girniy.ru 1

Жоба

Сырдария аудандық маслихаттың

ШЕШІМІ


Сырдария ауданы бойынша коммуналдық

қалдықтардың қалыптасу, жинақталу

нормаларын және коммуналдық

қалдықтарды жинау, әкету, көму,

кәдеге жарату тарифтерiн бекiту туралы


      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiнiң 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгi қағидаларын бекiту туралы» қаулысына сәйкес Сырдария ауданының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және жинақталу нормасы 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.     

2. Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерi  2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк мекемелер үшiн осы шешiмнiң 2 қосымшасы 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.


 

      Сессия төрағасы  

                         

      Мәслихат хатшысы                          


1 қосымша
Сырдария аудандық мәслихатының
2013 жылғы____ _________
№_____ шешiмiмен бекiтiлген


Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және
жинақталу нормасы


Р/С

Коммуналдық қалдықтардың қалыптасу көздерi (типологиялық топ)


Есептiк бiрлiк

Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,67

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi және сол сияқтылар

1 орын

1,1

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi

1 орын

0,7

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,65

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi

1 қызметкер

4

6

Емханалар

1 адам

0,05

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi

1 төсек-орын

1,6

8

Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары

1 оқушы

0,34

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi


1 тағам

2,2

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 орын

0,2

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,02

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,43

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,43

14

Азық-түлiк дүкендерi

Сауда алаңы 1 м2

1,03

15

Машиналардан сату

Сауда орны 1 м2

0,21

16

Өнеркәсiптiк дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,54

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,86

18

Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары


Жалпы алаңы 1 м2

0,2

19

Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

20

Тұрмыстық қызмет көрсету үйi: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,3

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,27

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,23

23

Дәрiханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,63

24

Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

3,41

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

4

26

Гараж кооперативтерi

1 гаражға

0,24

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

9,5


28

Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi

Жалпы алаңы 1 м2

0,3

29

Зергерлiк, аяқ киiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,3

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,2

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,35

32

Қаланың аумағында жаппай iс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

12

33

Бау-бақша кооперативтерi

1 учаске

1,2


2 қосымша
Сырдария аудандық мәслихатының
2013 жылғы ____ ____________
№_____ шешiмiмен
бекiтiлген


Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму
және кәдеге жарату тарифтерi


Көрсеткiштерi

Сомасы (теңге)

1 м3 қатты тұрмыстық қалдық шығару үшiн заңды тұлғаларға

850

қатты тұрмыс қалдықтарды шығару үшiн айына бiр адамнан

117