girniy.ru 1 2 3 4

І.3 Су ресурстары.

Агроландшафттың негізгі қасиеттеріне беткі және жер асты сулары маңызды әсер етеді. Облыстың жері қүрғақ климатта орналасуына байланысты беткі ағын сиректелген, уақытша су ағыстар көп. Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында – Бетпақдалада, Мойынқұмда және Шығыс Қызылқұмда беткі ағын жоқтың қасы. Шу өзені Бетпақдала мен Мойынқұм арасындағы табиғи шекара болып табылады, ол бұл ауданда транзиттік өзен болып келеді. Оның жалпы жылдық су ағымы – 2,5 км³ шамасында [39], оның басым бөлігі өзеннің бас жағында суғаруға пайдаланады, нәтижеде орта және төмен ағысында кейбір жылдары су тартылып қалады, яғни төменгі ағысында тұрақты су ағысы жоқ.

Облыстың ең үлкен өзені Сырдария, оның жылдық су ағымы шамамен 27 км³ құрайды [51]. Облыс шегінде Сырдарияға Арыс және Келес өзендері ғана құяды. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткеінде басталатын көптеген ұсақ өзендер Сырдарияға жетпейді, себебі олардың сулары суғаруға және басқа да шаруашылық қажеттіктерге пайдаланылады. Ал, оң жағында Сырдарияның мүлдем сала жоқ. Сырдария өзені Ферғана аңғарында Нарын өзені мен Қарадария қосылған жерден басталады. Су ағымының басым бөлігі Қазақстан жерінен тыс қалыптасады.

Облыс территориясындағы көлдердің басым бөлігі ескі арналарда қалыптасқан көлдер, мұндай көлдер әсіресе Сырдария аңғарында көп кездеседі. Көктемде қар ерігенде Сырдарияда су тасып ағады, осы кезде су ескі арналарды да толтырады, кейін олар жазға дейін суға толы болады, кейбір көлдерде жыл бойы су болады.

Қаратаудың солтүстік және оңтүстік беткейлерінде уақытша су ағыстарының және ұсақ өзендерніңің ағымының жинау облыстары болып келетін тұйық ойыстарда көлдер қалыптасады. Ең ірі көлдер Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейіндегі Қызылкөл, Қалдыкөл т.б.

Оңтүстік Қазақстан облысында тарихи ерте заманнан суғармалы егін шаруашылығы дамыған. Сондықтан, облыстың көптеген өзендерінде түрлі гидротехникалық құрылыстар су қоймалар, каналдар, тоғандар т.б. болған. Қазіргі таңда, облыстың беткі суларын тиімді пайдалану үшін ірі су қоймалар, каналдар құрылған. Сырдария өзеніндегі Шардара су қоймасының максимальдық су сиымдылығы 6,2 млн м³ [39]. Су қоймадан басталатын Қызылқұм магистральдық каналы Сырдарияның оң жағасы бойынша құнарлы жерлерді суландырады.


Бөген өзенінің төменгі ағысында Бөген су қоймасы құрылған, Ордабасы ауданындағы егістік жерді және Бөген – Түркістан канал арқылы Түркістан ауданының мақта егілетін жерді суландыруға аралаған.

Облыстың су қоймалары жер ресурстарын толық пайдалануға мұмкіншілік береді, әрі ауа райы жағдайынан салыстырмалы түрде тәуелсіз болады. Осындай су ресурстарын қайта бөлістіру облыстың егін шаруашылығын жоғары деңгейге көтерді.

Оңтүстік Қазақстан облысының территориясындағы жер асты сулары екі ірі Мойынқұм және Қызылқұм алқабтарына жатады. Бұл жер алқаптар шөлді құмдарда пайда болған. Жер асты сулардың тереңдігі әр түрлі, бірнеше ондағана метрден бірнеше жұздеген метрге дейін, кейбір жағдайда мыңдаған метрге дейін барады [21]. Агроландшафттар географиясына жер асты суларды пайдалану өте маңызды рол атқарады. Қазіргі таңда, жер асты суларын басым өнеркәсіптік, ірі қалаларды ішімдік сумен қамтамасыз ету мақсатта және жайылымдарды суландыруда пайдаланады.

Жер асты суларының қасиеттері пайдаланудың мақсатына ықпалы бар, әсіресе судың тұздылығы. Облыстың жазықтық аймақтарының жер асты сулары басым әртүрлі деңгейде тұздалған болады. Сондықтан, олар басым жайылымдарды суландыруға пайдаланады.


І. 4. Өсімдік-топырақ жамылғысы.

Топырақ жамылғысы. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарының негізгі топырақ түрі таулы-шалғынды, таулы қызыл-қоңыр және сұр топырақ. Облыстың жазықты жерінде сұр топырақ, тақыр сияқты және сұр қызыл-қоңыр топырақ басым болады. Олардың арасында сор және сортаң жерлер кездеседі. Өзен жайылымдарында шалғынды және шалғынды-батпақ топырақтар басым болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында үлкен кеңістіктерді құм алып жатыр (құмды шөлдер).

Облыстың оңтүстік-шығысында биік таулы жоталар орналасқан. Мұнда топырақтың вертикалдық зоналылығы айқын байқалады. Биік шыңдардан төмендеген сайын мұздықтар мен нивальдық белдеу таулы-шалғынды және субальптік топырақтарға ауысады. Бұл топырақ қабаты тұтас белдеу қалыптастырмайды, тек ғана жазықтық жерде және биік таулы кеңістіктердің жылғаларында тараған. Бұл топырақтың сипатты белгілері – қабаттылығы қалың емес және топырақ профили ірі бөлшектерден құрылған, қарашіріктің жоғары үлесімен және қалың шымдылықпен сипатталады.


1200 – 1300 метрден 2400 – 2500 метр биіктік аралығында таулы қызыл қоңыр топырақ тараған, оның ана жыныстары лесс және лесс сияқты саздақ, қатты жыныстардан құрылған элювий мен пролювий болып табылады. Қарашірік үлесі 3 – 6 %, түсі қызыл қоңыр [50].

Талас Алатауы, Қаржантау және Қаратау тау етегі облысында және тау алды жазықтарда, Сырдарияның биік террасаларында сұр топырақ тараған. Мұндағы сұр топырақ солтүстікті ашық реңді (аз карбонатталған), оңтүстікті қара реңді, оңтүстікті ашық реңді және оңтүстікті ашық реңді сор топырақтарға бөлінеді. Олардың ішінде оңтүстікті қара реңді сұр топырақ (қарашірік – 3 – 4 %) ең құнарлы болып табылады [40].

Бетпақдалада сұр-қоңыр топырақ дамыған, қарашірік үлесі 1 % дейін. Шоқ-шоқ болып сор жерлер кездеседі.

Сырдарияның орта ағысы бойындағы ежелгі аллювиалдық жазықтарда және Қаратаудың теріскейіндегі тау етегінде жазықтар мен Мойынқұмда тақырлар кездеседі. Олардың беті жарық пішіндер мен ерекшеленеді, қарашірік үлесі 1% аспайды.

Сортаң жерлер облыс территориясында сирек кездеседі, көбінесе Бетпақдалада.

Арыс, Бадам, Келес т.б. ұсақ өзендердің аңғарларында тұздалмаған шалғынды-сұр топырақ және сор топырақ кездеседі. Топырақтың беткі қабаттарында қарашірік үлесі 3 – 4 % дейін барады. Облыстың оңтүстік-батысында, Шу өзенінің төменгі ағысында, Сырдаря аңғарында сор жерлер бар, олардың беті жүқа тұзды қабыршақпен жабылған. Олар, минералданған еспе сулардың (жер бетінен 2 – 3 м тереңдікте) жер бетіне жақын орналасқан жағдайда пайда болады.

Өсімдік жамылғысы. Агроландшафттардың дамуына өсімдік жамылғысының маңызды әсері бар. Облыстың өсімдік жамылғысы өте түрлі болып келеді, шамамен 1,5 мың түрі бар. Жазықтықтарда шөлді өсімдіктер басым болады. Бетпақдала үстіртінде бұйырғын мен жусан көп тараған. Шу өзенінің аңғарында жусаннан құрылған шалғынды-сор өсімдіктер дамыған, арасында жыңғыл, шеңгел, сексеуіл кездеседі. Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейі тау етегінде пролювиалдық жазықтықта боялыш пен жусан басым болады. Қызылқұмда бұталы өсімдіктер көп кездеседі – сексеуіл, жусан, Коноллидің құмды қарағаны (құмды акация), жүзгін. Шөлдің қиыр оңтүстігінде жүсанды-эфемерлік өсімдік дала дала өсімдігіне ауысады. Сырдария аңғарында жусанды-солянкалы өсімдіктер басым. Ал, өзенге жақындаған сайын қамыстық және тоғай өсімдіктері көбейеді (жіде, қамыс, шенгел, тамарикс, тораңғыл, тал т.б.)


Таулы аудандарда биіктік зоналылық айқын байқалады. Теңіз деңгейінен 500 – 700 м биіктікке дейін (Батыс Тянь-Шань тау алды) эфемерлік әртүрлі шөптесін өсімдіктерден құрылған шөлді өсімдіктер басым болады (мятлик луковичный, осочка пустынная). Сайлардың көлеңке беткейінде ерте шығаты астық тұқымдастар көріне бастайды (пырей пушистый, ячмень луковичный, бородач), ал 800 м биіктікке дейін олар басым болып бастайды. Беткейдің 800 – 1000 м ден 1300 – 1500 м биіктікке дейін аралықты (пушисто-пырейные) дала алып жатыр, одан жоғары астық тұқымдас-әртүрлі шөптесін таулы дала белдеуі орналасқан. Солтүстік беткейде осы биіктіктерде ағаштар бұталардан тұратын тоғайлар тараған (жаңғақ, алша, өрік, алма, боярышник т.б.). 2200 – 2400 м биіктікте қүрғақ аршалы сирек ормандар мен бұталар зонасыорналасқан. Одан жоғары, 2800 – 3000 м биктікке дейін аласа шөпті субальптік шалғынды-дала басым болады (типчак, тонконог, овсец пустынный и азиатский, тиомфеевка степная и альпийская т.б.). Шалғынды-дала зонасында шоқ-шоқ болып әртүрлі бұталар кездеседі (түркістан аршасы, шиповник, барбарис, жимолостьмелколистная т.б.) 2800 – 3000 м биіктіктен 3600 – 3800 м дейін аласа шөпті өсімдік жамылғысы сиректелген альптік шалғын-дала орналасқан (типчак, овсянница Крылова и альпийская, овсец пустынный и азиатский, мятлик альпийский и голоцветный т.б.). Таудың ең биік жерінде (абсолюттік биіктігі 3600 – 3800 м) өсімдік жамылғысын мүк, қына қабаттары құрайды.

Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейдің өсімдігі Батыс Тянь-Шань таулы жоталарының өсімдігінен айрықша болады. Қаратаудың жайпақ төмен тау алды эфемерлік шөлді өсімдіктерімен жабылған, 500 м биіктіктен жусында-астық тұқымдас өсімдіктеріне ауысады.


ІІ. Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттары.


ІІ.1 Агроландшафт туралы жалпы түсінік.

Антропогендік ландшафттар арасында ең көп таралған ауыл шаруашылық ландшафттары. Дүние жүзінде жалпы құрылық бетінің 11% территориясын егістік жерлерге тиісті. Егістік жерлерге қолдан егілген, немесе антропогендік себептен пайда болған шалғындар және табиғи жайылымдар. Жайылымдар табиғи кешен болғанымен оған өте күшті антропогендік қысым байқалады. Жайылымдар мен антропогендік шалғындар құрлық бетінің шамамен 26% құрайды.


Кеңес үкіметі кезіндегі географиялық әдебиетте Ф.Н. Мильковтың ауыл шаруашылық ландшафттардың жіктелуі кең таралған. Ф.Н. Мильков бойынша ауыл шаруашылық ландшафттары экономикалық-географиялық жерді пайдалану типтері түсінік пен табиғи ландшафттар арасындағы байланыстыратын буын қызметін атқарады [32]. Егістік жер, бақ, шалғын, жайылым өзінің экологиясымен және өз-өзін регуляциялау дәрежесімен бір-бірінен шұғыл айырықша бола отырып, ұзақ уақыт бойы қайталанатын шаруашылық ықпалға ұшырайды. Әртүрлі типтегі шаруашылықта пайдалану формалары түрінде көптеп қайталанатын адамның ландшафттық кешендерге ықпалы, ол кешендерде тұрақты генетикалық белгілердің қалыптасуына алып келеді. Адамның ауыл шаруашылық іс-әрекетенің түріне қарай ауыл шаруашылық ландшафттарды егіншілік, бау-бақша және жайылымды-шалғындық басты түрлерге бөлуге болады.

Ауыл шаруашылық ландшафттың егістік типінің ерекшілігі жыл сайын топырақ бетінің жыртылуы, минералды тыңайтқыштарды қолдану, қолдан жасалынған агрофитоценоздарды жасау. Кейбір аудандарда жер жыртылуы нәтижесінде ескі егін жерлердің бұрынғы табиғи топырақ түрлері жаңа қасиеттерге ие болады. Көптеген ауыл шаруашылық ландшафттардың топырақтары адам игерген соң шірінді қабаты төмендейді, топырақтың өнімділігі төмендейді. Бірақ сонымен бірге дұрыс агротехника шаралар пайдаланған жағдайда топырақ шіріндісі және өнімділігі белігілі бір дейңгейге дейін түсіп, жаңа мәдени ландшафттың заттың биологиялық айналымына сәйкес деңгейнде тоқтайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының егістік жерлерінде антропогендік қысым өте жоғары, мұндай кешендерде барлық табиғат компоненттері өзгертілген. Ұзақ жылдар бойы бұл ландашфттарда өсімдік жамылғысы түбегейлі өзгертілген, топырақтың құрамына минералды тыңайтқыштардың элементтері қосылады. Жылдан жылға топырақтың жыртылуына байланысты оның механикалық құрамы, суғарыллатын егін кешендерінде топырақ құрамындағы су режимі күшті өзгереді. Жер асты суларының деңгейі көтеріліп оның химиялық құрамы да өзгереді.


Жыртылған жерлердің жер бедерінің нано- және микропішіндері, кейбір жерде, әсіресе террасаланған жерде жер бедерінің мезопішіндері өзгеруде. Тау беткейіндегі жайылым кешендерінде малдың бас санын көбеюіне байланысты шөптесін жамылғысының тығыздығы төмендеп әртүрлі гравитациялық процестер күшеюде. Гравитациялық процестер топырақтың су және механикалық эрозияның жылдамдығын күшейте отырып келешекте топырақ жамылғысын кедейлетіп бедленд, яғни қүнарлы емес жерлер пайда болуына алып келеді.

Осы көз қарастан ауыл шаруашылық ландшафттар – агроландшафт, ал суғарылатын жерлерді табиғи-техникалық геожүйелер деп аталатын түсініктер пайда болады. Агроландашфт жасалма кешен, суғару, тыңайтқыштар пайдалану, жер бедерін өзгерту т.с.с әртүрлі әдістерімен оның табиғи өнімділігін көтеру осы табиғи-техникалық геожүйеніні ұйымдастырудың басты мақсаты.

Жоғарыда көрсетілген мәліметтер бойынша, дүние жүзі қүрлықтың 11 % егістік жерлер болып келеді, және соңғы мәліметтер бойынша егіншілікке жарамды жер көлемі таусылды деген пікір бар. Бүгінгі таңда болып жатқан азық-түлік дағдарыс (кризис) жалпы жерді пайдалануға көз қарасты түбкіліктей өзгерту мүмкін. Келешекте адамның агроландшафтқа ықпалы күшейе түседі, әсіресе суғарылатын ауыл шаруашылығы күшті дамиды, химиялық тыңайтқыштар, әртүрлі улы химикаттар пайдалануы маңызды күшеюі қажет.

Ауыл шаруашылықта мұндай интенсификациялау процесі екінші «жасыл революцияға» алып келу мүмкін. Бүл процестер ауыл шаруашылықта биотехнология, нанотехнологиялар жетістіктерін кең пайдалануына алып келеді.

Осы көз қарастан Онтүстік Қазақстан облысы жағдайында ауыл шаруашылықты экстенсивті пайдалану мүмкіндігі аяқталды, ал жаңа технологияларды еңгізу қазіргі таңда аса маңызды мәселе болып келеді.


ІІ.2 Оңтүстік Қазақстан облысының

ауыл шаруашылық жерлердің көлемі.

Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы жер көлемі 11724921 гектарды құрайды. Облыс 15 әкімшілік аудан және қала территорияларына бөлінеді. Облыстың ауыл шаруашылық жерлердің көлемі №3 кестеде көрсетілген.



3 кесте. Оңтүстік Қазақстан облысының

ауыл шаруашылық жерлердің көлемі.

(ОҚО жер және су ресурстаны пайдалану басқармасының

қорының материалдарынан, 2005)

№№

Ауданның аты

Территориясының ауданы, га

Облыс территориясынан, % алыңғандағы

Ауыл шаруашылық жерлер, га

Ауыл шаруашылық жерлердің жалпы жер көлеміндегі үлесі, %

1

Шымкент

30934

0,3

20443

66,1

2

Арыс

627440

5,3

313362

49,9

3

Кентау

52766

0,5

9867

18,7

4

Түркістан

744000

6,2

486583

51,9

5

Бәйдібек

721853

8,1

572689

79,3

6


Қазығүрт

409304

3,5

266505

65,11

7

Мақтаарал

176898

1,3

159542

90,2

8

Ордабасы

272627

2,2

233190

85,5

9

Отырар

1807043

14,9

751514

41,6

10

Сайрам

171156

1,2

134107

78,35

11

Сарыағаш

761329

6,2

437059

57,4

12

Созақ

4104940

34,8

516568

11,7

13

Төлебі

315069

2,4

141134

44,8

14


Түлкібас

233837

2

151028

64,6

15

Шарадара

1295725

11,1

238011

18,4




барлығы

11724921

100

4431602

37,8



Кесте бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық жерлердің жалпы көлемі 4431602 га, облыстың жалпы жер көлемінің шамамен 37,79% құрайды. Ұсынылған диплом жұмысы тақырыбының көз қарасынан облыстың аудандарын ауыл шаруашылықта қолданатын жердің жалпы көлемі және ауданның жалпы жер көлеміндегі ауыл шаруашылық жердің үлесі бойынша топтастыруға болады.

Облыста ауыл шаруашылықта пайдаланатын жерлер, яғни агроландшафттар (сонымен қоса басқада антропогендік кешендер – жол, канал, су қоймасы, елді мекен т.б.) басым тау етегінде, жазықтық беткейлерінде, суайырықтарында, өзендердің аңғарларында дамыған. Ауыл шаруашылық жерлердің көлемі ауданның жалпы жер көлеміне тәуелді. Бұл көрсеткіш бойынша облыс аудандарын төмендегідей топтар мен топшалараға бөлуге болады.

Бірінші топты, Отырар, Бәйдібек, Созақ және Сарыағаш аудандары құрайды. Осы төрт аудан жалпы ауыл шаруашылық жер көлемі бойынша облыстың ең ірі аудандары. Ең үлкен Отырар ауданы, жалпы ауыл шаруашылық жерлердің көлемі 751514 га, ауданның жалпы жер көлемінің 41,6 % құрайды. Отырар ауданы территориясының басым бөлігі Қызылқұм шөлінде орналасқан, мұнда қой шаруашылығы дамыған. Егістік агроландшафттары Арыс бойы мен оның сағасында және Сырдария маңында орналасқан. Бірақ егістік ландшафттары айтарлықтай көп емес.


Бәйдібек ауданының территориясында өткен ғасырда ауыл шаруашылық мақсатында көптеген жерлер игерілген. Әсіресе, тау беткейлерінде, жазықтық келетін суайырықтарында суғарылмайтын егіс ландшафттары ұйымдастырылған. Аудан территориясы Орталық Қаратаудың оңтүстік беткейінде орналасқан, ауыл шаруашылық жерлердің жалпы көлемі 572689 га, ауданның жалпы жер көлемінің 79,3 % құрайды.

Қаратаудың беткейлерінен көптеген өзендер басталады. Өзен бойы кең аңғарларында көптеген елді мекендер орналасқан, мұнда басым мал шаруашылығы жақсы дамыған, суғарылмайтын егін шаруашылығанда астық дақылдарынан бидай, ал шөптесін дақылдардан – жоңышқа, люцерна көп егеді.

Созақ ауданы территориясының басым бөлігі Бетпақдала мен Мойынқұмда, тек оңтүстік шеті ғана Солтүстік Қаратаудың солтүстік беткейін алып жатыр. Ауданның ауыл шаруашылық жер көлемі 516568 га, ауданның жалпы жер көлемінің 11,7 % құрайды.

Ауданның Қаратау беткейінде орналасқан бөлігінде ежелгі Жібек жолының солтүстікке бағытталған тармағы өткен, сондықтан, ауданның оңтүстігінде оналасқан жерлер көптеген ғасырлар бойы адам тарапынан ауыл шаруашылық мақсатында игерілген. Бірақ ауданда ауыл шаруашылық ландшафттардың жайылым кешендері дамыған. Қазіргі таңда, егістік ландшафттары тек ғана кіші-гірім өзендер бойында орналасқан.

Сарыағаш ауданының ауыл шаруашылық жерлердің көлемі – 437059 га, ол ауданның жалпы ауданының 57,4 % құрайды. Аудан территориясы Сырдарияның оң жағасы бойы аллювиальды-пролювиальдық төбелі-қырқалы шөлді жазықтықта орналасқан. Мұндай геоморфологиялық жағдайы егісітк ландшафттарын дамытуға мүлдем мүмкіндік бермейді, ал су тапшылығы жерді жайылым ретінде пайдалануды шектейді, яғни мал шаруашылықты кең дамытуға мүмкіндік жоқ. Егін шаруашылығы басым Келес және Қүркелес өзендері аңғарларында және өзендер арасындағы жазықты суайырықта жақсы дамыған. Сарыағаш аданы агроклиматтық ресурстары жылу сүйігіш дақылдарға өте қолайлы, әсіресе жүзімдік жақсы дамыған, облыстта жүзімдік көп таралған жер, оның көлемі – 1106 га.


Ауыл шаруашылық жер көлемі бойынша келесі аудандар тобын екі топшаға бөлуге болады, бірінші, Түркістан және Арыс аудандары, екінші топша – Қазығүрт, Шардара және Ордабасы аудандары. Бұл аудандардың ауыл шаруашылық жерлер көлемі 200 000 га жоғары.

Түркістан ауданының территориясы мыңжылдық тарихымен белгілі, мұнда табиғи кешендер ғасырлар бойы антропогендік ықпалында болған, мысалы, егістік жерлер ғасырлар бойы ауыл шаруашылық айналымда болуына байланысты зоналды сұр топырағы орнында осы топырақ түрінің антропогендік модификациясы пайда болған, ал жер бедері жасанды жазықтыққа айналған. Ауданның ауыл шаруашылық жердің жалпы жер көлемі 386583 га, ауданның жалпы жер көлемінің 51,9 % құрайды. Аудан территориясы Солтүстік Қаратаудың оңтүстік беткейінде және Сырдарияның оң жағасы бойы тау алды еңкейген аллювиальды-пролювиальдық жазықтықта орналасқан. Ауданда егіншілік және мал шаруашылығы бірдей жақсы дамыған. Егістік ландшафттары басым таудан басталатын өзендер бойында және Арыс-Түркістан каналы есебінен шамамен 30 мыңдай га қосымша игерілген. Егістіктің басты дақылы мақта болып табылады.

Арыс ауданы егін шаруашылығы көз қарасынан жағымсыз, Сырдарияның Сырдарияның оң жағасы бойы аллювиальды-пролювиальдық жазықтықта және Сырдарияның сол жағасы бойы Қызылқұм шөлінде орналасқан.

Ауданның су ресурстары аз болуына байланысты жайылым кешендері егістік кешендерінен салыстырмалы көбірек болады. Егін кешендері Арыс және Сырдарья өзендері бойында орналасқан. Ауданның жалпы ауыл шаруашылық жер көлемі 313362 га, ауданның жалпы жер көлемінің 49,9 % құрайды, егістік агроландашфттары не бары 18030 га, ауданның жер көлемінің 2,9 % алып жатыр.

Қазығұрт ауданының территориясын шарты түрде Батыс және Шығыс бөліктерге бөлуге болады. Батыс бөлігі Қазығұрт жотасынан солтүстік-батысқа қарай Сырдария оң жағасы бойы аллювиальды-пролювиальдық төбелі-қырқалы жазықтықты алып жатыр. Ауданның батыс бөлігі ауыл шаруашылығы көз қарасынан қүны өте төмен. Шығыс бөлігі Қазығұрт және Қаржантау жоталары арасында орналасқан Келес өзенінің аңғарында орналасқан. Келес өзенінің су ресурстары айтарлықтай көп емес, сондықтан, егін шаруашылығының дамуы шектелген. Бірақ, су тапшы жерлерінде суғармалы жерлер бар, ал тау беткейлерінде жазықтық суайырықтарында суғарылмайтын агроландшафттар дамыған. Ауданның ауыл шаруашылық жерлер көлемі 266505 га, аудан жер көлемінен 65,11 % құрайды. Келес және оның салалары бойында агроландшафттар ғасырлар бойы дамуда, яғни табиғат компоненттеріне жоғары деңгейде өзгертілген агроландшаттар қалыптасқан.


Шардара ауданы облыстың қиыр оңтүстік-батысында, Сырдария өзенінің сол жағасы бойы Қызылқұм шөлінің қиыр оңтүстік-шығысында орналасқан. Ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы ауданы 238011 га, ауданның жалпы жер көлемінің 18,4 % құрайды. Ауданның табиғат жағдайы егін шаруашылығын дамытуын шектейді, бірақ, ХХ ғасырдың 70-ші жылдары Қызылқұм магистральдық каналы құрылуы 25 мың га жерді суландыру арқылы суғармалы егіншілік ұйымдастырылды. Гидротехникалық құрылыс дамуы нәтижесінде канал бойы күріш егістік ландшафттары жақсы дамыған. Күріш егіуде табиғат кешеннің географиялық компоненттері маңызды өзгеріске үшырады, әсіресе, жер бедері, топырағы, жер асты суларының режимі, осыған тәуелді табиғи өсімдік жамылғысы, яғни табиғи-техникалық геожүйелерге айналды.

Ауданның батыс үлкен бөлігі жайылым ретінде пайдалануға жарамды, мұнда қысы жазы қой бағуға болады. Кеңес үкіметі кезінде Шардара ауданының ауыл шаруашылығының басты салалары күріш егу және қаракөл қой шаруашылығы еді. Қазіргі таңда, бүл бағыттар даму барысында.

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі 233190 га, ауданның жалпы жер көлемінің 85,5 % құрайды. Аудан территориясы Сырдария өзенінің оң жағасы бойындағы аллювиальды-пролювиальды төбелі-қырқалы жазықтықта орналасқан. Ауыл шаруашылық жерлер Арыс өзенінің және Арыс-Түркістан каналы бойында дамыған, басым суғармалы егістік. Кеңес үкіметі кезінде мұнда суғармалы егіншілік дамыған, негізгі салалардың бірі мақта шаруашлығы.

Ауыл шаруашылық жер көлемі бойынша аудандардың үшінші тобы Мақтаарал (159542), Түлкібас (151028), Төлеби (141134), Сайрам (134107) аудандары және Шымкент пен Кентау қалаларының маслихаттарына қарасты территориялар. Аудандардың территориясы Ұлы Жібек жолында жатыр, мұнда адам қоныстанғанына бірнеше мың жыл болды.

Түлкібас, Төлеби және Сайрам аудандары таулы жер бедерімен сипатталады, агроклиматтық ресурстары суғарылмайтын ауыл шаруашылық дамытуға мүмкіндік береді. Бірақ, тегіс емес жер бедері егін шаруашылығының көлемін шектейді.


Түлкібас ауданы Боралдай жотасының басым оңтүстік беткейі мен Талас Алатау жотасының солтүстік беткейін қамтиды. Халықтың негізгі қоныстанған жері Арыс озенінің аңғарында орналасқан. Антикалық кезеңінде және Орта ғасырларда аудан территориясымен Ұлы Жібек жолы өткен. Сол кездегі цивилизацияның әсерімен табиғат кешендері жоғары деңгейде өзгеріп, толық антропогендік кешендерге ауналған. Әсіресе, өзен бойы террасалық жазықтықтар, топырақтың қасиеттері, өсімдік жамылғысы.

Ауданның ауыл шаруашылық жерлер көлемі 151028 га, ауданның жалпы территориясының 64,4 % құрайды. Ауданда егін және мал шаруашылығы жақсы дамыған, таулы бөлігінде жайлау кешендері басымдау болады, ал өзендер бойы көбінесе ашық грунттағы көкөніс, бай-бақша ландшафттары. Таудың жазықтықты бөлігінде суғарылмайтын егін кешендері дамыған.

Төлеби ауданының агроландшафттары қалыптасуында басты рольді геоморфологиялық факторлар атқарады. Таулы аудандарда термикалық ресурстары жетіспейді, яғни жылу сүйігіш дақылдарды дамытуға мүмкіндік көп емес.

Төлеби ауданның ауыл шаруашылық жер көлемі 141134 га, ол ауданның жалпы жер көлемінен 44,8 % құрайды. Ауданның шығысын биік таулы жоталар алып жатыр, мұнда тек ғана мал шаруашылығымен шұғылданады. Қазіргі таңда, табиғи кешендерді сақтап қалу мақсатында, ауданның таулы бөлігі мемлекет тарапынан қорғалатын территорияларға айналдырылған, келешекте рекреациялық орталықтар ұйымдастыруға мүмкіндік бар.

Сайрам ауданының территориясы Шымкент қаласының айналасында, тау алды төбелі жазықтықта орналасқан. Жалпы жер көлемі бойынша, Шымкент пен Кентауды есепке алмағанда ең кіші ауданы болып табылады, не бары 171156 га, оның 134107 га, немесе 78,35 % ауыл шаруашылық жерлер құрайды.

Сайрам ауданының ауыл шаруашылығы мамандануында Шымкент қаласы халқын көкөніспен қамтамасыз ету басты рол атқарады. Қазіргі таңда, ауданның агроландшафттарының басым бөлігі егістік кешендер, әсіресе ашық грунттағы көкөніс. Негізгі ауыл шаруашылық жерлері Ақсу, Қарасу, Бадам, Қызылсу өзендері бойында орналасқан.


Осы аудандар тобында бірінші Мақтаарал ауданы, оның ауыл шаруашылық жер көлемі 159542 га, яғни 90,2 % құрайды. Мақтаарал ауданының агроландшафттары ерекше болып келеді, соңғы кездегі авторлар бойынша мұндағы агроландшафттарды табиғи-техникалық геожүйе деген терминімен атауға болады. Ауданның жалпы барлық территориясы тікелей антропогендік ықпалында болады.

Шымкент және Кентау қалалық маслихаттарына қарасты ауыл шаруашылық жерлер көп көлемді емес, жалпы облыстың жер көлемінен 0,3 % шамасында.

Кентау қаласы маслихатына қарасты жерле басым таулы болып келеді, сондықтан ауыл шаруашылық жерлердің 84,1 % жайлау кешендері болып табылады. Солтүстік Қаратаудың беткейілерінен басталатын өзендердің аңғарларында, жазықтықты салыстырмалы енділеу болатын террасаларында егістік ландшафттар дамыған. Ауыл шаруашылық жерлердің көлемі 9867 га, ол жалпы жер көлемінен 18,7 % құрайды.

Шымкент қаласы маслихатына қарасты ауыл шаруашылық жерлердің ауданы 20443 ге, жалпы жер көлемінің 66,1 % құрайды. Шымкент қаласы өте тез өсіп бара жатыр, қала маңындағы бұрынғы мал бағатын, қала маңы егін шаруашылығы дамыған жерлер тез арада түрғын үйлер, мекемелер, кәсіпорындар т.б. құрылыс жүруде. Соңғы 2005 ж. мәліметтер бойынша ауыл шаруашылық жерлердің 57 % егін шаруашылығы қалған жер басым жайылым және т.б. ауыл шаруашылық кешендер мен жүйелер алып жатыр.



<< предыдущая страница   следующая страница >>