girniy.ru 1

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 28.01.2011 09:08:32


Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы

1998 жылғы 23 сәуiрдегi № 219-1 Қазақстан Республикасының Заңы

(2011.10.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтіндегі «өкiлеттi», «өкiлеттiгiне», «Өкiлеттi», деген сөздер тиісінше «уәкiлеттi», «уәкілетігіне», «Уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  1-бап жаңа редакцияда  (бұр. ред .қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

араласу деңгейі - жол берілмейтін мөлшердің шамасы, оған жеткен кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы туындаған реттерде қорғау немесе авариядан кейінгі шаралар қолданылады;

әсерлі мөлшер - адам организмі мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезімталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерінің шамасы ретінде пайдаланылатын иондаушы сәулелендірудің сіңірілген энергиясының шамасы;


бақыланатын аймақ - радиациялық бақылау, адамдарды жіберу және олардың тұруы жөнінде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ;

иондаушы сәулелендіру - ортамен өзара әрекет кезінде түрлі белгілердегі иондар түзетін, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендіру;

қызметшілер - тікелей иондаушы сәулелендіру көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін жеке тұлғалар;

радиациялық авария - атом энергиясын қолдану объектісін қауіпсіз пайдалану шегінің бұзылып, бұл орайда адамдардың немесе қоршаған ортаның белгіленген нормалардан жоғары радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан радиоактивті өнімдердің және (немесе) иондаушы сәулелендірудің қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуі;

радиациялық қауiпсiздiк – белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi шектелетiн, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жай-күйі;

радиациялық қорғаныш - радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау-конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы;

радиациялық мониторинг - иондаушы сәулелендіру көздерін пайдаланатын объектілерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйін жүйелі түрде байқап отыру;

табиғи радиациялық ая - ғарыш сәулесі және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерінде, тамақ өнімдері мен адам организмінде өздігінен бөлінген табиғи радионуклидтердің сәулесі шығаратын сәулелендіру мөлшері;

техногендік өзгертілген радиациялық орта - адам қызметінің нәтижесінде өзгерген табиғи радиациялық орта;


техногендік радиациялық фон - сол жердің табиғи радиациялық фонын сипаттайтын осындай көрсеткіштердің деңгейлерін шегеріп тастағандағы радиациялық жағдайды сипаттайтын көрсеткіштер деңгейі.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдары

Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

 

3-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

нормалау принципi - иондаушы сәулелендiрудiң барлық көздерiнен азаматтардың сәуле алуының жеке мөлшерiнiң жол берiлетiн шегiнен асырмау;

негiздеу принципi - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалану жөнiндегi қызметтiң барлық түрiне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшiн табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу келтiретiн ықтимал зиян қатерiнен аспайды;

оңтайлыландыру принципi - иондаушы сәулелендiрудiң кез келген көзiн пайдалану кезiнде сәуле алудың жеке мөлшерi мен сәуле алатын адамдар санының экономикалық және әлеуметтiк факторларын ескере отырып, мүмкiндiгiнше төмен және қол жетерлiк деңгейде ұстау;

авариялық оңтайлыландыру принципi - төтенше (авариялық) жағдайларда қолданылатын шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы адам денсаулығына зиянды азайтудың нақты пайдасы араласуды жүзеге асырудан болатын залалға байланысты залалдан барынша көп болатындай етiп оңтайлыландырылуға тиiс.

 

4-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету


Радиациялық қауiпсiздiк:

құқықтық, ұйымдық, инженерлiк - техникалық, санитарлық-гигиеналық, профилактикалық, тәрбиелiк, жалпы бiлiм беру мен ақпараттық сипаттағы шаралар кешенiн жүргiзу;

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, жеке және заңды тұлғалардың радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау жөнiндегi шараларды iске асыруы;

республиканың бүкiл аумағында радиациялық мониторингтi жүзеге асыру;

иондаушы сәулелендiру көздерiнен халықтың сәуле алуын шектеудiң мемлекеттiк бағдарламаларын жүзеге асыру;

иондаушы сәулелендiру көздерiмен нақты қызметтi жүзеге асырудың барлық деңгейiнде радиациялық қауiпсiздiктi сапалық жағынан қамтамасыз ету бағдарламаларын iске асыру арқылы қамтамасыз етiледi.

 

2-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ, ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ

 

5-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк органдар

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды, олардың арасындағы:

иондаушы сәулелендiру әсерiнен халықтың денсаулығын қорғау;

радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiне лицензия беру;

қоршаған орта объектiлерiнiң радиоактивтiк ластануының алдын алу және иондаушы сәулелендiрудiң табиғи көздерiн бақылау жөнiндегi өзара iс-қимыл тәртiбi мен мiндеттердiң ара-жiгiн белгiлейдi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-1- тармақпен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және себептiк байланысын анықтау тәртiбiн белгiлейді.


2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  1-2- тармақпен толықтырылды   (бұр. ред .қара)

1-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекет уәкiлдiк берген Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады, бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi, басқа уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың жұмысын үйлестiредi, сондай-ақ:

атом энергиясын пайдалану жөнiндегi қызмет түрлерiне лицензия берудi жүзеге асырады;

радиациялық қауiпсiздiкке, ядролық материалдар мен иондаушы сәулелендiру көздерiн физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен ережелердi әзiрлейдi және келiсiп отырады;

радиациялық қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

атом энергиясын пайдаланатын объектiлерде жұмыс iстейтiн қызметшiлерге бiлiктiк талаптарын белгiлейдi;

радиациялық қорғау жөнiндегi ұлттық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi.

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)


6-бап. Мемлекеттiк органдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiгi

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның уәкілетігіне мыналар жатады:

1) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  2- тармақша  өзгертілді   (бұр. ред .қара)

2) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен ережелердi әзiрлеу , олардың сақталуын бақылау;

3) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;

4) иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу саласындағы лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн белгiлеу;

5) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, соның iшiнде халықтың сәуле алу дозаларын бақылау мен есепке алу саласындағы мемлекеттiк басқарудың бiрыңғай жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

6) ядролық материалдардың және басқа да иондаушы сәулелендiру көздерiнiң экспортын, импортын, орын ауыстыруын, транзитін және орналастырылуын жүзеге асыруды бақылау;

7) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелердi орындауды жүзеге асыру.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  8) тармақшамен  толықтырылды   (бұр. ред .қара)

8) радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның уәкілетігіне мыналар жатады:


1) иондаушы сәулелендiру көздерiнен зардап шеккен халықты медициналық сауықтыру саласындағы бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;

2) радиациялық авариялар салдарынан радиоактивтi ластануға ұшыраған аумақтарда тiршiлiк ету жағдайлары мен оларда тұрудың ерекше режимдерiн регламенттеу;

3) сәулеленуге ұшыраған халыққа көмек көрсетiлуiн бақылау.

 

7-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау

1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормалау радиациялық қауiпсiздiк нормаларын, санитарлық ережелердi, гигиеналық нормативтердi, құрылыс нормалары мен ережелерiн, еңбек қорғау ережелерiн, радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi әдiстемелiк, нұсқаулық және өзге де құжаттарды белгiлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл актiлер радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық стандарттарды ескеруге тиiс және осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуге тиiс.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  2- тармақ жаңа редакцияда   (бұр. ред .қара)

2. Радиациялық қауіпсіздік саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, техникалық регламенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  3- тармақ жаңа редакцияда   (бұр. ред .қара)

3. Радиациялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өкімдік, нұсқаулық, әдістемелік және өзге де құжаттарды уәкілетті мемлекеттік органдар және пайдаланушы ұйымдар өз құзыреттері шегінде радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттер негізінде бекітеді және қабылдайды.


 

8-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге өндiрiстiк бақылау

1. Иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар радиациялық қорғау сапасының қамтамасыз етiлуiне өндiрiстiк бақылау жасайды.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өндiрiстiк бақылауды орындау тәртiбi әрбiр ұйым үшiн ол орындайтын жұмыстардың ерекшелiктерi мен жағдайлары ескерiле отырып белгiленедi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiледi және оны атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  3- тармақ жаңа редакцияда   (бұр. ред .қара)

3. Радиациялық қорғаудың қамтамасыз етілуіне өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары тиісті ұйымдарда радиациялық қауіпсіздік талаптарын, нормаларды, ережелер мен гигиеналық нормативтерді, радиациялық қауіпсіздік ережелерін, құрылыс нормалары мен ережелерін, еңбек қорғау ережелерін, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өкімдік, нұсқаулық, әдістемелік және өзге де құжаттарды бұзу анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.

 

3-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ

ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)


9-бап. Радиациялық қауiпсiздiктiң жай-күйiн бағалауға қойылатын талаптар

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  1- тармақ  өзгертілді   (бұр. ред .қара)

1. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында жоспарлау және шешiмдер қабылдау, мемлекеттiк органдардың, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын ұйымдардың аталған шешiмдердiң тиiмдiлігіне талдау жасауы кезiнде радиациялық қауiпсiздiк саласында белгiленген  радиациялық қауіпсіздік талаптарын, ережелер мен гигиеналық нормативтердi сақтау мақсатында радиациялық қауiпсiздiктi бағалау жүргiзiледi.

2. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган мыналардың негiзiнде:

1) қоршаған ортаның радиоактивтi ластану сипаттамасы;

2) радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi iс-шаралардың қамтамасыз етiлуiне және радиациялық қауiпсiздiк саласындағы нормалардың, ережелер мен гигиеналық нормативтердiң орындалуына талдау жасау;

3) радиациялық авариялардың ықтималдылығы мен олардың ауқымы;

4) радиациялық авариялар мен олардың салдарларын «тиiмдi түрде жоюға әзiрлiк дәрежесi;

5) халықтың жекелеген топтарының барлық иондаушы сәулелендiру көздерiнен алатын сәулелену дозаларына талдау жасау;

6) сәулелену мөлшерiнiң белгiленген шегiнен асып түсетiн мөлшерде сәуле алған адамдарды саны негiзiнде жүзеге асырады.

3. Радиациялық қауiпсiздiктi бағалау нәтижелерiн атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган талдайды және бекiтедi.


 

10-бап. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеген кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын ұйымдар:

осы Заңның және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын орындауға;

радиациялық қауiпсiздiктi және иондаушы сәулелендiру көздерiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жоспарлап, жүзеге асыруға;

иондаушы сәулелендiру көздерi болып табылатын жаңа (жаңғыртылатын) өнiмнiң, материалдар мен заттардың, технологиялық процестер мен өндiрiстердiң радиациялық қауiпсiздiгiн негiздеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзуге;

жұмыс орындарындағы, үй-жайлардағы, ұйымдардың аумақтарындағы, бақыланатын аймақтардағы радиациялық жағдайға, сондай-ақ радиоактивтi заттардың сыртқы шығуы мен тасталуына үнемi өндiрiстiк бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға;

қызметшiлердiң жеке сәуле алу мөлшерiне үнемi бақылау жасап, оларды есепке алуға;

өндiрiстiк радиациялық бақылау қызметтерiнiң лауазымды адамдары мен қызметшiлерiн, мамандарын, иондаушы сәулелендiру көздерiмен тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн басқа да адамдарды даярлауға және оларды аттестациядан өткiзуге;

қызметшiлердi алдын ала (жұмысқа тұрған кезде) және мезгiл-мезгiл медициналық тексеруден өткiзiп тұруды ұйымдастыруға;

қызметшiлердiң жұмыс орындарындағы иондаушы сәулелену деңгейлерi туралы және олардың алған жеке сәуле мөлшерiнiң шамасы туралы оларға үнемi хабарлап отыруға;

радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды авариялық жағдайлар туралы, радиациялық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн технологиялық регламенттiң бұзылуы туралы дер кезiнде хабарлап отыруға;

радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар уәкiлдiк берген лауазымды адамдардың қорытындыларын, қаулыларын, нұсқамаларын орындауға;


азаматтардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.

 

11-бап. Табиғи радионуклидтердiң әсер етуi кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

1. Радонның және басқа да табиғи радионуклидтердiң болуына байланысты халық пен қызметшiлердiң сәуле алуы тұрғын үйлер мен өндiрiстiк үй-жайларда белгiленген нормативтерден аспауға тиiс.

2. Халық пен қызметшiлердi табиғи радионуклидтердiң ықпалынан қорғау мақсатында:

үйлер мен ғимараттар құрылысы үшiн топырақтан радонның бөлiнуi деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып, жер учаскелерiн таңдау;

үйлер мен ғимараттарды осы үй-жайлардың ауасына радон түсуiне жол бермеудi ескере отырып жобалау және салу;

үй-жайлардың ауасындағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып, құрылыс материалдарына өндiрiстiк бақылау жүргiзу, үйлер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу;

үйлер мен ғимараттарды олардағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны ескере отырып пайдалану жүзеге асырылуға тиiс.

3. Үйлер мен ғимараттардағы радонның болу деңгейiн және радиациялық аяны кемiту арқылы нормативтердi орындау мүмкiн болмаған жағдайда олардың пайдаланылу сипаты өзгертiлуге тиiс.

4. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарға сай келмейтiн құрылыс материалдары мен бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  5- тармақпен толықтырылды    

5. Халықтың табиғи сәулелену көздерінен сәуле алу дозалары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган олар үшін белгілеген нормалардан аспауға тиіс.

 

12-бап. Тағам өнiмдерiн өндiрген кезде және ауыз суды пайдаланған кезде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету


Өндiрiстiк шикiзат, тағам өнiмдерi, ауыз су және дайындау, сақтау, тасымалдау мен сату процесiнде олармен жанасатын материалдар мен бұйымдар радиациялық қауiпсiздiк нормалары талаптарына сай келуге тиiс.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  13- бап  жаңа редакцияда   (бұр. ред .қара)

13-бап. Медициналық процедуралар жүргізу кезінде азаматтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1. Радиоизотоптарды немесе басқа да иондаушы сәулелену көздерін пайдалану арқылы медициналық процедуралар жүргізілген кезде азаматтарды (пациенттерді) қорғаудың тиісті құралдары пайдаланылады. Пациенттің сәуле алу дозасы радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген деңгейден аспауға тиіс.

2. Медициналық процедуралар жүргізілген кезде пациентке алынатын және (немесе) алған сәуле дозалары туралы және оның әсерінің ықтимал зардаптары туралы толық ақпарат беріледі. Азаматтың (пациенттің), эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті ауруларды анықтау мақсатында жүргізілетін профилактикалық зерттеулерді қоспағанда, осындай медициналық процедуралардан бас тартуға құқығы бар.

3. Иондаушы сәулелену көздерін пайдалану арқылы процедуралар жүргізетін медициналық ұйым, егер осындай себептік байланыс сот тәртібімен дәлелденсе, пациент денсаулығына немесе өміріне келтірілетін ықтимал теріс әсер үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

4. Радиоизотоптар немесе басқа да иондаушы сәулелену көздері пайдаланылатын барлық медициналық процедуралар үшін медициналық ұйым осындай процедураларды жүргізген кезде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында медициналық қызметтер сапасын қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеп, оны атом энергиясын пайдалану жөніндегі уәкілетті органда бекітеді.


5. Иондаушы сәулелену көздері пайдаланылатын медициналық қызметке қойылатын біліктілік талаптарында жұмысқа жіберілген мамандардың біліктілігіне, оларды аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібіне қойылатын талаптар, даярлау және қайта даярлау бағдарламасы белгіленеді.

6. Ауруларға диагноз қою, олардың алдын алу және емдеу үшін радиоактивтік заттарды және басқа иондаушы сәулелену көздерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, пациенттердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтитын әдістерге (әдістемелерге) сәйкес қана пайдалануға рұқсат етіледі.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  14- бап  өзгертілді   (бұр. ред .қара)

14-бап. Сәуле алудың жеке мөлшерiн есепке алу және бақылау

Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерiн бақылау мен есепке алу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен сәуле алудың жеке мөлшерiн бақылау мен есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.

 

4-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ АВАРИЯ КЕЗIНДЕ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТІ

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

15-бап. Уәкілетті мемлекеттiк органдардың радиациялық авария кезiндегi қызметi

Радиациялық авария кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар осы Заңды басшылыққа алады және өз қызметiн Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлар туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады.


 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ;  2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  (бұр. ред .қара) 16- бап  өзгертілді  

16-бап. Авариялық даярлықты қамтамасыз ету

Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда:

ықтимал радиациялық авариялардың, олардың салдарының болжамы және радиациялық жағдайдың болжамы жасалып, уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген тiзбесi;

радиациялық авария болған кезде жедел шешiмдер қабылдау өлшемдерi және уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлiп араласу деңгейi;

облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiлген, қызметшiлер мен халықты радиациялық авариядан және оның зардаптарынан қорғау жөнiндегi шаралар жоспары;

радиациялық аварияны хабарлауға және оның зардаптарын жоюды қамтамасыз етуге арналған құралдар;

радиациялық зақымданудың алдын алуға арналған медициналық құралдар және радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету құралдары;

қызметшiлер арасынан құрылатын авариялық-құтқару құрамалары болуға мiндеттi.

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)


17-бап. Иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың радиациялық авария кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi

Радиациялық авария жағдайында иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйым:

радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына және сәуле алуы жоғары болуы мүмкiн аумақтар халқына радиациялық авария туралы дереу хабарлауға;

мемлекеттiк уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, қызметшiлер мен халықты радиациялық авариялар мен оның зардаптарынан қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;

радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөнiнде шаралар қолдануға;

радиоактивтi ластау ошағын оқшаулау және радиоактивтi заттардың қоршаған ортаға таралуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолдануға;

радиациялық авария кезiнде радиациялық аварияның өршуiне және радиациялық жағдайдың өзгеруiне талдау жасап, болжам әзiрлеуге;

радиоактивтi авария жойылғаннан кейiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар аумағында радиациялық жағдайды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдануға;

қызметшiлер мен халықтың жеке сәуле алу мөлшерiн бағалау жөнiнде және бұл деректердi денсаулық сақтау органдары мен басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға беру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

 

18-бап. Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi


1. Радиациялық аварияның зардаптарын жоюға, құтқару және шұғыл жұмыстар мен дезактивизацияға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерi тек адамдарды құтқару қажеттiгiне және олардың одан да көп сәуле алуына жол бермеуге ғана байланысты болуы мүмкiн.

2. Радиациялық авариялардың зардаптарын жоюға тартылатын азаматтардың жоспарланатын сәуле алуының жоғары мөлшерiне олардың ерiктi келiсiмiмен және сәуле алудың мүмкiн мөлшерi мен денсаулық үшiн қатерi туралы алдын ала хабарлай отырып, олардың өмiр кезеңi iшiнде бiр рет жол берiледi.

3. Өтемнiң түрлерi мен мөлшерi және аталған жұмыстарды орындауға тартылатын адамдардың денсаулығына радиациялық әсер келтiрген зиянның орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

 

5-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ

РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIКТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ

ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

 

19-бап. Азаматтардың радиациялық қауiпсiздiкке құқығы

Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың радиациялық қауiпсiздiкке құқығы бар. Бұл құқық иондаушы сәулелендiрудiң адам организмiне белгiленген нормалардан жоғарғы радиациялық әсер етуiне жол бермеу жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу, сондай-ақ иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын азаматтардың және ұйымдардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды орындауы арқылы қамтамасыз етiледi.

 

20-бап. Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ақпарат алуға құқығы

Азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың атом энергиясын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңдарына сәйкес радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында ақпарат алуға құқығы бар.


 

21-бап. Азаматтардың иондаушы сәулелендiруден сәуле алу кезiнде немесе радиациялық авария салдарынан өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның, мүлiктiк залалдың орны толтырылуына құқығы

1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың иондаушы сәулелендiрудiң белгiленген шегiнен тыс немесе радиациялық авария салдарынан сәуле алуға байланысты өз өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның орны толтырылуына және мүлiктiк залалдардың орны толтырылуына құқығы бар.

2.2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  алып тасталды   (бұр. ред .қара)

3. Радиациялық әсерден зардап шегушiлерге:

радиациялық аварияны жою кезiнде белгiленген мөлшерден артық сәуле алған адамдар;

ионданушы сәулелендiру көздерiнен қызметшiлер үшiн радиациялық қауiпсiздiк нормаларында белгiленген шектен артық сәуленiң әсерлi мөлшерiн алған және осы сәуле алумен тiкелей байланысты ауруы бар адамдар;

егер ата-анасының бiреуi радиациялық әсерден зардап шеккендер қатарына қосылса, солардан туып, иондаушы сәулелендiру ықпалына байланысты аурулар тiзбесiнде белгiленген аурулардың жекелеген түрлерiнен зардап шегушi балалар жатады.

 

22-бап. Азаматтардың радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мiндеттерi

Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар атом энергиясын пайдалануды реттейтiн заңдарды сақтауға, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi нормалар мен ережелердiң талаптарын орындауға мiндеттi. Иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар аумағында осы ұйымдардың лауазымды адамдардың талаптарын орындауға мiндеттi.


 

6-тарау. РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУIПСIЗДIК ТАЛАПТАРЫН

БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК

 

23-бап. Радиациялық қауiпсiздiк талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету талаптарын бұзуға кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

 

7-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР

 

24-бап. Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттар

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдарында бар нормалардан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев