https://electroinfo.net

girniy.ru 1
Оқу орыс тілінде жүрмейтін мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті


Даярлау бағыты: 5В012200 - Оқу орыс тілінде жүрмейтін мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мамандығы бойынша білім

Академиялық дәреже: оқу орыс тілінде жүрмейтін мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті бакалавры

Оқыту нысаны: күндізгі

Оқу ұзақтығы: 4 жыл

Бағдарлама мақсаты – толық педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін заманауи білім беру саласындағы біліктіліктері және жоғары ақпараттық мәдениеті бар оқу орыс тілінде жүрмейтін мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті бакалаврын даярлау.


Сала мүмкіншіліктері

Оқытушылар

Практика




Ағылшын тілі

Қоғаммен байланыс

Баспа ісі

Бұқаралық ақпарат құралдары


Негізгі пәндер

Лингвистикалық пәндер

Тіл біліміне кіріспе

Жалпы тіл білімі

Орыс тілінің тарихи грамматикасы

Орыс әдеби тілі тарихы

Қазіргі орыс тілі

Стилистика

Тіл мәдениеті

Интегративті және салғастырмалы лингвистика

Қазақ тілі (●ЖБП циклі, ● іскери қазақ тілі, ● кәсіби қазақ тілі)

Шет тілдері (●ЖБП циклі, ● кәсіби-бағдарлы шет тілі)

Ағылшын тілі (● негізгі шет тілі А1, А2, В1, ● арнайы мақсаттағы шет тілі В2)

Әдебиеттану пәндері

Әдебиеттануға кіріспе

Әдебиет теориясы

Орыс әдебиеті тарихы (ежелгіден қазіргі кезге дейін)

Ежелгі әдебиет

Ортағасыр және Қайта өрлеу дәуіріндегі шетел әдебиеті


17-20 ғасырдағы шетел әдебиеті

Теориялық-әдістемелік пәндер

Орыс тілін оқыту әдістемесі

Орыс тілін оқытудағы инновациялық әдістер

Ағылшын тілін оқыту әдістемесі

Әдебиетті оқыту әдістемесі

Әдебиетті оқытудағы интерактивті әдістер



Фаткиева Г.Т., орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. доценттің м.а.

Жакупова А.Д., ф.ғ.д., орыс филологиясы кафедрасының профессоры

Анищенко О.А., ф.ғ.д., орыс филологиясы кафедрасы профессорының м.а.

Баяндина С.Ж., ф.ғ.д., орыс филологиясы кафедрасының профессоры

Газдиева Б.А., ф.ғ.к., орыс филологиясы кафедрасының доценті

Тавлуй М.В., ф.ғ.к., орыс филологиясы кафедрасы доцентінің м.а.

Локтионова Н.П., п.ғ.к., орыс филологиясы кафедрасының доценті

Асенова А.Б., ф.ғ.к., орыс филологиясы кафедрасының доценті

Касенов С.Н., орыс филологиясы кафедрасының академиялық доценті

Тимофеева О.Н., орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы

Забинякова Г.В., орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы

Мукашева А.О., орыс филологиясы кафедрасының магистрі

Темирова Ж.Г., орыс филологиясы кафедрасының магистрі

Анищенко Н.А., орыс филологиясы кафедрасының магистрі



1. Оқу тәжірибесі

Студенттердің оқу тәжірибесі мамандықтың ғылыми саласы бойынша кәсіптік білім мен ептіліктерін өңдеуге бағытталған. Ұсынылатын оқу тәжірибе түрлері: фольклорлық, диалектологиялық, тілдік.

Оқу тәжірибесінің мақсаттары мен міндеттері: теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, зерттеу материалдарын жинау және талдау барысында алған білімдерін пайдалану.

2. Педагогикалық тәжірибе


Педагогикалық тәжірибе кезеңінде студент оқу-тәрбие жұмысын дербес жүргізудің кәсіби педагогикалық біліктіліктері мен дағдыларын меңгереді.

Педагогикалық тәжірибе өткізудің мақсаты – теориялық және әдістемелік пәндерді оқу барысында студенттердің алған білімі, біліктіліктері мен дағдыларын тексеріп, бекіту, әрі қарай кәсіби даярлауды түзету үшін тәжірибе нәтижесін бағалау.

Педагогикалық тәжірибе жалпы орта білім беру жүйесі мекемелерінде өткізіледі.















Негізгі біліктіліктер:

  • кәсіби біліктілікті азаматтық жауаптылықпен біріктіре отырып, өзекті жағдайларда сындарлы жұмыс істеуді қарастыратын психологиялық-педагогикалық біліктілік;

  • тіл әрекетінің барлық түрлерінде біліктілік пен дағдылардың дамуын, нақты тілдік қызметке дайындығы мен бейімделуін қамтамасыздандыратын коммуникативтік біліктілік;

  • тіл білімі құрылымы туралы білім қалыптастыруды; тіл теориясының қалыптасып, даму принциптері мен ғылыми парадигмаларының ауысуын есепке ала отыра, тіл білімінің теориясы мен әдіснамасын білуді; тіл этикеті мен негізгі нормаларын, орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын меңгеруді қарастыратын тілдік біліктілік;

  • орыс тілін тарихи құбылыс және ұлттық-мәдени феномен ретінде қабылдауды, оның ұлттық ерекшелігін сезінуді, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін меңгеруді қарастыратын лингвокультурологиялық біліктілік;
  • әлемдік әдебиеттану жетістіктерін ескере отырып, негізгі теориялық ұғымдар туралы түсінігі болуын, көркем шығармашылық заңдылықтарын түсінуді; әдебиеттің эстетикалық ерекшелігін сөз шеберлігінің жазбаша түрі ретінде талдай білуді; әлемдік орыс және қазақ әдебиеті тарихын білуді; бағыт, жанр, әдістер эволюциясы жөнінде түсінігі болуды қарастыратын әдебиеттану біліктілігі;


  • оқытудың инновациялық технологияларын пайдалануды, шешімді жеке қабылдай алуды, орыс тілі мен әдебиетінің әр сабағында білім беру, дамыту және тәрбиелік мақсаттарды іске асыруды, қызметінің мақсаты мен бағытын толық түсінуді қарастыратын әдістемелік біліктілік.


Түлектер қайда қызмет етеді:

  • білім беру қызметі (педагогикалық) – орта жалпыға білім беру, кәсіптік мектептерде, колледж, лицейлерде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, ағылшын тілі мұғалімі ретінде;

  • эксперименталды-зерттеу қызметі - зерттеуші мұғалім және әр түрлі қор мен жоба қызметкері ретінде;

  • ұйымдастырушылық-басқару қызметі – мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде түрлі деңгейдегі жетекшілер ретінде;

  • журналистика;

  • редакторлық қызмет – баспа редакторы ретінде;

дикторлық қызмет – БАҚ қызметкері ретінде


Инфрақұрылымы:

- дәріс және семинар сабақтарын өткізуге арналған үлкен дәріс залдары мен дәрісханалар;

- кітапханааралық электронды абонементке қол жеткізімді кітапхана;

- профессор О.А. Сұлтаньяев атындағы ғылыми оқу залы;

- фольклор кабинеті;

- оқу үдерісін өткізуге арналған зертханалық және компьютерлік сыныптар;

- интернет-кафе;

- Студент үйлері (жатақханалар);

- дене шынықтыру-сауықтыру кешендері;

- «Тұлпар» спорт-сауықтыру лагері

- «Арасан» сауықтыру кешені.


Ерекшеліктері:

  • кейін жұмысқа орналастыру арқылы студенттердің педагогикалық тәжірибесі;

  • тәжірибе жұмысы дағдыларын алу;

  • «Орыс тілі мен әдебиеті», «Филология» мамандықтары бойынша магистратура


  • Қазақстандық, жақын және алыс жоғары оқу орындарымен байланыс.