https://electroinfo.net

girniy.ru 1


2014 жылы көктемгі егіс егу және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу тәртібі
Субсидиялар Орал қаласының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне көктемгі егіс егу және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналады.

Бюджеттік субсидия ауыл шаруашылығының басым дақылдарына 1 гектарға арналған егіс науқанының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №221 қаулысымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасы» негізінде жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің бюджеттік субсидия алуға арналған тізімін айқындау үшін 2012 жылғы 23 сәуірдегі №20 қала әкімінің шешімімен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрылды және қала әкімінің 2014 жылғы 13 наурыздағы №6 шешімімен Орал қаласы әкімінің 2012 жылғы 23 ақпандағы №20 шешіміне өзгерістер енгізілді. Орал қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі ВАК-ның жұмыс органы болып табылады.

Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі қаланың ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінен субсидия алуға қажетті құжаттар мен өтінімдерді газет бетіне жарияланған күннен бастап 2013 жылдың 25 сәуірге дейін (күн сайын сенбі, жексенбі күндерінен басқа, сағат 900-ден 1830-ға дейін, түскі үзіліс 1300-ден 1430-ға дейін қабылдауды жүргізеді.

Қосымша мәліметті, Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінен мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы 182/1-үй, 0 қабат, №4 бөлме, тел.500977 [email protected] аласыз.

Орал қаласының ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімінің басшысы М.Доукариев