girniy.ru 1




Құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жүргізілетін іс-шаралар жоспары

Ертіс ауданы Голубовка ауылы Абай орта мектебінің

құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жүргізілетін

іс-шаралар жоспары

2012-2013 оқу жылы



Жүргізілетін іс-шаралар

Уақыты

Жауапты

1.

Сабақтан көп себепсіз қалатын,тәртіп бұзатын оқушылармен жұмыстар жүргізу.

а) Ата-анасымен кездесу

ә) Қарым –қатынас дәптерлеріне белгілеу

б) Кездесу қорытындысы бойынша оқушылармен жұмыс істеу

24.10-29.10

Сынып жетекшілер

Ата-аналар комитеті

Пән мұғалімдері

2.

«Жасөспірім және заң»

Құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша әңгіме,сайыс,дөңгелек үстел. өткізу.

24.10.-29.10

Сейсенбі-құқық күні

Сынып жетекшілер

Құқық пәні мұғалімдері

«Жас полиция»

тобының мүшелері

3.

«Жасөспірім және көше»

рейдтік іс-шаралар жүргізу.

а)Сабақтан себепсіз көп қалатын және тәртіп бұзатын оқушылардың үйіне бару.

ә)Кешкілік уақытта оқушылардың жүрмеуін қадағалау


24.10-29.10

Жұма-сенбі

Сынып жетекшілер

Мектеп ұжымы

4.

Аудандық ІІ бөлімінде,мектеп ішінде тіркеуде тұрған оқушылармен жұмыс.

а) Сабақтан себепсіз қалмауын,тәртібін қадағалау.

ә) Үйірме жұмыстарына тарту

б) Іс-қағаздарын ретке келтіру.

в) Жеке жұмыс жоспарын құрып, оқушыны жан-жақты қадағалау.

24.10-29.10

Сынып жетекшілер

Мектеп психологі

5.

Апта соңында атқарылған жұмыстар бойынша тәрбие ісінің орынбасарына есеп беру.

29.10

Сынып жетекшілер

Тәрбие ісінің орынбасары: Сураганова Б.Н

Мектеп психологі: Мандаева А.Е



«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық» атты дәріс

Қоғамның оң дамуындағы тенденцияларға қарамастан, біздің мемлекетіміз өтпелі, әрі күрделі мерзімде өмір сүріп жатқандығын, әсіресе жастар арасында қиын әлеуметтік-психологиялық жағдайда екенін аңғару қиын емес. Қазіргі таңда бұрынғы қалыптасқан жүріс-тұрыс стереотиптер мен құндылықтар едәуір мөлшерде өзгеріске ұшыраған.Осы ретте, жастардың өзіндік ерекшеліктері мен салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға септігін тигізетін өмірлік тәжірибесі аз болғандықтан, олар айналасында болып жатқан өзгерістерге дер кезінде бейімделе алмайды. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер үнемі еліктегіш болып келетіндіктен және стресстік жағдайларды жеңуге, олармен күресуге дайын болмағандықтын, келеңсіз жағдайлар туындайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда балалардың өмірлік іс-әрекеті мен құқығын қорғау саласындағы кешенді мәселелер жиынтығы, қоғам мен мемлекеттік органдардың назарын ерекше аударуда.


Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу, жалпы еліміздегі заң бұзушылықтың алдын алудың өзекті де маңызды мәселесі болып табылады.

Оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізу күрделі, сан қырлы, сонымен қатар ұзақ уақытты қамтитын процесс.Қылмыстың алдын алу мақсаты мен мәні жасөспірімдер арасында алдын алу іс-шараларын жүргізумен, сондай-ақ әлеуметтік дезадаптацияның пайда болу себептері мен факторларын зерттеумен тікелей байланысты.

Жасөспірімдер арасында қылмыс бұзушылықтың пайда болу себептері мен мәселелерін шешу мақсатында, сондай-ақ, оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізу, олардың санасына салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру арқылы жасөспірімдердің жүріс тұрысында ауытқу қаупінің туындау себептерін жою мақсатында «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК-да участкелік капитан полциясы Қ.С. Есеновтың және оқушылардың қатысумен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық» атты дәріс өтті.

Аталмыш дәріске мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау орғандарының өкілдері, сондай-ақ халық қалаулылары, студенттер мен мектеп-гимназия оқушылары қатысты.