https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 2 3 4 5 6

Сөз


Жеміс аттары

Көкөніс

аттары

Үй жануарлары

Төл

аттары

Құс

Аттары

Киім

аттары

Ыдыс

аттары

Аң

Аттары
















































































































































Кестемен жұмыс жасаудың нәтижесінде оқушылар мынадай дағдыларға ие болады:

1.сөздерді жеке-дара, өзара байланыссыз қабылдамай, өзара байланысқан жүйесін қабылдауға дағдыланады;

2. жалпы ұғымдарды жеке ұғымдарға саналы түрде ажыратып талдап үйренеді;

3.жалпы және жеке ұғымды білдіретін сөздердің қатысымен дұрыс сөйлеу дағдысына аса қажетті сөйлем құрылымдарын меңгереді.

Балалардың тілінің дамуының динамикасы былай болған.

Баланың алғашқыда тілі «апа», «ата» деген сөздерге келеді.

Осы алғашқы сөздерден кейін оның сөздік қоры тез молая береді. - Оқуға даярлықтың негізгі көрсеткіші - бала тілінің дамуы. Даярлығы бар 6-7 жастағы баланың байланыстырып сөйлеу, күрделі сөйлем құру қабілеті дамиды, ал даярлығы төмен 6-7 жастағы бала сөздерінің байланысы жоқ, грамматикалық қателері көп болады, өз ойын жай сөйлем арқылы жеткізеді.


1 - сыныпта лексиканы оқыту арқылы тіл дамыту

Мектепке бірінші рет келген баланың сөздік қоры мен сөйлеу қабілеттілігі бірдей дәрежеде бола бермейді. Кейбір ата-аналарының қолында тәрбиеленген қыз-балалар арасында мұндай қабілет төмендігі кездеседі. Себебі, кейбір ата-аналар қыз балаларын жастайынан әдепті тәрбиелейміз деген мақсатпен: «өзінен үлкен кісінің бетіне тіке қарама. Сөйлегенде немесе жауап бергенде, дауысыңды қатты шығармай ақырын сөйле. Қасыңда отырған ересек кісінің көзінше жарыса сөйлеме. Біреуге жауап бергенде, айтар сөзің қысқа болсын» т.б. деп тәрбиелейді, талап етеді. Жастайынан мұндай мінез қалыптасқан, сәбилер көпшілік орындарда болсын, үй-ішіндегі бөтен адамдар арасында болсын, ұяңдық жасап, сөйлеместен төмен қарап немесе саусағын аузына салып, айтайын деген ойын жеткізе алмайды. Сөйлегенде де, жауап бергенде де дөрексізденіп, өз сөзін өзі ерсі көріп, «тыңдап отырған кісілер күлер», - деген оймен оларға тіке, батыл қарай алмай, төмен қарап тұрып қана естілер-естімес жауап берумен шектеледі.


Бала — ата-ананың игі істерін жалғастырушы, ертеңгі үміт болашағы. Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты мін. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім.

Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдынан өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесінде ықпалы зор.

Жеткіншекті тіл мәдениетіне баулудың тәрбиелік мәні өте зор. Балаларды мектепке жан-жақты даярлау мақсатымен тілді барлық жағынан дамыту керек. Сөздің ана тілі нормаларына сәйкес айтылуын, грамматикалық жағынан дұрыстығын, өзара байланыстылығын, айтқан пікірдің дәйектілігін, бейнелігін үнемі қадағалау керек. Сонда ғана балалар сөзді дыбыстан талдауға және сөздердің дыбыстық құрамын ажыратуға тез жаттығады. Жаңа бағдарламаға сәйкес даярлық тобында оқитын 6 жастағы балалар сауат ашу кезінде 42 әріпті, яғни алфавитті толық меңгереді. Сауат ашуға дейінгі кезең - оқу жылының бастапқы 4 аптасы. Бұл уақыт ішінде даярлық топ шәкірттері дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен танысады. Екі-үш сөзден ауызша сөйлем құрай білуге және сөздердің орын тәртібін білуге үйренеді. Осындай әзірлік жұмыстарынан кейін олар а, ш, н, о, р, дыбыстармен және әріптерімен танысады.

Тапсырма орындауда балалардың еркін жігерін арттырады, дене күшінің жігерін арттырады. Бала жасынан енбекке үйреніп, тұрмыстың не екенін түсінсе, есейе келе ұқыпты, жинақы болады.

Мектеп жасына дейінгі жас сәбидің жастығына қарамастан, қолынан келетін жұмысты істейтін деген ықыластарын қайтармау керек. 6 ай өткеннен соң бала өзінше тамақ жеуге әрекетенеді, ұсақ-түйек заттарды бір орнынан екінші орынға әкеліп қою сияқты аздаған тапсырмаларды орындай алады.

2-3 жастағы балалар өздігінше тамақтанады, киімдерін шешіп, орнына қоя алады.

Мұндай жағдайларда балалардың қолданатын заттары, қол жуғыш, орамал, киім ілетін орны бойына сәйкес орналасуы керек. 3-5 жастағы балдырғандар өздері тамақтанып, киініп, ересектердің жұмысына аздап жәрдемдесе бастайды.


6-7 жасқа келген бала төсегін жинап, тамақ ішкен ыдыстарын жуып, тазалап, орындарына кояды. үй ішін, үй маңайын сыпыруға, еденді жууға, аяқ киімдерін тазалап, орындарына реттеп қоюға жарайды. Баланың жасы өскен сайын үй ішінде атқаратын қызметі де көбейіп, күрделене береді. Сонымен қатар ата-аналардың туған жер мен Отанды сүюге баулып, жауыздыкка, жалқаулыққа, үстемдікке қарсы сезімге тәрбиелейді.

Балалар ертегідегі оқиғаларды ынтыға қабылдайды және оған сенеді. Олардың адамгершілік қасиеттері мектепке дейін-ақ қаланатыны белгілі. Ертегілер жас бала жүрегінде ең қымбат қасиетті - аяушылық сезімін тудырады.

Сәбидің бәрі тұрмысынан еңбек-сүйгіш, қайырымды бола бермейді. Ата-ана мен тәрбиешінің міндеті балаға сәби күнінде адамгершілік пен еңбексүйгіштік дәнін себу. Талапқа сай білім беру, сабақтың тиімді, қызықты өтуі мұғалімнің жеке оқушыны тани білуіне де байланысты. Мектепке жаңа, келген шәкірттің жан дүниесіне, физиологиялық логикалық, және психологиялық дамуына, ұғу, сезу, түсіну қабілетіне үнемі зер салу — ұстаз парызы. Әсіресе жеке жұмыс жүргізуді бастарда оқушының сөз қоры, сөйлеу дағдысы, ойын дағдысы, ойын баяндай білуі, сөйлемді толық аяқтай білуі, сұраққа жауап беруі, өзін қоршаған дүниені тану таразыдан өткізілуі керек.

6-7 жастағы оқушылардың көбісінің зейіні тұрақсыз болғанымен тез қабылдағыш келеді. Бірақ ұққанын тез ұмытып қалады. Біраз күннен кейін сұрасаң жауап бере алмайды. Бұл зейіннің тұрақсыздығынан мұндай оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс ерекше есте қалардай қызықты болуы керек. Қабылдауы баяу немесе мінезі тұйық, көп сөйлемейтін, тыныш отыратын сабаққа ынтасыз оқушыға берілетін тапсырма оны ширату, сабақта сөзге тарту, көңілдендіру, өзге оқушының берген жауабын қайталаттыру немесе сөзуар балалармен қабаттастыра сөйлету мақсатын көздеуі тиіс. Берген жауабын нақтылап, анықтап өзінің өзгелерден қалмай жауап беріп тұрғанына көзін жеткізіп, белсенділік туғызу шарт. Қабылдауы нашар оқушының жауапкершілігі де төмен болады.


Қазіргі кезде сабақты ғылыми - теориялық, және практикалық дағды қалыптастыру жағынан оқытуды жетілдіре түсудің тиімді жолдарын қарастырып отыр. Оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлудің және сапалы оқытудың әдіс тәсілдерін ұсынады. Оқушыларға тәрбие берудегі, білім негізін игертудегі ұстаз ролін еш нәрсе де алмастыра алмайтынын білеміз. Шәкіртке білім берудің негізі - сабақ. Сондықтан да мұғалімнің басты міндеті -сабақты ғылыми мазмұнға сай, білімділік, тәрбиелік және дамытушылық жағынан әсерлі, тартымды көрнекілік пайдалану арқылы өткізу, осыған орай торғайдың, шәйнектің, дәптер суреттерін тақтаға іліп қойып, көрсеткіш таяқшамен бірінші буынды (Тор...) көрсетіп, екін