https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 11 12

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА




Мамандығы: Жалпы медицина

Кафедра: Эпидемиология


Оқу-әдістемелік кешені


Курсы: 3


Пәні: эпидемиология


Құрастырғандар: кафедраның ПОҚ-ы


2012ж.


СИЛЛАБУС


Эпидемиология бойынша - Epid-3226


Мамандығы - 051301 «Жалпы медицина»


кафедра - эпидемиология


Курсы - үшінші Семестр – 5, 6


Барлығы: 54 сағат


Дәріс: 3 сағат


Тәжірибелік

(семинарлық) сабақ: 15 сағат

Cтуденттердің оқытушымен

Бірге жасайтын өзіндік жұмысы: 18 сағат


Аудиториядан тыс студенттік

өзіндік жұмысы (СӨЖ): 18 сағат


Бақылау түрі: диф. сынақ


Алматы, 2012

Жұмыс бағдарламасы эпидемиология кафедрасының меңгерушісі, профессор Әміреев С.Ә., доцент Нажмеденова А.Г. және аға оқытушы Даниярова А.Б.-мен 051301-Жалпы медицина мамандығына арналған типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. Типтік бағдарлама денсаулық сақтау министрлігінің адам ресурстары және ғылымды дамыту Департаментінің директорымен бекітілген, Астана, 2009ж.

Жұмыс бағдарламасын қазақ тіліне эпидемиология кафедрасының оқытушысы Жақан Ж.Ж. аударған.



Жұмыс бағдарламасы эпидемиология кафедрасының мәжілісінде қарастырылды және талқыланды «___»_________2009ж., хаттама №__________


Кафедра меңгерушісі,

профессор ________________________________________Әміреев С.Ә.


1. Жалпы мәліметтер:

ЖОО аты - С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

Кафедра: эпидемиология

Пәні: «Эпидемиология», Epid 3226

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Оқу сағаттарының көлемі - 54 сағат

Курс және оқу семестрі - 3 курс, 5, 6 семестр

Оқытушылар туралы мәліметтер:




Аты-жөні

Лауазымы

Дәрежесі

1

Амиреев С. А.

Каф. мең., профессор.

м.ғ.д.

2

Жакипбаева Б.Т.

профессор

м.ғ.д.

3

Нажмеденова А.Г.

профессор

м.ғ.д.

4

Жаикбаев Н.Ж.

доцент

м.ғ.к.

5

Алимханова К.Н.

Завуч, доцент


м.ғ.к.

6

Даулетбакова А.Г.

доцент

м.ғ.к.

7

Алекешева Л.Ж.

доцент

м.ғ.к.

7

Бейсенбинова Ж.Б.

аға оқытушы




8

Максутова Г.С.

аға оқытушы




9

Габасова М.К.

аға оқытушы




10

Темирбаева Л.Ж

оқытушы




11

Жакан Ж.Ж.

оқытушы




12

Тиленова Л.

аға лаборант




13

Жумай Д

аға лаборант






Контактілі ақпарат: кафедраның мекен-жайы

адрес Толе би көш., 88, корпус №1 1 қабатта

телефон: 8(3272)92-64-87 (ішкі.326)

Пән саясаты оқу процесін кезекті және мақсатты орындау. ЖОО оқытушыларының студенттеріне қойылатын талаптары медициналық ЖОО-ң оқытудың жалпы қағидаларына сәйкес.


1. Дәрістерге, тәжірбиелік сабақтарға міндетті түрде қатысуы.

2. Әр түрлі формадағы СӨЖ-ң 2 түрін міндетті түрде орындауы.

3. Оқу процесіне белсенді қатысуы (тәжірибелік сабақтардың конспектісі, теориялық материал дайындау, тест сұрақтарын шешу, тәжірибелік жұмыстарды өз бетімен орындау).

4. Күнтізбе бойынша аралық бақылауды тапсыру.

5. Студент сабаққа кешікпеу керек.

6. ПОҚ-ты және студенттерді сыйлауы.

7. Келіспеушілік жағдайда топтарда оқу ісінің меңгерушісі немесе кафедра меңгерушісі қатысуымен ашық талқылау.


2. Бағдарлама:

Кіріспе

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Д.К. Заболотный және Л.В. Громашевскийдің эпидемиологияның аса ірі теориялық жетістігі болып саналатын эпидемиялық процесс туралы ілімін жасап қалыптастырғаннан кейін эпидемиология медицинаның дербес тармағы ретінде қалыптаса бастады.

Е.Н. Павловскийдің жасаған инфекциялардың табиғи-ошақтық ілімі, К.И. Скрябиннің гельминтоздарды жою теориясы, В.Д. Беляковтың паразиттік жүйенің өзін-өзі реттеу теориясы, Б.Л. Черкасскийдің эпидемиялық процесстің әлеуметтік-экологиялық концепциясы және басқа да эпидемиолог-ғалымдардың жұмыстары эпидемиологияның дамуына қосқан аса ірі үлестері болып саналады. Бүкіл әлем бойынша қара шешекті біржола жер шарының барлық елдерінде жою әлемдік эпидемиологияның ерекше жетістігі.

Студенттердің жалпы және жеке эпидемиология туралы көзқарасын қалыптастыруда эпидемиялық процесс туралы ілімнің мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін, оның табиғатын, құрылымын, қозғаушы күштерін және көріністерін толық меңгеру. Бұл адамның жұқпалы ауруларының даму эволюциясын түсіндіруге көмектесуі және оларды біржола жоюға ғылыми-негізделегн жолдарын іздеуі. Бұл жерде зерттеп түсіндірудегі жұқпалы аурулармен күресу, алдын алу барысында, нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайды ескере отырып, әдістемелік талаптарды қолдану ашып көрсетіледі.

Паразит пен ие жүйесі популяциялары арасындағы эпидемиялық процестің өзін-өзі реттеуін және даму механизмдерін, жұқпалы аурулар және инвазиялар қоздырғыштарының эволюциясын оқыту аса маңызды.


2.2. Пәннің мақсаты: студенттерде эпидемиологияның теориялық негіздері туралы ғылыми түсінік қалыптастыру; жұқпалы аурулардың алдын алу негізінде эпидемиологиялық диагностика әдістерін меңгеру; соғыс және бейбітшілік кезіндегі жұқпалы аурулардың алдын алу әдістерін, сонымен қатар студенттерге дәлелді медицинаның әдістемелік қағидаларын үйрету.

2.3. Пәннің міндеттері:


  • эпидемиологияның жалпы заңдары мен категорияларын, жұқпалы аурулардың эпидемиологиясын беру. Эпидемиялық процеске адамның тіршілік ететін табиғи ортасына экологиялық жағдайлардың әсері.

  • тұрғындар арасындағы жұқпалы (паразиттік) аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтары, себептері мен жағдайларын, жұқпалы (паразиттік) аурулардың жеке нозологиялық формалары кезіндегі эпидемиялық процестің көрінуі мен даму механизмімен таныстыру;

  • Қазақстан Республикасында қолданылатын, Дүниежүжілік Денсаулық сақтау Ұйымымен ұсынылған, қазіргі кездегі жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары мен жоюды түсіндіру; тұрғындарды медициналық қамтамасыз етілу жүйесі жалпы тәжірибелік дәрігердің міндеттері.

  • тұрғындар арасында эпидемиологиялық оқиға жағдайын, эпидемиологияның теориялық және тәжірибелік қазіргі отандық және шетел концепциясымен таныстыру; Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі эпидемиологиялық ғылымның және тәжірибенің даму болашағы;

  • эпидемиологиялық зерттеу әдістерімен, эпидемиологиялық диагностикалау жүйесімен таныстыру;

  • клиникалық эпидемиологияның негізгі ережелері мен қағидалары.

  • клиникалық эпидемиология негізінде дәлелді медицинаның негізін беру.


Білім берудің қорытынды нәтижелері:

Студент білуі керек:

  • Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы ҚР Заңы.

  • Эпидемиологияның жалпы заңдары мен категориялары.
  • Эпидемиологиядағы кеңінен таралған жұқпалы аурулар.


  • Тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтары, себептері мен жағдайлары, жұқпалы аурулардың жекелеген нозоформалар кезіндегі эпидемиялық процестің даму механизмі мен көрінуі.

  • Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүйесі.

  • Қазақстан Республикасында қолданылатын, ДДҰ-мен ұсынылған, қазіргі кездегі жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары.

  • Соғыс және бейбітшілік кезінде алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

  • Клиникалық эпидемиологияның негізгі ережелері мен қағидалары.

  • Дәлелді медицинаның негіздері.

Студент үйреніп алуы қажет:

  • Мақсатты-мәселелік эпидемиологиялық жағдайларды бағалау негізінде, сонымен қатар эпидемиялық ошақтарды жою жоспары бойынша эпидемияға қарсы шараларды құрастыру және сырқаттанушылыққа болжам жасау;

  • Жұқпалы аурулардың кеңінен таралған нозологиялық формалары кезіндегі қажетті алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.

  • Карантинді инфекциялар кезіндегі жедел эпидемияға қарсы шаралар жүргізу.

Дағдыларды меңгеру:

  • жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеруді;

  • жұқпалы аурулардың шұғыл хабарламасын толтыруды;

  • жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық картасын толтыруды;

  • ересек адамның және баланың денсаулығы туралы паспортты толтыруды.


Пререквезиттер: молекулярлық биология және медициналық генетика, микробиология.


Постреквезиттер: жұқпалы аурулар, фтизиатрия.


Пәннің қысқаша мазмұны:

Пәндерді салалайтын медициналық ЖОО студенттері үшін эпидемиологияның орны өте маңызды, болашақ маман жұқпалы аурулдармен науқастарды табу кезіндегі эпидемияға қарсы шаралар жүргізуді және ұйымдастыруды білуі керек. Маманның жалпы медицинаның бөлімінің іс-әрекеті дәрігер бөлімшесінде және стационарда алдын алу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Осыларды білу жұқпалы аурулардың адамдардағы жалпы патологияның жоғары өсуін анықтаудағы маңызды, вирусты гепатиттер, АИВ-инфекциясы, туберкулез, ауруханаішілік инфекция, кейбір табиғи ошақтық инфекциялардың медициналық және әлеуметтік маңызы өсті. Биотерроризм қаупі мен карантинді инфекциялардың әкелінуінен ел аймақтарын санитарлық қорғау сұрақтары маңызды. Осыған байланысты медицинаның барлық мамандары үшін эпидемиологияны оқыту өзекті болып табылады.



Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, СӨЖ-ң тақырыптық жоспарлары.


Дәрістердің тақырыптық жоспары




Дәрістердің тақырыптары

Сағаты

1

Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология пәні, міндеттері және мақсаттары. Эпидемиялық процесс туралы ұғым

1

2

Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары. Жұқпалы аурулардың иммундық алдын алу.

1

3

Клиникалық эпидемиологияның негізгі ережелері және қағидалары, клиникалық эпидемиологияның биостстистикамен байланысы.

1




Всего часов: 3


Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары




Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары

Сағаты

1.

Эпидемиялық процесс туралы ұғым.

1

2.

Эпидемиялық процестің көріну түрлері мен құрылымы. Эпидемиялық процеске әсер ететін факторлар.

1

3.


Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жіктелуі

1

4.

Ішек және ауа-тамшылы инфекциялардың эпидемиологиялық сипаттамасы, олардың таралуы кезіндегі алдын алу шаралары.

1

5.

Қан және сыртқы жабындылар инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және олардың алдын алу шаралары.

1

6.

Жұқпалы аурулар ошағын эпидемиологиялық зерттеу түсінігі.

1

7.

Дәрігер бөлімшесінде жұқпалы аурулар кезіндегі алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.

1

8.

Дезинфекция, дезинсекция және дератизация қағидалары.

1

9.

Жұқпалы аурулардың иммунды алдын алу.

1

10.

Әскери эпидемиологияның теориялық және әдістемелік негізі. Соғыс уақытында әскерлер арасында жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралардың мазмұны және ұйымдастырылуы.

1

11.

Ықтимал қарсыластың бактериологиялық (биологиялық) қаруы және индикациясы. Медициналық эвакуация кезеңдерінде әскерлерді бактериологиялық қарудан қорғау негіздері.

1

12.

Бактериологиялық барлау және бактериологиялық қару индикациясы. Соғыс кезіндегі санитариялық-эпидемиологиялық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру.


1

13.

Ауруханаішілік инфекцияның эпидемиологиясы және алдын алу.

1

14.

Ауруханаішілік инфекция кезінде жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері

1

15.

Клиникалық эпидемиологияның негізгі ережелері және қағидалары, клиникалық эпидемиологияның биостатистикамен және дәлелді медицинамен байланысы.

1




Сағаттар саны: 15






следующая страница >>