https://electroinfo.net

girniy.ru 1
Секс қызметшілері арасында алдын алу жұмысы



АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша алғашқы зерттеудің өзінде, Орталық Африка елдеріндегі жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің, және Солтүстік Америка елдеріндегі гомосексуальды зинақорлықпен айналысатын еркектердің арасында АИТВ жұқтырудың жоғары деңгейін анықталған.

АИТВ-инфекциясының алдын алу тиімділігінің көрсеткіштері, КСҚ-ін алдын алу бағдарламасымен қамту болып табылады, осы топтың ЖЖБЖ мен АИТВ-инфекциясымен сырқаттану көрсеткіштерінің қозғалыс қарқыны, іріктеп (шолғыншы) тексеру кезінде алынуы мүмкін.

АИТВ-инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі Кешенді іс-шаралары:

Секс - бизнеске тартылуын болдырмауға КСҚ-на, әсіресе кәмелетке толмаған КСҚ салынатын айыппұлдар, КСҚ санын азайтуға белгілі бір әсер ететіні айқын. Әйелдердің кедейлігін, әлеуметтік теңсіздігін жою, жезөкшелікпен айналысуды қалайтындардың ағынын төмендете алады. Мысалы, бұл үдеріс әйелдердің секс-бизнеске көбірек ағылуы байқалатын аумақтарда, жаңадан жұмыс орындарын құруға ықпал ете алады.

КСҚ арасында АИТВ-ның алдын алу саласындағы барынша тиімділікке, осы жұмысқа КСҚ өздерін, немесе халықтың осы тобының проблемасын жақсы білетін, бұрынғы КСҚ тарта отырып, қол жеткізуге болады. Дәстүр бойынша бұл жұмыспен үкіметтік емес ұйымдар айналысуда.Осынау бағдарламаларды мемлекеттік мекемелер тарапынан қолдау көрсету, мемлекеттік ұйымдардың КСҚ –мен өзара іс-әрекетінің күрделілігіне байланысты проблемаларды шеше алады.

КСҚ қатарынан шыққан консультанттардың жұмысы, емдеу-алдын алу жүйесінен тыс жердегі КСҚ (outreach – «аутрич-практика») жиналатын жерлерде тиімді болуы мүмкін. «Аутрич» жұмысы кезінде тек консультация беруді ғана емес, сонымен бірге ақпарат таратудың басқа да нысандарын: парақшалар, буклеттер таратуды пайдаланады. Аутрич-қызметшілердің консультативтік және ақпараттық жұмысы презервативтерді, шприцтерді, залалсыздандырылған сүрткіштерді және гигиенаның басқа да ұсақ заттарын таратумен ұштастырылады. АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін адамдарға консультация беру, қадімгі әдіснама бойынша өткізіледі, алайда бұл орайда мынадай кейбір маңызды аспектілерге назар аударған жөн. Консультант, ақпараттық АИТВ –ның КСҚ-нің, бұдан ары қарай оның коммерциялық секспен айналысуы «басқа адамды (клиент) АИТВ жұқтыру қаупіне алдын ала біле тұра қоюы» ретінде қаралуы, және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екендігіне назарын аудартуға тиіс. Консультант КСҚ-не жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат беруге тиіс.

Эпидемиологтың көмекшісі Р. Боздақбаева.