https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4




Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

№ 125 бұйрығымен бекітілген


Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін

ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың

үлгі ережесі


1. Осы Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібін анықтайды.

2. Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын және кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.

3. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес, оқу кестесіне сай ағымдағы оқытушының дәріс барысында білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексеру;

2) білім алушыларды аралық аттестаттау – бағдарламаға сәйкес, оқытылып біткен оқу пәнінің мазмұнын білім алушылардың игеру мақсатында өткізілетін рәсім;

3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;

4) транскрипт- әріппен және санмен көрсетілген кредиттер мен бағалар көрсетіле отырып, тиісті кезенде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат .

2. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың


үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық

аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу

 

4. Білім алушылардың оқужетістіктерін тексеру үшін жоғары оқу орыны (бұдан әрі - ЖОО) дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әр түрлі нысандары көзделген. Халықаралық білім кеңістігіндегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау нәтижелерін тануды қамтамасыз ету үшін білімді бағалау балдық - рейтингтік әріп жүйесі бойынша дәстүрлі бағалар шкаласына тиісті жүзеге асады 3-қосымшаға сәйкес

5. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарының негізінде құрылған оқу дәрістерінің кестесіне сәйкес жүзеге асады.

6. ЖОО-дағы білім алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және курстық оқу бағдарламасына сәйкес емтихандар мен дифференциалдық сынақтар тапсыру нысанында жүзеге асырылады.

7. ЖОО-да білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі емтихандық сессия болып табылады

8. Дифференциалдық сынақтар, білім алушылардың зертханалық және есептік-кестелік тапсырмалары мен курстық жобаларды (жұмыстарды) табысты орындауын, сондай-ақ кәсіби практикадан өтуі мен бекітілген бағдарламаларға сәйкес барлық оқу тапсырмаларын орындауын тексерудің нысаны болып табылады.

Дифференциалдық сынақтар, білім алушылардың білімін бағалауда баллдық - рейтингтік жүйесі бойынша қойылады.

9. Емтихандар бекітілген кестеге сәйкес аралық бақылау кезеңінде тапсырылады

10. Емтихан барлық пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру нысаны болып табылады және олардың академиялық күнтізбе аралығындағы жұмысын, алған теориялық білімділігін, шығармашылық ойлау қабілетін, дербес жұмыс істеу дағдыларын дамытуын бағалау. Сонымен қатар, білімін синтездеп, өмірде қолдана білу дағдысын көздейді.


11. Білім алушылардың аралық аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу офис регистратор бөліміне жүктеледі. Сонымен қатар, емтиханды өткізу үшін тапсырылып отырған пәннің бейініне біліктілігі сәйкес келетін оқытушы қатыстырылады.

Емтиханды өткізу рәсіміне қатыспаған бөгде және басқа адамдар офис регистраторының рұқсатынсыз емтиханға қатыса алмайды.

12. Емтихандық сессияның кезеңі мен ұзақтығы ЖОО-ның ғылыми кеңесі бекіткен мамандықтардың оқу жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады. Қысқы және жазғы емтихандық сессияларды айқындайды. Осыған сәйкес жазғы емтихандық сессия көшіру сессиясы болып табылады, соның нәтижесінде білім алушыларды курстан курсқа көшіру туралы ЖОО басшысының бұйрығы шығарылады.

13. Білім алушылар жұмыс және дербес оқу жоспарына, сондай-ақ ЖОО-ның барлық оқыту нысандарына арналған бекітілген бірыңғай бағдарламаларға сәйкес барлық емтихандарды тапсыруы керек.

14. Білім алушылар қосымша оқу пәндерінің түрлері бойынша нәтижелері емтихан ведомосіне және транскриптке енгізілетін емтихандар тапсыруларына болады.

15. Білім алушыларды емтихандық сессияға жіберу олардың тегі, аты, әкесінің аты және академиялық тобы көрсетілген факультет деканының, (институт директорының) өкімімен рәсімделеді.

Курстық жоба (жұмыстарды) тапсырмаған білім алушылар жоба тапсырылатын пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

Сырттай оқыту нысанының білім алушыларының өткен курстар үшін академиялық берешектері жоқ болса да, емтихандық сессияға қатысуға жіберіледі. .

Сырттай оқыту нысанының емтихан сессиясы, олардың кезеңі оқу жылындағы санын ғылыми кеңес бекітеді.


16. Барлық оқыту нысандарына арналған емтихандар кестесін офис регистратор бөлімі факультет деканымен қосыла жасайды.

Емтихандар кестесін оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді және емтихандық сессия басталғанға дейін екі апта мерзімінен кешіктірмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізілуге тиіс.

17. Науқастығына немесе басқа да дәлелді себептерге байланысты жалпыға ортақ белгіленген мерзімде емтихандарды тапсыра алмаған білім алушыларға факультет деканы (институт директоры) оларды тапсырудың жеке кестесін белгілейді.

18.Білім алушының емтиханға келгенде өзімен бірге емтихандық сессияға жіберілгендігі туралы мөртаңба басылған сынақ кітапшасы болуы керек. .

19 Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің нысандары мен тәртібі ЖОО-ның (факультет) кеңесімен академиялық кезеңнің басынан бір ай мерзімде белгіленеді.

20. Емтихандар, жазбаша, ауызша және тест нысанында жүргізіледі. Тест нысаны кезінде бейіндік және жақындық принципін сақтай отырып, екі немесе одан да көп пәндер бойынша кешенді емтихан белгіленуі мүмкін.

Емтихан бағасы бекітілген тәртіпке сай әр пән бойынша жеке қойылады.

Білім алушылар емтихан кезінде пәннің оқу бағдарламаларын және анықтама әдебиетті пайдалана алады.

21. Білім алушының емтихандағы үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтінгтік жүйесі бойынша бағаланады. Оң баға (А тен А- ке дейін «өте жақсы», В+ В, В- ке дейін «жақсы», С+, С до С-- ке дейін; Д -тен, Д-, «қанағаттанарлық») ведомосқа және білім алушылардың сынақ кітапшасына, транскриптке қойылады. «Қанағаттанарлықсыз» F деген баға тек қана емтихан ведомосіне қойылады.

22.Емтихан ведомосі емтихан қабылдаған оқытушымен толтырылады.


23 Білімді бағалаудың балдық-рейтінгтік жүйесіне сәйкес оқу пәні бойынша аралық бақылау өткізу барысында академиялық кезең аралығында (семестр,триместр) білім алушының емтиханда алған бағасы және ағымдағы үлгерімнің орта баллы есептелінеді.

24.Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім мен қорытынды бақылау бағасынан құралады.Ағымдағы үлгерім бағасы ( өту рейтінгі) пән бойынша білімді бағалаудың қорытынды бағасының 60%-ін құрайды, ал емтихан бағасы пән бойынша білімді бағалаудың қорытынды бағасының 40%-ін құрайды.

25.Білім алушы «қанағаттанарлықсыз» деген бағадан оңды бағаға қайта тапсыру үшін осы пән бойынша оқу жұмыс жоспарында көзделген оқу дәрістерінің барлық түріне қатысып, қорытынды бақылауға жіберілгендігі жөнінде рұқсат алуы керек.

26. Қорытынды бақылауда оң бағаны көтеру мақсатында емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

27. Егер білім алушы емтиханға келмесе, емтихан ведомосіне оның тұсына «келген жоқ» деген белгі қойылады. Дәлелді себеп болған жағдайда деканат(директорат) бұл емтиханды жеке түрде тапсыруы жөнінде шешім қабылдайды.

28. Қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген студент, емтихан өткізілген күннің ертеңіне аппеляцияға беруге құқығы бар.

29. Осы мақсатта емтихандық сессия (аралық бақылау) кезеңінде ЖОО-ның басшысының өкімімен біліктілігі апелляция өткізілетін пәннің бейініне сәйкес келетін оқытушылар арасынан апелляциялық комиссия құрылады.

30. Сырттай оқу нысанында білім алушыға емтихандық сессияны табысты аяқтаған жағдайда, алдағы емтихандық сессияға қатысу үшін белгіленген үлгідегі анықтама-шақыру қағазы беріледі.

31. Анықтама-шақыру қағаздарын беру және білім алушылардың емтихандық сессияға келуі ЖОО қабылдаған тәртібі бойынша қатаң түрде есепке алынады.


32. Белгіленген өту баллын жинаған білім алушылар ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.

33. Курстан курсқа көшіру үшін орташа өту баллдарын ЖОО белгілейді.

34. Белгіленген өту баллын ала алмаған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылады. Бұл пункт азаматтық емес жоғары оқу орындарында білім алушыларға таралмайды.

35. Қайта оқу курсына қалдырылған студент, бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын аяқтауға немесе белгіленген тәртіпке сай жасалған жаңа жеке оқу жоспарын құруға құқығы бар.

36. Өту баллын жинаған және келесі курсқа көшірілген білім алушы, академиялық берешегі болған жағдайда тиісті пәндерін ақылы түрде қайта оқуға және академиялық берешегін жоюға міндетті.

37. Білім беру грантының иегері болған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылған болса, білім беру грантынан айырылады. Одан әрі оқуын ақылы негізде жалғастырады.

38. Өту баллын жинаған және келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешектері бар білім беру грантының иегер білім алушылары үшін білім беру гранты сақталады. Ал тапсырылмаған пәндерін ақылы түрде қайта оқуға және академиялық берешегін жоюға міндетті.

39. Емтихан нәтижелері мен оқу процессін жақсарту ұсыныстары емтихан сессиясы (аралық бақылауы) аяқталғаннан кейін кафедра мәжілісінің, деканат (директорат) және ЖОО кеңесінің талқылануына шығарылады.

40. ЖОО-нан шығарылған тұлғаға білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама беріледі. Бұл әскери ЖОО студенттеріне таратылмайды.

 

2.1 «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және өткізу

41. ЖОО барлық бакалавриат мамандықтарында білім алушылар «Қазақстан Тарихы» пәнін оқып меңгерген академиялық кезеңде Мемлекеттік емтихан тапсырады.


42. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан бекітілген академиялық күнтізбекке сәйкес аралық бақылау кезеңінде өткізіледі.

43. Мемлекеттік емтиханға дайындықты, факультет деканатымен (институт директоратымен) және оқу бөлімімен (оқу-әдістемелік басқармамен) бірлесіп Қазақстан тарихы кафедрасы, немесе «Қазақстан тарихы» пәні бойынша сабақ өткізетін кафедра (бұдан әрі-кафедра) өткізеді.

44. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханды өткізу үшін кафедра барлық нысан түрлері мен мамандықтарға ортақ жұмыс оқу бағдарламасын құрастырады. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханының жұмыс оқу бағдарламасы пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылып ЖОО ғылыми кеңесімен бекітіледі.

45. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханды тапсыру жұмыс оқу бағдарламасына толық сәйкес ауызша, жазбаша немесе тест нысанында өткізіледі.

46. МЕК құрамы екі адамнан тұратын жоғары білікті білім алушылар (сыртқы экзаменаторлардан) құрастырылады және ЖОО басшысы бұйрығымен бекітіледі.

47. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханды қабылдау мақсатында Мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі-МЕК) төраға және комиссия мүшелері құрамында күнтізбек жылына құрастырылады, комиссия төрағасы ағымдағы оқу жылдың 1-ші қарашаға дейін уәкілетті органға жіберіледі және 1 желтоқсанға дейін уәкілетті орган бұйрығымен бекітіледі.

48.Мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі-МЕК) төраға және комиссия мүшелері ЖОО басшысы бұйрығымен бекітіледі.

49. Қазақстан тарихы кафедрасы оқытушысы МЕК хатшысы болып тағайындалады.

50. МЕК мәжілісі кестесі офис регистратор бөлімімен құрастырылып, мемлекеттік емтихан басталуына екі апта қалғанға дейінгі мерзімде ЖОО басшысымен бекітіледі. МЕК мәжілісі ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы тиіс.

51. МЕК мәжілісі әр білім алушыға белгіленген тәртіп бойынша жеке хаттамамен рәсімделеді (қосымша 1) және мәжіліске қатысқан төраға мен комиссия мүшелерімен қол қойылады.


МЕК мәжілісінің хаттамасын комиссия хатшысы жүргізеді.

52. МЕК мәжілісінің хаттамаларын номерлену, тігу және оқу бөлімі (оқу-әдістемелік басқармасы) мөрі басу қажет.

53. Мемлекеттік емтиханды тапсыру нәтижелері білім алушылар білімін бағалауда балды-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағаланады.

54. Мемлекеттік емтиханды тапсыру нәтижесі бойынша білім алушыға өту рейтинг баллы мен мемлекеттік емтихан бағасын ескеріп қорытынды баға қойылады. өту рейтинг бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 60%, ал емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40% құрайды.

55. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханда білім алушы «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол бұл пәнге қайта жазылып, сабақтың барлық түрлеріне қатысып, ағымдағы бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға рұқсат алуы тиіс.

56. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан оң бағасын көтеру мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

57. Орта кәсіптік деңгейі негізінде жеделдетілген мерзім бойынша қысқартылған оқу бағдарламаларында оқитын білім алушылар «Қазақстан Тарихы» пәнін меңгереді және бұл пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады.
58. Жоғары кәсіптік деңгейі негізінде жеделтілген мерзім бойынша қысқартылған оқу бағдарламаларында оқитын білім алушылар «Қазақстан Тарихы» пәнін оқымайды және бұл пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырмайды.
59. «Қазақстан Тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан нәтижелері, оны тапсыру қарастырылған емтихан сессиясының қорытындылау кезінде ескеріледі.
60. Комиссия төрағасы МЕК жұмысы біткенде Есеп дайындайды, бұл Есеп ЖОО ғылыми кеңесінде талқыланып бекітіледі және уәкілетті органға бір ай мерзімінде ұсынылады.


3. Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды