girniy.ru 1
№24 сәбилер бақшасы МҚКК


Гүлмира Қадылбекқызы Бердалинова

Тәрбиеші

Жұмыс өтілі: 3 жыл

Санаты жоқ

Тақырыбы: Математика патшалығына саяхат (ҚМҰҚ)

Естияр тобы


Тақырыбы: Математика патшалығына саяхат.

Мақсаты: Балалардың сурет салу тәсілімен геометриялық пішін туралы білімдерін жинақтау және бекіту.

Міндеттері:


  • әр түрлі тәсіл бойынша сурет салғызын үйретуді жалғастыру;

  • геометриялық пішіндердің атауларын бекіту;

  • балалардың зейіннің, есте сақтау қабілетімен, дербестігін дамыту;

  • өз бетімен тапсырмаларды орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жолаушылар.

Көрнекіліктер
: карточкалар (1 қосымша), ағаш (2 қосымша), геометриялық пішіндер (3 қосымша), түрлі түсті қысқыштар, бояу, қылқаламдар, майлық, стакан сумен.

Алдын ала жұмыс:

  • геометриялық пішіндермен жұмыс;

  • әр түрлі тәсілдермен сурет салу.



Сабақтың барысы

Таңғы шеңбер.

(Балалар әсем әуенмен топқа кіріп, шеңбер болып тұрады).

  • Бүгінгі күнге жылы тілектерімізді білдірейік.

Арайлап таң атты!

Алтын сәулет таратты!

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң апайлар!

Біз ерекше баламіз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлем, сәлем, сәлем!

  • Бүгінгі күнге жақсы тілектер айттыңдар. Мен де сендерге бүгінгі күндірің сәтті болсын деймін.




  • Балалар айналаға қараңдаршы біз Математика патшалығына келдік, әр жерде сандар, геометриялық пішіндер жатыр. Математика патшалығы өте үлкен.

  • Мен сендерге Математика патшалығыны аралап саяхатқа баруға ұсынамын. Біз пойызбен барамыз, ең бірінші мына билеттерді алыңдар. (тәрбиеші балаларға билет ретінде геометриялық пішіндерді таратады)

  • Томирис сенің билеттің пішіні қандай? (дөңгелек)

  • Дұрыс, дөңгелек.

  • Ал сенде Дарина билеттің пішіні қандай? (төртбұрышты)

  • Дұрыс, төртбұрышты.

  • Жарайсыңдар, балалар! Кәнеки екі-екіден қатарға тұрып көңілді пойыз құрайық. (балалар екі-екіден тұрады).

  • Балалар сендер жолаушылар, ал мен жүргізуші боламын. Жолаушларды автобус, трамвай, пойыз көліктері тасымалдайды.

  • Дайынсыңдар ма, ендеше жүрейік.

  • Балалар біз алаңқайға келдік. Қараңдаршы алаңқайда көптеген пішіндер, суретер бар екен. (тәрбиеші балалардың назарын кілемде шашылып жатқан геометриялық пішіндерге, суреттерге аударады)

  • Балалар қандай пішіндер жатыр екен? (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш)

  • Тағы не байқадығдар? (суреттер)

  • Қандай суреттер бейнеленген?

  • Бұл суреттер геометриялық пішіндерден құралған. Сендерге мынадай тапсырма: Карточкадағы суреттерді мына геометриялық пішіндерден құрастыру(1, 3 қосымша).

  • Жарайсыңдар балалар, тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Ал енді әрі қарай кеттік, пойызға өз орындарына отырыңдар. Ал жүрейік.

  • Балалар біз математикалық саябаққа келдік. Қараңдаршы бұл не? (ағаш) Қандай ағаш? (әдемі)

  • Білесіңдерме, мына ағаш жай емес, бұл сиқырлы ағаш. Бұл ағаштың жапырағында сұрақтар жазылған. Барлық сұрақтарға жауап беру керек.

  • Ал кәне, ағашта неше жапырақ бар екен санайық. (5 жапырақ)

  • Дұрыс, 5 жапырақ бар.
  • Қазір кезекпен мына жапырақтарды алып тапсырманы орындайық. (тәрбиеші сұрақтарын оқиды, балалар жауап береді)


    1. Қазір жылдың қай мезгілі?

    2. 5-ке дейін сана?

    3. Геометриялық пішіндерін атап бер.

    4. Ағаштың жапырақтар қандай түсті болады?

    5. Сен қандай бала-бақшаға барып тұрсын?

  • Жарайсыңдар балалар. Осы жолы да тапсырманы орындадыңдар. Пойызға отырыңдар жүрейік. Балалар біз шығармашылық шеберханаға келдік. Үстелдерге қараңдаршы, не көріп тұрсындар? (балалардың жауабы)

  • Сендерге тапсырма: Үлгі бойынша дөңгелекте өрнек салу. Үлгі ретінде өрнек салынған дөңгелектер жатыр. Тапсырманы орындауға қажетті заттардың көмегімен мына дөңгелектерге осындай өрнек салу керек: үш жіңішке сызық – қылқаламның ұшымен, сары түсті үш жапырақ – қылқаламды батырып, үш дөңгелек – қылқаламның бұрылысымен. (балалар тапсырманы орындайды)

  • Жақсы балалар. Барлық тапсырмаларды орындадыңдар. Ал қазір біраз демалып алайық! Сендердің үстелдерінде әр түсті қысқыштар бар. Сол қысқыштарды саусақтарымызға қыстырып сылау жасайық.





  • Жарайсыңдар балалар.


Қорытынды - рефлексия

  • Балалар айтыңдаршы біз бүгін қандай патшалығында болдық? (математика патшалығында)

  • Біз Математика патшалығына немен аралап жүрдік? (пойызбен)

  • Сендерге Математика патшалығында ең қызықты не болды? (балалардың жауабы)

  • Енді бала-бақшамызға барайық, пойызға отырыңдар. Кеттік.




1 Қосымша























2 Қосымша







3 Қосымша