girniy.ru   1 ... 4 5 6 7 8
Б.П.Бек



«Келісемін»

Томар қаласы Ақсай ААБ-нің

ТБ бастығының орынбасары

әділет полковнигі

П.А.Беріков


Сот отырысына шақыртуға жататын адамдардың

ТІЗІМІ


1. Жәбірленушілер:




Майлина Нағима.

Томар қаласы, Батыс көшесі,

1963 ж. т.

71 үй, 84 пәтер (4-5 і. п.)

Субко Мария Ивановна

Томар қаласы Энгельс көшесі,

1920 ж.т.

12 үй, 3 пәтер (3-4 і. п.)

Бекенов Әлім 1958 ж. т.

Томар қаласы Энгельс көшесі,




127 үй, 19 пәтер (7 і. п.)

Шыныбекова Айна 1968 ж. т.

Томар қаласы Галкин көшесі,




23 үй, 9 пәтер (8 і. п.)

2. Куәлер:





Хусаинова Зинаида Ивановна

Томар қаласы Галкин көшесі.

1937 ж- т.

24 үй, 42 пәтер (16 і. п.)

Орынбеков Асхат Баянұлы

Томар қаласы Батыс көшесі,




13 үй, 7 пәтер (18 і. п.)

Зейнуллаев Ақыш 1974 ж. т.

Томар қаласы Май көшесі,




117 үй, 4 пәтер (8 і. п.)

3. Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адам:

Ниязова Мария Әлиқызы

Томар қалалық психиатриялық




ауруханада емдеуде Ақтас об-




лысы Жазық ауылы (27.29 і. п.)

4. Занды өкіл:


Насыров Кәрім Серікұлы


Томар қаласы, Мир

1974 ж.т.

көшесі 121 үй, 87 пәтер (26 і. п.)




Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің

ТБ-нің аға тергеушісі

әділет аға лейтенаты



Б.П. Бек


Жасалған қылмыстың мән-жайлары туралы хаттама

ҚК-нің 223-бабының 1-бөлігінде көэделген қылмыстың

жасалуының мән-жайлары туралы

ХАТТАМА


Томар қаласы 15 тамыз 1998 ж.


Томар қаласы Ақсай АНБ-нің аға учаскелік инспекторы полиция капитаны А.Б.Тәлімов осы хаттаманы жасадым, себебі 1958 жылы туылған Нина Біләлқызы Мәлікова бағаға қосып сату арқылы тұтынушылардан артық ақша алуға оқталған:

1998 жылы 11 тамызда Томар қаласының Батыс көшесіндегі 44 үйде орналасқан "Айқын" шағын кәсіпорыны дүкенінің сатушысы Н.Б.Мәлікова сатылған тауарлардан елеулі пайда түсіру мақсатыңда "LМ" темекісінің бағасына 5 теңгені өзі қосқан. 11.08.1998 жылғы №11 накладнойға сәйкес "LМ" темекісінің құны 35 теңге болса, сатушы оны 40 теңгеден сатқан. Мысалы, осы көрсетілген күні "LМ" темекісінің бір корабын А.И.Пернебаев деген азаматқа 40 теңгеге сатып, одан 5 теңге артық алған. Сол күні ол ертеңгі сағат 9-дан кешкі сағат 7-ге дейін "LМ" темекісінің 30 қорабын 40 теңгеден сатып, сатып алушылардан 150 теңге артық ақша алған. Н.Б.Мәлікова сол күнгі накладной бойынша алған 370 қораптың барлығын 40 теңгеден сатып, одан 1850 теңге артық ақша түсірмекші болған. Ол өзінің бұл қылмыстық пиғылын өзіне байланысты емес себептермен аяғына дейін жүзеге асыра алмаған, полиция қызметкерлері оны әшкерелеген.


Өз әрекетімен Н.Б. Мәлікова ҚК-тің 223-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасаған.

Н.Б. Мәлікованың кінәсін мына дәлелдемелер толық растайды:

Кінәсін толық мойындаған Н.Б. Мәлікова өз түсініктемесінде былай деп көрсетті: 11.08.1998 жылы ол сату үшін әр қорабы 35 теңге тұратын 370 қорап "LМ" темекісін алған, оның бағасына өзі 5 теңгеден қосып 30 қорапты 40 теңгеден сатқан. Сол көтеріңкі бағамен ол қалған барлық темекіні сатпақшы болған (5 і. п.).

Өз түсініктемесінде А.И.Пернебаев 11.08.1998 жылы Томар қаласының Батыс көшесіндегі 44 үйде орналасқан "Айқын" дүкеніне барып сатушы Н.Б.Мәліковадан 40 теңгеге бір қорап "LМ" темекісін сатып алғандығын көрсеткен (3 і. п.).

Бұл фактыны мына құжаттар да растайды:

Бақылау ретінде сатып алу актісі (2 і. п.)

11.08.1998 жылғы №11 накладной (4 і. п.)

И.М. Биркинаның рапорты (1 і. п.)

"LМ" темекісінің қорабында көрсетілген баға (6 і. п.)

Құқық бұзушы туралы деректер:


Тегі, аты, әкесінің аты:

Мәлікова Нина Біләлқызы.

Туған күні және жері:

15.09.1958 ж. т., Томар қаласы

Білімі:

арнайы орта.

Мекен-жайы:

Томар қаласы, Май көшесі, 17 үй

Жұмыс орны және оның

"Айқын" ШК, Томар қаласы.


орналасқан жері:

Батыс көшесі, 44 үй.

Қызметі:

сатушы.

Айлық жалақысы:

12 000 теңге.

Отбасы жағдайы:

бойдақ.

Отбасы құрамы:

үшеу, асырауында екі адам бар.

Соттылығы:

сотталмаған.

Жеке басын куәланды-

Жеке куәлік, №26789086

ратын құжат

Томар қаласының Ақсай АІІБ-і




06.09.1979 жылы берген.



<< предыдущая страница   следующая страница >>