girniy.ru |
1 2 ... 9 10
Мазмұны
1.2 Еңбек ақының формалары және жүйелері............................................1.3 Кәсіпорында еңбек ақы қорын пайдаланудың тиімділігі ....................
еңбек ақыны ұйымдастыруды талдау 2.1 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ң технико-экономикалық сипатының мәні
3.1 Еңбек ақы төлеудің шетелдік тәжірибесі........................................... 3.2 Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру....................... ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................... ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ Кіріспе Нарықтық экономика жағдайында өндіріс тиімділігіне әсер ететін әртүрлі факторлардың маңызы арта түседі, себебі, бәсекенің күшеюі кәсіпорындардың өмір сүру жағдайы мен дамуына тікелей әсерін тигізеді. Осы факторлардың ішінде алдыңғы қатардағы орындардың бірін – адам факторы алады, яғни экономикалық өсу мен тиімділіктің, бәсекеге қабілеттіліктің негізін заводтар мен фабрикалар немесе құрал-жабдықтар мен өндіріс қорлары емес, тікелей адам капиталы құрайды.
Зерттеу нысаны болып, мұнай – газ өндіретін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен оның бөлімшелері алынды. Зерттеу пәні – кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыру туралы мәліметтер, жалақының түрлері, жұмыс уақытын пайдалануды талдау, жұмысшылардың саны мен жалақы қорын талдау, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – ның соңғы бірнеше жылдардағы негізгі технико – экономикалық көрсеткіштері. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Бірінші бөлімде еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері қарастырылады. Екінші бөлімде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – ның өнеркәсіптік кәсіпорындарының мысалында еңбек ақыны ұйымдастыруға талдау жүргізілген. Үшінші бөлім кәсіпорындарда еңбек ақыны ұйымдастыруды жақсарту, жетілдіру жолдарын қарастыруға арналған. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып, осы мәселеге арналған нормативті – құқықтық актілер, отандық және шетелдік белгілі авторлардың монографиялары, мерзімдік басылымдар, арнаулы әдебиеттер, сонымен қатар, тәжірибе өту кезінде алынған материалдар табылады. Жалпы диплом жұмысы кіріспе, үш бөлімнен кесте мен сүреттен тұрады.
Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардын қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарыктық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекеттік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизмін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады. Кәсіпорын жұмысшысының табысына өндіріс шығындарына кіретін жалақы, еңбек және әлеуметтік ақшалай төлемдер, пайдадан алынатын сыйақылар, сонымен қатар, кәсіпорын мүлкіне қосқан үлесі мен акцияларына алатын дивидендтер, заттай алатын өнімдер және т.б. табыстар кіреді. Жалақы – материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді тұтыну қорының бір бөлігі болып табылады. Ол жұмысшыларға еңбектерінің саны мен сапасына және нәтижелілігіне байланысты төленеді. Нарықтық экономика жағдайында жалақының мәні төмендегі аспектілерден құралады:
Қазіргі кезде шаруашылықты жүргізуде жалақыны ұйымдастыру төмендегі қағидаларға сәйкес жүргізіледі:
ынталандыру;
болуы. Сонымен бірге еңбекке ақы төлеу мөлшері барлық жағдайларда Казақстан Республикасында белгіленген ағымдағы жылдың мемлекеттік бюджеті туралы заңмен белгіленетін минимумнан төмен болмауы керек. Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу екі әдіспен: орталықтанды-рылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылады. Жалақыны реттеудің мемлекеттік орталықтандырылған әдісі қызметкерлер тобының біліктілігін жіктеудің разряд аралық тарифтік коэффициенттерін , барлық қызметкерлердің еңбегіне төлеудің «Бірыңғай тарифтік кестесін» , жалақы тарифтерін еңгізу арқылы жүргізіледі . Еңбекке ақы төлеудің орталықтандырылған әдісі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылады . Жалақыны номиналды, яғни жалақының ақшалай мөлшері және нақты жалақы, номиналды жалақыға қаншалықты тұтыну заттары мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға болатынын көрсететін жалақы де екіге бөледі: Ун Ур = ---------- (1) Р Ур - нақты (реальная) жалақы; Ун - номиналды жалақы; Р - тұтыну заттары мен көрсетілетін қызметтер бағасының деңгейі. Мұндағы нақты жалақы мөлшеріне сұраныс пен ұсыныстың әсері үлкен болады. Жұмыс күшіне сұраныс көп болған жағдайда, нақты жалақы деңгейі де жоғары болады, ал еңбек ұсынысы жалақы динамикасына кері пропорциялық әсер етеді. 1 сүретке сәйкес еңбек ұсынысы мен сұраныстары қисығын қосып, жалақының графикалық мөлшерін анықтауға болады [9]. СС1 қисығы ұсынысты сипаттайды, ДД1 қисығы – жұмыс күшіне сұранысты көрсетеді, ОП1ЕК1 төртбұрышы жалақы мөлшерін анықтайды. Е нүктесі - сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік нүктесін көрсетеді.
Еңбекақы - еңбек кілісім шарты негізінде, әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін табыстың ақша түріндегі бөлігі. Еңбекақы экономикалық категория ретінде екі жақты сипатта болады, бір жағынан ол жалданған адам үшін - табыс, ал кәсіпорын үшін - өндіріс шығыны болып табылады. Жұмыс күшіне деген шығындар жалақымен ғана шектелмейді. Кәсіпорынның жұмыс күшіне жұмсайтын шығындар қатарына сонымен қатар, жұмысшыларды әлеуміттік қорғау шығыстары, тұрғын ұймен қамтамасыз ету және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету шығындары. Еңбекақы, кәсіпорынның қызметкерлерін жоғары өнімді еңбек уәждемесі мен ынталандыруды қамтамасыз ететін маңызды құрал. Еңбекақы қоры - қызметкерлердің жұмсаған еңбектерінің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін табыстың ақша түріндегі бөлігінің сомасы болып табылады және құрылымы бойынша әр түрлі элементтерден тұрады. (Сурет 2). Еңбекақының жоспарлы мөлшері немесе еңбекақы қоры (ЕАҚ), ірілендірілген немесе сараланған әдістерімен анықтауға болады. Ірілендірілген жоспарлы еңбекақы қоры (ЕАҚЖОС) үш тәсілмен анықтауғ болады.
ЕАҚЖОС = Нж х QI (2) мұнда QI - жоспарланған өнім көлемі; 2. Өнім көлемінің өскен әрбір проценттіне келетін еңбекақы қорының өсуінің нормативі негізінде ЕАҚЖОС = ЕАҚ БАЗ + ЕАҚ БАЗ (Нж х Ө)/ 100% (3) мұнда Ө - өнім көлемінің өсуі, Н ж – өнім көлемінің өскен әрбір проценттіне келетін еңбекақы қорының өсу нормативі
ЕАҚЖОС = ЕАЖ х СТ (4) Жоғарыда көрсетілген тәсілдерімен, жалпы кәсіпорын бойынша және жеке қызметкерлер тобы мен категориялар бойынша ЕАҚ есептеуге болады. Сараланған (дифферициалды) әдісімен еңбекақы қорын (ЕАҚ) өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің категориялары бойынша жеке және жалпы кәсіпорын бойынша анықтауға болады. Оның құрамы ЕАҚ тарифтік, сағаттық, күндік және айлық есптеулерінен тұрады (Сурет 3). Тарифтік ЕАҚ құрамы кесімді-жұмысшылар мен мерзімді – жұмысшылардың еңбекақыларынан тұрады. Кесімді – жұмысшылардың ЕАҚ орындалған жұмыс көлеміне байланысты кесімді есептеу негізінде келесі формуламен есептелінеді: ЕАҚ КЕС = P x N x K (5) мұнда P - өнім бірлігіне есептелген кесімді есеп (расценка; N - тапсырма бойынша өнім саны (көлемі); K - жоспарлы тапсырманы орындау коэффициенті. Мерзімдік – жұмысшылардың ЕАҚ жұмыс істеу уақытына байланысты тарифтік ставкалар бойынша келесі формуламен анықталады:
следующая страница >> |