https://electroinfo.net

girniy.ru 1
Отбасын жоспарлау – бұл ерлі| зайыптылардьң және жеке тұлғалардың қалаулы бала саны, туылу мepзiмi, олардьң жас аралықтарын тиімді жоспарлауға бағытталған саналы түрде қабылданған  ic-әрекеттері.


Отбасын жоспарлау жеке тұлғалар мен ерлі-зайыптылар қалауымен бала санына жету.

Отбасын  жоспарлаудың  кажеті:

•    қалаулы  денісау баланы туу ушін;

•    әйелдердің денсаулығын сақтау үшін;

•    отбасындағы психосексуалды қатынастардағы үйлесімділікке қол жеткізу үшін;

•    өмірлік жоспарларды жүзеге асыру үшін;

•    өмipсүру сапасын жақсарту  үшiн.

Отбасын жоспарлаудьң әдістері

Контрацепция түpлepi, көpcетілімдері  мен қарсы көрсетілімдері, асқынулары

Отбасын жоспарлау үйлесімді және қayiпciз жыныстық қатынас құруға, өз денсаулығын caқтayғa мүмкіндік беретін контрацепция әдістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл:

1.  Ішілетін құрама контрацептивтер.

2.            Инъекцияльқ контрацептивтер.

3.            Имплантанттар (норпланта).

4.            Әйелдердің стерилизациясы.

5.            Вазэктомия (еркектердіңстерилизациясы).

6.            Презервативтер.

7.            Жатырішілік заттар.

8.     Қынаптықәдістер (диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы).

9.            Отбасын жоспарлаудьң табиғи  әдісі  (физиологиялық  әдіс).

10.Лактациялық аменорея әдісі  (ЛАӘ).

Ішілетін құрама контрацептивтер (ІҚК) - тиiмдi, қайтымды контрацепция  әдісі.  Әйелдер препараттарды кез келген жасында қолдана алады.  ІҚК етеккір айналымын реттейді, етеккірдің ауырсынуын және созылуын азайтады. Емшек емізетін аналарға ұсынылмайды, өйткені емшек сүті азайып кетуі| мүмкін. Жатырдан тыс жүкті болудың, аналық бездегі кистаның, аналық бездегі қатерлі ісіктің, сүт бездерінің қатерсіз iciктepінің  даму қауіп-қатерін азайтады.

Инъекциялық контрацептивтер –ұзақ мерзімді, қайтымды және қaуіпсіз құрал. Құпиялылықты толық  қамтамасыз етеді. Емізетін әйелдер
босанғаннан кейін 6 аптадан соң қолдана алады. Инъекцияны әр 3 ай

сайын жасап тұру керек.


Имплантанттар (норпланта) - әйелдердің иығының жоғарғы жағына енгізілетін 6 капсула жиынтығынан тұрады. Қайтымды әдіс кезінде жүкті болудан сақтану мepзімі ұзақ (5 жыл). Жүкті болу қабілеті капсуланы алған мезеттен қалпына келеді.

Әйелдердің стерилизациясы - әйелдерге арналған отбасын

жоспарлаудың хирургиялық және қайтымсыз әдіci.

Презервативтер - АИВ/ЖИТС қоса алғанда, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан, жүктіліктен қорғайды. Жыныстық серіктерде қанағаттанбаушылық ceзімі болуы мүмкін.

Жатырішілік зат (ЖЗ) - босанғаннан кейін орнатылуын, алынуын арнайы дайындалған медициналық кызметкер жүргізеді, емшекпен емізуге әсер етпейді, жатыр қуысында 5-10 жыл тұра алады, сонан соң, ауыстырған жөн.

Қынаптық әдістер - диафрагмалар және жатырмойны қақпақшасы, спермицидтер, әйелдер бақылай алатын контрацепциялық әдіс, керек уақытында ғана қолданылады. Қауіпсіз әдіс. Кейбір жыныс жолымен жұғатын инфекцияларды жұқтыру қаупінен сақтайді.

Отбасын жоспарлаудың табиғи әдістері - бұл контрацепция әдісі ceнімсіз келеді және оны етеккір айналымы тұрақты әйелдер қолдана алады. Денсаулыққа зиянсыз және қаражат қажет етпейді.

Лактациялық аменорея әдici (ЛАӘ)-тек қана емізетін аналар бала туылғаннан бастап 6 айға дейін қолдана алады.

Контрацепция үйлесімді әpi қayiпciз жыныстық қатынаспен өмip сүруге және өз денсаулығыңды күтуге мүмкіндік береді. Контрацепция денсаулыққа зиян келтіретін, физикалық және эмоционалдық жарақат жасайтын жасанды түсікпен байланысты болатын қауіп-қатерден сақтайды.