https://electroinfo.net

girniy.ru 1
Демалыс кезінде еске ұстаңыз!



ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының

Дәрі-дәрмек ақпараттық-сараптамалық орталығы Қазақстандық саяхатшыларға

кәсіби түрде жинақталған «Саяхатшының дәрілік қобдишасын» ұсынады


Құрметті Қазақстандықтар!


Саяхат, демалыс, іс-сапар– асқан жауапкершілікті талап ететін ерекше жағдай. Бұл жағдайларда қажет болып қалады ау деген дәрілік заттарды өзіңізбен бірге алып жүрген жөн.

Әсіресе, алыс және жақын шет елдерге сапарға шығатын адамдар үшін бұл өте маңызды, өйткені онда көптеген дәрілік заттар рецепт бойынша жіберіледі. Еске ұстайтын жай, бір дәрілік препараттың атаулары әр елде әр түрлі болуы мүмкін, ал Евроодақ елдерінде кейбір отандық дәрілердің сатылуына тіпті тиым салынған. Сонымен қоса, шет мемлекеттерде дәрігерге қаралу қымбатқа тусуі мүмкін.

Дәрі-дәрмек ақпараттық-сараптамалық орталығы қандай препараттарды өзіңізбен алып жүру керектігі туралы кеңес береді.


Дәрілік қобдишаға қойылатын талаптар?

Дәрілік қобдиша, демалыс кезінде қажет болып қалады ау деген ең тиімді дәрілік заттардан тұруы тиіс. Әрине, препараттардың белгілі бір жиынтығы қолданатын адамның жеке-бас ерекшеліктеріне, сапардың ұзақтығы мен түріне, ауданы мен жыл мезгіліне және тағы да басқа жағдайларға байланысты таңдалуы керек.

Мысалы, егер Сіз белгілі бір дәрілік затты үнемі қабылдап жүрсеңіз, оны өзіңізбен бірге жеткілікті мөлшерде алыңыз, өйткені Сіз баратын елдің жергілікті дәріханасында оның аналогы болмауы мүмкін.





Дәрілік қобдишаға жедел жағдайлар мен жарақаттарды емдеуге арналған дәрілік заттарды салу керек. Кейбір жағдайда дұрыс тағайындалмаған дәрілік зат, аурудың өзінен де қауіпті болуы мүмкін екендігін есте сақтаған жөн.

Жоғары аталған жайларды ескере отырып, жолға шыққанда алатын дәрілік қобдишаға қойылатын ереже-талаптардытөмендегідей қорытындылауға болады:


  • Дәрілік қобдишаға ыңғайлы, сенімді, су өткізбейтін контейнер қажет;

  • Міндетті түрде дәрілік қобдишаның құрамына кіретін дәрілік заттардың тізімін жасаңыз.

  • Өзіңізбен бірге бұрын қолданып көрген дәрілік заттарды алғаныңыз жөн;

  • Фармакологиялық әсері күшті дәрілік заттарды жолға алудың қажеті жоқ, себебі, оларды дәрігердің тағайындауынсыз қолдануға болмайды;

  • Дәрілік заттардың мөлшері жеткілікті болуы тиіс (атап айтқанда, емнің толық бір курсына жетуі керек);

  • Өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз. Егер жағдайыңыз бір-екі күн ішінде жақсармаса, жергілікті дәрігерге қаралғаныңыз жөн;

  • Егер жолға алған дәрілік қобдишаға уйдегі дәрілік қобдишадан дәрілік заттарды салсаңыз, олардың қорабының бүтіндігіне, сақталу мерзімінің өтпегендігіне көз жеткізіңіз;

  • Ыңғайлы және сенімді қораптағы препараттарға таңдау жасаңыз, саяхатқа керек емес препараттардан бас тартыңыз;




Қолдануға көрсеткіштер

Дәрілік препараттар




Улану кезінде: адсорбенттер

Белсендірілген көмір, Диоктаэдрикалық смекта (Смекта және т.б.)

Дене қызуы жоғарылағанда: анальгетик-антипиретиктер:

Парацетамол (Панадол, Эффералган), Ибупрофен (Нурофен т.б.)

Аллергиялық реакциялар кезінде:

Лоратадин(Кларисан, Кларитин т.б.), Клемастин (Тавегил т.б.) Цетиризин (Зетринал, Зиртек, Зодак және т.б.)

Қабыну процесстері кезінде: антибактериалды препараттар:


Амоксициллин(Амоксил, Амоксимакс, Амосин, Оспамокс)

Іш өту кезінде: диареяға қарсы

Лоперамид (Имодиум, Диара және т.б.), Домперидон (Мотилиум т.б.), сүт қышқылын өндіретін микроағзалардың комбинациясы басқа препараттармен комбинациясы (Линекс т.б.)

Жәндіктер шаққанда қышынуды басатын:

Диметинден (Фенистил-гель және т.б.) Дифенгидрамин (Псило-бальзам, Комфорт-гель т.б.)

Қажалған жерге:

Қажалған жерге жапсыратын пластырь

Сыртқа қолданатын антисептиктер:

Йод, бриллиант көгі, сутек тотығы және т.б.

Есінен танғанда:

Мүсәтір спирті

Буын және бұлшықеттер ауырған жағдайда:

Диклофенак, Гепарин басқа препараттармен қосарланған (Долобене гель), буын және бұлшықеттер ауырған жағдайдаауырсынуды басатын (Финалгон), Кетопрофен (Фастум гель және т.б.)

Жөтелге қарсы препараттар және муколитиктер:

Бромгексин, Амброксол (Лазолван, Амбро, Амбробене, Амбролан және т.б.)

Құсуға қарсы:

Дименгидринат (Драмина), Метоклопрамид (Церукал, Церулин және т.б.)

Күйікте қолданатын репаранттар:

Декспантенол (Пантенол спрей, Бепантен, Корнерегель және т.б.)


Жүрек ауырсынғанда:

Изовалераттағы ментол ерітіндісі (Валидол және т.б.), Нитроглицерин және т.б.

Іш қату кезінде ішекті босататын:

Бисакодил (Бисакодил Гриндекс, Бисакодил Нижфарм), Натрия пикосульфат (Гутталакс, Дульколакс Пико, Лаксигал, Регулакс пикосульфат және т.б.)

Ринит кезіндегі тамыр тарылтқыш препараттар:

Оксиметазолин (Назол, Називинжәне т.б.), Ксилометазолин (Галазолин, Ксимелин, Фасторик және т.б)

Ауырсынғанда: спазмолитиктер

Дротаверин (Но-шпа, Пле-спажәне т.б), Метамизол-натрия (Баралгин), Спазмалгон және т.б.

Асқорту бұзылыстары кезінде: ферменттік препараттар

Панкреатин (Фестал, Креон, Мезим-форте және т.б.)


Балаларға арналған дәрілік қобдиша


Балалар үшін педиатрия тәжірибесінде қолдануға ұсынылған дәрілік заттарды ғана қолданған дұрыс. Өкінішке орай, балалар үлкендерге қарағанда жиірек ауырады. Сондықтан да, саяхатқа балаларыңызбен шықсаңыз, балаларға арнайы дәрілік қобдишаны жинақтаған жөн.

Балаларға арналған дәрілік қобдишаның құрамындадәке, заласыздандырылған салфеткалар, мақта, мақталы таяқшалар, бактерицидті лейкопластырь, клизма, пипетка, пинцет, градусник болуы керек.




Қолдануға көрсеткіштер


Дәрілік препараттар

Улану кезінде: адсорбенттер

Белсендірілгенкөмір, Диоктаэдрикалықсмекта (Смекта) және т.б.

Дене қызуы жоғарылағанда: анальгетик-антипиретиктер:

Парацетамол (Панадолбалаларға арналған, Пиросан-вaby, Цефеконжәне т.б.), Ибупрофен (балаларға арналған Нурофен және т.б.)

Аллергиялық реакциялар кезінде:

Лоратадин(Кларисан, Кларитин т.б.), Клемастин (Тавегил т.б.) Цетиризин (Зиртек, Зодак және т.б.)

Антибактериалды препараттар, сонымен қоса, ішек инфекцияларынан:

Ко-тримоксазол (Бактрим, Бисептол балаларға арналған жәнет.б.), Хлорамфеникол\Метилурацил

(Левомеколь) және т.б.

Тамақ ауырсынғанда қолданатын антисептиктер:

Ингалипт и др., Фюзафюнжин (Биопарокс) және т.б.

Іш өту кезінде: диареяға қарсы, сүт қышқылын өндіретін микроағзалардың комбинациясы, басқа препараттармен комбинациясы

Линекс, Хилак форте, Бактисубтил және т.б.

Конъюктивит, отиткезінде: көз/құлақ тамшылары

Хлорамфеникол (Левомицетин), Сулфацетамид (Сульфацил натрия, Альбуцид-DF) және т.б., Холина салицилат (Отинум) және т.б..

Жәндіктер шаққанда қышынуды басатын:

Диметинден (Фенистил-гель және т.б.), Дифенгидрамин (Псило-бальзам) және т.б.

Сыртқа қолданылатын антисептиктер:


Йод, бриллиант көгі, сутек тотығы және т.б.

Буын және бұлшықеттер ауырған жағдайда:

Финалгон, Кетопрофен (Фастум гель) және т.б.


Жөтелге қарсы жәнемуколитиктер:

Бромгексин, Амброксол (Лазолван, Амбро, Амбролан) және т.б..

Құсыққа қарсы:

Дименгидринат (Драмина), Метоклопрамид (Церукал, Церулинжәне т.б.).

Күйікте қолданатын репаранттар:

Декспантенол (Пантенол спрей, Бепантенжәне т.б.

Ринит кезінде қолданылатын тамыр тарылтқыш препараттар:

Оксиметазолин (Називинбалаларға арналған, Назол), Ксилометазолин (Галазолин, Ксимелин) және т.б..


МАҢЫЗДЫ! Балалармен (әсіресе, жасы 5-ке толмаған) алыс-жақын шет елге жолға шығар алдында педиатрдан дәрілік препараттардың мөлшері мен балаңыздың жеке-бас ерекшеліктері бойынша кеңес алғаныңыз жөн. Сонымен қоса, профилактикалық егулерді сапар алдында алуды жоспарламаңыз, оны жолға шығардан 2 апта бұрын жасатқан дұрыс.


Шет мемлекеттерге шығатын саяхатшыларға қажетті екпе түрлері (прививка)


Тропикалық елдерге шығатын саяхатшыларға дифтерия, тырысу, полиомиелит, ал балаларға қосымша көк жөтелге қарсы екпелер ұсынылады. Африка елдеріне (оңтүстік Сахара) және Латын Америкасына сапар шегушілерге міндетті түрде сары қызбаға қарсы екпе алған дұрыс.

Меккеге қажылыққа баратындарға менингококкқа қарсы вакцинация жасатқан дұрыс. Африка және Оңтүстік – Шығыс Азияелдеріне ұзақ уақытқа сапар шегушілер В гепатиніне қарсы екпе алғандары дұрыс. Белгілі бір аймақта эпидемиялық жағдай нашарласа көрсеткіштеріне байланысты екпелер алған жөн (мысалы, Сібірге жаз мезгілінде сапарға шығарда кене энцефалитіне қарсы вакцинация, ал Орталық Азия елдеріне жолға шығарда А гепатитіне қарсы вакцинация жасатқан дұрыс).



Қорытынды: Сізге өзіңізбен бірге алған дәрілік заттардың барлығы қажет болмауы мүмкін, бірақ сонда да сақтану шараларын ұстанған дұрыс. Дәрілік қобдишаның құрамына кіретін дәрілік заттардың тізімін бала немесе басқа да жанұя мүшелерінің «әлсіз жерлерін»ескере отырып кеңейтуге болады.


БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:

Тұрғындар және медицина қызметкерлеріне арналған бірыңғай тегін телефон желісіне қоңырау шалыңыз8 800 080 88 87.

Қостанай қ, Быковский к 4а, 202 кеңсе, тел 8 (7142) 26 61 88


Дәрілік заттар туралы ақпаратты біздің сайттан біліп, білікті маманға сұрақтарыңызды жіберіңіздер. web-сайт: www.druginfo.kz


Дендеріңіз сау, демалыс сапарларыңыз сәтті болсын!


ҚР ДСМ «ДСДРО» РМК

Дәрі-дәрмек ақпараттық-сараптамалық орталығы