https://electroinfo.net

girniy.ru 1



Мовкебаева Ғалия Ахметвалиевна

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры, т.ғ.д.

1988 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қызмет істейді.

Зерттеу саласы: халықаралық қатынастардың қазіргі заман проблемалары, Еуропалық Одақтың сыртқы саясаты, энергетикалық қауіпсіздік.

1997ж – «Фридрих Науманның сыртқысаяси концепциясы» атты кандидаттық диссертацияны қорғаған, 07.00.15 – ХҚ және сыртқы саясат тарихы;

2009ж – «Еуропалық Одақтың сыртқысаяси стратегиясының қалыптасу тарихы (теория мен тәжірибе)» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған, 07.00.15 – ХҚ және сыртқы саясат тарихы.

«Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы мәселелері» (2000ж) оқу әдістемелік құралы, «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы мәселелері» оқу құралы (2008, 2010жж.), «Аймақтануға кіріспе» оқу құралы (2008), «Халықаралық Аймақтануға кіріспе» оқу құралы (2011), ҚР БҒМ-нің «Халықаралық қатынастар тарихы»(2000) және «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» (2001) оқулықтарын жазуға қатысты.

Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған республикалық және халықаралық конференцияларға қатысты: Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Венгрия, Франция, ГФР және т.б. Халықаралық қатынастар, ҚР сыртқы саясаты және Еуропалық Одақтың сыртқы саясаты мәселелеріне арналған 80-нен астам басылымдардың авторы болып табылады. «Еуропалық Одақтың сыртқы саясаты» (2008) монографиясы, 8 ұжымдық монографияларды жазуға қатысқан.

Ғ.А.Мовкебаева К.Аденауэр қоры, DAAD, Медиа-нет секілді халықаралық қорлар және ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатқан. 2002 жылдан DAAD іріктеу комиссиясының мүшесі болды, 2008 жылдан К.Аденауэр атындағы қордың стипендия тағайындау жөніндегі іріктеу комиссиясының мүшесі, К.Аденауэр қорымен бірлескен «Орталықазиялық қоғамдарды демократияландыру: проблемалары мен болашағы» жобасының қатысушысы болып табылады.

Білімі: 1979-1985 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде тарих факультетінің (неміс тіліндегі арнайы бөлімше) шет тілінде сабақ беруге құқығы бар тарихшы мамандығын бітірген.



Ұлттық және халықаралық марапаттары: «2007 жылдың Үздік оқытушысы» деп аталатын ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігінің грант иегері, ГФР ДААД стипендия игері (1993-1995, 2000, 2009), Венгриядағы Орталық-еуропалық университетінің грант(Будапешт, 1997) және Орталық Азиядағы қақтығыстарды реттеудегі БҰҰ-ы бағдарламасының грант иегері (Будапешт 2002 ).

Кәсіби қызмет тәжірибесі:


  • 1985-1988 Ақтөбе педагогикалық институтының жалпы тарих және КСРО тарихы кафедрасының оқытушысы;

  • 1988-1989 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы тарих кафедрасының зерттеуші-стажеры;

  • 1989-1993 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы тарих кафедрасының аға-оқытушысы;

  • 1993-1995 ГФР-дағы ДААД гранты бойынша стажировка;

  • 1995-1999 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Шет елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы» пәні бойынша аға-оқытушысы;

  • 1999-2002 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультет деканының оқу іс жөніндегі орынбасары;

  • 2002-2006 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар және ҚР-ның сыртқы саясаты кафедрасының доценті;

  • 2006-2008 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар және ҚР-ның сыртқы саясаты кафедрасының докторанты;

  • 2008-2010 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аймақтану және әлемдік экономика кафедрасының доценті;

  • 2010-2011 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аймақтану және әлемдік экономика кафедрасының профессоры;

  • 2011 жылдан қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры.