https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2
ЖАН САҚТАУ ӘЛІППЕСІ


АДАМҒА НАНҒЫСЫЗ ЖАҒДАЙЛАРДАН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ


ӨРТ КЕЗІНДЕ БИІК ҚОНАҚ ҮЙДЕН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

ҚҰЛАП БАРА ЖАТҚАН ЛИФТТЕН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Сулы матамен мұрныңызды және ауыз қуысын жауып, басыңызға сулы сүлгі жамылып шығыңыз.

Егер есіктің тұтқасы салқын болса, есікті ашыңыз. Егер коридор түтін болса мүмкіндігінше еңкейіңіз (еденнен 60 см) және шығу есігіне беттеңіз. Егер есіктің тұтқасы ыстық болса, есікті ашпаңыз. Бөлмеге түтін кірмес үшін, есіктің астын сулы сүлгімен бекітіңіз.

Негізінде сөрт сатысы тек жетінші қабатқа дейін жетеді. Мүмкін қабарға арқалы келесі бөлмеге кірі алатын шығырсыз (Шкаф орналасқан жерде жұқарақ). Балконнан балконға жете алау мүмскіндігін де қарастырыңыз. Екінші қабаттан жоғары тұрсаңыз, секірмеңіз. Бір-біріне жалғанған төсенгіштірді қолданыңыз, бұл жағдайдың өзінде де бір қабаттан артық түспеңіз.

Соққы күшін анықтау үшін, етбетіңізден жерге жатыңыз(шетінен гөрі ортасына қарай). Жоғарыдан еш нәрсе түсіп кетпес үшін, басыңызды жабыңыз. Лифтінің шахта түбіне түсіп кету мүмкіндігін де ойлаңыз. Осылай да тірі қалуға болады. Құлап бара жатқан лифтіде өлім жағдайы сирек кездеседі. Кейбі сарапшылар тік тұрып, соққы алдында секіру қажет дейді, бірақ уақытты дұрыс пайдалану мұмкіндіге аз.

ТЕРРОРИСТТЕРДІҢ ҚОЛЫНАН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

ҚҰЗДА ТОҚТАП ҚАЛҒАН КӨЛІКТЕ ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Террористтер өте ашушаң келеді, сондықтан сабарлық танытыңыз. Олар сізге өздері сөйлемейінше, сіз оларға сөйлемеңіз. Егер оқ атып жатса басыңызды жауып, жерге жатыңыз. Артық әрекет жасамай, солардың талаптарын орындаңыз. Ешқашан терриористтердің көзіне тура қарамаңыз. Егер сізге сөйлесе өте сыпайы жауап беріңіз. Ертеңгі күні оны сипаттап беру үшін ойша есім қойып алыңыз. Оларды ұстау тобы келген кезде еденге жатып, басыңызды жабыңыз, әйтпесе екі жақтың оғы да тиіп кетуі мүмкін.


Жылдам қозғалыстар жасамаңыз. Егер машинаның алдыңғы бампері қауіпті жерде тоқтап қалса, онда аман қалуға уақыт өте аз, ақырын артқы орындыққа барып отырыңыз. Терезені сындыру жағдайында қолыңызға ауыр нәрсе алып алаңыз. Егер машана құламайды деп ойласаңыз, тез арада артқы есікті ашып шығыңыз егер есік ашылмай қалса, артқы терезені сандырыңыз. Тез қимылдаңыз, әрі абай болыңыз.

ЖІПТЕН ҚАЛАЙ БОСАНУҒА БОЛАДЫ

СУАТТАРДАН ҚАЛАЙ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ

Егер сізді байлап қойса, терең тыныс алып иығыңызды артқа тартыңыз. Күшіңіз келгенше жіпті тартыңыз. Жіліншек немесе сүйектеріңізді ажыратуға тырысыңыз (саусақтарыңызды тіреңіз). Басқалары кеткеннен кейін, денеңіздегі күш-қуатты жинап, жіпті шешуге тырысыңыз, мүмкін сіздің жолыңыз болып кетер. Жіпті шешу үшін барлық құралдарды қолданыңыз. Тұйінді тісіңізбен шешіңіз. Байлаулы қолмен де жіп түйiнін шешуге болады.

Судан шығып, келген жағыңызға қараңыз, ол жақта мұз қаттылау болуы тиіс. Суатттың шетіне шынтағыңызды тіреңіз. Жүзіп бара жатқандай аяғыңызбен итеріңіз. Мұздың үстінде тұрмай, сырғанаңыз, себебі суатқа қайта түсіп кетуіңіз мұмкін.

ҚҰМДЫ ЖЕРЛЕРДЕ АМАН ҚАЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

СУСЫЗ АРАЛДА СУДЫ ҚАЛАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ

Мұрныңызды және аузыңызды бет орамалымен жабыңыз. Ұзын шалбар, нәски және жабық аяқ киім киіңіз.Егер де сіздер бір топта болсаңыздар адасып кетпес үшін қолдарыңыздан немесе жіптен ұстасып алыңыздар. Биік жерге шығуға тырысыңыздар.

Жаңбыр суын ыдысқа немесе тәрелкеге жиып алуға тырысыңыз. Өсімдік көп өсетін жерге барыңыз. Шықты жинап алыңыз. Жіңішке шүберекті немесе бір топ шөпті байлап алыңыз. Шық матаға тез сіңеді, содан кейін оны сығуға болады. Балықты ұстап алғаннан кейін бірінші кезекте оның көзін соруға тырысыңыз, оның айналасында сұйықтық көп болады. Балық етінің құрамында су көп болады. Балықты матаға орап, сығыңыз одан шыққан сөлді ішіңіз.


ЖҮГІРІП БАРА ЖАТҚАН ТҮЙЕНІ ҚАЛАЙ БАСҚАРУҒА БОЛАДЫ

ТАРАНТУЛДЫ ЖЕҢУ БОЛДАРЫ

Шауып бара жатқан атты жүгеннен тартып тоқтатуға болады. Ал түйеге бұлай істей алмаймыз. Түйенің мойны мықты болады. Және оның жүгені мұрнында болады.Сіз оның мұрнын зақымдап алуыңыз мүмкін. Егер жүген түйенің басына қатты тартылған болса, түйе басын бұрған жағына қарай бұрылады.Ол келесі жағына бұрылуы да мүмкін Шаршағаннан кейін түйе жатады. Сол кезде одан секіріп түсіп кетіңіз Егер сіз түйенің қашып кетуіне жол берсеңіз, түенің егесі қатты ашулануы мүмкін

Бұл өрмекшінің шаққаны өлімге алып бармайды. Егер тарантуло сіздің аяғыңызда өрмелеп бара жатса, сабырлық сақтаңыз және оны таяқпен немесе газетпен итеріп тастаңыз. Егер ешнәрсе шықпаса, абайлап тұрып, аяқпен итеріп жіберіңіз. Тарантулдардың көпшілігі екі рет тістейді.(бірінші шаққаны құрғақ, екіншісі -сылы, улы). Жарақаттанған жерге инфекция түсу қаупі бар. Іскен жерді антигистаминен емдеңіз. Егер 12 сағаттан кейін ісік қайтпаса, дәрігерге көрініңіз. Тарантулды ешқашан қолыңызға алуға тырыспаңыз. Оның арқасындағы тікеншелері сынып, теріге сіңіп кетеді.

ДОҢЫЗ ТҰМАУЫ – А типті пневмония

Доңыз тұмауы өте жұқпалы жіті респираторлық инфекциялық жұқпалы ауру, оны аса қауіпті А типті (Н1N1) тұмау вирусы қоздырып, таратады.

2009 жылдың наурыз айының орта шенінде Мексика халқының арасында етек алған адамнан адамға жұғатын жедел респираторлық аурулар А типті (Н1N1) «доңыз тұмауы» вирустарымен берілетін жұқпаның басқа елге тарауының бастамасы болды. 2009 жылдың 29 сәуірінде зертханалық жолмен расталған «доңыз тұмауының» 148 жайын жаhанның 9 елі(АҚШ,Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Испания, Германия ж.т.б.) жария етсе, сонымен қатар Мексика мен АҚШ-та осы науқастан өлім жағдайлары тіркелген.

АҚШ-тың Атлантадағы Аурулардың алдын алу және қадағалау орталығының бұдан әрі (СДС/Атланта; АҚШ) зертханасында Техас пен Калифорния штаттарындағы аурулардан алынған зерттемелік материалдардан генетикалық өзгеріске ұшыраған А типті (Н1N1) доңыз вирусы бөлініп, адамнан адамға берілетіні анықтала отырып, А/Саlifornia/04/2009 (Н1N1) деп белгіленді және бұрын белгісіз вирус ретінде топтастыру ұсынылды. 52-ге жуық мемлекеттер 15000–ға таяу доңыз тұмауы тіркелгенін, оның 98 жағдайда өлім жағдайына әкелгенін мәлімдеді. Эпидемияның халықаралық етек алуын ескере отырып, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры төтенше жағдай ретінде елдегі тұмау пандемиясының қауіптілік сатысының 5-ші деңгейін және халықаралық үйлестіруді жариялады.

«Доңыз тұмауының» жалпы клиникалық белгілері кезеңдік адам тұмауына ұқсас болады, бірақ ешбір клиникалық белгісіз басталып пневмонияның ауыр түрінен қайтыс болуға әкелетін түрлері жайлы деректер алынды. Мексикада аурудың белгілері жедел респираторлық жұқпаларға ұқсас болу себепті диагноз қою кешеуілдеп, жұқпаның кең тарауына әкеп соқтырды. Көптеген аурулардың өкпе қабынуы үдей түсіп, тыныс алуы қиындағандықтан, өкпені аппаратпен тыныстандыру қажет болды; Көпшілігінде жедел респираторлық аурудың синдромдары өршіді. Аурудың вирус таратушылық мерзімі белгісіз, сондықтан ауру жұқтырған тұлға аурудың басталған күнінен санағанда 7 күн бойы айналасына қауіпті деп ұйғарылды, вирус таратушылық ұзаққа созылып, қоршаған ортада жұқпаның тарау көзіне айналу мүмкіндігі бар.
Жедел респираторлық ауруда: мұрыннан су ағу, мұрын бітуі; тамақ ауыруы; жөтел мен дене қызуы көтерілуі; ал жедел респираторлық вирус жұқпасында әрқашан дене қызуы 37,8 ºС жоғары, жөтел мен тамақ ауруы; оған қоса жүрек айну, құсу, іш өту симптомдары «доңыз тұмауын» сипаттайды.

Егер адамда жедел қызбалы респираторлық аурудың белгілері, зертханалық расталған жұқпа қоздырғышы болса, мұны анықталған доңыз тұмауы жұқпасы ретінде есептейміз, яғни доңыз тұмауының вирусы бір немесе бірнеше зерттемеде:


1. байырғы уақыттағы ОТ-ПЦР;

2. ауру адамның жоғарғы тыныс жолдарынан алынған мұрын-тамақ қуысының шайынды/аспираттарынан вирус өсіндісін анықтау. Ауруларға эпидемиологиялық сыртартқы негізінде клиникалық белгілері нышандарымен болжалды және мүмкін жағдайлары қойылады: шошқа тұмауымен ауырған адаммен 7 және одан да көп күн байланыста болу, жұқпалы ауру бойынша сәтсіз елдерден және аумақтардан келу, А типті (Н1N1) шошқа тұмауы вирусын тудыратын жағдайлар.

Қазіргі уақытта доңыз тұмауына қарсы қолданатын вакцина жоқ. Вирусқа қарсы емдеу антивирустық препараттар: осельтамивир немесе занамавирді басқа антивирустық препаратармен қоса пайдалану арқылы жасалады. Препараттың дозасы мен емдеу жолын емші дәрігер белгілейді. Балалар мен 18 жасқа дейінгі тұлғаларға дене қызуын түсіру мақсатында аспирин немесе құрамына аспирин кіретін дәрілерді қолдануға болмайды. Кәдімгі адам тұмауында қолданылатын симптоматикалық препаратарды қолдану және сұйықтық заттарды жиі ішу қажет. Залалсыздандыру заттарынан 70% этанол, 5%лизол, 10% хлорлы әк қолданылады.

Алдын алу шарасы үшін ауру адамды арнаулы бокс бөлмесіне оқшаулау керек, ондай жай жоқ болса, ауа қысымы төмен жайға, үйде – бөлме конденционерін тек «сыртқа тарту» ал даладан ауаны жай кіргізу тәртібіне бейімдеп, орналастыру керек. Аурулармен тығыз араласатын тұлғаларға нұсқаулық өткізіледі, бірреттік аэрозольді ауа тұтқыш, N 95 ауа тұтқышын, арнайы сүлгілі бетперделер қолдану қажет. Қолды жиі жуып, спирт пен залалсыздандыру ерітінділерін қолдану қажет. Жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеген тұлғалар аурумен сирек ұштасуға тырысып, қатерсіз байланыс түрлерін - телефонды қолданғаны абзал.

КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК.

Көкмұз - бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз - ауа температурасы 0С-ден - 3 С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.

  • Мұздақ - жер үстінде пайда болатытн мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.


  • Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.

  • Асығу - көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.

Қарттарға бірнеше кеңес:

  • Үйден шығара қолыңызға сүйеніп жүретін арнайы ағаш алып шығыңыз.

  • Сөмкеңізді арқаңызға асыныңыз. 60 жастан асқан адамдардың көбісі жарақатқа құлағанда ұшырайды.

  • «Қалай дұрыс құлау» керек:

  • Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.

Абайлаңыз өрт

  • Отпен жұмыс істегенде абай болуға;

  • Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;

  • Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;

  • Автокөліктен шыққан жалынға;

  • Күн күркірегендегі найзағайларға;

  • Майланған материалдың үйкелісіне;

  • Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.

Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.

Орманда жүргенде есіңізде болсын:

  • Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;

  • Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;

  • Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;

  • Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;
  • Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;


  • Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;

  • Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.

Ескерту шаралары:

Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау және тас төсеп орманда ені 5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-мекендерде су көздері мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен тоғандарды қайта - қайта жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар мен басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта орманға баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман алқабында немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

(Қауіп-қатерден қалай сақтануға болады)

Қарлы боран (дауыл)

Егер сіз боранда қалсаңыз:

Қар үстінен паналайтын орын дайында;

  • ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;

  • паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;
  • ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.


Паналайтын жерде отырып не істеу керек:

  • паналаған орынды белгілеу керек;

  • бір-біріңе жақын отыру керек;

  • барлық киім түймелерін салып, етек-жеңін дұрыстау керек;

  • Су киімді сығу керек;

  • ыстық шәй, кофе ішу керек;

  • басыңды, аяғыңды барынша жылы ұстау керек;

  • майлы азық пен қант жеу керек

Түн уақытта не істеу керек:

  • Ішімдік ішпеу;

  • отты қараусыз қалдырмау;

  • орынды себепсіз қалдырмау.

Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:

  • машинаның жалюзиін жауып, қозғалтқышын радиатор
    жағынан жабыңыз;

  • автокөлігіңізді қар ұрған жағына қойыңыз;

  • қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;

  • пайдаланған газ шығатын трубаның қармен толып қалуын, сол газдың көлік ішіне кірмеуін қадағылыу керек.

Егер автокөлік жолда өшіп қалса:

  • даурықпаңыз, жағдайды байқаңыз, қай уақыт, қай жерде тұрғаныңызды, елді-мекенге қанша жер бар екенін анықтауға
    тырысыңыз;

  • егер күтетін болсаңыз, ұйықтап қалмаңыз;

  • егер ары қарай жүретін болсаңыз, трасса мен көшеден шығып кетпеуге тырысыңыз.

  • Автокөлікте кемінде 5 дөңгелек болады, қажет болса біреуін
    жағуға болады.

Үсіген адамды жылыту жолдары:

Ең тиімдісі:

  • ваннада (40 С жооғары емес);

  • ыстық суға малынған сүлгі, жаймаға орау, суысымен қайты жылысына ауыстырып орау керек.
  • Бір мезгілде зардап шегушінің саусақтарын уқалап отыру керек, аяғын жоғары көреріп қойса, денесі мен басына қан жақсы жүреді.


  • Дененің кейбір жерлерінің қатты үсуі өмірге өте қауіпті.

Мысалы: оттың қасына зардап шегушіні орап отырғызған дұрыс, оған өте ыстық болмауы тиіс, жылынған сайын оттан алыс
отырғызған дұрыс. Зардап шегуші жылынып, өз қалпына келсе: тәтті шәй немесе кофе, егер лоқсымаса, құспаса онда тамақтандыру қажет.

Қар көшкіні, опырылып құлау

Қар көшкіні - тау бөліктерінен қалың қардың опырылып құлауы.

Қазақстанда қар көшкіні - Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар Алатауы үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-ботаникалық жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз, сәуір айларында жиілейді және тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары қар көшкіні халыққа және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы 1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.

Қар көшкіні маусымы: Қазақстанда қар көшкіні барлық таулы аудандарды қамтығын, бұл мөлшерден көп жауған қарға байланысты. қар көшкіні маусымы - сәуір, ал таулы аудандарда қазан-мамыр айларында болады.

Қар көшкінінің қауіпті белгілері:

  • Қыста қар қалың түсіп, жер бетін қар 20-30 см жапқанда;

  • Қыс мерзімінде бірнеше күн суытқанда немесе жылып кеткенде;

  • Қардың үстінен жаңбыр жауғанда;

  • Қатты жел тұрып, қар «карниздері» құрылғанда;

  • тау бөктеріндегі қардың биіктігі 30-60 см болғанда;

  • Қардың отыруы мен күп болып көтерілуі тау беттерінде домалақ қар іздерінің болуы;

  • Сейсмикалық ауытқушылық.

Қар көшкінінің екпіні ұрса!

  • Тауға шығарда қауіпті қар көшкіні болатын картамен танысып, мамандармен ақылдасу керек, бұқаралық ақпарат құралдарын үнемі тыңдап, таудағы жағдайларды тыңдап отыру керек;
  • Тауда қар жауғаннан кейін 2-3 күн тауға шықпай тұру керек, не қар көшкіні болып кетсін немесе қар отыруы керек. Қар көшкіні туралы хабарды естігеннен кейін тауға шықпау керек;


  • Бұл уақытта егер сіз тауда болсаңыз, бірден тік құздарға шықпаңыз, бұталар мен ағаштар жоқ жерге бармаңыз, тек қана жолдармен жүрілген жалғыз аяқ жолмен жүру керек;

  • Көктем айларының екінші жартысында әсіресе қар болғанда және тау баурайынан сырғанайды-ау деген уақытта сақ болған жөн;

  • Көзіңіз көріп тұрған жерге дейін қозғау керек, тұман болса қар көшкіні күшейеді деген сөз;

  • Қардың еруі мен жылымық кезде (наурыз айының соңы мен сәуір айында) таудың басына шығуға немесе ескертілген қар көшкіні болады-ау деген жерге бармау керек;

  • Қар көшкіні болғанда айқайламаңыз;

  • Қар «карниздеріне» шығуға болмайды. Аяқтың астында қар отырса, шықырлаған дыбыс шықса қайтыңыз;

  • Егер қар үйіліп жатса:

  • Қардың беріктілігін тексеру керек, сақтық үшін қардың шеткі ұшын басып көру керек.

  • Таудың басына, баурайына бақылаушы қою керек;

  • Киімдерді шешу, рюкзактың бауларын ағыту;

  • Тау баурайын ізбе-із кесіп өту

  • Тауға барып түнегенде екі жақтан қар көшкінін байқау керек. Қар көшкіні болады-ау деген жерлерге (тау бөктерінде қар қалың жатқан жерде) тоқтамау керек

Қар көшкіні болған жағдайда:

  • Егер сіз қар көшкікіне тап болсаңыз тез арада рюкзактан шаңғыны алыңыз ол сіздің қимылдауыңызға жеңілдік береді

  • Қар көшкіні кезде бар күшпен көшкіннің шет жағына шығуға тырысу керек немесе көшкіннің үстінде қалуға болмаса ағаш, бұтақтардан ұстауғы тырысу керек

  • Қар көшкініне шығуға мүмкіндік болмаса ауыз бен мұрынды шарф пен шапкамен жауып алу керек. Тізені бүгіп алу керек.

  • Қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырысу керек , сізді тез тауып алу үшін қолыңызды шығарыңыз.
  • Қардың астында қалып айқайлаудың пайдасы жооқ, себебі дыбыс қардың астынан өте жай естіледі. Құтқарушылардың жүрісін естісімен дабыл беріңіз.


  • Қажет болса, қолдан тыныс алдыру керек, жүрекке жабық уқалау жасау (массаж), коореин салдыру керек.

  • Егер жарты сағаттың ішінде өз күштерімен зардап шеккенге көмек бере алмаса онда құтқару отрядын шақыру қажет.

Опырылу - ауыр күштің әсерінен өз орнынан тайып кетуі.

Опырылу (опырылып құлау) - тау жынастарының опырылып құлауы мен құрғақ жартастардың үйінді болуы. Опырылу Қазақстанның барлық таулы аймақтарында кездеседі. Оның анақтау факторы мен жиналуы грунттардың сулы болуы және жерасты сулары, жер сілкінісі, сонымен қатар адамдардың шаруашылық қызметі әсер етеді.Ондай жерлерге шығыс Алатауындағы Көлсай көлі, Есік, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы және басқалар. Соңғы жылдары Қазақстан тауларында техногендік ауыр салмаққа байланысты опырылып құлау көбеюде, дачалық учаскелерге байланысты.

Опырылып құлаудың қауіпті белгілері:

  • Жаңбырдың көп жаууына байланысты, қардың интенсивті түрде жедел еруіне байланысты, грунттардың көп мөлшерде сулануына әкеліп соқтырады.

  • Тау беткейлеріндегі бос әрі беті сызық және бұрын опырылып құлаған іздер бар.

  • Тік жарға шығатын жерлердегі сызықтары, желге мүжілген тау жыныстары.

Опырылу аймақтарындағы табиғи қауіпсіздік шаралары:

  • Бұқаралық ақпарат құралдары хабарларының таудағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау

  • Тік жардың бірден бұрылысы сызығы бар құлайды-ау деген жерлерге тоқтамаңыз

  • Опырылған тік жардың қасына жоламау

  • Қауіпті жерларден бір-бірлеп тез, әрі айқай- шусыз өту

  • Тік жарлардан тас құлағанда қабырғаға жабысып тұру немесе басты рюкзакпен жабу керек.

Тау баурайындағы дачада жұмыс істейтіндерге кеңес:

  • Үй құрылысын, сарай салғанда биік жерден, яғни тау жағынан бастау керек.
  • Су көздерін жоғарыдан бастап жүргізу


  • Үйдің айналасын таспен толтыру, суда жақсы көретін ағаштар, бұта, өсімдіктер отырғызу

Есіңізде болсын! Дача учаскесін көп суғару жер қыртыстарының опырылуына әкеліп соқтырады

Әр адамның негізгі парызы

Сел жүргенде, көшкін жүргенде үнемі теледидар мен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түре жүріңіз

Қазгидрометорталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні мен сел тасқындаының қауіп-қатері туралы тұрақты алдын-ала ескертіп отырады. Ондай жағдайларда тауға шығуға қатаң тиым салынады.

ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ

Құрғақшылық - көбінесе температураның жоғарылауынан және ауаның ылоғалдығының төмендеуінен болады. Қатты ыстық - қоршаған ауа температурасының күрт жоғарылауынан және бірнеше күн ішінде жоғарылауы.

Бұл адам температурасының 38,8 С жоғарылап, дене температурасының бұзылуына әкеліп соқтырады. Дененің қатты қызуы жүрек қызметінің бұзылуына жеткізеді. Дене күйюінің белгілері: терінің қызаруы, қатты шөлдеу, дененің құрғауы. Ары қарай есінен танып қалу, жүректің тоқтап қалу және демнің жетпеуі.

Құрғақшылыққа қалай дайындалу керек (қатты ыстық):

Керек болған жадғдайда сұйықтықты көбірек іші керек. Ыстыққа арналған киімдерді, электр құралдарын (желдеткіштер, салқындатқыштар) дайындау. Егер сіз ауылдық жерде тұрсаңыз - демалыс орнын, құдықты, сонымен қатартерезеге арналған шторларды дайындау керек. Мүмкіндігінше электр құралдарымен қамтамасыз ету үшін, электроэнергия автономды бастауышы алынсын. Өзіңіз және отбасыңызды жылу күшейген жағдайда дұрыс қимыл жасай біліңіз.

Құрғақшылық болған кезде не істеу керек (қатты ыстық кезде)

Табиғат апаттары турал мәлімет алып, халықтарға көметтесу үшін жергілікті билік органдарымен хабарласыңыз. Зардаптар қайталану мүмкіндігіне дайын болыңыз.

НАЙЗАҒАЙ

Найзағай - бұл аспандағы бұлт арасынан от тәрізді шақпақ.

Қаупі. Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді (бұл күн аймағындағы температурадан 6 есе жоғары). Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады.

Найзағай көбінесе қайда түседі? Найзағай бірінші биік затқа (талға т.б.) түседі.

Найзағайға қалай дайындалу керек.

Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орасты орнатқаштарын орнату қажет.

Табиғатқа шығу алдында ауа байы болжамын тыңдау қажет. Егер күн бұзылады деп болжалдаса, басқа күні шыққаныңыз дұрыс болады.

Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне тездігіне байланысты (300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады. Мысалы: егер жарқылдан кейін найзағайға 5 с өтсе, онда найзағай фронтының арасы 340м/с*5с = 1700м.

Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы.

Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі.

Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.

Егер сіз орманда болсаңыз, қысқа талдар өскен жерлерді паналаңыз. Биік талдардың қасына, әсіресе қайыңның, еменнің қастарына тығылмаңыз.


Су жиналатын жерде немесе оның жағысында тұрмаңыз. Жағадан аласырақ, яғни жоғары жерден төменге түсіңіз.

Жазық далада, егістікте немесе қорғанатын жер болмаған кезде жерге жатпаңыз, қазылған жердің шетіне аяғыңызды қолыңызбең ұстап отырыңыз.

Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз.

Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз.

Дауыл, құйын

Дауыл - ең көп тараған табиғат апаттарының бірі. Әсіресе, бұл жел, мұзда, теңізде, тауда өте қауіпті. Кез келген қатты жел қыста дауылмен, жазда шаңды, құмды дауылымен байқалады.

Егер ашық жерде жел қатты тұрса, тез арада тығылу қажет.

Жазық немесе құрлық далада - жерге жатып, тастан, қалың қамыстардан ұстап алу қажет. Киімнің алдың жауып, тыныс алу жолдарын шаң мен құмнан сақтану үшін, орап алу қажет. Өзімен бірге фляга су алып алу қажет.

Тауда - болған жағдайда, шың басынан, асудан аулақ кеткен абзал.

Қауіпсіз орындарда тығылу - ну орманда, үлкен қорғандардың артына жасырыну қажет. Сонымен қатар, тасты және қауіпті аймақтардан алыс жүру қажет.

Құйын - өте қауіпті. Құйын жылдмдығы 100 м/с дейін жетеді, ең тез жылдамдығы 30-40 км/сағ. Құйынмен бірге аспанға ұшқан шыбықтар, майда тастар және т.б. нәрселердің ұшуы адамдарға қаупті тудырады.

Құйынның дауылдан айырмашылығы, ол кіші болып келеді, сондықтан оған кез болмау мүмкіншіліктері бар. Тек қана құйынның бағытын және жылдамдығын анықтап, қарсы бағытта жүру қажет. Құйынға кезіккен жағдайда кез келген жерге қадалған заттан ұстап, бетті, әсіресе, көзді қолмен не болмаса матамен жабу қажет. Егер құйын, боран, дауылболады дегенді болжамшылардан естісеңіз, үйдің ауласындағы барлық заттарды жерге қағып, қатайтып қою қажет. Әсіресе, бұл салмағы аз үй соғуға қажетті заттарға: татқтайша, фанерлерді, шифрларды ұшырып алып кетпейтіндей етіп байлау қажет. Бұл заттарды бір-біріне байлап, жерге нықтап қою қажет. Оларды сарайларға тығып, ұшып кетпейтіндей орында орналастру қажет. Жел тұратын бетке қарап тұрған терезені фанерлермен немесе тақтайшалармен жапқан абзал.


Алдын ала электр құралдарын сөндіріңіз, керосин шамын алыңыз. Сонымен қатар, құрғақ таменқ ішпес үшін, артық балонмен газ плитасын алыңыз.

Сондай-ақ, үйіңізге артығымен тамақ, су, ал қас кезінде көбірек отын жинап қойыңыз.

Дауыл, құйын құйын жақындап келе жатқаннан, үйіңіздің жағдайы нашар, дауылға төзбейд деген жағдайда, погребті паналаңыз (төсенгеш, жылы киім, су, тамақ, шырақ, міндеттті түрде күрек пен балта алыңыз).

Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару

(Балықшылардың назарына).

Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін, мұз үстінде балық аулау, аңға шығу, шеру, мұз үстінде жүргенде, ұшақтар мен поездтар апатқа ұшырағанда т.б. Қыс мезгілінде табиғат адамға аяныш жасамайды. Ол жеңілтектік, білімсіздік, ырықсыздарды қатты жасайды. «Мұзды аймақта» жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіпкеткенде, далада қалып қою, ауыру т.б. Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарырн, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 гардус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады.

Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз- мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздыңүстімен аяқ астында майда жарықшақтар мен жәй дыбыс шығарғанда басқадай шаралар болмасы жүруге болады.

Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінге мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді. Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажат. Қан қасымы ми жиілігі анықталмаған жағжайда жасанды түрде «ауыздан-ауызға» жасау қажет немесе бір мезгілде жүрегіне массаж жасау қажет.

Мұз үстіндегі жол ерекшеліктері.


Өз құрылымына қарай әр өзен, көлдер, мұз қатуы әртүрлі болады.

Тез ағатын, иірімді өзендердің жағалауынан алысырақ болу керек, себебі ортада мұз бүтін қалапта болады. Өзенге немесе жағалауға қардан таза жермен өту керек.

Қар көп жиналған жерде, жарларда, қамыс көп өскен жерде, ағаш жырғалардың қосылған жерінде, көл, өзендердің (су тез ағатын жерлерде) мұз жұқа болып қатады.

Суық күндері өзеннің, көлдің қатпай қалатын жерлерінен «бу» шығады. Көктемде мұз басқан бұталар мен қалың шөп өскен жерлер қауіпті.

Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:


  • қатпаған мұз үстінде шықпаңдар;

  • мұз үстінде топ болып тұрамау керек;

  • мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;

  • биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;

  • мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;

  • мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;

  • өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер

Мұз үстінен жүру ережесі:

Мұздың толық қатпағанын білсеңіз, сырғилап жүріп, аяғыңызды жұмсақ жерге басқанда мұз қатпағанын білсеңіз тез қимыл жасаңыз. Шаңғымен жүргенде топ бірінің артынан бірі жүре отырып, аралап 5-6 метр болуы тиіс.

Топ басшысы тәжірибелі болуы тиіс.

Топ басшысының құтқару жейдесі, ұзынтаяғы болуы тиіс. Жай жүрісте мұз тез сына қоймайды (секірмесең, жүгірмесең).

Мұздың сынуына ондағы жарықшық, түсі бұзылуы, үстінде су пайда болуы әсер етеді. Мұндай жағдайлар байқалған жағдайда өзің келген ізбен тез артқа қайту керек.


Егер аяғыңыздың астындағы мұз жарылса:

Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.


Егер сіз көмек көрсететін болсаңыз:


  • Мұз жарылған жерге ішіңізбен еңбектеп, екі қолыңызды аяғыңызды етбеттеп жатып жетіңіз, болмаса тақта, не шаңғыға сүйеніңіз.

  • Зардап шегушіге жақындап, оған арқанның, трос, белбеу, шарф т.б.
    лақтыру керек.

  • мұз ойылған жерге дейін тақта, шаңғы, саты т.б.

  • Зардап шегуші сол заттарын біріне қолы жетісімен, жайлап еңбектеп өзіңе тарт.

  • Суға батушыға бір болмаса екі адам ғана болып көмектесе алады.

Мұз үстінде қалып қойғанда не істеу керек:

  • Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз. Жағдайды анықтап, қасыңыздағы адамдарды тыныштық сақтауға шақырыңыз! Мүмкіндік болса 1-2 адм суға секіріп жағаға жүзіп барып, көмек шақырсын. Мұз үстінде қалғандар аспанға оқ атып, от жағып, дауыстап адамдардың көңілін өздеріне аударуы қажет.

  • Құтқару құралдарын ағаштан, резина камераларынан, ұйықтайтын қапшық т.б. жсауға болады.

Үсік алу

Қатты үсікті санаулы минутта алу мүмкін, көбіне адамның беті, қолы, аяғы үседі.

Қалай жылыну керек

  • Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызда жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолғабңызды киіңіз.

  • Егер қолқап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз,
    қолды жұдырығыңызға түймеңіз.

  • Қолыңызды ішіңізге салып жылытыңыз.

  • Егер аяғыңызды үсік шалса,орныңыздан қимылдаңыз.

  • Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып,
    алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды.

  • Бетіңізді желден қатты матамен жасалған тұлша арқылы сақтауға болады.

Су тасқын, сел

Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.


Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізі керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.

Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:


  • Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)

  • Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)

  • Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)

Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына қызығушылық білдіріп жүруі керек.

Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары:

  • алғашқы толқынның әсерінен құлатқанда;

  • барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйрету;

  • қайықтың болуы (мүмкіндігінше екі қайық- біреуі кәдімгі, екіншісі-жел үрлеп толтырылған) ;

  • жергілікті елді-мекендердің топографиясымен танысу;

  • жақын маңда стихиялық жағдай болғанда хабарласу түрін білу.

Су тасқыны кезінде:

  • үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;

  • пештегі жанып жатқан отты өшіру;

  • үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;

  • бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;

  • мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.

Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.

Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.


Қар көшкіні - таулы аймақтарда болатын қардың, тастың көшкіні. Бұл құбылыс көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың еруінен болады. Қар мен мұз еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге дейін (кей жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 м/с. Көшкіннің астында қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.

Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден көп әртүрлі жағдайлар болған. Қар көшкіні жағдайлары шамамен 80%, мұз еруінен 15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.

Қазақстанның ең қауіпті таулы аймақтары болып Жоңғар, Талас, Іле Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.

Көшкін қаупі бар кезең - Қазақстанның таулы аймақтарында күн жылыған кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары).

Көшкіннің болу белгілері


  • Көшкін қаупі бар аймақтары жаңбырдың үздіксіз жауу;

  • Көшкін қаупі бар аймақтарында күннің жылуы;

  • Көлде деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоңғар жағында шұңқыр пайда болуы;

  • Жер сілкінісі.

Көшкіннің жақындау қаупі және белгілері

  • Көшкінге қауіпті арналарда судың тоқтап не болмаса күрт азайып кетуі;

  • Көшкінге қаупі арналардың жоғары жағында қатты дыбыстың пайда болуы;

  • Көшкін алып келген тастардың соққысынан болған қозғалыстар;

  • Көшкін соққысынан болған шаңды бұлттардың пайда болуы;

  • Судың лайлануынан пайда болған көшкін алдындағы себептер.

Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау.

  • таулы аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан тыңдаңыз;

  • Қатерлі аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада кетуге тырысыңыз;

  • Келе жатқан көшкін ағынына 50-60 м жақындамаңыз;
  • Тау шеттеріне және көшкін ағатын аймаққа тоқтамаңыз;


  • Қауіпті жерлерде адамдар арасындағы қашықтық 20-30 м болсын;

  • Қаупі бар аймақтарға тынығуға бармаңыз, көлдің жағысына лагер палаткасын тікпеңіз:

  • Көшкін болатынын сезген жағдайда, тауға шығып, неғұрлым алысырақ кетуге тырысыңыз;

  • Көшкін өткеннен кейін ол жерге түспеңіз, себебі ол жерде тағы да көшкін қаупі болуы ықтимал;

  • Қауіпті аймақтада қауіпсіздік шараларын сақтаңыз;

  • Теңіздің мұз жағында болу, қауіп төнген жағдайда дауыл тллқыны болмағанда ауа температурасының жағымсыз жағында болу;

  • Көлдің бөгет бойымен, жылжып жүрген үлкен мұздың немесе қар көшкіні үстімен жүрмеңіз;

ГАЗ ЖӘНЕ БIЗ ҮШIН ЕРЕЖЕЛЕР


ГАЗ ЖАБДЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Плитаны оталдырудың алдында 2-3минут уақытта ас бөлмеде ағымындағы өтпелі желдетуді жасау керек.

  2. Желдетуді аяқтаған соң газ жанудың зиянды өнімдерін кетіру үшін терезені ашық күйде қалдыру керек.

  3. Плитаның крандары жабылғанына әбден сенімді болғанда плитаның алдындағы кранды ашу керек(баллон жабдықтарында – баллонның вентилін немесе баллонның клапонында редуктордың жалаушасын)

  4. Сіріңкені жағып оттыққа апару керек, содан соң, кранның жалауша-ручканы басып айналымның төрттен бір бөлігіне айналдыру керек. Газ оттықтың барлық тесіктерінде жану керек: дұрыс жанған уықытта жалын байсалды және көгілдір түсте болу керек.

  5. Өшіру кері тәртіпте жүргізіледі: газ жабдықтың крандарын жауып (аяғына дейін жалауша-ручканы айналдырып) содан соң – плитаның алдындағы кранын(баллонның вентилін немесе редуктордың жалаушасын).

  6. Тандыр(духовка) шкафты жағудың алдында 2-3 минут бойы есігін жиі қозғап желдету керек.
  7. Оттықтарды қағаздан жасалған бұрамамен жандыру керек. Отты тандырдың оң жақтағы оттығына апарып тандыр шкафтың краннын ашу керек. Оң жақтағы оттық жанғаннан кейін отты дереу сол жақтағы оттыққа апару керек.


  8. Оттықтарды өшірген жағдайда оттықтың кранын және плитаның алдындағы кранды дереу жабу керек(баллонның вентилін), 5-10 минут бойы ас бөлмеде ағымындағы өтпелі желдетуді жасау керек.

  9. Бір мезгілде тандыр шкафты және жоғарыдағы оттықтарды пайдалануға болмайды.

  10. Газдың иісі пайда болған жағдайда:

  • газ құбырларындағы (баллонның вентилдері) және газ жабдықтардағы барлық крандарды жабу керек.

  • отты және жылытатын жабдықтарды пайдалануды тоқтату керек.

  • есік пен терезелерді ашып, ағымындағы өтпелі желдетуді жасау керек.

  • авариялық қызметті келесі телефондар арқылы шақырту:

104; 052; 26-63-33.

  1. Түнгі уақытқа және үйден кеткен жағдайда барлық крандарды жауып кетіңіздер.

Газ жабдықтарын жөндеу және реттеу мәселері бойынша келесі телефондар арқылы хабарласыңыздар: 104; 052; 25-63-33.


Үзілді-кесілді тыйым:

1.Газ жабдықтарына келу жолдарына бөгет жасауға.

2.Газ құбырларына жіпті байлап плиталардың үстінен кірлерді жайып кептіру.

3.Ас бөлмеде ұйықтау.

4.Ас бөлмені жылыту мақсатында оттықты пайдалану.

5.Жұмыс жасап тұрған плитаны қадағалаусыз қалтыру.

6.Газды пайдалануға балаларды және газды пайдалану ережелерін білмейтін тұлғаларды жіберу.

7.Газ жабдықтарын өз бетімен жөндеу немесе оларды қайта орналастыру

8.Бұзылған газ жабдығын пайдалану.

9.Газдың шығып кетуін анықтау мақсатында отты пайдалану(ол үшін сабынның көбігін пайдалану керек).

10.Газдың иісін сезген жағдайда электржабдықтарды жағу және өшіруге, ашық отты пайдалануға болмады.

Суда зиян шеккендерге алғашқы көмек

Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.


Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек:


  • белгі қойылған жерден аспаңдар!

  • рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар;

  • балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;

  • шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;

  • суда бұзықтық жасамаңдар;

  • өтірік дабыл көтермеңдер;

  • өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер;

  • таныс емес жерде шомылмаңдар.

Егер сіз қайықта болсаңыз:

  • техникалық жағдайы нашар, қараусыз қалған қайықтарды пайдаланбаңыз;

  • құтқарушы құралсыз суға түспеңіз;

  • техниклық құжатта көрсетілгеннен артық жүк пен
    азаматтарды алмаңыз!

  • мас күйде суда жүзбеңіз!

  • қайықтың мұрындығы мен шетіне
    отырмаңыз!

  • жүзу барысында бір орыннан екіншісіне, бір қайықтан басқа
    қайыққа ауыспаңыз;

  • қайықтан сүңгіуге секірмеңіз;

  • қараңғы уақытта жүзу құралдарын пайдаланбаңыз!

14 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің бақылауынсыз жүзу құралдарын пайдалануға тиым салынады.

Ыстық күн мен құмда «қыздырынып» болған соң салқын суға түсуге асықпаңыз.

Температураның тез ауытқуы қан тамырының қысқаруына, құлап қалуға әкеп соқтырады.

Егер бақытсыздық болған жағдайда есіңізде болсын! Зардап шеккен адамға тынысы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешікпей өмірге қайтаруға болады.

Зардап шегушінің басын бір жағына бұрып, аузын құмнан т.б. тазарту қажет, тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару қажет, осының барлығын 10 секунд ішінде істеу керек. Қан қысымының жиілігі мен тынысын анықтау қажет.

Білулеріңіз тиіс:


Сіңір тартылғанда не істеу керек:


  • саусақтарыңызды жұдырығыңызға тең жинап, сермеп, қайта жинаңыз.

  • аяғыңызды бауырыңызға жинап, сіңір тартылған аяғыңызды өзіңізге қарай қатты тартыңыз;

Егер сіңір тартылуы қоймасы, онда аталғандарды қайталау керек.

Егер сіз су иіріміне тап болсаңыз:

Суға басыңызды батырып, ауаны көп жұтып, ағысқа қарай қатты көтеріліп, су бетіне жүзіп шығыңыз.

Балаларды жүзуге үйретіңіз!



следующая страница >>