girniy.ru 1

ҚР АШМ АӨК МИК Курчатов қалалық

аумақтық инспекциясының 2011 жылдың 9 айында

атқарған жұмыстары бойынша есеп


Өткен уақыт аралығында аумақтық инспекцияның ветеринариялық-санитариялық инспекторлары ауылшаруашылық жануарлары мен құстардың ауруларының таралмауының алдын алу бойынша, ветеринариялық бақылауды жүзеге асыруда, жануар тектес өнімдер мен шикізаттарды, жануарларды тасымалдауға және сатуға әр-түрлі рұқсат құжаттарын беруде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамассыз етуде айтарлықтай жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар эпизоотиялық алдын алу шараларының уақытылы және сапалы орындалуына күнделікті бақылау жасалуда.

2011 жылға ветеринариялық алдын алу және балау шараларының жоспары егу: сібір жарасына қарсы ІҚМ 900 бас, ұсақ мал 2700 бас, жылқы 400 бас, шошқа 150 бас, түйе 10 бас; құс тұмауына 500 бас құс; құтыруға қарсы 100 бас ит:, алергиялық тексерулер: туберкулезге ІҚМ 2000 бас, шошқа 150 бас, түйе 10 бас; маңқаға 100 бас жылқы. Балау: бруцеллезге қан алу ІҚМ 900 сынама, ұсақ мал 2700 сынама; лейкозға қан алу ІҚМ 900 сынама; Қошқарлардың инфекциялық эпидидимитіне қан алу 120 сынама.

Сонымен бүгінгі таңда эпизоотияға қарсы шаралар жоспарына сәйкес егілді: сібір жарасына қарсы ІҚМ 700 бас орындалуы 77 %, ұсақ мал 2000 бас орындалуы 74 %, жылқы 300 бас орындалуы 75 %, шошқа 100 бас орындалуы 66 % және түйе 10 бас орындалуы 100 %; құс тұмауына 500 бас құс орындалуы 100 %; құтыруға қарсы 100 бас ит орындалуы 100 %; бруцеллезге тексеру ІҚМ 900 бас оның ішінде оң нәтиже бергені 5 бас, ұсақ мал 2298 бас; туберкулезге ІҚМ 1000 бас, шошқа 150 бас, түйе 10 бас және маңқаға 100 бас жылқа тексерілді оң нәтиже бергендері жоқ.

Бүгінгі күнге аумақтық инспекцияның ветеринариялық-санитариялық инспекторлары ішкі сауда нысандарына (дүкен, кафе, асхана, базар) жопардан тыс 148 тексерулет жүргізді 104 заң бұзушылық анықталып, 474768 теңгеге айыппұл салынды. Аталған айыппұлдардың барлығы ветеринариялық ілеспе құжаттарының рәсімделу Ережесін және кейіннен сатуға арналған ауыл шаруашылық малдарын сою Ережесін сақтамағаны үшін жеке тұлғаларға салынған.

Қазіргі уақытта Курчатов қаласы аумағындағы эпизоотиялық ахуал ауыл шаруашылық жануарларының және құстардың жіті және созылмалы жұқпалы ауруларынан таза деп айтуға болады.


ҚР АШМ АӨК МИК

Курчатов қалалық аумақтық

инспекциясының бастығы Е. А. Әлімғазин