girniy.ru 1 2





1179 шығарылым – Дүйсенбі, 27 желтоқсан, 2010




  • Номер мақаласы

    • Бастама тобы Назарбаев өзінің өкілеттігі мерзімін ұзарту туралы референдумға қарсы болуы мүмкін дейді



  • Қазақстанда

    • «Тек нағыз отан сүйгіш азамат қана Қазақстанды көркейген, әлемдегі ең мәртебелі және жемісті мемлекет ете алады» - Елбасы

    • Қазақстандықтар жаңа жылды төрт күн демалатын болады



  • Мұнай-газ секторы

    • Қазақстанда мұнай жабдықтары өндірісі басталады

    • «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының корпоративтік басқару рейтингісінің жалпы баллы GAMMA 4+ құрайды

    • Жақын арада Қазақстан мұнайы БТЖ-ға Каспийдегі транспорттық торап арқылы қосылады – Премьер-министр

    • «Азиялық газ құбыры» Қазақстан-Қытай газ құбырының үшінші магистарльдық тармағын соғуды жоспарлап отыр



  • Қаржы және инвестициялар

    • Standard & Poor"s «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның несиелік рейтингін тағайындады

    • «Самұрық-Қазына» бір жыл бұрынғы шығындарға қарсы І-ші жартыжылдықта 281,8 млрд. теңге кіріс кіргізді

    • ҚХР қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қытай-Қазақстан комитетітігінің алтыншы отырысы өтті

    • Ресей, Белоруссия мен Қазақстан бірыңғай валюта енгізуді талқылауы мүмкін

    • Мәжіліс мүшесі Қазақстандағы шетел мемлекеттік банктері қызметіне тыйым салуды талап етті



  • Адамдар мен тренингтер
    • Даниал Ахметов экологиялық энергетика саласындағы компанияны басқарды




  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар

    • Бішкекте ҚР МІІБ ғимараты жанында жарылғыш салынған автокөлік табылды

    • Ташкентте құны 200 миллион доллар тұратын «жоғары технологиялар паркі» соғылады



  • Бағалар мен статистика

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары



Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz


Номер мақаласы



Бастама тобы Назарбаев өзінің өкілеттігі мерзімін ұзарту туралы референдумға қарсы болуы мүмкін дейді


Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігіг ұзарту туралы республикалық референдум өткізу бойынша бастамалық топ, мемлекет басшысының осы бастамаға қарсы болуы мүмкін деп отыр.

Бейсенбіде Өскеменде (Шығыс-қазақстан облысының әкімшілік орталығы) республикалық жиналыста Қазақстан Республикасының алғаш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігі мерзімін ұзарту туралы референдум өткізу бойынша бастама тобы құрылды. Бастама тобының төрағасы ретінде Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Сыдықов тағайындалды.

Референдумға мынадай: «Қазақстан Республикасының алғаш президенті, Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттігі мерзімін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзартасыз ба?»сұрақ қойылмақшы.

«Егер ол (Назарбаев) қарсы болса, қазіргі президент ретінде, тыйым салуы мүмкін», - деді журналистерге Астана мәслихатының хатшысы, қалалық бастама тобының төрағасы Владимир Редкокашин.


Жұма күні бастама тобы ОСК өтініш берді, содан соң, жергілікті халық арасында референдумды қолдау туралы сұрақнама жүргізу шешімі қабылданады.

Редкокашиннің бағалауы бойынша, референдум 2011 жылдың науырызында жүзеге асатын болады.

«Референдум туралы» Коституциялық заңға сәйкес, референдум өткізу бастама тобы республикалық референдумға қатысу құқы бар, сандық қатынасы барлық облыстарды, республика астанасын және республикалық мәні бар қалалардан, Президент атына референдум тағайындау туралы өтініш білдіретін, республиканың екі мыңнан кем емес азаматтарының қолын жинауы қажет.

Қол жинағанға дейін референдумның бастама тобы Орталық сайлау комиссиясына топ пен референдумда ұсынылатын сұрақты (сұрақтар) тіркеу туралы өтініш жасайтын болады, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Қазақстанда



«Тек нағыз отан сүйгіш азамат қана Қазақстанды көркейген, әлемдегі ең мәртебелі және жемісті мемлекет ете алады» - Елбасы


Гүлнар Жандығұлова, ҚазАқпарат

Қазақстанды бұдан да мықты, сәтті және мәртебелі ету тек отан сүйгіш азаматтың ғана қолынан келеді. Балаларды телеэкран арқылы жолдаған құттықтауында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Думан» ойын-сауық орталығында Астананың балалар үйі, кәмелетке толмаған балаларға арналған жетімдер үйі мен "SOS-Киндерсдорф" ауылынан жасы 9-ден 13-кен дейінгі 150 жетім балалардың қатысуымен жаңажылдық мереке өтті.

«Біздің еліміз – әртүрлі ұлт өкілдерінің бірге өмір сүріп, жұмыс істеп келе жатқан үлкен және тату отбасы. Осы татулықты сақтаңдар!

Біздің барлығымызға ортақ Отан – ол Қазақстан Республикасы. Бұл сендерге қамқорлық жасайтын атамекендерің. Сендер осы жерде өз күштерің мен таланттарыңды іске асыра аласыңдар. Еліміз үшін сендердің білімді болғандарың өте маңызды. Сонымен қатар, Отанға деген пәк сүйіспеншіліктерің тіпті қажет. Тек қана нағыз отан сүйгіш азамат қана Қазақстанды мықты, әлемдегі мәртебелі және сәтті мемлекет ете алады», – деді Н.Назарбаев.


«Жаңа жылды жаңа табыстар тілей отырып, дендерің сау болсын. Үнемі білімге құштар болып, алға қойған мақсаттарыңа жете біліңдер. Жаңа жылда армандарың орындалсы!», - деп тілек білдірді мемлекет Басшысы.

Балаларға арналып қойылған ғажайып көріністе, түрлі елдердің – қазақ, орыс, ағылшын, швед, неміс, франуцз, түрік және американдық ертегі кейіпкерлері болды. Олар түрлі жарыстар, жұмбақтар, билер мен тосын сыйлықтарға толы мереке жасады. Елбасының атынан балалар ноутбук, тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар алды.


Қазақстандықтар жаңа жылды төрт күн демалатын болады


Жаңа жылда қазақстандықтар: 2001 жылдың 1,2,3,4 қантар күндері демалатын болады, деп хабарлайды агенттік.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, 1 және 2 қаңтар Жаңа жыл ретінде аталып өтетін мемлекеттік мереке болып табылады. Мерекелік демалыс күні демалыс күндеріне сәйкес келетін болса, келесі жұмыс күні мерекелік демалыс күні болып саналады. Осыған байланысты 2011 жылы Жаңа жыл мемлекттік мейрамы сенбі және жексенбі күндеріне қатар келіп отырғандықтан, 1,2,3,4 қаңтар күндері демалыс күндеру болып есептеледі.

Сонымен қатар, 7 қаңтар православРождество мерекесі аталып өтуіне байланысты, жұма, демалыс күні болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.


Мұнай-газ секторы



Қазақстанда мұнай жабдықтары өндірісі басталады


Надежда Палинка, Tengrinews.kz

Қазақстан мұнай саласы үшін машиналар мен бөлшектік заттар өндірісін жолға қояды. Үш жылдың ішінде мұнай газ машина құрылысы зауыттарын соғу жоспарланып отыр.

Ол туралы отандық машина құрылысы Одағында айтылды. Мамандардың сөзіне қарағанда, еліміздің импорттан бас тпартып мұнай жабдықтарын жасайтын өз өндірісін жолға қоятын кез келді. Қазіргі кезде машиналардың, бөлшектік заттардың басым бөлігі шет елден сатып алынады.


ҚР машина құрылысы саласының жұмысшылар Ассоциациясының Президенті Мейрам Пшембаев, «Алдағы жылдың басында Қазақстан машина құрылысы Одағы ұлттық компания «ҚазМұнауГаз» және «Лукойл», «Шеврон» брендтік танымал мұнай компанияларымен бірлескен басқосулар өткізіп, Қазақстанда мқнай газ саласы үшін не сатып алынатынын анықтайтын боламыз.

Әзірге мұның барлығы жоспарланып отыр. Әлі де көп мәселелер, соның ішінде жобаны қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ. Машина жасаушылар Қазақстанмен қатар, шетелдік компаниялар тарапынан да қаржы түсуі мүмкін деп болжап отыр, Tengrinews.kz. хабарлайды.


«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының корпоративтік басқару рейтингісінің жалпы баллы GAMMA 4+ құрайды


2010 жылдың қорытындылары бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ-ның корпоративтік басқару рейтингісінің жалпы баллы қайта қаралып, GAMMA 4+ құраған.

Өзгерістер үшінші «Шынайылық, ақпараттарды ашу, аудит және қауіп» және «Директорлар кеңесінің тиімділігі, стратегиялық үрдіс пен сыйақы жүйесі» құрамдас бөліктерін қамтыды.

Екінші «акционерлер құқы» құрамдас бөлігі 4+ - тен 5-ке дейін жоғарылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ-ның инвестициялық тартымдылығын қолдау мақсатында компания рейтинг агенттігінің талаптарына сай корпоративті басқаруды жетілдіру бойынша қажетті іс-шаралар жасауда, деп хабарлдайды ҚМГ баспа қызметтері.


Жақын арада Қазақстан мұнайы БТЖ-ға Каспийдегі транспорттық торап арқылы қосылады – Премьер-министр


Қазақстан жақын арада Каспийдің солтүстігінен бакуге дейінгі транспорттық жүйе құрылысын аяқтап, Баку-Тбилиси-Жейхан (БТЖ) мұнай құбырына қосылатын болады, деп мәлімдеді республиканың премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

«Біз БТЖ-ға мұнай тасымалдайтын транспорттық торапты жасау бойынша нақты жетістіктерге де қол жеткіздік. Ол таяу арада аяқталатын болады», - деді премьер-министр.

Ол орталық азия мемлекеттері ұшін «бұл ортақ, маңызды жоба, себебі, ол Түркияға қол жеткізетін болады. Осы жобаны қолымыздан келгенше, қолдап келеміз», деп атап өтті Мәсімов Ыстамбұлда өткен экономикалық ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ) саммитінде.


Мәсімовтың пікірінше, ЭЫҰ елдерінде «ғаламдық нарық тұтынушылары үшін энергетикалық қорларды жеткізуде ортақ мүдделері бар». «Қазақстан ең алдымен, көршілес елдерге зиян келмейтіндей, энергия өорларын әлемдік нарыққа қауіпсіз жеткізуді барынша қолдайды», - деді ол.

Үкімет басшысы 2009 жылдың қазанында «Каспий, Қазақстан және Қытайды байланыстыратын, Қазақстан-Қытай мұнай құбырының іске қосылғаны туралы еске сала кетті, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


«Азиялық газ құбыры» Қазақстан-Қытай газ құбырының үшінші магистарльдық тармағын соғуды жоспарлап отыр


Елена Бутырина, Панорама

Газ тасымалдау бойынша қатысушы үлесі бірдей «ҚазТрансгаз» мемлекеттік компаниясы мен қытайдың Trans-Asia Gas Pipeline Limited, CNPC мекемесіне «Азия газ құбыры» ЖШС-гі Түркменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай ұлтаралық газ құбырының жылына 25 млрд кубометр табиғи газ өткізу мүмкіндігі бар қазақстандық үшінші тармағы құрылысын жобасының техника-экномикалық негіздемесі (ТЭН) жасауға кірісті. Ол туралы Панорама тілшісіне «Азия газ құбыры» ЖШС-нің бас директоры Бейімбет Шаяхметов хабарлады.

«ТЭН алдын ала өңдеу жұмыстары басталды, әзірге жобаның техникалық бөлігін қарастырып жатырмыз. Жобалауды келесі жылдың ақпан-наурыз айларында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Содан кейін жобаны жүзеге асыру – қаржыландыру мен құрылысы туралы шешімдер қабылданатын болады», - деді ол. Үшінші тармақ құрылысы 2012 жылдың соңына қарай белгіленген.

Түркменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай газ құбырының жалпы қуаты жылына 30 млрд кубометр газды құрайды, оның ішінде 17 млрд кубометрі түркмен және қытай арасындағы келісім бойынша жеткізілетін болса, 13 млрд кубометр CNPC Түркменстанда жұмыс істейтін компаниялардан өз алдына сатып алмақшы. Шаяхметов мырзаның айтуына қарағанда, 2010 жылы транснациональдық газ құбыры арқылы 4,3 млрд кубометр түркмен газы тасымалданады. Ал бірініші компрессорлық станцияның (КС-4) іске қосылуымен келесі жылдың көктемінен бастап өткізу мүмкіндігі жылына 17 млрд. кубометрге арттырылатын болады. Осылайша 2011 жылы «Азия газ құбыры» ЖШС Қытай бағытында 14 млрд кубометр газ жеткізе алатын болады. Барлығы 2013 жылға қарай бес копрессорлық станция тұрғызу құрылысы аяқталмақ.


Шаяхметов, орталықазия мемлекеттерінде табиңи газдың бос көлемі болуына байланысты газ құбырының үшінші тармағын жобалау мен орнату қажеттілігі туындады, дейді. Осы ретте, қазіргі кезде осы жүйеге жалғыз газ жеткізушісі бола отырып, Қытайға жылына 10 млрд. кубометр қосымша газ сатуға дайын, осындай көлемдегі газды Өзбекстан өзінің бір кен орнынан ұсына алады. Қазіргі кезде CNPC қажетті тасымалдау көлемі мен оның құны туралы түркмен және өзбек арасында келісім жасап отыр, деп тоқталды басшы.

Шаяхметов мырзаның ақпараттары бойынша, газ құбырының үшінші тармағының құрылысы 1 миллиард доллардан асыуы мүмкін, алайда КС қажеттілігіне байланысты болуы мүмкін. «Егер жобалау, басқа екі тармаққа қызмет көрсететін компрессорлық станцияларды іске қосуда қосымша тармақ жұмыс істейтін болса, құрылыс құны арзанға түседі. Әрине басқа копрессорлықжабдық орнату қажет болса, құны артатын болады», - деп түсіндірді ол. Қалай болғанда да, жоба CNPC кепілдемесімен қытай несиесі арқылы қаржыландыру жүзеге асырылады. Алғашқы екі тармақ құрылысының сметалық бағасы шамамен 7,5 млрд. долларды құрайды, ол да қытай тарапынан берілген несие.

Осыларға қосымша Шаяхметов мырза, Түркменстан-Өзбекстан-қазақстан-Қытай газ құбырының бір бөлігі болатын өткізу мүмкіндігі жылына 10 млрд кубометр құрайтын Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры өтетін жерде іргетас қаланғаны туралы да айта кетті. Оның мәліметі бойынша, толығымен ауқымды жұмыс келесі жылдың бірінші тоқсанында басталатын болады және бір жарым уақыт алады. Құрылыс орта есеппен 2,7-3 млрд долларға бағаланып, қазақстан-қытай бірлескен кәсіпорнымен, сондай-ақ «ҚазТрансГаз» бен Trans-Asia Gas Pipeline Limited компаниялары арқылы қытай қаражатына жүзеге асырылады.

Жаңа газ құбырына газ жеткізу көздері туралы сұрақтарға жауап бере отырып, Жаңажол (Ақтөбе облысы) кен орнынан, «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өндейтін және бақылайтын жыл сайын газ беруге дайын екенін айтты. Осы мақсатта өндірілетін газ жаңажол кен орнында төртінші зауыт орнату мүмкіндіктерін қарастырылуын есепке алмағанда, үш ГӨЗ тауар түріне айналдырылатын болады. Олардың қуатының жиынтығы өз қажеті мен аймақты газбен қамтамасыз ету және экспортқа шығарылатын газ көлемін өндіруге мүмкіншілігі бар.


Газ жеткізудің тағы бір көзі, «ҚазМұнайГаз» бірінші барлау скважиналарын бұрғылау жұмыстарын бастаған Өріктау (Ақтөбе облысы) кен орны бола алады. Бұл жерде газ өндіру жұмыстары 2016 жылдарға қарай басталатыны белгілі. Онда орта есеппен жылына 1,5-2 млрд кубометр өндірілетін болады. Қазіргі кезде ұлттық компания Жаңажол газ өндеуге рұхсат күтуде.

Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» бен CNPC Бейнеу-Бозой-Шымкент болашақ газ құбыры жолдарында кіші-гірім мұнай газ кен орындарында өндіретін шағын компаниялардың газ қорларын пайдалану, көгілдір отынды сатып алу мүмкіндіктерін, қарастыруды.

«Бұл мекемелер өордың өз құнын, газ дайындау жабдықтарын орнату бағасы, сондай-ақ өз газын магистральды газ құбырына жеткізу үшін орнатылатын компрессорлар қуатының құнын есептеуі қажет. Осыдан кейін газдың сатылатын бағасы анықталады. Ұзақ мерзімді негізде тұрақты баға варианттары қарасырылып жатыр», - деді бас директор.

АГҚ жүзеге асырып жатқан жоба аясында Шуда, Отарда, Ұзынағашта және басқа да елді мекендерде потенциалды газ тарату станцияларының 8 тармағының құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған Бұхара газ жеткізу аймағы – Тараз-Бішкек-Алматы газ құбырына қосылу үшін үш тармақ (Ақбұлақ, Ақыртөбе, Ұзынағаш) жасалған. Бұл республиканың оңтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз етудің сенімділігі мен икемділігін едәуір арттыратын болады.


Қаржы және инвестициялар



Standard & Poor"s «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның несиелік рейтингін тағайындады

Standard & Poor"s несиелік рейтинг қызметтері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның несиелік рейтингті –шетелдік валюта міндеттемелері бойынша «ВВВ/А-3» және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша «ВВВ+/А-2» тағайындады. Ұзақ мерзімді болжам – «Тұрақты». «Самұрық-қазынаға» бір мезгілде ұлттық шакала бойынша «kzААА» берілді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық қор рейтингі Қазақстан Республикасының (шетелдік валютадағы міндеттемелер бойынша ВВВ/тұрақты/А-3; ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша: ВВВ+/тұрақты/А-2; ұлттық шкала бойынша рейтинг: kzААА), қаржылық күрделі жағдайларда Қазақстан Республикасы үкіметі тарапынан дер кезінде, жеткілікті қолдау алу мүмкіндігін көрсететін несиелік рейтингтері теңгерілді. Менмлекетпен байланысты ұйымдарға несиелік рейтингтер беру талаптарымызға сәйкес, қолдау көрсету мүмкіндігін бағалау «Самұрық-Қазына» қорының өкіметтің қаржылық-экономикалық қызметінің негізгі операторы ретіндегі мағызды ролі мен оның үкіметпен үзіліссіз байланысы негізінде тағайындалған», - деп атап өтті Standard & Poor"s несиелік талдаушысы Фрэнк Гилл.

«Самұрық-Қазына» Қоры – барлық қазақстандық мемлекеттік мекемелердің басын қосатын мемлекетке қарасты холдинг компаниясы. Қор Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылы 13 қазандағы Жарлығымен құрылған. «Самұрық-Қазына» «Қазына» тұрақты даму Қоры мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару боынша Қазақстандық холдинг» АҚ-н біріктіру және қосымша мемлекеттік қорлар құю арқылы ұйымдастырылған болатын. 2010 жылдың қараша айының соңында «Самұрық-қазына» 404 еншілес және тәуелсіз ұйымдар, соның ішінде, «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай компаниясын (ВВ+/тұрақты/-) және қордың түсімінің шамамен 75 пайызы жиынтығын үлесін құрайтын оның еншілес құрылымы кірді. Басқа да маңызды компаниялар қатарына «Қазақстанның даму банкі» (шетелдік валютадағы міндеттемелері: ВВВ/тұрақты/А-3; ұлттық валютадағы міндеттемелері: ВВВ+/тұрақты/А-2), «Қазақтелеком» АҚ (ВВ/Тұрақты/-;kzA) және «Қазақстан Темір Жолы» АҚ (ВВ+/Позитивті/-; kzAA-), "Қазақстанның электр тораптарын басқару компаниясы» (ВВ+/ Тұрақты/-) және «Қазатомпром» ҒАК» АҚ (рейтинг жоқ) кіреді. Осыған қоса «Самұрық-Қазына» атақты Eurasian Natural Resources Corporation PLC (ВВ+/Тұрақты/В) және Kazakhmys PLC ( рейтинг жоқ) мемлекетке тиесілі акцияларын бақылайды.

«Самұрық-Қазына» қорының бақылаушылық қызметтері әрбір компаниялардың барлық байланыстарын үкімет атынан қадағалаумен жүргізіледі. Холдингтік компанияның капитал салу мен қаржыландыру туралы шешімдері Қазақстан Республикасының Премьер-министрі басқаратын «Самұрық-Қазына» директорлар Кеңесі арқылы жүргізілетін мемлекттік саясат пен оның тікелей қатысуын көрсетеді. Директорлар Кеңесіне қаржы, экономика және сауда, мұнай газ өндірісі, өндіріс пен жаңа технологиялар министрлері және үш тәуелсіз директорлар кіреді. Директорлар Кеңесі айына бір реттен кем емес, отырыс өткізіп, барлық қабылданған стратегиялық шешімдер үшін жауап береді.


Standard & Poor"s «Самұрық-Қазына» қорының жеке несиелеу қабілеттігін корпоративті несие рейтингтерін тағайындау талаптарына сәйкес «b» деңгейімен бағалайды. Бұл негізінен, қазақстандық банктердің барлық қаражаттары мен депозиттері қордың өзінен алатын «Самұрық-Қазынада» болуымен байланысты. Осы қаржылық ұйымдардан ақша алу тек орта мерзімді жоспарда, қаржылық жағдайларды жақсарту шаралары бойынша мүмкін.

Холдинг компаниясы деңгейінде «Самұрық-Қазынаның» ақшалай түсімі пайыздық төлемдер мен инвестициядан түсетін дивмденттерді құрайды. Қосымша ақшалай түсім орталық үкімет бюджеті мен қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан аударылатын қаражатпен байланысты.

Қазақстан Республикасы Үкіметі «Самұрық-Қазына» қорына қаржылай, сондай-ақ қаржылай емес формада қолдау көрсетуге ұызығушылық танытуды. Қазақстанның бюджеттік заңнамасында, қорға жыл сайынғы жарна бөлу туралы қарастырылған. Мұндай жарнаның 2010-2013 жылдары жалпы құны 317 млрд. теңгені (шамамен 2,2 млрд.доллар немесе ЖІӨ 2%) құраса, жалпы құны 49 млрд.теңге тікелей несие берілу қарастырылған. Қордың мемлекет үшін үлкен маңызы туралы «Самұрық-Қазына» Қазақстан Республикасы экономикасын тұрақтандыру бойынша үкімет бекіткен жоспарларды жүзеге асырудағы стратегиялық ролі білдіреді.

Осы жоспарларға сәйкес Қазақсатн республикасының Ұлттық қоры «Самұрық-Қазына» қорына қаржылық секторлар, жылжымайтын мүлік, сонымен қатар шағын және орта мекемелеріне қолдау көрсету үшін капитал бөлді. «Самұрық-Қазына» қоры жоспарға сәйкес «БТА Банк» АҚ(В-/Тұрақты/С; kzВВ-), «Альянс банк» АҚ (В-/Тұрақты/С; kzВВ-) бақылау акцияларын және «Қазақстанның халық банкі» АҚ (Халық; В+/Тұрақты/В) және «Қазкоммерцбанк» АҚ (рейтинг жоқ) ірі бақылау пакеттерін иеленді.

"Самрұқ-Қазына" осы коммерциялық банктердің шетелдік кредиторлармен келіссөздер жүргізуінде, - алғашында жеке секторларда қызмет көрсеткен, осы қаржылық ұйымдар тартқан қарыздық қызметтер көзрсету құнына байланысты, мемлекеттік шарттық міндеттемелерін қысқартуда маңызды роль атқарды.


Тұрақтандыру қоры толығымен жұмсалғандықтан, «Самұрық-Қазына» «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарларын» жүзеге асыруда қолданылатын құрал ретінде Қазақстан Үкіметі үшін ары қарай да стратегиялық мінге ие бола алады.

«Болжам «Тұрақты» Қазақстан Республикасының рейтингтері бойынша болжамды білдіреді. Біз «Самұрық-Қазына» қорының рейтингін Қазақстан Республикасы рейтингтері өзгерген жағдайда, қордың мәні мен оның мемлекеттік саясаттағы құрал қызметі өзгермейтін болса, өзгертетін боламыз. Оған қоса, «Самұрық-Қазына» қорының мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы ролі мен мемлекет тарапынан қолдау жасаудың әлсіреуі рейтингке қысым түсіретін болады», - деп түсіндірді Гилл мырза, деп хабарлайды Standard & Poor"s.


«Самұрық-Қазына» бір жыл бұрынғы шығындарға қарсы І-ші жартыжылдықта 281,8 млрд. теңге кіріс кіргізді


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат Қоры үстіміздегі жылдың қаңтар-маусым айларында, 2009 жылдың осы мерзіміндегі 17,212 миллард теңге шығынға қарсы 281,837 миллиард теңге көлемінде таза табысқа кенелді, деп көрсетілген қордық есептерінде.

Комапния табысы 2009 жылдың қаңтар-маусымындағы 1,358 триллион теңгеге қарсы есептік кезеңде 1,707 триллион теңгені, мемлекеттік субсидиялар – 7,979 милиард теігеге қарсы 1,896 миллиард теңгені құрайды.

Биылғы жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жалпы кірісі, былтырғы жылғы 468,633 миллиард теңгеге қарсы 556,874 теңгені құрады.

Қордың активтері 11,73 триллион теңгеден 11,458 триллион теңгеге дейін өсіп, міндеттемелері 6,329 триллион теңгеден 6,542 триллион теңгеге дейін, жекменшік капиталы 4,744 триллионнан 4,916 теңгеге дейін артқан.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» АҚ, Қазақстан Республикасының тәуелсіз қоры болып табылады және өзіне жекеменшік құқығымен тиесілі акциялар пакеті мен ел экономикасының көптеген салаларындағы ұлттық даму институттары, ұлттық компанияларына қатысушы үлестерін орталықтандырылған басқаруды жүзеге асырады, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.



ҚХР қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қытай-Қазақстан комитетітігінің алтыншы отырысы өтті


Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі комитеттіктің екі жақты алтыншы отырысында Қытай және Қазақстанның қаржылық-экономикалық жағдайларының ағымдағы жайларын талқылау аясында макроэкономикалық және ақшалай-несиелік саясат мәселелері бойынша ақпараттармен алмасу болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің бампа қызметтері.

Отырыс ӨХР Халық банкі басшысының орынбасары Ма Дэлун мен ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқовтың төрағалығымен Саня (ҚХР) 9-10 желтоқсанда өтті.

Отырыс барысында қатысушылар өзара ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талдап, Қазақстан Және Қытай қаржылық айналымдары арасындағы алдағы уақытта даму бағыттары анықталды.

Екі жақ қаржылық дағдарыс салдарын еңсеру бойынша дер кезілік іс-шаралар экономиканың ары қарай дамуы мен екі елдің қаржылық секторларын тұрақтандыруға әсерін тигізгені туралы атап өтті. Ұлттық валютада есеп айырысуды жүзеге асыруға байланысты мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлінді. Осы мәселені талқылай нәтижесінде, екі жақтың орталық банктері арасында мәселелерді талдау үшін, «Хоргос» шекаралық ынтымақтастық Халықаралық орталығының өзара қатынастарына, сондай-ақ екі елдің өзара төлем жүйесі, ұлттық валютада есптесуге байланысты жұмыс тобын құру туралы келісім жасалды.

Қор нарығын реттеу жөніндегі Қытай комиссиясы мен Алматы қаласындағы аймақтық қаржылық қызметтерді реттеу бойынша ҚР Агенттігі бір-бірін екі елдің қор нарығындағы жағдайлары туралы ақпарат алмасып, қор нарығын реттеуші осы органдардың бұдан кейінгі ынтымақтастығының болашағы бар деп, осы бағытта, сонымен қатар, қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдардың жұмысын реттеу мен бақылау жөніндегі ҚР Агенттігі мен құнды қағаздарды реттеу жөніндегі ҚХР Комиссиясы өзара келісім меморандумы жобасы бойынша белсенді жұмыс жасауға келісім жасасты. Қаржылық нарық пен қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау жөніндегі ҚР Агенттігі мен сақтандыру нарығын реттеу бойынша Қытай комиссиясы, ағымдағы сақтандыру нарығының жағдайы мен дамуы, сондай-ақ алдағы ынтымақтастығы туралы ақпараттармен алмасты. Екі жақ осы аталған салада тәжірибе алмасу мен сақтандыруды бақылау саласын өзара түсіністік туралы келісім жобасын мақұлдау процесін жеделдетуге келісті.


Осыларға қоса, екі жақ валюталық своп «қытай юань/қазақстан теңгесі» бойынша Қытайдық Халық банкі мен ҚР Ұлттық банкі арасында екі жақты келісім жобасын мақұлдау процесін, сонымен қатар 2005 жылы 14 желтоқсанда Пекин қаласында қол қойылған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау жөніндегі ҚР Агенттігі мен Қытайдың банктік реттеу бойынша Комиссия арасында өзара келісім туралы меморандумға өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасын жеделтеуге келісім білдірді.

Негізінен, қаржылық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-қытай комитеттігінің алтыншы отырысы жоғары мазмұнды деңгейде өткізілді. Екі жақ қаржылық ынтымақтастықта қол жеткізген нәтижелерге ризашылықтарын білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.


Ресей, Белоруссия мен Қазақстан бірыңғай валюта енгізуді талқылауы мүмкін


Ресей, Белоруссия және Қазақстан Еуразиялық одақ қалыптастыру кезінде бірыңғай валюта енгізу туралы мәселе қозғауы ықтимал, деп мәлімдеді Белоруссиядағы Ресей елшісі Александ Суриков.

«Еуразиялық одақ құру жөнінде заң жазылып, нормативтік актілері жасалуы қажет. Бұл ықпалдастықтың келесі сатысы. Бұл қалып деп айта алмаймын, бірақ бұл Еуроодаққа ұқсас және осы деңгейде жартылай саяси ықпалдастықты білдіретін Еуроодақ. Осы құрылымда үш мемлекеттің бірыңғай валюта қолдану саласында келісілген әрекеттер жасауы мүмкін деп білемін», - деді ешлі, ИТАР-ТАСС хабарлағандай.

«Егер экономика шындығы, өмірдің жақсаруы үшін талап етілетін болса, оған келісу қажет, менің айтын отырған валюта турасында...», - деп қосты елші, CA-News хабарлайды.


Мәжіліс мүшесі Қазақстандағы шетел мемлекеттік банктері қызметіне тыйым салуды талап етті


Мәжілісші Аманжан Жамалов Қазақстанда мемлекеттік мықты банкті шетел банктік капиталы экспансиясына қарсы әрекет ету үшін құруды ұсынды.

Осыған сәйкес сұрауды ол премьер-минтистр К.К. Мәсімовке, ҚР Ұлттық банк төрағасы Г.А.Марченокға, ҚР ҚБА төрайымы Е.Л.Бахмутоваға жолдады.


Оның айтуы бойынша, бүгінгі таңда банктік қатысушылар 37% құрайды екен. 15 банк шетелдік инвесторларға тиесілі, ал «Центркредит», «АТФ банк» және «Қазкоммерцбанк» сияқты банктерде шетелдік капитал басым көрінеді.

Экспансия қарқын алып келеді, деп нақтылады депутат: Қытайдың Өндірістік-Коммерциялық банкі мен Қытайдың Құрылыс банкі Қазақстанда қызмет атқарып келе жатқан банкі сатып алуды белсенді түрде іздестіріп, кейбірімен келіссөздер жасау үстінде, ал қазірдің өзінде қазақстанда жұмыс істеп тұрған «China bank» капиталын ұлғайтып, барынша іріленіп келеді. Ресейдің мемлекеттік «ВТБ банкі» Қазақстанның коммерциялық банкін сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, ал «ЕК «Сбербанк России» АҚ бүгінгі күні, Қазақстанның қаржы бақылау Агенттігінің мәліметі бойынша капиталы жағынан 7-ші позицияны, активі жағынан 11-ші позицияда екендігі анықталды.

«Тағы да қайталап айтамын – олардың барлығы да мемлекеттік банктер болып табылады, құлақ естіп көрмеген оқиға. Әдетте БСҚ қатысушы-мемлекеттер ішкі нарығын егер шетелдік банктер коммерциялық болса ғана ашады, бірақ мемлекеттік банктерге емес. Бір елдің нарығында басқа елдің мемлекеттік банктерінің билік етуі – бұрын-соңды болмаған жаңалық және тікелей мемлекетке төнген қауіп», - деді аманжан Жамалов.

Мәжілісші, қазақстандық банктерге басымдылығы бар, шетелдік коммперциялық банктердің болуы қатаң реттейтін және енуін шектеп отыратын, тіпті шетелдің мемлекеттік банктері қызметіне тыйым салатын тұрақты ұлттық банк жүйесін қалыптастыру Қазақстан үшін өте маңызды, деп есептейді.

Сондай-ақ Қазақстанда мықты мемлекеттік банк құру, мемлекеттік басқаруға қарасты және қайта қаралуына мемлекет тарапынан ауқымды қаражат салынған «БТА банк» базасында жасауға болар еді, деп хабарлады CA-News.


Адамдар мен тренингтер


Даниал Ахметов экологиялық энергетика саласындағы компанияны басқарды

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Даниал Ахметов соңғы кездері еліміздің қорғаныс министрлігін басқарған болатын, экологиялық энергетика саласында компанияның басқаруда, саясатқа қайта оралғысы келмейді.

Агенттік ақпараттары бойынша, Ахметов өміріндегі осы өзгерістерге риза, себебі, ол туғандары мен жақындары арасында жиң уақыт өткізе алатын болды. Сонымен қатар ол салауатты өмір кешуде, велоспортпен шұғылданады. Экс-министр өзінің билік басынан кетуіне байланысты атылып өлгісі келді деген қауесетті жоққа шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, Ахметов 2003 жылы Қазақстан үкіметін басқарып келген болатын, ал 2007 жыл қорғаныс министрі етіп тағайындалды. 2009 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оны осы қызметінен босатқан болатын, деп хабарлайды ҚазТАГ.


Аймақтық іскерлік жаңалықтар



Бішкекте ҚР МІІБ ғимараты жанында жарылғыш салынған автокөлік табылды


25 желтоқсанда Бішкекте МІІБ ғимараты жанында таңғы саңат 4 шамасында күңгір-жасыл түсті

«Лэнд Ровер Дискавери I» көлік ішінен қолдан жасалған жарылғыш зат табылды. ҚР МҰҚК баспа қызметтері хабарлағандай, жарылғыш зат газ баллоны, алюминий ұнтағы, аммиак селитрасы мен 30 кг салмақтағы жарақаттаушы (кесілген арматура бөлшектері) құрамдас бөлігінен жасалып, ұялы телефонға электр сымымен және «Крона» типтес батареямен қосылған.

Жарылғыш қондырңы қуаты 7-10 тротилаға сәйкес. Детонацияны күшейту үшін жарлығыш зат құрамына үгітілген тротил салынғанын ҚР МІІБ саперлік тобы анықтады.

Көлікті сыртынан тексеру кезінде брезенттен жасалған жалған номер В8517 Р анықталды.

Алғашқы оперативтік мәліметтер бойынша, «Лэнд Ровер Дискавери I» автокөлігі 24 желтоқсанда сағат 20,00-де Сокулук ауданында 5 адамнан тұратын топтың қарулы шабуылы нәтижесінде ұрланған. Шабуыл жасағандар бетперде тағып алған, камуфляж киіп, қаруланып алған.


Қазіргі кезде оқиға орнында ІІМ мен ҚР МҰҚК тексеру-оперативтік тобы іздестіру жұмыстарын атқаруда. CA-News хабарлайды.


Ташкентте құны 200 миллион доллар тұратын «жоғары технологиялар паркі» соғылады


2011 жылы Өзбекстан құны 200 миллион доллар болтаны жоғары технологиялар паркі құрылысын бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды РИА Новости республика үкіметінің дереккөздері мәліметі бойынша.

Бұл бірлескен жобаны, Ұлыбританияның Кебридж және Оксфорд университеттері жүзеге асыратын болады. Ташкенттің орталығында 230 мың кв.метрден астам аумақта 6 жыл бойы жасалады.

Осы аумақта заманауи зертханалар, кеңселер мен өндірістік цехтар соғылады, сауда және ойын-сауық орталықтары, конференция өткізетін залдары бар мейманхана, сонымен қатар технопарк қызметкерлері үшін қажетті тұрғын үйдің қажетті көлемі құрылысы қарастырылған.

«технопаркте фармацевтика, биотехнология, нанотехнология, ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстары, энергияның альтернативтік көздері энергия тиімділігін арттыру мен енгізу салаларында жобалар жүзеге асырылатын болады», - деп РИА Новости пікірлесі, жобаны «өзбек «Сколково»-сы деп ата өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейде осыған ұқсас жоба – «Сколково» Инновация Орталығы жүзеге асырылуда. Экономика жетілдірудің айрықша салаларында: ғарыш пен телекоммуникация, медицина мен фрмацевтика, энергиялық тиімділік пен ақпараттық, сонымен қатар ядролық технологиялар салаларында жұмыс істейтін компаниялар үшін ерекше экономикалық жағдайлармен қамтамасыз етілетін жаңа қала, деп хабарлайды Фергана АА.


Бағалар мен статистика






Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index

Дата: 27 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital






Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 27 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital


Мұнай мен газ құны
Дата: 27 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)



следующая страница >>