіз – ақ, берілгендермен жұмысты жеңілдетіп нәтиже алуға мүмкіндік береді. Ең кең қолданымды, электронды кестелер бухгалтерлік және экономикалық есептеулерде тапты.

Электрондық кестелер немесе кестелік процессорлар - деп кесте түрінде берілген мәліметтер жиынын компьютер көмегімен автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған программалар тобын айтады. Басқаша айтсақ, электрондық кестелер – кесте ішінде есеп - кисап жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы тәжірибелер жүргізу, т.б. мүмкіндіктер беретін арнайы программалық дестелер. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолдануынан көрінеді.

Қазіргі кезде бірнеше электрондық кестелер - Microsoft Excel, Lotus, Works тәрізді программалар кең қолданылып келеді.

Excel даярлайтын құжат жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбаша көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасымен екі рет шерту арқылы атын өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бір жұмыс парағы 256 – ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар A-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65 536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәліметтер енгізетін ең кіші эелементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: A9, D216, F56, G76, L16.


Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және оны тышқанның немесе басқару пернелерінің көмегімен аламыз. Қатар орналасқан көрші ұяларда біртұтас мәліметтер орналасады да, оларға адрес арқылы сілтеме жасауға болады. Ұялардың осындай жиынын диапазон деп атайды.

Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:


  • Сан;

  • Формула;

  • Мәтін.

Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі теңдік белгесе болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостраф болса, мәтін деп қабылдайды. Мәліметтерді енгізу enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін Esc пернесін басамыз, немесе формулалар жолындағы Болдырмау батырмасын шертеміз. Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақ шетіне орналасады. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолданылады: кәдімгі сандақ пішім әр түрлі сандық шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайызын, жас мөлшерін және т.б. ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдаланылады. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданылады. Бұларға жататындар: регистациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі.

Қатар нөмірі - электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының (жолдарының) сол жақ шетінде жазылған нөмірі.

Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) белгілейді. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы жағында жазылып тұрады.

Ұ
яшық (тор) - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әр бір ұяшық бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұратын адреспен анықталады.


Ұяшық сілтемесі (көрсеткіші) - жұмыс істеуге тиіс екпінді күйдегі үстіміздегі немесе ағымдағы ұяны көрсетіп тұрған тік төртбұрышты теңбіл тор. Теңбіл тор пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бетімен ұядан ұяға көшіріліп отырады.

Ағымдағы ұяшық - теңбіл тормен белгіленіп тұрған екпінді ұя. Ол кестенің бір торын ғана белгілеп, келісім бойынша, мәлімет енгізу операциясы немесе басқа бір іс әрекет осы торда ғана орындалатынын көрсетеді.

Блок (ұялар жиыны, аумағы) - тік төртбұрышты түрдегі қатарласа орналасқан ұялар жиыны. Ол бірнеше ұядан, толық қатардан, бағанадан немесе тік төртбұрыш түріндегі бір топ торлардан тұра алады. Бір мезгілде бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегін блок немесе ұялар аралығы деп атауға болады. Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2-ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2:D8 түрінде көрсетіледі.

Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу - Excel электрондық кестесі үш өлшемді құрылымнан тұрады, яғни ол бөлек парақтардан тұратын 16 парақ кітап тәрізді. Экранда тек бір парақ - кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады.

Формула ретінде арифметикалық амалдар немесе функциялармен біріктірілген сандар тізбегін немесе ұяшыктар адрестерінен тұратын арифметикалық өрнектерді жазуға да болады.

Формулаларды міндетті түрде "=" теңдік белгісінен бастап жазу керек. Мысалы, 2*3 теңдігін есептеу үшін =2*3 формуласын жазу керек. Ал, С1 және F5 ұяшықтарындағы сандардың қосындысын есептеу үшін, нәтиже орналасатын ұяшыққа кестелік курсорды орналастырғаннан кейін, =С1+Ғ5 формуласын теріп жазамыз. ¥ялар адрестері латын әріптерімен пернелер арқылы немесе керекті ұяда тышқанды шерту жолымен енгізіледі. ¥ялар жиыны адресі терілгенде оларды бөліп тұратын : (қос нүкте) қолмен, енгізіледі. Формуланы енгізгеннен кейін, сол ұяшықга бірден нәтиже көрінеді.


Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегімен жазылады. Операторлар дегеніміз — іс әрекеттің орындалу ретін анықтайтын шартты белгілеулер. Көбейту, бөлу, азайту, қосу операторлары - амалдары шартты белгілеулер түрінде өте қысқа болып жазылады.

Excel электрондық кестесінде мұндай операторлардың бірнеше түрлері бар. Арифметикалық операторлар мен олардың орындайтын амалдарын қарастырайық:


Оператор

Мысал

Нәтиже

+

2+6 (қосу)

8

-

9-7 (азайту)

2

*

4*8 (көбейту)

32

1

6/2 (бөлу)

3

А

4^2 (дәрежелеу)

16

%

0,6 (процент)

60%


= (тең), > (үлкен), < (кіші), >= (үлкен немесе тең), <= (кіші немесе тең) және # (тең емес) салыстыру операторларының нәтижелері Ақиқат немесе Жалған деген логикалық мәндерге сәйкес келеді.

Абсолют және салыстырмалы адрестерді (сілтемелерді) енгізу кезінде олар (үнсіз келісім бойынша) формулаларда салыстырмалы, яғни өзгермелі деп қарастырылады. Салыстырмалы адрестер көшірілгенде, жаңа орынға сәйкес өзгереді, ал абсолюттік адрестер - көшіру процесінде өзгермейді.


Формула қатары - ұяларға мәліметтер және формулалар енгізуге немесе оларды түзетуге арналған қатар.

Жолдар: 1 2 3 4 5 6 ...
65536

Бағаналар: А В С ...
Z AA AB AC ... AZ BA BB ВС ... IU

Бағаналар саны - 256. Енді стандартты Excel терезесінің элементтерін қарастырайық. Экрандағы Excel терезесінде мынадай объектілер орналасқан:

Жоғарғы жол — басқару батырмалары бар терезе тақырыбы.

Екінші жол — Excel менюі.

Үшінші және төртінші жолдар — Стандарты және Форматтау аспаптар тақтасы.

Бесінші жол — енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы.

Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.

Терезенің ең төменгі жолы — қалып-күй (қалып) жолы. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы (көрсеткіші) орналасқан. Төменгі қатар - Қалып-күй қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысы немесе Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.

Мысалы, Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторын - "Дайын" (Готов) деген сөзді көрсетеді.

Стандарттар саймандар тақтасы. Бұл тақтада орналасқан батырмалар жиі орындалатын командалардың әрекеттерін қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшіру, енгізу, сандар қосындысын табу, мәліметтерді реттеу т.б. эрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін береді.

Форматтау саймандар тақтасы. Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп (шрифт) түрін, мөлшерін таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу, мәтін шеттерін туралау, жақтау сызықтары мен түрлі түстерді қолдана отырып, кестені көркемдеу әрекеттерін жылдам орындау істерін атқарады.

Төменгі қатардың сол жақ шетінде Excel кестесі жұмыс режимдерінің индикаторы тұр. Мысалы, Excel кестесі мәліметтердің енгізілуін күтіп тұрған жағдайда дайын режимі іске қосылады да, индикатор Дайын (Готов) деген сөзді көрсетіп тұрады. Көптеген әрекеттер алдын ала белгіленген ұялар мәліметтерімен атқарылады.


Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды белгілеу. Кесте объектілері олармен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай белгіленеді:



Нені белгілейміз...

Қалай белгілейміз...

бағананы

бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен таңдап алып, оны бір рет шерту;

бірнеше бағананы

алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, курсорды оңға не солға жылжыту;

бір жолды

жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып, оны бір рет шерту;

бірнеше жолды

алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап курсорды жоғары не төмен созу;

блокты (тік төртбұрышты ай­мақ)

тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында басамыз да, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұяшығына жеткізу;

жұмыс парағын толық ерекшелеу

тышқан курсорын бағана аттары мен жол нөмірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына алып барып, оны бір рет шерту.

Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына бағыттауыштар арқылы жеткіземіз. Әйтпесе, F8 пернесін басып белгілеу режиміне көшеміз де, бағыттауыш пернелерді пайдаланамыз. Esc пернесі ерекшелеуді тоқтату үшін пайдаланылады. Бір-бірімен тіркесе қатар орналаспаған блоктарды ерекшелеу қажет болғанда, былай істеу керек:


1. алғашқы ұяшықты немесе қатар орналасқан ұяшықтардың бір блогын ерекшелеу;

2. Ctrl пернесін басып, оны басулы күйінде ұстап тұру;

3. келесі ұяшықты немесе блокты ерекшелеу, т.с.с;

4. Ctrl пернесін қоя беру.

Ерекшелеуді алып тастау үшін тышқан батырмасын жұмыс парағының ерекшеленбеген кез келген бөлігінде шерту жеткілікті. Жаңа ерекшелеу де бұрынғы ерекшелеуді алып тастайды.

¥ялар мәліметін көшіру/жылжыту ұяларды белгілеп алған соң, алмасу буфері арқылы орындалады. Белгіленген мәліметтерді тікелей тышқанмен тасымалдау немесе тарту тәсілімен көшіруге/жылжытуға болады.

Плюсті толтыру әрекеті арқылы да көшірме алуға болады. Курсорды ұяшықтың оң жақ төменгі шетіне алып барғанда, ол "плюс" таңбасына айналады, оны толтыру маркері деп атайды. Толтыру әрекетін оңға қарай және төменгі бағытта жүргізеді. Толтыру орын ауыстыру сияқты орындалады, бірақ бұл сәтте курсор ұяшықтың немесе блоктың оң жақ төменгі шетінде тұруы тиіс (қара плюс түрінде). Толтыру кезінде бастапқы ұяшықтағы немесе блоктағы мәлімет (НЕ) тышқанның батырмасын басып тұрып бірнеше рет қайталана алады. Ол әсіресе формулаларды көшіруге өте ыңғайлы.

Сандармен автотолтыру. Ағымдағы ұяшықтың толтыру маркерін тасу (жылжыту) ұяшық мазмұнын горизонталь және вертикаль бағыттауда "көбейту" операциясы ретінде қарастырылады.