https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4

Қазақ тілі пәніннен сабақ жоспары


Педагогикалық ұстанымым: «Әр сабақ өмірге сабақ болсын»

Сабақтың тақырыбы:Құрмалас сөйлемді  қайталау.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың құрмалас сөйлемдерді ажыратып, олардың мағыналық түрлерін анықтай білу біліктерін тексеру.

Құрмалас сөйлемдердің өмірде адам ойын жеткізудегі рөлін практикалық тұрғыда дәлелдеу.

Оқушылардың ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе білуге төселдіру.

Сабақтың түрі: қорытынды шығармашылық сабақ

Сабақтың әдісі:СТО, талдау, салыстыру, іздендіру.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

«Ой қозғау»сатысы. Адамның ойы мен пікірі сан қилы. Осы ойларын атап жазыңдар.

Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады екен. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Құрмалас сөйлемдер.

Тапсырма: Берілген ойды жалғастырып, сабақтың мақсатын анықта.

1.      Кез келген адамда  қарсы пікірі, шарты, себебі, талғауы, түсінігі, мақсақты болады, сондықтан ол өз ойын  жеткізу үшін  құрмалас сөйлемдерді қолданады. Менің ойымша, ...

2.      Адам  өз ойын үнемі ауызша айтатын мүмкіндік бола бермейді, сол кезде адам өзінің  пікірін, мақсатын, шартын, себебін жеткізу үшін жазуға тура келеді. Сол уақытта адам  ойын дұрыс құрастырып, сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін дұрыс қою қажет. Сондықтан менің мақсатым ...

3.      Басқа адамның сөзін тыңдай білу де өнер, сондықтан оның айтпақ ойын түсіну үшін құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін білген жөн...

 

Сергіту сәті:Өмірлік  ұстанымыңды анықта:

Өмірлік ұстаным:

Шартты бағыныңқы сабақтас: Адам туған тілін құрметтемесе,  өзін де құрметтемейді.

Қарсылықты салалас: Ғалым болу  - міндет емес, білімді болу - парызың.


Мақсат бағыныңқы сабақтас: Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін, біз білімді болуымыз керек.

Себеп-салдар салалас: Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас: Менің ойымша, мақсатқа жетудің үш жолы бар: білім жолы, еңбек жолы, сенім жолы.

«Ой жалғау» сатысы

І.  Қайталау – білім анасы,

ІІ. Талдау – табыс кілті,

І. Қайталау – білім анасы.

Шарты: Құрмалас сөйлемнің салалас, сабақтас сөйлем түрлерін «Венн диаграммасы» бойынша ерекшелігі мен ұқсастықтарын анықтайды.

 

2. «Графикалық сызба»  бойынша мағыналық түрлерін анықта.


Құрмалас сөйлемнің түрі

Мағыналық түрі

Жасалу жолы

 

 

 


1.      Салалас құрмалас сөйлемдер:

Түсіндірмелі салас:

 Адамды екі нәрсе қартайпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі жақсы сөз.

 Қарсылықты салалас: Көз – қорқақ, қол – батыр.

 Себеп-салдар саласа: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.

 Ыңғайлас салалас: Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра

 Талғаулы салалас:Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

 

2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер:

Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес (шартты бағыныңқы сабақтас)

Тұрмысың жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.(мақсат бағыныңқы)


Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол. (қарсылықты бағыныңқы)

Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шығады. (Мезгіл бағыныңқы сабақтас.)

Адам болып туғандықтан, адамдықты бағала. (Себеп бағыныңқы сабақтас)

Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды. (Қимыл- сын бағыныңқы сабақтас).

 

«Кім жылдам?»   Оқушылар сөйлем оқылысымен құрмалас сөйлемнің мағыналық түрін анықтау керек (ауызша жұмыс).

      Абай есіктен кіре , үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын сәлем берді. (қимыл-сын) Үлкендер үй ішінен қатты пысынап шыққанда , бұл маңдағы жан иесінің бәрі де ыстықтан мезі боп күйзеліп жүр екен. (мезгіл) Телғара бұлардың қасынан оқшауыңқырақ кетіп, жалғыз шомыла бастады. (қимыл-сын) Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс, күземді ерте алып көшіп еді. (себеп) Қонысымыз алыс болғанымен, көңіліміз жақын.(қарсылықты)

    Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік. (мақсат) Ербол да сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, досы Абай сияқты сөзін таза,  мінсіз шығаратын еді. (шартты) Абай шошыған кісідей ұйқысынан оянғанда, қараңғы түнді таң жарығы жеңіп, терезе бозара бастап еді. (мезгіл) Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады. (себеп) Бетінен оты шықса да , Құнанбайдың сөзіне көнбесіне  Тәкежанның шарасы  болмады. (қарсылықты) Абай әкесіне сәлем бермек болып, әжесінен рұқсат алды. (мақсат) Ошаққа аққайыңның қабығын салмайынша, қазандағы ет көп қайнаусырайды. (шартты)

ІІ. Талдау – табыс кілті. Берілген сөйлемге  толық синтаксистік талдау жаса.

                    Синтаксистік  талдау:

1.      Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты.

2.      Сөйлемдегі мүшесі бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.


3.      Құрылысына қарай : жай сөйлем (жалаң,жайылма, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы);   құрмалас (салалас, сабақтас, аралас, )

4.      Құрмалас сөйлемнің мағыналық түрі, жасалу жолы.

5.      Сөз тіркестері: тұрақты, еркін.

6.      Сөздердің байланысу түрі:(қиысу,  меңгеру, матасу, жанасу, қабысу

7.      Байланысу тәсілі: интонация,   жалғаулар, шылау, орын тәртібі)

«Ойтолғау» сатысы

І. Шығармашылық – білімді адам жететін шың.

Әр топқа суреттер таратылады.

Тапсырма: Суретті  сабақтас құрмалас сөйлеммен байланыстырып,

 қорытынды ой шығар

(Өз сабағымда оқушылардың айтқан пікірлерін жазып отырмын)

  «Ми»  суреті

Жауап:Адамның миы, басы жалғыз болғанмен, ойы сан қырлы болады, сол ойын құрмалас сөйлемдер арқылы сыртқа шығарады.

«Алтыбақан»суреті

Жауап: Адамның өмірі  алтыбақан сияқты қимыл -қозғалыс пен  іс-әрекет тұрады. Сол қимылын бақылап тұратын алтыбақан сияқты, салалас пен сабақтас сөйлемнің мағыналық түрлері арқылы  адам іс-әрекетінің мезгілін, себебін, шартын т.б. білдіреді.

«Сағат»Адам өмірі сағаттың айналымындай қысқа, сағат тілі он екіге жеткенше адамның өмірінде түрлі ойлар туындап, түрлі істер іске асады. Біздің тілегіміз адамның сағаты тоқтамай, әр минуты мағыналы болсын демекпіз.

Үй жұмыс: І топ «Қазақтың ырымдары мен тыйымдарындағы құрмалас сөйлемнің қолданысы»

ІІ топ «Адамгершілік қасиеттерге қатысты мақал-мәтелдердегі құрмалас сөйлемдердің жасалу жолы»

            Бағалау кезеңі:

.  

 

Сабақтың тақырыбы: Асан қайғының Жерұйықты іздеуі.

  Сабақтың мақсаты: Асан қайғы туралы деректерді білу,


                                        ақын - жыраулық  дәстүрін тану.

                                      Асан қайғының өмір сүрген ортасын тарихи деректермен дәлелдеу..

                                      Асан қайғының толғауларының өміршеңдігінің сырын ашу.

Сабақтың түрі: ізденіс, шығармашылық сабағы.

Сабақтың көрнекілігі:Асан қайғының портреті, өлеңдерінің жинағы , «Бес ғасыр     жырлайды»  І том, слайд  «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі».

Сабақтың әдіс-тәсілі:талдау, СТО, шығармашылық, сөз әдісі,

Сабақ барысы:

Интербелсенді тақтаға  мына өлең жолдары жазылады:

                                       Қамын ойлап халқының,
                                       Қайғы жұтқан қария.
                                       Жайлы қоныс іздеген
                                       Қазақ деген халқына.
                                       Әділдікті жырлаған,
                                       Ел бақытын ойлаған,
                                       Желмая мініп шарлаған
                                       Жерұйық іздеп жалғанда...


Оқушылар осы өлең жолдарынан бүгінгі тақырыпты анықтайды.Сабақ тақырыбы анықталған соң, сабақ барысы тақтадан көрсетіледі.

Сабақ барысы:


  1. Суреттер сөйлейді... (сұрақ-жауап)

  2. Ой түбінде жатқан сөз,

             Шер толқыса шығады.(Көрініс қою)

  1. Сергіту сәті

  2. Ақын айнасы... (Толғауларын талдау)

  3. Таза мінсіз  асыл сөз,

            Ой түбінде жатады. (Шығармашылық сәт)

1.    Кіріспе бөлім: Суреттер сөйлейді... (сұрақ-жауап).


Тақтаға  Асан қайғының өміріне байланысты суреттер ілінеді. Оқушылар сол суреттер арқылы  Асан қайғығаның өмірі жайлы деректерді айту керек (оқушылар  үйден өздері қосымша деректер әкеледі.).

2.        Ой түбінде жатқан сөз,

             Шер толқыса шығады.(Көрініс қою)

Сыныпты үш топқа бөліп , оларға Асан қайғының толғауларының жазылу тарихы туралы мәліметтер таратамын.

1-топ. «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі» слайд. Асан Қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, “Жерұйық” дейтін қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. . Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады.

Алматыны көргенде:

Үш Алматы деген жер бар екен.Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей. Сол жерді қимадым.”

Шымкент, Сайрамды көргенде:

Екі басы бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басы бір мазар, баста береке болмайтұғын, базары жақын – байымас, мазары жақын - көбеймес”

Семейтауды көргенде:

Төс табаны төрт елі

Атан жүрер жер екен.

Төсегінен түңілген

Адам жүрер жар екен”

Шідертіні көргенде

Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен, бос жылқы шідерлеп қойғанда тоқтайтын жылқының жері екен”

Үшқараны көргенде:

Он екі тұтам-тұтам қазылық үй түндік, маңырап жатқан қой түндік, қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен”- деп артына үш қараған екен.

Ерейментауды көргенде:

Желдің жеті есігі бар екен, қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде құлын тұрмас ораздының жайлауы, жиырлының қыстауы екен, екі жағындағы ел бай болар да қақортасындағы қоныс қылған ел кедей болар, бітісі жаман екен, бір-бірімен төбелесетұғын кісі сықылды ерейіп тұрғанын, панасы жоқ дала секілді тау екен.”


Терісаққанды

Уа шіркін, Сарыарқаның тұздығы екен: тек анда –санда обып қоятын жұты бар екен, бірақ артынан мал тез өсетін жер екен”

Баянды көргенде

Баянға жаймай, қой семірмес...”

Ертісті көргенде:"Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отрымас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті.

Талас өзенін көргенде:

Екі Келес, бір Талас,

Бал татыған жерін-ай,

Ағайының аралас,

Тату екен елің-ай.

Желмаяға өңгертіп,

Алып кетер едім-ай,

Сыймаған соң алдыма,

Әттең, дүние, дедім-ай! -

депті.

Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: "Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау! Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсің", - депті.

Қорытынды сөз:

Аңыз бойынша  Асан қайғы шұрайлы қоныс, нулы өлке  іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты –мыс.

2-топ.     2- көрініс:

     Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға баскартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау:


  Таза мінсіз асыл тас,

   Су түбінде жатады.

  Таза мінсіз асыл сөз,

  Ой түбінде жатады.

   Су түбінде жатқан тас,

  Жел толқытса шығады.

  Ой түбінде жатқан сөз,

  Шер толқытса шығады, -

деп бастаған екен дейді ел. Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жұрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол:

Әділдіктің белгісі,

Біле тұра бұрмаса.

Ақылдының белгісі,

Өткен істі қумаса.

Жамандардың белгісі,

Жауға қарсы тұрмаса;

Залымдардың белгісі,

Бейбіттің малын ұрласа.

Надандардың белгісі,

Білгеннің тілін алмаса.

Шамаңша шалқып көре бер,

Қабірге әзір қоймаса.

Артыңда қалар атақ жоқ,

Тіріде данқың болмаса,-

деп термелепті.

 

3- топ. 3-көрініс:

Осы аста халықтың ішінен тағы бір сұрақ туындапты:

Енді бірі "Асан Ата, осы халық бірлігіне не жетіспейді, бұл заманда не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда қарт абыз:

Бұ заманда не ғаріп?

Ақ қал алы боз ғаріп.

Жақсыларға айтпаған,

Асыл шырын сөз ғаріп.

Замандасы болмаса,

Қария болар шын ғаріп.

Қадірін жеңге білмесе,


Бойға жеткен қыз ғаріп.

Ел жағалай қонбаса;

Бетегелі бел ғаріп.

Қаз, үйрегі болмаса,

Айдын шалқар көл ғаріп.

Мүритін тауып алмаса,

Азғын болса пір ғаріп.

Ата жұрты бұқара

Өз қолында болмаса,

Қанша жақсы болса да,

Қайратты туған ер ғаріп.

Ғалымды хатим еткендер,

Мақсатына жеткендер,

Жас көрілер отырып,

Алдынан сабақ алмаса,

Қарамаса жүзіне,

Ғалым да болса ол ғаріп, -деп термелепті.

Бірде ас барысында Әбілқайыр хан "намаз уақтысы өтіп бара жатыр екен ғой" деп сылтауратып отырған орнынан тұрып, далаға шығып кетеді. Осыны сезген Асан би сөзін былайша жалғастыра түсіпті дейді:

Көлде жүрген қоңыр қаз,

Қыр қадірін не білсің?

Қырда жүрген дуадақ,

Су қадірін не білсін?

Көшіп-қонып жүрмеген,

Жер қадірін не білсін?

Көшсе кона білмеген,

Қонса көше білмеген,

Ақылына көнбеген,

Жұрт қадірін не білсін?-деп тура ханға айтқан екен.

Сергіту сәті:

 Асқар биік тауларды,

 Алыс-алыс белдерді,

 Арнасы кең көлдерді,

  Ойлы, қырат жерлерді,

  Желмаямен ол кезді.

  Оңды-солды шарлады,

  Жерұйықты іздеді.

  Жұмақ болар мекенді

 “Қазақ жері” деп білді.

(Өлеңді қимылмен келтіріп, денемізді, ойымызды сергітеміз)

3.      «Ақын айнасы»Оқушыларға Асан қайғының толғаулары таратылады. Олар мәнерлеп оқып, тақырып, идеясын анықтайды. Ақын позициясын ашып, сөздік қолданысына сипаттама береді.


  1. Таза мінсіз  асыл сөз,

            Ой түбінде жатады.  (Шығармашылық сәт)

Оқушыларға екі сауал қойылады.

1.      Қазіргі заманың Асан қайғысы...

2.      Асан қайғының Жерұйықты Қазақстан жерінен іздеуінің себебі, менің ойымша, ...

Бағалау кезеңі:

Суреттер сөйлейді.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқыса шығады.

Ақын айнасы.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады...

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

Үй жұмысы:

Міндетті деңгей: “Жерұйық болған мекенім...” эссе жазу


следующая страница >>