girniy.ru 1 2 ... 9 10

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің      
2012 жылғы 31 тамыздағы 
№ 1119 қаулысымен    
бекітілген     

«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың
салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі
Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне
кәмелетке
толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар
беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда мекенжайлары көрсетілген Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлы қолтаңба (бұдан әрі – ЭСҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

      Шалғайдағы елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді Жылжымалы Орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 66128-баптары, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы заңының 13-бабының 3-тармағына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 29-бабы, «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет стандарты:
      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында (www.bala-kkk.kz, «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімі);
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында (www.con.gov.kz);
      3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың орынжайларында орналасқан стенділерде;
      4) порталда орналасады.
      Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін;
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны:

      1) Орталықта – осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету, осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаға тиесілі мүлікпен әрекетті жүзеге асыру үшін қағаз тасымалдағышта анықтамалар (бұдан әрі – анықтама) беру;

      2) порталда – уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭСҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтаманы беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) Орталыққа жүгінген кезде:
      мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
      қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      жүгінген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты алған кезде кезек күтудің рұқсат берiлген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;
      2) портал арқылы жүгінген кезде:
      мемлекеттік қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бес жұмыс күнін құрайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет:
      1) Орталыққа жүгінген кезде – демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына алты күн, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      Жылжымалы Орталықтар құжаттар қабылдауды Орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем болмайды;
      2) веб-портал арқылы өтініш білдірген кезде – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет:

      1) мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтардың ғимараттарында көрсетіледі. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыру орындары қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады). Ғимараттар дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар кiреберiспен жабдықталған;

      2) порталда – «жеке кабинетте».

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
      1) Орталыққа жүгінген кезде:
      осы стандартқа 67 және 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік қызметті алушының (кәмелетке толмаған балалардың екі ата-анасының (ерлі-зайыптылардың) немесе оларды алмастыратын адамдардың (қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешілер) (бұдан әрі – заңды өкілдері) өтініші;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      банк салымының бар екенін растайтын құжат;

      көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін дәлелдеме-анықтама), егер анықтама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне қажет болған жағдайда;

      заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлік (нотариустан);
      мынадай:
      мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдердің) жеке басын растайтын құжаттың;
      баланың туу туралы куәлігінің (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
      некеге тұру туралы куәлігінің (некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда);
      некені бұзу туралы куәлігінің (неке 2008 жылға дейін бұзылған жағдайда);
      № 4 нысандағы анықтаманың (бала 2008 жылға дейін некеден тыс туылса) деректері.
      Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады;
      2) порталда:
      мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
      қайтыс болуы туралы куәлік – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      банк салымының бар екенін растайтын құжат – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін дәлелдеме-анықтама) –егер анықтама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне қажет болған жағдайда - сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      заң бойынша мұраға құқығы туралы куәлік (нотариустан) – сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      мынадай:

      мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдердің) жеке басын растайтын құжаттардың деректері;

      баланың туу туралы мәліметтері (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      некеге тұру туралы мәліметтер (некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
      некенің бұзылуы туралы мәліметтер (неке 2008 жылға дейін бұзылған жағдайда) не куәлік сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
      Мемлекеттік электрондық ақпарат ресурстары болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш бланкілері Орталықтарда күту залындағы арнайы бағандарда не Орталық консультантында болады, сондай-ақ «Орталық» РМК www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық сұраныс нысанын толтыру қажет.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттарды тапсыру:
      1) Орталыққа жүгінген кезде – Орталықта құжаттарды қабылдау перациялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады;
      2) порталда – электрондық құжатты қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      14. Орталықта барлық құжаттарды қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
      1) Орталыққа өтініш білдірген кезде – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      сұраныстың нөмірі мен қабылданған күн;
      сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері;

      2) портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» немесе электрондық поштаға мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұраныстың қабылданғаны туралы ескертпе-хабарлама мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып жіберіледі.

      15. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді;
      1) Орталыққа жүгінген кезде – Орталық қызметкері «терезелер» арқылы қолхатта көрсетілген мерзімде күн сайын жүзеге асырады.
      Анықтама берілген күнінен бастап 1 (бір) ай жарамды.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттар алуға мерзімінде бармаған жағдайда Орталық олардың бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, кейін оларды уәкілетті органға тапсырады;
      2) порталдағы «жеке кабинетте» – сұранысты өзі жіберген кезде.
      16. Орталық мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде Орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
      Уәкілетті орган Орталықтан түсетін құжаттарды ресімдеуде кеткен қателерді анықтаған кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды жазбаша негіздемесімен бірге Орталыққа қайтарады.
      Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық бұл туралы мемлекеттік қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде ақпараттандырады және уәкілетті органның қайтару себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.
      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушы порталдағы «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрінде алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті орган мамандары мен Орталық қызметкерінің мемлекеттік қызметті алушыға қатысты іс-қимылы мына қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік міндетін атқару кезінде заңдылықты сақтау;

      3) мемлекеттік қызметті алушылармен жұмыс кезінде сыпайылық таныту;

      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) өтініштерді қарау кезінде лауазымды тұлғалар қызметінің ашық болуы;
      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау және құпияда ұстау.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Уәкілетті органның қызметі бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және шағым дайындауға көмек көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшадакөрсетілген Орталық басшылығына жүгінеді.
      Сондай-ақ, Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты «Электронды үкіметтің» сall-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет көрсететін жердегі уәкілетті орган басшысының атына немесе әкімдікке демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

      Уәкілетті органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі.

      22. Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайларда шағым Орталық басшысының атына немесе Орталық қарамағындағы «ХҚКО» РМК-ге беріледі. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «ХҚКО» РМК мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 «а» үй, телефоны: 8(7172)94-99-95, интернет-ресурсы: www.e.gov.kz.
      Порталда – сall-орталығының (1414) телефоны бойынша.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Шағымда мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қоюы тиіс. Шағым беру кезінде субъектінің атауы немесе лауазымы, іс-қимылына шағым түсірілетін лауазымды тұлғаның аты-жөні, шағымдану себептері мен талаптары көрсетіледі.
      Қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
      25. Мемлекеттік қызметті алушыға шағымның қабылдану күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетiлген талон беріледі.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Мемлекеттік қызметті алушы порталынан электрондық өтініш жіберілгеннен кейін «жеке кабинеттен» өтініштің мемлекеттік органда пысықталу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралуы немесе қаралудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.


«Зейнетақы қорларына, банктерге     
кәмелетке толмағандардың салымдарына 
иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрлігі Жол полициясы  
комитетінің аумақтық бөлімшелеріне   
кәмелетке толмаған балаларға мұраны  

ресімдеу үшін анықтамалар беру»    

мемлекеттік қызмет стандартына     
1-қосымша                 

Жергілікті атқарушы органдардың білім бөлімдерінің тізімі


Р/с№

Бөлімдердің атауы

Орналасқан мекенжайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Ақмола облысы

1


«Ақкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов к-сі, 81

8(716 38) 228-47

2

«Аршалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аршалы ауылы, Тәшенов к-сі, 47

8(716 44) 225-14

3

«Астрахан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Астрахан ауылы, Әл-Фараби к-сі, 50

8(716 41) 236-84


4

«Атбасар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атбасар қаласы, Уәлиханов к-сі, 11

8(716 43) 242-72

5

«Бұланды ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Макинск қаласы, Некрасов к-сі, 19

8(716 46) 213-87

6

«Егіндікөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Егіндікөл ауылы, Жеңіс к-сі, нөмірі жоқ

8(716 42) 213-51

7

«Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степняк қаласы, Ленин к-сі, 68

8(71639) 216-20

8

«Ерейментау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ерейментау қаласы,

Әл-Фараби к-сі, 10

8(716 33) 216-64

9

«Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есіл қаласы, Дружба к-сі, 1

8(716 47)214-86, 215-69

10

«Жақсы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жақсы ауылы, Дружба к-сі, 3

8(716 35)217-04

11

«Жарқайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Державинск қаласы, Ленин к-сі, 30

8(716 48 929-43

12

«Зеренді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Зеренді ауылы, Ленин к-сі, 43

8(716 32) 226-02

13


«Қорғалжын ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев к-сі, 14

8(716 37) 221-98

14

«Сандықтау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балкашино ауылы, Ленин к-сі, 120

8(716 40) 917-01

15

«Целиноград ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақмола ауылы, Гагарин к-сі, 15

8(716 51)312-06, 311-33

16

«Шортанды ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шортанды ауылы, Абылайхан к-сі, 2

8(716 31)215-04, 211-44

17

«Щучье ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Щучье қаласы, Абылайхан к-сі, 3

8(716 36)458-88

18

«Степногор қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степногор қаласы, 4-шағын ауданы, 1

8(716 45) 619-09

19

«Көкшетау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы, Құдайбердиев к-сі, 57


8 (7162) 401-364

Ақтөбе облысы



«Алға ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алға қаласы, 4-шағын ауданы, 7 «а»

8(713 37)318-76, 333-46, 541-95



«Әйтеке би ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Комсомол ауылы, Жүргенов к-сі, 52

8(713 39) 215-35, 216-80



«Байғанин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Байғанин ауылы, Қонаев к-сі, 36

8(713 45) 225-56, 228-50



«Ырғыз ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ырғыз ауылы, Әбілхайыр хан д-лы, 52

8(713 43)213-77, 215-63



«Қарғалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бадамша ауылы, Цыбульчик к-сі, 2

8(713 42)215-33, 230-02



«Қобда ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қобда ауылы, Достық к-сі, 53

8(713 41)215-33, 214-39



«Мәртөк ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мәртөк ауылы, Сейфуллин к-сі, 36

8(713 31)216-33, 215-49



«Мұғалжар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қандыағаш ауылы, Гагарин к-сі, 6

8(713 33)362-01, 367-22



«Темір ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шұбарқұдық ауылы, Кереев к-сі, 4

8(713 46)227-48, 227-84



«Ойыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ойыл ауылы, Жолмырзаев к-сі, 3

8(713 32)217-44, 217-32



«Хромтау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Хромтау қаласы, Спортивный тасжолы, 2

8(713 36)216-51, 216-52



«Шалқар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шалқар қаласы, Көтібарұлы к-сі, 84

8(713 35)213-36, 231-93



«Ақтөбе қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин к-сі, 2


8(7132) 211605, 211580

Алматы облысы



«Алакөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үшарал қаласы, Қонаев к-сі, 50

8(728 33)210-33, 225-64



«Ақсу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жансүгір кенті, Желтоқсан к-сі, 5

8(728 32)215-80, 222-90



«Балқаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бақанас ауылы, Қонаев к-сі, 72

8(728 73)913-70, 918-53



«Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есік қаласы, Алматы к-сі, 312

8(728 75)453-57, 415-50



«Ескелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарабұлақ ауылы, Оразбеков к-сі, 31

8(728 36)312-00, 307-74



«Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұзын ағаш ауылы, Мәжитов к-сі, 4

8(728 70)228-51, 233-48



«Іле ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өтеген батыр кенті, Титов к-сі, 33

8(728)52-235-05, 236-94



«Қаратал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үштөбе қаласы, Молдағұлова к-сі, 67

8(728 34)215-36, 213-82



«Қарасай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаскелең қаласы, Қабанбай батыр к-сі, н/ж

8(728 71)210-80, 220-37



«Кербұлақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыөзек кенті, Тимирязев к-сі, 1

8(728 40)320-68, 314-34



«Көксу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балпық би кенті, Мырзабеков к-сі, 38

8(728 38)217-61, 202-95



«Панфилов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаркент қаласы, Розыбакиев к-сі, 22

8(728 31)507-69, 517-75



«Райымбек ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кеген ауылы, Момышұлы к-сі, 19


8(728 77)212-52, 214-50



«Сарқант ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарқант қаласы, Тынышбаев к-сі, 8

8(728 39)227-39, 213-04



«Талғар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талғар қаласы, Қонаев к-сі, 65

8(728 74)214-00, 236-89



«Ұйғыр ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шонжы ауылы, Ысмайылов к-сі, 70

8(728 78)228-25, 217-04



«Қапшағай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қапшағай қаласы, Жамбыл к-сі, 13

8(728 72)422-65, 411-76



«Текелі қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Текелі қаласы, Абылайхан к-сі, 34

8(728 72)425-24, 447-70



«Талдықорған қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы, Абай к-сі, 256

8(728 22)710-00, 707-08

Атырау облысы




«Атырау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы, Азаттылық д-лы, 65 «а»

8(712 23)548-47, 328209



следующая страница >>