https://electroinfo.net

girniy.ru 1


Қала әкімдігінің

2010 жылғы «___»__________

____ қаулысына қосымша


Мемлекеттік коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға бергенде қолданылатын коэффициенттер және жал төлемінің есептік ставкасы


Жылдық жал төлемнің базалық есептік ставкасы 1 ш.м. – айлық есептік көрсеткіш (АЕК) x 1,5


№ №

р/с

Коэффициенттердің түрлері

Коэффициенттердің көлемі

1.

Тұрғын емес үй-жайдың түрін есептейтін коэффициент (Кт):







1) бөлек тұрған немесе жапсарлас салынған;

1




2) жертөле, жартылай жертөле үй-жайы, үй-жайдың сыртында;

0,7




3) қоймалық үй-жай, қазандықтар және жылу пункттері.

0,4

2.

Жабдықталғандықтың дәрежесін есептейтін коэффициент (Кжд):







1) барлық инженерлік-техникалық коммуникациялары бар нысандар үшін (орталықтандырылған жылыту, электрмен қамтамасыз ету, ыстық, суық сумен жабдықтау, канализация);

2) Жабдықталғандықтың бір түрі болмағанда 0,1 көлеміне кемітеді, кеміту жалпы мөлшері -0,3 артық емес болу керек.

1,0


3.

Аумақтық орналасуды есептейтін коэффицент (Ко):







1) қаланың орталығы және қаланың шетіне дейін бөлігі, қазандықтар мен жылу пункттерді қоспағанда;

1,5




2) қаланың шеті;

-




3) кент, ауыл;

0,7




4) орналастырылған жерді есепке алмағанда қазандықтары мен жылу пункттер үшін.

-

4.

Жалдаушының қызмет түрін есептейтін коэффиценті (Кқт):







1) білім саласындағы мемлекеттік мекемелерде тамақтандыруды ұйымдастыру;

1,21




2) басқа мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде тамақтандыруды ұйымдастыру;

3,4




3) республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер;

0,81




4) республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар;

1,21




5) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, 50% және одан артық мемлекеттік қатысу үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;

2,43




6) дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық қызмет (спорттық-жаттығу секциялары, би билейтін, балет би топтары);

1,7




7) білім беру жөнінде қызмет, біліктігін арттыру, даярлық курстары;

3,7




8) медициналық қызмет көрсету;

5,3




9) қаржылық, банктық, сақтандыру қызметі;

7,5




10) концерт және басқа сауық қызметі;

8,0




11) байланыс қызметін көрсету;

8,3




12) кеңсе және басып шығаратын тауарларды сату;

2,1




13) аспаздық, нан-тоқаш өнімдерін, тамақ өнімдерін сату;

4




14) басқа сауда қызметі, оның ішінде дәріханалар;

6,8




15) кеңсе;

6





16) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметі;

1,62




17) коммерциялық емес мекемелердің қызметі;

1,62




18) өндірістік қызмет;

6,2




19) жылумен қамтамасыз ету нысандар, жылу желілер;

0,2




20) халыққа тұрмыстық қызмет көрсету;

4,7




21) пәтерлер иелері кооперативі, пәтер иелері өндірістік кооперативтері;

1,82




22) басқа қызмет түрлері;

3,7




23) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін (сауда-сатып алу қызметін қоспағанда), шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін («Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншік пайдаланылмайтын нысандарды әрі қарай ақысыз негізінде меншікке беруімен мүліктік жалдау (жалға беру) және сенімгерлік басқаруға шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысымен қарастырылатын тәртібімен жалға берілетін нысандар бойынша).

0,9

1. Коммуналдық меншіктегі жылжымайтын объектілерді мүліктік жалға бергенде айлық жал төлемінің есебі төмендегі формула бойынша жүргізіледі:


Ажт = Бс x S x Кт x Кжд x Ко x Кқт / 12 ай,

оның ішінде:

Ажт – айлық жал төлемі, теңге;

Бс – 1 ш.м. үшін жылдық жал төлемнің базалық ставкасы (Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) x 1,5 көлемінде белгілейді);

S – жалға берген алаң, ш.м.;

Кт – тұрғын емес объектінің түрін есептейтін коэффициенті;

Кжд – жабдықталғандықтың дәрежесін есептейтін коэффициенті;

Ко – аумақтық орналасуды есептейтін коэффиценті;

Кқт – жалдаушының қызмет түрін есептейтін коэффиценті.

2. Коммуналдық меншіктегі жылжымайтын объектілерді сағат бойынша мүліктік жалға бергенде айлық жал төлімнің есебі төмендегі формула бойынша жүргізіледі:

Ажт = Бс x Sс x Кт x Кжд x Ко x Кқт / 12

Ажтс = (Ажт x Са) / (30,42 x 8)

оның ішінде:

Ажт – айлық жал төлемі, теңге;

Бс – 1 ш.м. үшін жылдық жал төлемнің базалық ставкасы (Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) x 1,5 көлемінде белгілейді);

S – сағат бойынша жалға берген алаң, ш.м.;

Ажтс – сағат бойынша айлық жал төлемі, теңге;

Са – айына жалға алынатын сағат саны;

30,42 - айына орташа күн саны;

8 – жұмыс күннің ұзақтығы, сағат.

3. Көліктер мен жабдықтарды мүліктік жалға бергенде жал төлемнің есебі олардың бастапқы теңгерімдік құнының 15% көлемінде жүргізіледі. Бастапқы теңгерімдік құны жоқ болған жағдайда, жалдаушының мәлімдемесі бойынша жасалған дербес бағалаушы анықталған құнның 15% көлемінде жүргізіледі. Жаңа жоғары өнімді жабдықтар жалға бергенде сағат бойынша жалға беру мүмкін.

4. Ғимараттағы үй-жайдың бір бөлігін жалға алу төлемдерін есептеуде, жалдаушы жалданатын алаңнан үлестік пайдалану есебінен, қоғамдық пайдалану орындарын қолдануды есептеу қажет.


5. Мүгедек дәреже бар қызметкерлердің көлемі 50% және одан артық болған кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ мүгедек дәреже бар жеке кәсіпкерлерге, растайтын құжаттар ұсынылатын болған жағдайда, жалдау төлемнің көлемі шарттың жалпы көлемінен 40% азайтылады.

6. Оңалту сатында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар су құбыры, жылумен қамтамасыз ету нысандарды, су және жылу желілерді пайдалану үшін жал төлемін төлемейді.

7. Төмендегі қала бөлігінде орналасқан нысандар үшін жал төлемнің есебі жоғарылататын коэффициентсіз жүргізіледі:

Ет комбинаты, «Казполиграф» ЖШС ауданы, Жоламан, Кирпичный кенттер, қалқымалы көпір арқылы өтетін Сорокин көшесінен бастап темір жолға дейін;

Юность кенті, Селевин көшесі арқылы өтетін темір жол өтпесінен бастап;

Комсомол кенті, темір жолдан бастап Молодогвардейская көшесіне дейін және одан әрі;

Шпал завод маңайындағы Карменов көшесінен бастап Батыс өнеркәсіп торабы, ТБЖК-қа дейін;

Цементный көшесінен бастап цемент зауытының маңайына, Бобровка, Степной, Строитель кенттеріне дейін (оның ішінде аталған кенттер);

Боранбай би көшесінен бастап Нахаловка, Дзержинец кенттеріне дейін;

Полковник аралы;

Восход, Водный кенттері, бұрынғы Агропромстрой трест промбазасына баратын темір жолдан бастап;

Пржевальский, Чкалов көшелерінен (аталған көшелерді қосқанда) бастап, Железнодорожный, Аксаринский, Северный, Красный кордон кенттері (оның ішінде аталған кенттер) маңайындағы Чкалов және Қаржаубайұлы көшелерінің қиылысына дейін;

Облыстық аурухана, қан құю станциясы шегіндегі Сеченов көшесінен бастап қала шеттеріне дейін;

Жангелдин көшесінен бастап қала шеттеріне дейін;

Кожмех бірлестігіне баратын темір жолдан бастап Мирный кенті, 1- ықшам аудан маңайына дейін.


«Семей қаласының қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі бастығының

міндетін атқарушы М. Осадчая