https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Бас жоспардың тұжырымдасы: Аймақтарға бөлу




1. Орталық оқу аймағы

Қазіргі кезде бар оқу ғимараттары, көп нысаналы аудиториялар, бизнес мектебі, энергетикалық зерттеулер орталығы кіреді. Негізгі бел ортасы университеттік кешеннің дәл ортасында орналасатын болады. Оқу аймағы кампустың негізгі өзегі болып табылады. 

2. Орталық ғылыми аймақ

Қосалқы өзектен солтүстікке қарай орналасқан орталық ғылыми аймақ негізгі ғылыми зерттеу институттарынан, сондай-ақ "ғылыми паркке" жататын зерттеу мекемелерінен құралатын болады, олардың мақсаты қоғамдастық арасында ғылыми процесті алға жылжыту және дәріптеу болып табылады. Бұл аймақ аспалы жабық жаяу жүретін жол арқылы орталық академиялық аймақпен қосылатын болады. (скай бридж). Көлеңкелеуді барынша болдырмау мақсатында шығыс жақта орналастырылған күн сәулесі батареясы да орталық ғылыми аймақтың бір бөлігі болып табылады. 

3. Тұрғын аймақ

3.1 Коттедждер аймағы

Жер телімінің оңтүстік-батыс бұрышында орналасқан, университеттің жоғары басшылығына арналған осы аймақ ең тыныш және жайлы жер болады.

3.2 Таунхаустер аймағы

Коттедждер аймағының шығыс жағында қатар орналасқан таунхаустер аймағы аға оқытушылардың тұруына арналған. Таунхаустер аймағы коттедждер аймағы сияқты жайлы және тыныш жер болады. 

3.3 Оқытушыларға арналған апартаменттер аймағы

Таунхаустер аймағынан солтүстікке қарай орналасқан осы аймақ оқу персоналының тұруына арналған жер болады.

3.4 Ғылыми персоналға арналған апартаменттер аймағы

Эко-орманнан батысқа қарай жер телімінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан осы аймақ ғылыми персоналдың тұратын жеріне айналады.


3.5 Жатақханалар аймағы

Бұл аймақ спорт аймағынан шығысқа қарай студенттік паркке және қазіргі жатақханаға жақын орналасады. Студенттер оларға арналған рекреативтік демалыс паркіне тура жете алады. 

4. Спорт аймағы

Атлетикалық спорт орталығы көп нысаналы гимнастикалық залдан және жабық жүзу бассейнінен тұратын болады. Ол жатақханалармен және орталық оқу аймағымен аспалы өту жолы арқылы қосылатын болады. Сондай-ақ ашық алаңдар: шағын футбол алаңы мен теннис корты қарастырылған.

5. Қоғамдық парк аймағы

Негізгі кіретін жол жер телімінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасатын болады. Автокөлік тұрағы кіретін жолдың екі жағынан қарастырлған, бұл "төбедегі қақпа" деген атауға ие болады. Кішкене үйілген рельеф те шығыс жолдың бойында орналасады, бұл студенттік парктегі қолдан жасалған кіші төбешікпен үйлесетін болады.

6. Студенттік парк аймағы

Студенттік парк аймағында студенттік клуб және дендрарийлер орналасатын болады.

7. Болашақта кеңейтілетін аймақ 

Ғылыми аймақтан солтүстікке қарай орналасқан осы аймақ университеттің келешектегі кеңейуін көздейтін аймақ.