girniy.ru 1 2 ... 4 5
Арыс ауданының


Мазмұны

1.Кіріспе.............................................................................................. 3

2.Негізгі бөлім....................................................................................

2.1.Арыс ауданының физика – географиялық сипаттама.


2.1.1.Арыс ауданының ішкі сулары

2.1.2. климаты

2.1.3. Арыс ауданының топырақтары, өсімдіктері мен ануарлары

2.2.Арыс ауданының экономикалық-ографиялық жағдайы.

2.2.1.Кен өндіру өнеркәсібі

2.2.2. энергетика

2.2.3. Металлургия

2.2.4.Жеңіл және тамақ өнеркәсібі

2.2.5. Химия өнеркәсібі

2.2.6. Көлік кешені

2.2.7. Машина жасау «локомотив және вагон»

2.3.Арыс ауданының ауыл шаруашылығы құрамы мен даму проблемасы.

2.3.1. Егін шаруашылығы

2.3.2.Мал шаруашылығы

2.4.Халыққа қызмет көрсету саласы

2.4.1.Денсаулық сақтауды дамыту

2.4.2 Білім беу саласы және сала бойынша білікті мамандар

даярлау

2.4.3. Рекреациялық орындары

2.5.Арыс ауданының халқы және демографиялфқ әлеуметтік дамуы

2.5.1.Жалпы халқына сипаттама

2.5.2.Тұрғындардың әлеуметтік қамсыздандырылуы

2.5.3. Демографиялық және гендерлік проблемалары

3. Қорытынды

4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.


1. КІРІСПЕ.

Арыс ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы – 6,3 мың км2 (облыстың аумағының 5,4 %-ы).

Бұл елді мекен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау мен Сырдария, Арыс өзендерінің өңірін алып жатыр. Мұның оңтүстігі Қазақстан алқабы Қызылқұм кеңістігімен жалғасады да, солтүстік-батысында Қаратау қыраттармен, солтүстік-шығысы Бәйдібек, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы 1956 жылдан бастап Арыс қаласы болып аталды.


Ол қазір Оңтүстік Қазақстан облысындағы белгілі Ташкент жолы бойындағы ірі қалалардың бірі. Арыс станциясы Ташкент темір жолы салына бастаған кезден пайда болды. Тарихи деректер бойынша бұл қаланың төңірегінде халық ертеден тығыз орналасқан төрт түлікке бай ел болған. Бүгінде халқы (1970 жылғы санақ бойынша) 30 мыңнан астам, 1999 жылғы санақ бойынша ауданда халық саны 59920, қалада 34450 адам.

Қаланың ескі бөлігі I-Арыс станциясымен іргелес, II-Арыс станциясымен байланысады. Қала көлемі жағынан өте үлкен болмаса да, оның маңызы зор. Арыс станциясы Ресей мен Орта Азия, Қазақстан, Батыс Сібір аймақтарын жалғастырып жатыр. Сондықтан оны Орта Азия мен Қазақстан бағытындағы қақпа, яғни «Тоғыз жолдың торабы» деп те атайды.

Дарияның өн бойы тамаша мал жайылымдарына бай. Арыс ауданының кең алқабын жусан шөбі алып жатыр. Осы өңірдің тұрғындары сонау ертеден егістікке суды тиімділікпен пайдаланған. Арыстың Сырдарияға құяр сағасындағы Отырар алқабында ертеде пайдаланылған егістік көлемі қазіргіден көп болған. Біздің ғасырымыздың орта шенінде егістікті, жүзім алқаптарын, бақшаны Арыс өзенінен шыққан каналдар арқылы да суғарған.

Ел аузында Арыс өңірі ертеде «Қазақ қырған», ал Арыс өзені «Үржі» деп аталыпты деген деректер де бар. Арыс өзені туралы айтсақ, ел белгілі жазушы І.Есенберлиннің «Алтын Орда» атты үш томдық тарихи кітабында Арыс өзенінің бұрын «Үржі» болып аталғанын айтқан.

Арыс атауының тағы бір ұғымы бар. Ол: қазақта: «Арыс» деген ежелден келе жатқан көне ұғым бойынша білікті, қадірменді, елеулі адамдарға орай айтылып келген. Бір тайпа елді немесе жеке адамды ерекше көрсету мағынасында да қолданылады. «Арыс» ұғымы мен атауының ерте замандардан бері қарай ру мен жер, су атауларын құрап келгенін аңғартады. Арыс өңірінің алып жатқан орнының өзі де тоғыз жолдың торабына ыңғайласып жатыр. «Жібек жолының» осы өңірден өтуі де бекер емес.

Арыс қаласының басты ерекшеліктерінің бірі – оның экономикасының әртүрлі салалардан құралғандығы. Қала тарихының үлкен белесі сонау ХХ ғасырдың басында салынған Орынбор-Ташкент теміржолы мен тығыз байланысты.


Өткен ғасырдың 30-жылдарында үлкен аудан орталығы болған Арыс поселкелік типтес еді. 1956 жылғы 31шілдеде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен қала мәртебесін алды.

1900-1904 жылдардағы Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы Арыс поселкасының дамуының басты себебі болып табылады. 1904 жылы осы теміржолмен уақытша барлық бағытта поездар жүре бастады. 1906 жылы қыркүйек айында теміржолдың ашылуы болып өтті.

Патша үкіметі оңтүстікпен экономикалық байланысын нығайту үшін 1913 жылы мамырда Шымкент арқылы өтетін Жетісу теміржолын салуға шешім қабылдады. Бұл жұмыс Арыс станциясынан басталып, 3 жылдан соң Бурный станциясына жетеді. Бұл теміржолдағы алғашқы елді-мекен Арыс станциясы болған. 1900-1905 жылдар аралығында тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттар салына бастады. 1912 жылы жолдың оңтүстікке қарай ұзаруына байланысты поселке көлемі ұлғая түсті. Мұнда орталықтар мен кеңселер, құрылыс алаңдарының қоймалары, почта станциясы, ауруханалар мен қызметкерлерге тұрғын үйлер салына бастады. Барлық үйлер бір қабатты болған және кірпіштен салынған. Арыс станциясында кешенді құрылыс 1912-1914 жылдары жүрді. 1915 жылы бұл станцияда айналма паровоз депосы пакгауз және бірнеше тұрғын казармалар салынды. Балаларға білім беру үшін мектептер және ауруханалар ашыла бастады.

1928 жылы 17 қаңтарда аудан болып құрылды. Аудан орталығы Арыс поселкесі болды. 1932 жылы 11 наурызда Арыс поселкесі жұмысшы поселкесі болып қайта құрылды.

Арыс 1956 жылы 31 шілдеде қала статусын алған. Арыс қаласы Ресейдің еуропалық бөлігін, Сібірді Орта Азиямен және Қазақстанмен байланыстыратын үш бағыттағы ірі торабтық станция болып табылады.

Қала құрылысының негізгі факторы дамыған шаруашылығы бар теміржол станциясы болып табылады. Қазіргі таңда жеке секторда қызу құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ


2.1. Арыс ауданына физикалық-географиялық сипаттама.

2.1.1. Арыс ауданының ішкі сулары.


Оңтүстік Қазақстан облысының гидрографиялық жүйесі оның бүкіл аумағында әрқалай орналасқан өзендер, көлдер, су қоймалары мен каналдар арқылы анықталады. Мұнда барлығы су кадастры арқылы 297 өзен тіркелген. Олардың алпы ұзындығы 8045 км. Құрайды. Оның ішінде 42-сі сел қаупіне жақын саналады: 16 өзенде құм-тас аралас лайлы ағымы болуы мүмкін, ал 26 өзенде айналасын шайып кететін сел жүруі мүмкін. Бұл өзендерден басқа көптеген есепке алынбаған ұсақ су арналары да (жыралар, жылғалар) бар. Олар арқылы көктем айларында су тасуы байқалады. Сел қаупін тудыратын өзендер санының көптігіне қарамастан аудандағы төтенше жағдай қауіптілігі онша үлкен емес.

Аймақтағы барлық өзендер Арал теңізі алабына жатады. Олар бастауларын Қаратау, Қаржантау,Өгем жоталарының баулайларынан алады. Тау өңірлерінен шыға берісте өзен сулары егістік суаруға алынады. Бұл сулардың бір бөлігі өзендерге қайта құяды, бірақ аз ғана бөлігі булануға және су қоймаларында, каналдарда және суартылытын сүзілу есебінен жоғалады.

Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған: көпшілігі орталық және оңтүстігімен ағады. Ірі өзендері- сырдария. Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгі ағысы тартылып қалады. Сырдария мен Келес салаларында шардара бөгені орналасқан.

Сырдария өзенінің ұзындығы- 2190 шақырым. Бұл өзен Нарын мен Қарадария өзендерінен басталады. Нарын өзенінің ұзындығы- 700 шақырым. Осы өзенді қоса есептегенде Сырдария өзенінің қоры Тянь-Шаньнан, Талас Алатауынанан, Қырғыз даласынан, Теріскей Алатауынан басталады. Ауданы-422 мың шақырым. Қазақстан территориясында Сырдарияның оң жағында өзеннің үлкен саласы шырақ өзенін, сол жағында келес өзенін, төменгі ағысында шөлді жерлермен ағады да, 400-500 шақырым қашықтықта, сол жақ саласы жоқ. Оң жағында тек бір ғана саласы бар. Арыс өзені мен Сырдария өзенінің Өзбекстан мен Қазақстан үшін үлкен маңызы бар. Қызылорда облысы Сырдарияның суын күрішке пайдаланады.

Сырдария алабы Орта Азиядағы төрт мемлекеттің (Қырғызтан,м Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан) аумағында орны тепкен. Дарияның ұзындығы 3019 км. Алаптың ең басты ерекшелігі –оның аумағы екі айқын зонаға : ағынды қалыптасу және пайдалану зоналарына бөлінуі. Ал, Қазақстан аумағы екінші су пайдалану зонасында жатыр.


Сырдария алабының көп жылдық орташа су ресурстары 30,4км3/жыл, суы мол жылдарда 45,0-50 км3/жыл, қуаң жылдарда 25,5 км3/жыл, аралығында ауытқиды. Негізінен мұздықтар мен еріген қар суымен қоректенуіне байланысты табиғи жағдайда Сырдария көкткм-жаз айларында тасиды. Су тасу кезінде су өтімінің мөлшері көкбұлақ бекетінің тұсында секундына 1000-3700 текше метр аралығында ауытқиды. Қазақстан аумағында Сырдарияға сол жағынан келес, Арыс өзендері құяды. Сырдың су жинау алабының ауданы 462000 км2тең.

Сырдария алабы көне суармалы егіншілік аудандардан өтетіндіктен кезінде ТМД-ның негізіг мақта өсіретін базарларға пайдаланылады. 1913 жылдары Қазақстан шекарасына дейін 1073 мың га, оның 743 мың га-сы Ферғана аңғарында, Шыршық-Ангрен-Келес ирригациялық ауданында (Ташкент оазисі) – 219 мың га, Мырзашөлде- 50 мың га, дальверзин даласында -7 мың га жер суарылатын.

Арыс өзені – Сырдарияның оң жақ саласы болып табылады. Өзеннің ұзындығы 332 шақырым. Арыс өзені алғашқы да Қолбастау өзенінен басталады. Қолбастау өзені Талас Алатауы мен Қаратаудың аралығында орналасқан. Бұл жерлерде бұлақтар көп. Алатау мен қаратаудан ағып шығытын осы бұлақтар арыс өзенін құрайды. Өзеннің суы көп айы – наурыз, сәуір, ал азаятын кезі қазан-ақпан аралығы.

Арыс өзені 3500 м. Биіктіктегі Талас Алатауы мен қаратаудың арасындағы ойпатта орналасқан Шақпақ жотасынын бастау алады. Бассейннің ауданы – 14530 км, оның 50% -ы таулы бөлікке кіреді. Бастаудың жоғарғы жағындағы өзен арнасы кең, аңғардың баурайлары тегіс. Ары қарай төменгі ағыста баурайы тік болып келеді, аңғардың ені 1 км және одан да үлкен болады. Балықшы ауылының төменгі жағында өзенге Боралдай (оң жақ), Машат, Ақсу және бадам (сол жақ) сияқты ірі салалары қосылады.

Аұқсу өзені- Арыс өзенінің ең ірі саласы. Мұның бассейні Талас Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 шақырым, ұзындығы 120 шақырым.

Бадам өзені – Арыс өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұның бассейні Бадам тауының солтүстік, солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бассейннің ауданы- 4300 шақырым, ұзындығы – 137 шақырым.


Боралдай өзені- арыс өзенінің оң жақтағы ірі саласы. Бассейні Қаратау жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым, ұзындығы- 130 шақырым. Боралдай өзені – кіші Боралдай, үлкен боралдай өзендерінің қосылуымен құралады. Негізінен қар суымен қоректенеді. Арыс өзені өзінің

барлық саларымен Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шарруашылығында пайдаланылады.

Машат өзені- Арыс өзенінің сол жақ саласы, бастауын 2500м. биіктіктен алады. Өзеннің ұзындығы 75 км., су жинайтын ауданы 579 км. өзеннің жоғарғы жақ бөлігіндегі аңғары құзды болып келеді. Бастаудан 25 км қашақтықта Y тәріздес өзен аңғары тереңдігі 150-200 м. болатын тік жарасты каньонға айналды. Жартастар желден мүжілген әртүрлі жыныстар мен әк тастардан құралған. Бастаудан 45 км. Оң жақтан Дәубаба өзені қосылғаннан кейін каньон біртіндеп кеңейе бастайды да, төменгі ағыс бөлігінде 100-150 км. болады.

Өзен аңғарының өн бойын үш террасаға бөлуге болады. Олар сарғыш-сұрғылт түсті саздақтан, құмдықтан, малта тастар мен конгломераттардан тұрады.

Жайылма алқабын су тасыған кезеңде су басып қалады. Кейбір жылдары судың деңгейі 1м. және де одан да жоғары биіктікке көтеріледі. Өзен жайылмасы негізінен малта тасты, саздақты және құмайтты болып келеді.

Оңтүстік қазақстан облысы көлдерге бай емес. Олар негізінен облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар өте тұзды және саяз болып келеді. Жазық аймақатарда артезиан сулары бар. Ол сулардан минералды сулар шығады, оны емдік бағытта пайдаланады. Сарыағаш курортындағы минералды су Республикадағы бірден- бінр асқазан, ішек құрылыстары үшін.

Облыста су қорына өзен және көлдерден басқа – жер асты сулары да жатады. Жер асты сулары халық шаруашылығына пайдаланады. Артезиан суы шөлдегі аймақтар үшін егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына тиімді. Елді мекендер ол суларды ауыз су ретінде пайдаланады.

Облыс территориясындағы ірі өзендер. Кесте



Өзендер

Ұзындығы

Алабының көлемі км2

Биіктігі, м

Орташа шығыны м3



Қоректенуі

Негізгі салалары

1

Арыс

378

14530

3500

40,2

Жаңбыр, жерасты суы

Боралдай, Қара-үңгір, Машат, Ақсу, Бадам

2

Ақсу

133

766

4042

4,02

Қар суы, жаңбыр, жерасты суы

Балаақсу, Бұғылтұр, Жаңбырлысай

3

Бадам

138

4380

2700

4,51

Жаңбыр, жерасты суы

Ермекбадам, Ленгір, Сай-рамсу, Тесексу

4

Машат

75

579

2500

2,1

Қар, жерасты суы

Дәубаба



2.1.2. Климаты.

Облыстың батыс жағының климаты негізінен континентті болып келеді. Шөлді және шөлейтті бөліктерінің жылдық орташа көрсеткіші біртектес, әсіресе жылы кездерде су балансының өте азайып кететіндігі. Күннің беретін жылуы ылғалданудан 12-15 есе асып түседі. Шілдедегі орташа айлық температурасы +27;+28;С болады. Ал Қызылқұмдағы кейбір жерлердің температурасы +48С –қа дейін жетеді. Жаз айларындағы ауаның ылғалдығы 25-28 % , ал өте ыстық әрі құрғақ күндері ол 13% дейін кеміп кетеді.


Қыс айларында Сібір антициклоны үнемдік жасайды. Қоңыржай белдеудегі суық ауа райы көбінесе жылымай, ұзақ сақталатын күндері көп болады. Орташа температура -3,-4С, кейбір күндері көрсетеіш 15С-қа дейін төмендейді, ал ауа масаларының ағымы оңтүстік бағытқа қарай өзгерген жағдайда тез жылымық боп өзгере қалады. Л.Н Бабушкин бұл жағдайды «вегетациялық қыс» деп атады. Шардара төңірегінде Қызылқұм шөлінің температурасы -3С- тан -2С-қа дейін жетеді. Бұл төңіректе қыста кейде +15С –қа дейін көтеріліп кететін күндер болып тұрады. Осыған орай кейде цикланды ауа массалары Оңтүстік Батыстан келе бастайды да , қар аралас жаңбыр боп жауатыны байқалады. Шымкент облысының шөлді аймақтарында жылына 90мм –ден 180мм-ге дейін жауын- шашын жауады, ал булану 1000-1500мм болады. Ал Арыс ауданындағы жауын-шашын мөлшері 250-300мм.

Климат түзуші факторлар.

Күн радиациясы. Жиынтық күн радиациясы 586152-669888 юн/см, ал радиация балансы 167472-209340 юн/с. Күннің тік түсетін радиациясы әрдайым шашыранды радиациясы мол болатындығын көрсетеді. Кей кездерде бұл көріністің 90 дерлік байқалады. Тәуліктің температура амплитудасы +18 с болады.

Қазақстан жеріндегі жауын- шашын. Шымкент облысындағы шөлді аймақтарға жылына 90-180мм дейін жауын-шашын түседі, ал булану 1000-1500 мм болады.

Фронттар.Жел. Оңтүстік Қазақстан облысында негізінен 4 түрлі ауа массасы үстемдік жасайды:

1.Артикалық ауа массасы

2.Монғол антицмиклоны

3.Иран ауа массасының ағымы

4. Солтүстік батысынан келетін циклонды Атлант мұхитында пайда болатын « Исландия минимумы» әсер етеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше жел үстемдік етеді. Батыстан шығысқа қарай «Қаратау» желі соғады.Алғабас, Қызылқұм, Бөген, Арыс аудандарында «Арыстанды қарабас» желі Қартаудан басталып, Оңтүстік батысқа қарай өседі. Бұл жел халық шаруашылығына өте зиянды. Жылдамдығы 10-12 м/с , кейбір жылдары ай бойы тұрады, егіншілікті кептіріп жібереді.


Иран тауларына қалыптасатын ауа массалары «Керімсал» желін әкеледі. Ол жел дәнді дақылдарды күйдіріп жібереді.

Түлкібас, Сайрам, Төлеби аудандарына шығыстан есетін «Шапшақ» желі әсер етеді. Бұл екпіні күшті , жылдамдығы 25-30 м/сек болатын жел. Қыста қатты аязды, жазда өте салқын боп тұрады.

Қазығұрт, Сарыағаш, Келес аудандарында шығыстан «Шыршық» желі соғады. Ол кейде «Бриз» желін еске түсіреді онша қатты емес.

Ал өзіміздің Жетісай, Мақтаарал, Киров, Шардара өңірінде «Қақан» желі үстемдік етеді. Ол әрдайым батыстан келеді. Қыс айларында осы жел қаныққан ауа массаларын алып келеді де, бұрқасынды алай-дүлей боран болады, кейде жаңбыр күйінде де жауады.

Өңірімізге шығыстан тұратын желді Ташкент алатауынан келетін «Шамал» желі деп аталады.

Атмосфералық жауын-шашын. Облысымызда атмосфералық жауын-шашын, қар, жаңбыр және бұршақ пен тұман түрінде түседі.Облысымыздың ең суық нүктесі қиыр солтүстіктегі шу өзені алабындағы Тасты елщді мекенде 1969 жылы 27 қаңтарда абсалюттік төмен температура 420С –қа жетті.

Жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы Өгем, піскем және Қаржантау жоталарының оңтүстік батыс беткейі, ал ең аз түсетін бөлігі шөлдік аймақтары Созақта – 151 мм, Шардарада-175 мм. Арыс пен Қапланбектің ашық жерлерінде қар жамылғысының қалыңдығы 9см құрайды. Бұл жағдайда территорияның әрбір гектарына қанша ылғалдан келетін есептеп шығаруға болада.

1см қар жамылғысы гектарына 20-35 см3 ылғал береді. Демек.

9см қар жамылғысы 180см3 –тен 315см3 дейін ылғал бере алады. Бұл сандар қардың тығыздығына да байланысты.

Алғашқы қар солтүстік ауданадрда қазанның бас кезінде, ал оңтүстігінде қарашаның басында түседі. Тұрақты қар жамылғысы солтүстікте 130 күн, ал

оңтүстікте 45 күн жатады.



следующая страница >>