girniy.ru 1
  1. Аленова Алмагүл Абдрашқызы


  2. Назарбаев Зияткерлік мектебі фмб Көкшетау қаласы.

Сынып – 8(L2) Қазақ тілі


Жексеннің желімі


Жексенді сыныптастары да, мектептегі басқа оқушылар да «Тәртіпсіз Жексен» деп атайды. Шынында да солай. Сабақта тыныш отырмайды,жан- жағындағыларға үнемі кедергі жасайды. Жазады, сызады, жыртады. Әбден болмаса, қағаздан ұшақ жасап, мұғалиманың көзін ала бере, ұшырып жібереді. Сағыз да шайнайтын сол. Қасындағы Зағипаға күн бермейді. Түртеді, мазақ етеді.

Еңбек сабағы болатын. Оқушылар қағаз қиып, гүл жасауға кірісті. Тек Жексен жан-жағына жалтақтап, бостан-бос отыр. Өйткені, оның қайшысы да, желімі де жоқ...

Бір кезде мұғалима апай қарсы алдындағы Айдарды тақтаға шақырды. Осы мезетті пайдаланып, Жексен оның партасының отырғышына желім төгіп қойды. Жабысып қалып, күлкі болсын дегені.

- Жексен, кәне, жасаған гүліңді көрсетші, - деді апай осы кезде.

- Жасаған жоқпын, - деді бұл.

- Апай, оның желімі, қайшысы жоқ, - деді Зағипа.

- Айдарда бәрі бар екен. Соның орнына отырып жасай ғой, - деді апай. – Ал Айдар сенің орныңда отыра тұрсын.

Жексеннің жүрегі су етті. Әйтсе де амал жоқ, сездірмеуге тырысты. Отырды...

Сабақ бітті. Оқушылар у-шу болып, сыртқа шықты.

Сыныпта Жексен ғана жалғыз қалды. Орнынан ептеп тұрып көріп еді, тұра алмады. Шалбары отырғышқа жабысып қалыпты.


І.Тыңдалым. Тест сұрақтары:

1. Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Мұғалімнің көзінше ұшақ жасады.

В) Зағипа мен Жексен өте тату болды.

С) Мұғалім апайды ынтамен тыңдады.

Д) Айдарды күлкілі жағдайға қалдырғысы келді.

Е)Еңбек сабағында Жексен жұмыс істеді.


2. "Жүрегі су етті" сөз тіркесінің мағынасына

сай сөйлемді анықта.

А) қатты қуанды

В) тыныштық бұзды

С) қатты қорықты

Д) балаларды мазақтамады

3.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз. Дәлелдеп жаз.

А) Жексеннің ерлігі

В) Зағипаның ойы

С) Айдардың жауабы

Д) Жексеннің мақтанышы

Е) Біреуге ор қазба , өзің түсесің


ІІ. Оқылым. Үш дос.


-Алло, Марат! Бүгін Айбектің туған күні ғой. Оған қандай сыйлық аламыз?

-Самат, ренжіме. Мен бара алмаймын. Көңілім болмай тұр.

-Ештеңе етпейді. Далаға шықсаң, көңілің көтеріледі.

-Шын айтамын. Оның үстіне, бос уақытым да жоқ.

-Марат, саған не болған? Айбек біздің досымыз ғой. Аз ғана уақытыңды бөле алмайсың ба?

-Қазір дос емеспіз. Мен оған ренжіп жүрмін.

-Неге?

-Ол маған ұнамайды.

-Ол саған не істеді?

-Ештеңе істеген жоқ. Тек мінезі ұнамайды.

-Марат, сен қателесесің. Оның қай мінезі саған ұнамайды?

-Ол өтірік айтады. Кеше біздің үйге келемін деп айтқан. Бірақ келген жоқ.

-Марат, сен сонда бір жаман мінезі үшін досыңды ұнатпайсың ба? Сен оның басқа жақсы жақтарын ойлап көрдің бе?

-Оның жақсы мінезі жоқ.

-Асықпа. Сен оған ашуланып тұрсың. Сол үшін көзіңе еш нәрсе көрінбей тұр. Ашуыңды бас та дұрыстап ойлан. Өткенде киноға барғанда ақшаны кім төледі? Математикадан емтихан болатын кезде, кім саған көмектесті? Түсінбеген сабағымызды кімнен сұраймыз? Сенбі күні сен футболға кеткенде, ініңді емханаға апарған кім еді?

-Айбек.

-Ал сен одан кеше неге келмегенін сұрадың ба?

-Жоқ сұраған жоқпын.

-Кеше кешке Айбекті машина қағып кетіпті. Қазір ауруханада жатыр. Бір айға дейін қозғалуға болмайды депті дәрігер.

-Кешір, Самат. Мен қателесіппін.


- Онда неге тұрмыз ? Тез сыйлық алып ауруханаға барайық.

1.Берілген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңыз. Сөйлемнің түрін ажыратыңыз.

Түсінбеген сабағымызды кімнен сұраймыз?_____________________

2.Мазмұнына қарай ойды орналасу кезегімен нөмірлеңіз.

Марат Саматтан кешірім сұрады.

Марат Айбеккке ренжіді.

Айбек ауруханаға түсті.

Айбек Мараттың інісін емханаға апарды.

3. Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?



3
)Кілті

1. Тыңдалым бойынша: 1 )д, 2)с, 3)е.

2. Оқылым бойынша : 1) Түсінбеген(анықтауыш) сабағымызды (толықтауыш) кімнен (толықтауыш)сұраймыз?(баяндауыш), 2) 4-1-2-3, 3)Оқушы өз пікірін жазады


4)
жалпы бағалау критерийлері

Критерийлер

Екінші тіл

Оқушы жетістігінің ең жоғары деңгейі

А

Айтылым

6

В

Тыңдалым

6

С

Жазылым


6

D

Оқылым

6




Барлығы

24





тапсырма

оқу бағдарламасының бөлімдер

Тақырып


Тапсырманың сипаты

Қиындық деңгейі



Критерийлер

балы

A

В

С

D




Айтылым

1.


Мен және менің ортам

«Менің отбасым, жеті ата» тақырыбын мазмұндау

Мазмұнның жүйелігі Сөйлемдерді дұрыс құрау- ойды дұрыс жеткізу


Б

1










1

3

Негізгі идеяны анықтау

ОЖ

1










2

4

Тақырып бойынша өзіндік ой қорыту

Ж

1










3

Тыңдалым (аудиомәтін тыңдау)

5.

«Доссыз күнің жоқ»

Мәтіндегі тірек сөздерді жазу

Б




1





1


6.

Мәтіндегі сөйлемдерді толықтыру

ОЖ




1







2

7.

Мәтін мазмұнына арналған тестік жұмыс

Ж




1







3


Жазылым

8.

Мұғалім таңдауымен 1 тақырып беріледі

Эссе жазу

Б

ОЖ

Ж







1




6

Оқылым

9.

Мәтінмен жұмыс


Грамматикалық тапсырма (сөйлем мүшелері)

Б










1

1

11.

Мәтіннің құрылымына арналған тест

ОЖ










1

2

12.

Коммуникацияға арналған тест

Ж










1

3

Балл саны

6

6

6

6

24

1) Базалы 2) Ортадан жоғары 3) Жоғары

5) ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Критерийлар бойынша

ұпай саны


ұпайы

Баға

А




В




С




Д







Жалпы ұпай саны





6) ҰПАЙ САНЫН МЕКТЕП БАҒАСЫНА АЙНАЛДЫРУ ШКАЛАСЫ

Жинаған балы

Баға

6

«5»

4

«4»

3

«3»

0-2

«2»