https://electroinfo.net

girniy.ru 1

«Ұлттық талдамалық орталық» АҚ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ұлттық Талдамалық орталық («ҰТО» АҚ) – бұл Қазақстанның косалтинг қызметтері нарығында пайда болған жаңа тұлға. Орталық 2007 жылдың соңында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банкінің бастамасы бойынша құрылып, олар Орталықтың акционерлеріне айналды (Үкіметтің 2007 жылғы 03 қыркүйектегі №762 қаулысы).

Үкіметтің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 1358 қаулысымен «ҰТО» АҚ мемлекеттік акциялар пакеті «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілді.

Орталық мемлекеттік басқару саласында кең ауқымды зерттеу жобаларын жүргізу жолымен, сондай-ақ Премьер-министр Кеңсесінің және басқа да мемлекеттік органдардың жедел сұрау салуы бойынша ақпарат беру нысанында консалтингтік қызметтерді көрсетеді. «ҰТО» АҚ-ның білім мен халықаралық тәжірибенің, сондай-ақ макроэкономикалық талдау мен болжау, экономиканың қаржы және нақты секторларын дамыту, сондай-ақ адами капиталдың дамуы саласындағы объективті ақпараттың негізінде дайын кешенді шешімдерді ұсыну бойынша мол мүмкіндіктері бар.

Компанияның миссиясы: Мемлекеттік органдардың және «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының қызметін талдау жолымен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету.

Компанияның пайымдауы: «ҰТО» АҚ – мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларға арналған жоғары сапалы консалтингтік қызметтер көрсететін сенімді әрі объективті ұлттық провайдер.

Біз өзімізді мемлекеттік және квазимемлекеттік басқару жүйесінде сапалы өзгерістер жасау үшін базаны құрайтын жаңа ұтымды идеялардың генераторы ретінде көрсете аламыз. 
Тұтас алғанда, ҰТО ұстанымының жалпы моделі былайша көрінеді.



Мемлекет үшін

Мемлекеттік саясатты әзірлеуді және реформаларды ілгерілетуді талдамалық қолдауға арналған ресурс


Бизнеспен және халықаралық ұйымдармен өзара байланыс арнасы

Қоғам үшін

Үкіметтік емес ұйымдарды және бизнес-қоғамдастықты мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне тарту арнасы

Коммерциялық негіздегі консалтингітік қызметтер көрсетудің провайдері

Халықаралық ұйымдар үшін

Мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимыл жасасатын, сондай-ақ көрсетілетін техникалық көмектің нәтижелілігін арттыратын әріптес

«ҰТО» АҚ-ның стратегиялық мақсаттары:

Жобалардың жоғары сапасын қамтамасыз ету

Компанияны жоғары дәрежеде танымал ету

Компанияның операциялық тиімділігін қамтамасыз ету

«ҰТО» АҚ қызмет еткен жылдардың ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінін, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің,

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің, сондай-ақ Ақмола облысы Әкімдігінің тапсырыстарын табысты орындады.

Жұмыс нәтижесінде Орталық клиенттер тарапынан оң пікірлер алды, сондай-ақ олар зерттеу жобалары бойынша ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға қызығушылық білдірді.