https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 6 7

46 А.С.Пушкин атындағы орта мектеп



46 А.С.Пушкин атындағы

орта мектептің 2008-2009 оқу жылына арналған жылдық жоспары


2008-2009 оқу жылы


М А З М Ұ Н Ы




І. Кіріспе.


  1. Мектептің 2007-2008 оқу жылындағы жұмыс қорытындысына қысқаша талдау.




  1. Мектептегі 2008-2009 оқу жылындағы негізгі міндеттері.



ІІ. Міндетті Білім заңының орындалуы.


ІІІ. Педагогикалық кадрлармен жұмыстарды ұйымдастыру.


ІV. Оқу – тәрбие жұмысына педагогикалық – методикалық

бақылау.


V. Оқу – тәрбие жұмысына басшылық пен бақылау.


VІ. Оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары.


VІІ. Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту.


ҮІІІ. Ата – аналар комитетінің жұмыс жоспары.


ІХ. Психологтардың жұмыс жоспары.








Кіріспе



Мектеп ұжымының 2007-2008 оқу жылындағы атқарған жұмыстарына қысқаша талдау.


46 А.С. Пушкин атындағы орта мектебінің педагогикалық ұжымы Ел Президентінің “Қазақстан-2030” жолдауын, “Білім туралы заңды”, Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” заңын, “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасын” басшылыққа ала отырып, 2007-2008 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды.

2007-2008 оқу жылында жалпы 178 мұғалім жұмыс істеді. Оның 150 жоғары білімді, 6аяқталмаған жоғары , 22 арнаулы орта білімді мамандар. Сапалық құрамына келсек 1-і жоғары, 49-ы І санатты, 27-сі ІІ санатты, қалғаны түрлі разрядтағылар. Оқу жылы 1332 оқушы, 50 сынып комплектісімен басталды. Екі мектеп алды даярлық тобы жұмыс жасады.


Оқу жылын 1336 оқушымен аяқтадық, оның 497-сі бастауыш сыныптарда, 725-і 5-9 сыныптарда, 114-і 10-11 сыныптарда бітірді. Жылдық қорытынды бойынша 230 оқушы үздік, 335 оқушы екпінділер қатарында аяқтаса 8 оқушы үлгермеді. Жалпы білім сапасы 42%, үлгерім 99,4% құрады.

Мектептің стратегиялық даму мақсаттарын ойдағыдай жүзеге асыру шарттары белгіленді:


  1. Оқушының дамуын қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеудің жаңаша педагогикалық технологияларын педагогикалық үрдістегі барлық қатысушылардың меңгеруі көзделінді.

  2. Әр мұғалімге жемісті оқытуға, әр оқушыға табысты оқуға қолайлы жағдай қарастырылды.

  3. Оқу үрдісін психологизациялау жұмыстары жалғастырылды.

  4. Мектепте өзіндік дамуға және зерттеу еңбегіне қабілеті бар мұғалімдер мен оқушылар арасында шығармашылық ізденіс орталықтары жұмыс жүргізді:

    • «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғамы

    • «Шаңырақ» ата-аналар отауы

    • «Инабат» қыздар отауы

    • «Ұлағат» ұлдар отауы

    • «Тәлім» жас мамандар мектебі

    • «» шығармашыл мұғалімдер мектебі

5. Оқу-тәрбие үрдісіне зерттеушілік қатынастар енгізілді.


Мектептің стратегиялық даму мақсаттарын жүзеге асыру нәтижесінде мектеп ұжымы төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізді:

Мектепті бітірген 45 оқушының 43-і ҰБТ-ға қатысып, орташа 62,5 ұпай жинап аудан мектептері арасында 3-орынды иеленді. Нәтижесінде 13 оқушы Мемлекеттік білім грантын жеңіп алды.

Мектепішілік пән олимпиадасына 194 оқушы қатысып, нәтижесінде 10 пәннен 38 оқушы аудандық жарысқа қатысты, оның 9-ы жүлделі орындарға ие болды.Олар:

I орын алған оқушылар: 10 «Б» сынып оқушысы Серікбай Нұржан информатика пәнінен, пән мұғалімі Білалова Ақсауле, 10 «Б» сынып оқушысы Қосаева Нәзігүл ағылшын тілі пәнінен, пән мұғалімі Жүнісова Луиза,


8 «Е» сынып оқушысы Болатқызы Теңге физика пәнінен, пән мұғалімі Қалекеева Алмаш.

II орын алған оқушылар: 11 «А» сынып оқушысы Әбдірашитов Нұрболат математика пәнінен, пән мұғалімі Кәрібаева Майра, 11 «А» сынып оқушысы Едігенова Жазира орыс тілі пәнінен, пән мұғалімі Жаманқұлова Қуаныш, 10«А» сынып оқушысы Хаметова Баян орыс тілі пәнінен, пән мұғалімі Утетилеуова Гулмира, 9«А» сынып оқушысы Әлішеров Олжас химия пәнінен, пән мұғалімі Жұманазарова Құралай.

III орын алған оқушылар: 10 «А» сынып оқушысы Төребай Батырхан биология пәнінен, пән мұғалімі Мыханов Ғабит, 8 «Б» сынып оқушысы Аханбек Аида математика пәнінен, пән мұғалімі Мәдиева Құттықыз.

2007-2008 оқу жылында облыстық білім беру департаментінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында өткізілген «Дарын» РҒПО-ның Республикалық ғылыми жоба жарысына мектептен 7 оқшының жобасы қатысып, оның үшеуі жүлделі III орын иеленді. Олар: 11 «А» сынып оқушылары Жұмабекова Әсия, жетекшісі технология пәнінің мұғалімі Қалдыбекова Нұржамал, Тажикова Айдана, жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Ержанова Райкүл және 10 «А» сынып оқушысы Нұршаева Назым, жетекшісі технология пәнінің мұғалімі Қаюпова Айгүл. Екі оқушы мақтау грамотасымен мараптталды. Олар: 11 «А» сынып оқушысы Әбдірашитов Нұрболат, жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Кәрібаева Гүлмира және

10 «А» сынып оқушысы Баекеева Әсел, жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Ержанова Райкүл. Валеология пәнінің мұғалімі Балашева Ақмарал жетекшілік ететін 9 «А» сынып оқушысы Мұратбекова Айдана, Нұркеева Гүлжан жетекшілік ететін 8 «Б» сынып оқушысы Ертаева Асылзат жобаларын жақсы қорғап қайтты.

Нәтижесінде мектептің «Жас ғалым» ғылыми қоғамы облыстық білім беру департаментінің «Үздік ғылыми қоғам» номинациясын жеңіп алды.

Аудандық «Экология және балалар» тақырыбындағы ғылыми жобалар жарысында валеология пәнінің мұғалімі Нұркеева Гүлжан жетекшілік ететін 8 «Б» сынып оқушысы Ертаева Асылзат I орын, Ержанова Райкүл жетекшілік ететін 10 «А» сынып оқушысы Баекеева Әсел II орын, география пәнінің мұғалімі Әбдікерова Ақгүл жетекшілік ететін 8 «Е» сынып оқушысы Байтуғанов Данияр III орындарды иеленді.


«Демеу-Шиелі» ЖШС ұйымдастырған оқушылардың аудандық ғылыми жобалар жарысында технология пәнінің мұғалімі Қалдыбекова Нұржамал жетекшілік ететін 11 «А» сынып оқушысы Жұмабекова Әсия III орын иеленсе, математика пәнінің мұғалімі Кәрібаева Гүлмира жетекшілік ететін 11 «А» сынып оқушысы Әбдірашитов Нұрболат мақтау грамотасымен марапатталып, екеуі бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Ғылым заңғары-Шахмардан» атты оқушылардың аудандық ғылыми жобалар жарысында химия пәнінің мұғалімі Ержанова Райкүл жетекшілік ететін 10 «А» сынып оқушысы Баекеева Әсел және биология пәнінің мұғалімі Орынкүл Шорабаева жетекшілік ететін 7 «А» сынып оқушылары Б.Бекмұрзаева мен Р.Әбсұлтанова мақтау грамоталарымен марапатталды.

«Ер есімі-ел есінде» тақырыбындағы жеңістің 53 жылдығына арналған оқушылардың аудандық ғылыми жобалар жарысында тарих пәнінің мұғалімі Төлегенова Сара жетекшілік ететін 11 «А» сынып оқушысы Жолбаева Ақсамал II орын иеленді.

«Жас ғалым-2008» атты оқушылардың аудандық ғылыми жобалар жарысында химия пәнінің мұғалімі Қайрат Қуандықов жетекшілік ететін

10 «А» сынып оқушысы Төребай Батырхан II орын, технология пәнінің мұғалімі Қалдыбекова Нұржамал жетекшілік ететін 8 «Г» сынып оқушысы Пейізова Әйгерім II орын, химия пәнінің мұғалімі Ержанова Райкүл жетекшілік ететін 10 «А» сынып оқушысы Баекеева Әсел III орын, география пәнінің мұғалімі Әбдікерова Ақгүл жетекшілік ететін 8 «Е» сынып оқушысы Байтуғанов Данияр III орын, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нұргүл Андақұлова жетекшілік ететін 7 «Б» сынып оқушысы Сәбитқызы Айдана III орын иеленсе, валеология пәнінің мұғалімі Нұркеева Гүлжан жетекшілік ететін

8 «Б» сынып оқушысы Ертаева Асылзат пен биология пәнінің мұғалімі Орынкүл Шорабаева жетекшілік ететін 7 «А» сынып оқушылары Б.Бекмұрзаева мен Р.Әбсұлтанова мақтау грамоталарымен марапатталды.

Тараз қаласында өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда биология пәнінің мұғалімі Шорабаева Орынкүл жетекшілік ететін


10 «А» сынып оқушысы Нұралиев Азамат экология секциясында I орынды иеленді.

2006-2007 оқу жылында аудандық деңгейде эксперимент түрінде ғалым Ж.Қараевтың “СДО” оқыту технологиясымен жұмыстар жүргізілді. Осы технологиямен 4 мұғалім жұмыс жүргізді. Олар 6 сынып биология пәні бойынша О.Шорабаева, 8 сынып математика пәні бойынша Р.Әлтаева, 6 сынып биология пәні бойынша Қ.Қуандықов, 8 сынып химия пәні бойынша Р.Ержан.

Әртүрлі интеллектуалдық марафондарға мектеп оқушылары қатысып, жетістіктерге жетті:

I Республикалық «Ақбота-2007» интеллектуалдық марафонына мектептің 3-10 сыныптарынан 85 оқушы қатысып, екеуі жүлделі орын алды.

Олар:

1. Әлібай Нұрбол 4 «А» сынып III орын. Пән мұғалімі- Күзенбаева Ұлбала

2. Райымбек Самат 3 «Ә» сынып III орын. Пән мұғалімі- Ізтілеуова Тынымкүл

II Республикалық «Дарын» РҒПО–ның ұйымдастыруымен өткізілген

«Русский медвежонок » тіл білімі ойын-конкурсына 2-11 сыныптардан 118 оқушы қатысып, үшеуі жүлделі орын алды. Олар:

1. Романқызы Арайлым 6 «Б» сынып I орын. Пән мұғалімі Шамшатова Гүлсім

2. Абат Ұлтай 5 «Д» сынып III орын. Пән мұғалімі- Сыздықова Раиса

3. Қоянбаева Ұлдана 4 «А» сынып III орын. Пән мұғалімі- Әлиева Гүлмира

III Республикалық «Дарын» РҒПО –ның ұйымдастыруымен өткізілген

« Кенгуру-математик » ойын-конкурсына 3-10 сынып оқушыларынан

53 оқушы қатысқанымен ешқайсысы жоғарғы ұпай жинай алмады.

IV Республикалық «Дарын» РҒПО –ның ұйымдастыруымен өткізілген

« Кенгуру-лингвист » ойын-конкурсына 3-10 сынып оқушыларынан 9 оқушы қатысты. Конкурс нәтижесінде үш оқушы жүлделі орындар иеленді. Олар:

1. Еркинбаева Асель 5 «А» сынып II орын. Пән мұғалімі-Бижанова Ұлдана

2. Даукараева Жұлдыз 6 «» сынып II орын. Пән мұғалімі-Бижанова Ұлдана


3. Сүлеймен Қанат 5 «» сынып III орын. Пән мұғалімі- Рысбекова Қалияш

V «Золотое Руно-2008» ойын конкурсына 5-11 сыныптардан 9 оқушы қатысқанымен ешқайсысы жоғары ұпай жинай алған жоқ.


Бейімді – бағдарлы оқыту деңгейіміз оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және оларды келешекте ие болуға кәсібіне бейімдеуді қамтамасыз ететін оқу.

9- сыныптағы оқушылардың кәсіби деңгейін анықтау мақсатында 12 жылдық білім беру проблеммалары Республикалық ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен диагностикалық дәптер арқылы 140 оқушыдан сауалнамалар алынды.

Зерттеу мазмұнында оқушылардың кәсіби ой-иелігін анықтау. Оқушының мамандық туралы хабардарлығы табандылықты зерттеукәсіби қызығушылығы мен бейімділігі , кәсіптік ынталандыруын зерттеу бағыттары бойынша сауалнамалар алынып, қорытыныдысы алынды. Қорытынды нәтижесінде оқушылардың тұлғалық бейімділігі қабілеттері мен мүмкіндіктерінің кәсіби ой – мұраттарына сәйкестігі анықталды.

2008-2009 оқу жылында оқуды мектепте жалғастырушылар 60 негізгі мектепті бітірушілердіңжоғарғы сатысында бағдарлы оқытудың жаратылыстану-математикалық, қоғамдық- гуманитарлық бағыттары таңдалды.

Өткен оқу жылында қолданбалы және таңдау курстарының бөлінуі жайлы мәліметке назар аударсақ 11 сыныптар бойынша қолданбалы сағаттар - 6 сағат, таңдаулы сағаттар – 6 сағаттар, барлығы – 12 сағат бөлінді.

10- сыныптар бойынша қолданбалы сағаттар - 6 сағат, таңдаулы сағаттар – 6 сағаттар, барлығы – 12 сағат бөлінді.

140 оқушыдан 32 оқушы өзі және ата-анасы өтінішті гуманитарлық бағытқа жазды. 28 оқушы өзі және ата – анасы политехникалық бағытқа өтінішін өткізді.

9 «Б» сыныбынан Абишова Нәзігүл. 9 «Г» сыныбынан Шекеров Н КТМ-ге кететіндігі анықталды.

Авторлық бағдарламалар жасалып, бағдарламаға сәйкес қолданбалы және таңдау курстары өтіледі.


Аудандық авторлық, бағдарламалар конкурсында Бешимова Сәуленің , Кәрібаева Майраның, Төлегенова Сараның бағдарламалары жақсы деп танылып, марапатталып, облысқа конкурсқа жіберілді.

Биылғы жылғы сынып комплектісіне байланысты 18 сағат 10 сыныптар үшін беріледі.11 сыныптар үшін 12 сағат беріледі.

Жаратылыстану-математика, қоғамдық гуманитарлық бағыттары бойынша арнайы курстарға жазылған бағдарламалар өткізілді.

Мысалы: Кәрібаев Майра «Қиындығы жоғары есептерді шығару» ,Сейілова Ұлтай «Қазақтың шешендік өнері», жоғары сыныптарда әдебит теориясын оқып уйрену.Бешимова Сәуле «тіл білімдерінің негіздері», Төлегенова Сара «Сыр өңірінің тарихы» курс атаулары бойынша бағадарламаларын өткізді

Қазақстан Республикасы Тәрбиенің кешенді бағдарламасының негізгі бағыттарын басшылыққа ала отырып мектепішілік тәрбиенің жылдық жұмыс жопары белгіленіп 31 тамыз күні пед. кеңесінде бекітілді. Жұмыс жоспарына сәйкес дәстүрге арналаға іс-шаралар өтілді. Атап айтсақ «Сыңғырла алғашқы қоңырау» жиыны, «1 рет, 1-ші сыныпқа» қайырымдылық акциясы, 22 қыркүйек «Тіл мерекесіне» арналған пән бірлестіктерімен өткізілген апталық; «Алтын күз-2007» дәстүрлі кеші; 25 қазан Республика күніне арналған іс-шаралар; 1 Желтоқсан Спид-ке қарсы күрес күніне арналған апталық; 16 желтоқсан Республика Тәуелсіздігі күніне арналған апталық; дәстүрлі «Жасыл шырша жанында» Жаңа жылды қарсы алу шаралары; 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өтуге арналған апталық: 22 Наурыз Жыл басы мерекесін атап өту; 1 мамыр Халықтар бірлігі және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күнін; 25 мамыр «Сәт-сапар ХХІ ғасыр түлектері, аттанған туған жерді түлеткелі» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны атап өтілді.

Тәрбие жүйесінде өзіндік орны бар 3 отау жұмыс істейді. Олар «Шаңырақ ата –аналар отауы », «Ұлағат» ұлдар отауы, «Инабат» қыздар отауы.Жоспарланған шаралар орындалды. Отбасы жылына байланысты өтілген іс-шаралар бастауыш сыныптар бойынша өтілгені қанағаттандырады.


Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2008 жылдың 8-12 сәуір аралығында мектеп ұжыиының педагогикалық жаңалықты ендіру арқылы оқушылар білім сапасын арттырудың жұмыстары жан-жақты тексеруден өтті. Тексеру қорытындысында оқушылардың білім сапасын арттыруда, мектепішілік басқару мен бақылауда, нормативті құжаттарды жүргізудегі, пәндер бойынша стандартқа сәйкес білім берудегі мектеп ұжымы мүшелерінің атқарған жұмыстары аталып өтілді

.Дегенмен жекеленген мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, кемшіліктер атап көрсетілді. Алфавиттік кітапшаның толтырылуында, аттестат беру кітабының рәсімделуінде, жылдық жоспардың бағыттарында кемшіліктер кеткен.

Тәрбие жұмысының бағыттарында, атап айтсақ.,сынып журналындағы оқушылар жайлы мәлімет толтыру барысында қателіктер жіберілген; оқушының күнделікті ұстап тұтуында түрлі түсті карандашпен толтыру, наклейка жабыстыру қателіктеріне жол берілген. Сынып жетекшілердің тәрбие сағаттарындағы бірсарындылықты жойып түрлендіріп өту; оқушы құжатын нотариус арқылы бекіттіру және ата-аналарының жұмыс орны туралы анықтамаларын жылма-жыл жинақтап отыру, сынып жетекшілердің ата-аналар мен мектеп психологтарымен байланысын нығайту ескертілді.

Бақылау қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігіне педагогикалық ұжымның оқушылар білім сапасын арттырудағы жұмыстарында және мектепішілік бақылау мен басшылық жұмыстарын жандандыруға, педагог кадрларға білім мазмұнына сай әдістемелік және кәсіби тұрғыдан жетілдіру, құжаттарын жүргізуі , шығармашылық ізденуіне, тәрбие жұмыстарына бағыттардағы жұмыстарды күшейту, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерту, қолдану, сынып жетекшілерінің жұмыс жасау деңгейін нақты айқындау тәрбие бөлімдерін өз деңгейінде жнргізу, мектептегі психологиялық бағыттағы жұмыстарды жандандыру сияқты ұсыныстар мен пікірлер айтылды.


2008-2009 оқу жылындағы мектеп педагогикалық ұжымының алдында тұрған міндеттері:


  1. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде ҚР «Білім туралы заңын» «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын», «Жалпы орта білім», , ҚР Конституциясын, Білім және ғылым Министрлігінің, облыстық,, аудандық білім бөлімдерінің, бұйрықтары мен қатынас хаттарын үнемі басшылыққа алу.


  2. Ел президентінің “Қазақстан – 2030” жолдауын жүзеге асыру.

  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып жұмыс жасау

  4. Білім сапасын көтеруді басты назарда ұстау, оқу бағдарламасы бойынша білім беруде білім стандартының талаптарын қамтамасыз ету.

  5. Мектепішілік жоспарға сәйкес басқарудағы, зерттеудегі іс-әрекетті толық жүзеге асыру.

  6. Жас мамандардың жұмысын қатаң басқаруға алу, оларға жан-жақты әдістемелік көмек беру.

  7. Шығармашылық топтың жұмысын дамыту, олармен орындалатын жұмыстың ауқымын кеңейту, мұғалімнің шығармашылық белсенділігін арттыру

  8. Оқушылардың шығармашылық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, жұмыстармен айналысуына жағдай жасау.

  9. Қылмысты болдырмадың алдын-алу мақсатында сынып жетекшілері мен ата-аналардың жұмысын жетілдіру, сынып жетекшілерінің кәсіби деңгейлеріне зерттеу жұмыстарын жүргізу.

  10. Сабақта ақпарат құралдарын тиімді пайдалану, электронды оқулықтарды пайдалана отырып оқушыларға сапалы білім беруді жолға қою.

  11. Оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыруда ата-анамен тығыз байланыс орнату, Тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек ұйымдастыру

  12. Мұғалім беделінің артуына жағдай жасау, озат тәжірибені кеңінен насихаттау, зерттеу, тарату.

  13. Мектеп түлектерінің келешекте Тәуелсіз Қазақстан Мемлекетінің жігерлі де, саналы азаматы болып, Еліміздің тағдырын мықты қолда ұстай алатын болуы үшін мамандықты дұрыс кәсіптік бағдар беру.

14.Оқушылардың сабаққа толық қатынасуын үнемі қадағалап отыру.

15.Оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды әрі

қарай жалғастыру, Мектеп мүлкінің сақталуы, Оған қамқор болуына

ықпал ету.



следующая страница >>