girniy.ru 1 2 ... 4 5




Мазмұны













Миссиясы және пайымдауы

5



Ағымдағы ахуалды талдау және қызметінің тиісті саласы (қамту) дамуының беталысы

5



Стратегиялық бағыттары, мақсаттары,міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштер

10



Функционалдық мүмкіндіктерінің дамуы

26



Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

29



Тәуекелді басқару

32



Бюджеттік бағдарламалар

34



1 бөлім. Миссиясы және пайымдауы

Миссиясы – облыстық бюджеттің уақытылы және толықтай атқарылуын, республикалық және облыстық бағдарламаларды толықтай қаржылық қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік қаржылық ресурстардың құрылуы және пайдаланылуы кезінде операциялардың нақты есепке алынуы мен сенімді бақылауын қамтамасыз етеді. Маңғыстау облысы экономикасының жоғары бәсекелестікке жетуіне және экономикалық өрлеуіне ықпал жасау мақсатында, коммуналдық меншіктің тиімді басқару.


Пайымдауы – облыстық бюджеттің тиімді, мақсатты, толық және уақытылы орындалуы, тиімді қызмет ететін коммуналдық меншік жүйесі.


2 бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және қызметінің тиісті салаларының (қамту) даму беталысы


Мемлекет басшысы « Қазақстан – 2030». Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» 1997 жылғы 11 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында, Үкімет алдына қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар аса маңызды стратегиялық міндеттер қойды.

Мемлекет экономикасында қағидатты түрде жаңа кезең басталды – бұл өсудің сапалы сипаттамасын қамтамасыз ету. Дәлірек айтқанда, дағдарыс жағдайында экономикалық өндіріс, сонымен қатар өңдеу салаларын, инфрақұрылым тиімділігін теңгерімді дамыту. Ең алдымен, бұл әр адамның өмір сүру сапасы.

Халықтың өмір сүру сапасын одан әрі арттыру үшін экономиканың тұрақты өсімі қажет.

Алға қойылған міндеттерді шешу мақсатымен, әлемдік қаржы дағдарысының салдарын ескере келе, мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызды буын ретінде, қаржы басқармасы бюджеттің тиімді атқарылуына және мемлекеттік активтерді сапалы басқаруға ықпал етеді.

Қаржы басқармасының түйінді функцияларының бірі облыстық бюджетті толық және уақытылы атқару болып табылады, сондықтан да қаржы басқармасы мемлекеттік сатып алу үдерісінің тиімділігін арттыру, облыстық бюджеттің қаражатын атқару кезінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу, сонымен қатар мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын жалғастырады.


Стратегиялық бағыт. 1.Облыс бюджетінің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету


  1. 1) Дамудың негізгі параметрлері

Маңғыстау облыстық бюджетінің соңғы 3 жылда атқарылуы:

2008 жылы жергілікті бюджетке жоспардағы 50 122 млн. теңге орнына 53 101 млн. теңге түсірілді немесе орындалуы 105,9 %. Тұтастай алғанда, облыстық бюджетке заемдар, бюджеттің несиелерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан және республикалық нысаналы трансферттерінің түсімдерін есепке алғанда, 64 979,8 млн. теңге түсірілді немесе орындалуы 104,8 %.


2008 жылы жергілікті бюджеттің шығыстары 63  423,7 млн. теңге немесе жылдық жоспарға 99,5 % құрады.

2009 жылы жергілікті бюджетке жоспардағы 54 997 млн. теңге орнына 55 515 млн. теңге түсірілді немесе орындалуы 100,9 %. Тұтастай алғанда, облыстық бюджетке заемдар, бюджеттің несиелерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан және республикалық нысаналы трансферттерінің түсімдерін есепке алғанда, 76 044,5 млн. теңге түсірілді немесе орындалуы 98,9 %, бұл республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерінің жете түсірілмеуіне байланысты болды..

2009 жылы жергілікті бюджеттің шығыстары 78 289 млн. теңге немесе жылдық жоспарға 97,7 % құрады.

2010 жылы жергілікті бюджетке жоспардағы 58 854 млн. теңге орнына 59 850 млн. теңге түсірілді немесе орындалуы 101,7 %. Тұтастай алғанда, облыстық бюджетке заемдар, бюджеттің несиелерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан және республикалық нысаналы трансферттерінің түсімдерін есепке алғанда, 93 523 млн. теңге түсірілді немесе орындалуы 100 %.

2010 жылы жергілікті бюджеттің шығыстары 92 718 млн. теңге немесе жылдық жоспарға 98 % құрады.

Басқарма бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын атқаруы туралы,мемлекеттік мекемелердің ақша түсімдері мен өзінің билігінде қалғанының шығыстары бойынша, демеушілік және қайырымдылық көмектен түске ақшаны түсімдері мен шығыстары туралы, дебиторлық және кредиторлық берешектері туралы есептерін қабылдау және тексеру бойынша жұмыс жүргізуде.

Төмен тұрған бюджеттердің есептерін, игеруі туралы ақпаратты алуы мен тексеруге қатысты өзара іс – қимылды 5 аудандық және екі қалалық бюджетпен жүзеге асырылуда.

Бюджеттік қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз ету үшін Басқарма ақпаратты ұдайы және жүйелі түрде жинауды жүзеге асырады, бюджеттің атқарылу көрсеткіштері қадағаланады және талданады, жүргізілген талдау негізінде облыстық бюджетті бұдан да тиімді атқару бойынша ұсыныстар әзірлеп жасайды.



  1. 2) Негізгі проблемаларды талдау

Осы бағытты іске асыру үшін бюджетті атқару үдерісінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттің бағдарламалардың әкімшілерімен және жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимыл жасауы, жергілікті бюджетті орындаудың қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік қаражатты уақытылы игерілуін қамтамасыз етуі қажет.

Бүгінгі күнге бюджеттік бағдарламаларды атқаруға қатысты мынадай проблемалар бар: бюджетті атқару кезінде бюджеттік рәсімдердің көпсатылығы мен күрделілігі (бюджеттік бағдарламалардың іс-шаралары бойынша шешімдер қабылдаудан бастап төлем жүргізуге дейін), бұл бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз әрі уақытынан кеш іске асыруға әкеледі, бюджеттік бағдарламалардың уақытылы атқарылуы өткір күйінде қалуда. Осы мәселеде бюджеттік тәртіптің бірқатар қатайтылуына қарамастан, бюджеттік бадарламалардың іс-шараларын іске асыруға арнап ресурстар мен мерзімін жоспарлауда кемшіліктерге жол берілуде.

Қаржы басқармасының бюджетті атқаруға қатысты басты міндеті, оны уақытылы толық және тиімді атқару, мемлекеттік сатып алу үдерісін оңтайландыру және тиімділігін арттыру болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлерді қалыптастыруға қатысты бөлігінде де, сауда-саттықтың уақытылы өткізілмеуіне және кейіннен бюджеттік қаражаттың жете игерілмеуіне байланысты проблемалар да анықталады. Бюджеттік ұйымдардың мемлекеттік сатып алуды веб-портал арқылы жүзеге асырылуын барынша қамтамасыз ету жоспарлануда.


1. 3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Облыс бюджетінің атқарылу үдерісі Қаржы басқармасымен де, сонымен қатар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және қазынашылық органдарының тарапынан да тұрақты бақылауында тұр. Мақсаты – бюджеттік қаражатты нысаналы бағытына пайдалану болып табылатын бюджетті атқару үдерісі арнайы тетік бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалардың, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттердің, несиелердің, сондай-ақ бюджетке түсімдердің орындалуына тұрақты мониторингті жүзеге асыру болып табылады. Осы стратегиялық бағыт арқылы осындай мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жедед ақпаратты, және бұрыннан бар проблемаларды шешу бойынша ұсыныстарды уақытылы беру көзделеді. Жоспарларға сәйкес бюджет түсімдері түскен кезде, басқарма қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың облыстық әкімшілеріне қаражаттың уақытылы аударылуын қамтамасыз етеді.


Бұл ретте бюджеттің атқарылуына, бірінші кезекте облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қызметінің нәтижесіне байланысты болатын сондай және өзгедей түрде оң не болмаса теріс әсер ететін мынадай бірқатар сыртқы факторлардың бар екенін атап өткен жөн:

1) Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне байланысты емес объективті себептер;

2) Бәсекелестік ортаның болмауы себепті, мемлекеттік сатып алу бойынша болмай қалған конкурстар.


Стратегиялық бағыт. 2.Көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру


2. 1) Дамудың негізгі параметрлері

Мемлекеттің қазіргі заманғы саясаты бағыттарының бірі халықтың қалың тобы үшін көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Қаржы басқармасының осыған орай негізгі міндеттері жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы, мониторинг нәтижелері, облыс әкімдігінің веб-сайтында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы талдамалық есептіліктерді уақытылы орналастыру болып табылады. Өз кезегінде, кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында, көрсеткіштер мәселесіне уақытылы ден қойылуы қажет, сондықтан бұл осы стратегиялық бағытта көзделген. Сондай-ақ, бюджеттің атқарылуы бойынша қажетті ақпарат облыс әкімдігіне, мәслихаттың тексеру комиссиясына, қаржы бақылау инспекциясына, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына беріледі. 2010 жылдың қаңтарынан бастап баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, мемлекеттік сатып алуды электронды форматқа көшіру жүзеге асырылды.

Облыстың барлық тапсырыс берушілері - мемлекеттік сатып алу субъектілері мемлекеттік сатып алудың WEB порталы арқылы сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырады.


2. 2) Негізгі проблемаларын талдау

WEB портал жұмысының сапалылығы үшін мемлекеттік сатып алу, тікелей сатып алу бойынша қызмет атқаратын мамандарды оқыту өте қажет болып табылады.



2.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Техникалық себептер бойынша WEB портал жұмысының жиі іркілісте болуы мемлекеттік сатып алуда сыртқы фактор болып табылады.


Стратегиялық бағыт. 3. Облыстың коммуналдық меншігіндегі активтерді тиімді басқару


3.1) Дамудың негізгі параметрлері

Мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мақсатында, жылсайын акцияның (қатысу үлесі) бақылау пакеті мемлекетке тиісті, мемлекеттік кәсіпорындарында мүлікті түгендеу өткізіледі. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын және мемлекеттік қатысы бар ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін бақылау жүзеге асырылып, қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы және есептік көрсеткіштері жиынтығы өткізіледі.

Мемлекеттік активтерді тиімді басқарудың маңызды талаптарының бірі, олардың жай-күйі туралы толық ақпаратқа ие болу болып табылады. Бұл арқылы басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде бірыңғай тәсілді қолдану мүмкін болады. Осы мақсатта, ұйымдарда мүліктердің мақсатты пайдаланылуына және тиімділігіне бақылау жүргізу көздестіріледі, мұның барысында, олардың нақты саны анықталатын болады, сонымен қатар, мақсатқа лайықсыз пайдаланылатын, шығыстауға немесе тапсыруға жататын мүліктер анықталатын болады.

Бақылау нәтижелері бойынша, анықталған мүлікті уақытылы шығыстау, не болмаса оның ішінде бәсекелестік ортаға және сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыстар бақылануы ықтимал. Бұдан басқа, жоғарыда аталған іс-әрекеттердің міндетті талаптары, әрекеттендірілгеннен кейінгі иеліктен алынған, тапсырылған мүліктерге бақылау болып табылады.


3.2) Негізгі проблемаларын талдау

Осы бағытты жүзеге асыру үшін шаралардың уақтылы орындауын және мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалануын, коммуналдық меншігімен байланысты жергілікті орындаушы органдар және бюджеттік бағдарлама әкімші ара қатынасын қамтамасыз ету қажет.

Бүгінгі күнге дейін, мемлекеттік меншікті басқаруды анық реттеуші заңнамалық актте жоқ, мемлекеттік ұйымдардың есептерін уақтылы тапсыру жан ауыртатын проблема болып жалғасып келеді.


Тұтастай алғанда, коммуналдық меншікті тиімді пайдалану саясаты – мүлік түріндегі коммуналдық меншіктің де, сонымен бірге жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың да активтерін оңтайландыруға бағытталған. Осыған байланысты, жаңа заңды тұлғаны құру, нақты қажеттілік пен маңыздылығы есепке алынып жүзеге асырылуға тиіс. Сондықтан да мемлекеттік ұйымдарды бәсекелестік ортаға беру, яғни меншік түрін жеке меншікке өзгерту мәселесі өзекті болып отыр.


3.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Бұл бағыттардағы жұмыстар үшін жарғылық капиталында мемлекеттік қатысуы бар ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы және есепті көрсеткіштерін сапалы қалыптстыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар ұйымдарда тыңдаулар өткізу көздестірілуде. Аталған шаралар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы есептілігі негізінде қаржы-шаруашылық қызметін, инвестициялық салымдардың қажеттілігін, кәсіпорынның негізгі құралдарының техникалық жай-күйін, қолданылып отырған технологияның және жүргізіліп отырған менеджменттің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Бұл шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің ашықтығын күшейтуге, сонымен қатар, олардың қызметінің тиімділігі және мүлкінің жай-күйі туралы шынайы ақпаратқа ие болуына мүмкіндік береді. Деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылданатын болады.


3 бөлім. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, тапсырмалары, мақсатты индикаторы және нәтиже көрсеткіштері


3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, тапсырмалары, мақсатты индикаторы және нәтиже көрсткіштері

Стратегиялық бағыттары 1. Облыстық бюджеттің нәтижелі орындалуын қамтамасыз ету.

Мақсаты 1.1 Бюджетті орындауға әсер ететін мақсатты индикаторлардың факторлардан талдау.

Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарлама коды:

257.001.000. Жергілікті бюджет және коммуналдық меншікті орындаудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметі.




Мақсатты индикатор (соңғы мерзім (кезең) жетістіктерінің көрсеткіштері)

Ақпарат

деректемесі

Сонымен бірге аралықтағы белгілер көрсеткішімен

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

бірл.

өлш.


2009

жыл


2010 жыл


2011 жыл


2012 жыл


2013 жыл


2014 жыл


2015

жыл

Мақсатты индикатор

Жергілікті бюджеттің табыс бөлігінің атқарылуы

Облыс бюджетінің атқарылуы туралы есеп

%

101

102

100

100

100


100

100

Мақсатты индикатор

Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы

Облыс бюджетінің атқарылуы туралы есеп

%

98

98

97

99

99

99

99

Мақсатты индикатордың жетістік әдістері және қаражаты, жолы

Тапсырма 1.1.1. Жергілікті бюджеттер түсімдерінің орындалуына мониторинг жүргізуді және жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды, нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімге сәйкес республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету


Нәтижелердің түзу көрсеткіші

Ақпарат

деректемесі

бірл.

өлш.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең


2009 жыл


2010 жыл


2011 жыл


2012 жыл


2013 жыл


2014

жыл


2015

жыл

1


2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жолдамалық ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жедел ұсыну

Маңғыстау облысы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы ай сайын есеп

есеп

12

12

12

12

12

12

12

Бюджеттің атқарылуы барысында анықталған проблемаларды шешу жөнінде облыс әкімдігіне және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсыныстар енгізу

Аудандар, қалалар бюджеттерінің және бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің бюджетті атқаруы туралы ақпарат


ақпарат

Қажет-

тілігіне

қарай

Қажет-

тілігіне

қарай

Қажет-

тілігіне

қарай

Қажет-

Тілігіне

қарай

Қажет-

тілігіне қарай

Қажет-

тілігіне


қарай


Қажет-

тілігіне

қарай

Дәл қортынды көрсеткіштерге жетістіктерге арналған шаралар

Жоспарлау кезеңіндегі мерзімін жүзеге асыру

2011

жыл

2012

жыл

2013 жыл

2014

жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

Қазынашылық органның негізі үлгісіне сәйкес күнсайын бюджеттің орындалысы жөніндегі есептерді қалыптастыру.

247

248

248

248

248

Апта сайын облыс әкімінің орынбасарына бюджеттің атқарылуын талдау факторының қортындысы бойынша есеп тапсыру, қажет болған жағдайда сол немесе басқада проблемалық мәселелерді шешуі жөнінде ұсынысты аппараттық кеңеске беру үшін.

35

35

35

35

35

Ай сайын облыстық бюджеті аттарылуы жөніндегі есеп жиынтығы, төменгі бюджет атқарылуы жөніндегі есепті тексеру. ҚР Қаржы министрлігіне, облыс әкімдігіне, маслихат тексеру комиссиясына облыстық бюджеттің аттарылуы жөніндегі есебін тапсыру.


12

12

12

12

12

Ай сайын облыстық бюджеттерді атқару бойынша талдамалық ақпаратты республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді игеру жөніндегі және бюджеттік несиелерді және оларды ҚР қаржы министрлігіне, облыс әкімдігіне тапсыру

12

12

12

12

12

Мақсатты индикатордың жетістік әдістері және қаражаты, жолы

Тапсырма 1.1.2. Бюджетті атқару мониторингі процесінде алынатын салық және басқа да түсімдерге жауапты бюджеттік бағдарламалар мен уәкілетті органның әкімшілерімен тиімді өзара іс-қимыл жасау

Нәтижелердің түзу көрсеткіші

Ақпарат деректемесі

бірл.

өлш.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009

жыл

2010

жыл

2011

жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014

жыл

2015

жыл

1

2


3

4

5

6

7

8

9

10

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді игеру бойынша жетістіктер нәтижесі

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері, қала және аудандар- дың бюджеттік орындалысы жөніндегі есебі

%

98,1

96,3

91

97

98

98

98

Дәл қорытынды көрсеткіштерге жетістіктерге арналған шаралар

Жоспарлау кезеңіндегі мерзімін жүзеге асыру

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015

жыл

1

2

3

4

5

6

Ай сайын нысаналы трансферттер мәселелері жөнінде бюджеттік бағдарлама әкімшімен кеңес өткізу


12

12

12

12

12

Тоқсандық сайын нысаналы трансферттер мәселелері жөнінде қалалар мен аудандардың қаржы бөлімдерінің әріптестерімен өткізу

4

4

4

4

4

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі бойынша апта сайынғы мониторинг, облыс әкімдігіне ақпарат

35

38

40

40

40

Мақсатты индикатордың жетістік әдістері және қаражаты, жолы

Тапсырма 1.1.3. Бюджеттік кредиттер берілген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету

Нәтижелердің тікелей көрсеткіші

Ақпарат

көзі

бірл.

өлш.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009

жыл

2010

жыл

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл


2014

жыл

2015

жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Іс – шараларды іске асыру үшін бюджеттік кредиттерді төмен тұрған қалалар мен аудандардың бюджеттеріне уақтылы аудару

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері, қала және аудандардың бюджеттік орындалысы жөніндегі есебі

%

100

100

100

100

100

100

100

Дәл қортынды көрсеткіштерге жетістіктерге арналған шаралар

Жоспарлау кезеңіндегі мерзімін жүзеге асыру

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015

жыл

1

2

3


4

5

6

Несие берерде ҚР Қаржы министрлігімен несие беру келісімі жөнінде келісу.

ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойыл

ған соң 2 апта мерзім

де

ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойыл

ған соң 2 апта мерзім

де

ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойыл

ған соң 2 апта мерзім

де

ҚР Үкіметінің

қаулысы

на қол қойыл

ған соң 2 апта мерзім

де

ҚР Үкіметі

нің қаулысына қол қойыл

ған соң 2 апта мерзім

де

Аудандар мен қалалар әкімдіктерімен несие келісімін жасау

ҚР ҚМ– мен несие келісіміне қол қойылғаннан соң 2 апта мерзім

де

ҚР ҚМ– мен несие келісіміне қол қойылғаннан соң 2 апта мерзім

де

ҚР ҚМ– мен несие келісіміне қол қойылғаннан соң 2 апта мерзім

де

ҚР ҚМ– мен несие келісіміне қол қойылғаннан соң 2 апта мерзім

де

ҚР ҚМ– мен несие келісіміне қол қойылғаннан соң 2 апта мерзім

де

Қарыздары жөніндегі есепті ҚР Қаржы министрлігіне ұсыну және жасақтау.

тоқсан

сайын

тоқсан

сайын

тоқсан

сайын


тоқсан

сайын

тоқсан

сайын

Мақсатты индикатордың жетістік әдістері және қаражаты, жолы:

Тапсырма 1.1.4. Берiлген бюджеттiк қарыздардың қайтарымдылығының қамтамасыз етілуi

Нәтижелердің түзу көрсеткіші

Ақпарат

деректемесі

бірл.

өлш.

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009

жыл

2010

жыл

2011

жыл

2012 жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015

жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Бюджеттік несиелерді қайтару бойынша нәтижелерге қол жеткізу




%

100

100


100

100

100

100

100

Дәл қорытынды көрсеткіштерге жетістіктерге арналған шаралар

Жоспарлау кезеңіндегі мерзімін жүзеге асыру

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015

жыл

1

2

3

4

5

6

Бюджеттік қарыздардың өтеу кестесіне сәйкес қайтарылымын тексеру

Өтеулер графика бойынша

Өтеулер графика бойынша

Өтеулер графика бойынша

Өтеулер графика бойынша

Өтеулер графика бойынша

Уақытында қайтарылмаған қарыз және оның төлеу уақыты өтініштен өсімін есептеуді бақылау жөніндегі ақпараттар тапсыру

-

-

-

-

-



следующая страница >>