girniy.ru 1
УДК 656.08:004.94


ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН КОМПЬЮТЕРЛІК ИМИТАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ ТАЛДАУ


Букаева С.Е.


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар


Ғылыми жетекші – Аканова А.С.


Қазіргі таңда қала жолдарында көліктердің саны күннен күнге артып келеді. Жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де және басқа да себептердің кесірінен жол көлік апаттары болып тұрады. Олардың алдын алу үшін түрлі шаралар қолданылуда. Менің ойымша, сол іс-шаралардың біреуі – алдын ала дайындық. Ал егер де апаттық жағдайлар болып жатса, олардан кейін сараптама, зерттеу жүргізу қажет.

Жобаны жүзеге асырудың мақсаты – жол көлік апаттары не қарапайым оқиғаларды математикалық модельдерінің көмегімен компьютерде алдын ала имитациялау арқылы, келешектегі нәтижені анықтау.

Дайындық теориялық та, тәжірибелік те болуы мүмкін. Зерттеу барысында көлік инспекциясында қолданылатын электрондық құралдар туралы мәліметтер қарастырылып талданды. Компьютерлік имитациялау мен математикалық модельдеудің ұштастыруы қарастырылды [1]. Жол полициясы ұйымдарында теориялық жақты қарастыратын жол қозғалысының ережелеріне арналған анықтамалық және оқыту бағдарламалары («Новая система обучения ПДД», «ПДД РК»), тестілеуді жүргізетін бағдарламалар және тәжірибелік жақтан қарастыратын санаулы құралдар қолданылатыны туралы ақпарат жиналды. [3] Зерттеу барысында мемлекеттік көлік инспекциясында көлік жолдарында апатты оқиғалары болған жағдайда оқиғаға сараптама жасау кезінде есептеулерді жүргізу автоматтандырылмағандығы анықталған. Яғни бұл жобада әзірленген бағдарламалық қамтамасыздандыру келешекте жоғарыда аталып өткен мекемелерде қолданылуы мүмкін.

Жол көлік оқиғаларының түрлері келесі [3]:

  • соғылыс;

  • аударылу;

  • кедергіге соғылу;

  • жаяу жүргіншіні соғу;

  • велосипедшіні соғу;

  • тұрақта тұрған көлікті соғу;

  • көлік-арба соғу;


  • жануарларды қағып кету;

  • жолаушылардың құлауы;

  • тағы басқа жағдайлар.

Жоғарыда келтірілген апаттық жағдайлар басып озу, қозғалыс жылдамдығын жоғарылату және басқа да әрекеттерді жүзеге асырған кезде жол қозғалысының ережелерін сақтамау салдырынан пайда болады.

Әзірленген бағдарламаны жүзеге асыру үшін математикалық модельдер қолданылған. Жоғарыда айтылып кеткен жағдайлардың біреуі жаяу жүргіншіні соғып кету мен басып озудың математикалық модельдерін мысалға келтіретін болсақ.

Жаяу жүргіншіні соғып кету кезінде келесі модель қолданылады [2]:

  • құрғақ жол болғанда – ;

  • дымқыл жол болғанда – ,

мұндағы s – тоқтау жолы;

v – көліктің жылдамдығы.

Басып озу болған жағдайда келесі математикалық модель қолданылған:





мұндағы – басып озу жолы;

– басып озушы және басып озылынатын көліктердің ұзындықтары;

– басып озу кезіндегі қауіпсіздік қашықтары;

– басып озылынатын көліктің жүрген жолы.

Жоғарыда көрсетілген математикалық модельдерді қолдана отырып, компьтерде қолайлы интерфейсті құрып, бағдарлама әзірленді.

Компьютерді қолдана отырып имитациялаудың ерекшеліктері өте көп, олар келесідегідей:


1. Белгілі бір идеяның нәтижесін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді, осылайша қолайлы емес жүйелерді құруға кеткен шығындарды жоюға не барынша азайтуға болады.

2. Сынақтарды өткізу мен оған дайындықтың уақыты барынша азаяды, яғни уақыт жағынан үнемдеу орындалады: жылдар айларға, айлар апталарға қысқартылады.

3. Күрделі жүйелерді орнату үшін қажетті күрделі әрі қымбат жабдықтар мен құралдарды қолдану қажеттігінен арылу. Сонымен қатар ЭЕМ-де түрлі түрлендірулерді оңай жүзеге асыруға болады.

4. Модельдеу көмегімен шынайы жағдайларды көрсететін қажетті ақпарат тез арада және қажетті көлемде, оның элементтерінің ықтималды табиғатын есепке ала отырып, жасанды жолмен алынуы мүмкін.

Бағдарлама интерфейсі барлық адамдарға түсінікті болып келеді, яғни бұл бағдарламамен жұмыс жасау үшін арнайы компьютерлік білім қажет емес немесе компьютер маманы болу да міндетті емес. Түстер де адам көзіне жағымды әсер ететіндей етіп таңдалған. Алдымен пайдаланушы қажетті апаттық жағдайды таңдайды, содан соң таңдалған жағдайды құру үшін қажетті элементтерді және олардың қасиеттерін орнатады, бастау батырмасын шерткеннен кейін модельдеу басталады. Бұл үдеріс аяқталғаннан кейін сәйкес нәтиже туралы хабарлама шығарылады. Пайдаланушының сол жағдайды қайта құру мүмкіндігі де қарастырылған, яғни барлық мәндерді нөлдетіп, жағдай қайта құрылады. Пайдаланушы бағдарламада жағдайлар арасында еркін қозғала алады. Бағдарламамен жұмыс шығу батырмасын шерту арқылы аяқталады.

Қорытындылай келетін болсақ, осы жобада әзірленген компьютерлік бағдарлама жол көлік апаттық жағдайларын алдын ала модельдеу арқылы, математикалық формулалар мен заңдарды қолданып, белгілі бір жағдайды құру үшін қажетті мәндерді біле отырып, соңғы нәтижені анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қажетті есептеулер орындалғаннан кейін, бағдарлама көлік жолындағы қатысушылардың қайсысы жол ережесін бұзғанын не ереже сақталған болса, соны анықтап, экранға сәйкес хабарландыру шығарады. Мұндай бағдарламаларды жол полиция мекемелерінде қолдану қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, айқын нәтижеге әкеледі.

Әдебиеттер

1. Безбородова Г.Б. Моделирование движения автомобиля. – Киев: Вища школа, 1978. 168 с.

2. Пупкин А.Л. Пособие для подготовки к экзамену в Госавтоинспекции по «Правилам дорожного движения» и «Основам безопасности дорожного движения». ­ М.: Ливр, 1995.

3. http://www.zholpolice.kz