girniy.ru 1

11.жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру

Қажеттік құжаттардың тізбесі:

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттарды беру, сұрау берілген орган, берілетін ақпараттар түрі, жылжымайтын мүлік түрі, тұрған жері, арыз берушінің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат деректері (жеке басын растайтын деректер) жеке тұлғаның тұрған жері, заңды тұлғаның атауы және реквизиттері) жазбаша сұрау беру негізінде жүзеге асырылады.

Тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар және онымен мәмілелер жасау туралы ақпараттарды алу үшін сұраудан басқа, арызданушы тіркеу органына (уәкілетті орган) келесі құжаттарды тапсырады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) заңдармен белгіленген жағдайларды өкілдіктің өкілеттігін куәландыратын құжат.

Іс жүргізуінде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот және атқарушы органдар, салық органдары, нотариустар, мұрагерлер, банкроттық ресіміндегі конкурстық және оңалту басқарушыларының, қорғаншы және қамқоршы органдардың құзырларына сәйкес өтініш жасаған жағдайларда және нормативтік-құқықтық актілермен көзделген басқада жағдайларда, сұрау салуда талап етілген ақпарат негізі, сондай-ақ сұралатын ақпараттардың пайдалану мақсаты көрсетіледі.  

Төлем және жеңілдіктер:

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.  

Мерзімдер:

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама жазбаша сұрау келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде беріледі.