girniy.ru 1

Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыз және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі

қағида


"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына сәйкес, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыз және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлері айқындалды.


Өз бетінше жұмыспен айналысушылар қатарына жататын азаматтар:

1) жалдамалы қызметкерлер еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер (өзінің (отбасылық) кәсіпорнын, ферманы басқарушы, сондай-ақ кәсіби қызметпен немесе өз бетінше кәсіпкерлікпен айналысушы және үнемі жалдамалы қызметкерлер еңбегін пайдаланушы тұлғалар);
2) жеке пайдалануға арналған өндірістерді қоса алғанда, табыс алу үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндірумен (іске асырумен) айналысатын жеке тұлғалар;
3) отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) ақы төленбейтін қызметкерлері (туысының иелігіндегі жеке меншік отбасылық кәсіпорында ақысыз жұмыс істейтін тұлғалар);

4) өндірістік кооператив мүшелері.

Өз бетінше жұмыспен айналысушы ретінде Бағдарламаға қатысуға өтініш берген азаматтарды айқындау кезінде Халықты жұмыспен қамту орталығы:
- "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дерекқоры бойынша зейнетақы жинақтау қорында міндетті зейнетақы жарнасы аударымдарының жоқ екендігі немесе бар болуы (мөлшері) туралы;
- "Еңбек нарығы" автоматтандырылєан ақпараттық жүйе дерекқоры бойынша жұмыссыз ретінде тіркелуі (немесе тіркеудің болмауы) туралы;
- "Атаулы әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерекқоры бойынша атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны алатыны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы;

- "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерекқоры бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен әлеуметтік төлемдерді алу туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы жөнінде мағлұматтарды салыстырып тексереді.



Жұмыссыздар қатарына жататын азаматтар:

Үш негізгі критерийге жауап беретін адамдар жұмыссыздарға жатады. Олар:
1) жұмыссыз болған (табыс алатын жұмысы жоқ);
2) оны іздеумен айналысқан;
3) еңбек етуге дайын адамдар.
Адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеу тұрақты тұратын мекен – жайы бойынша өкілетті органға қатынасу жолымен жүзеге асырылады және қажетті құжаттарды ұсынады (жеке басының куәлігі, СТН, ӘЖК, еңбек қызметін растайтын құжат, кірісі туралы мәлімет).


Табысы аз азаматтарға келесілер жатады:

Заңға сәйкес табысы аз адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек және немесе 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалынатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы адамдар жатады.
Табысы аз адамдар (отбасы) адамның (отбасының) жалпы жиынтық табысына және алатын мемлекеттік әлеуметтік төлемдерінің түріне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі - ЕТКД) төмен еңбекке жарамды адамдар;
жиынтық табысы азық-түлік себетінің шамасынан (ЕТКД мөлшерінен 60%) төмен еңбекке жарамды адамдар;
жиынтық табысы кедейлік шегінен (ЕТКД-нің 40%) төмен еңбекке жарамды адамдар.
Өтініш берушінің табысы аз адам ретіндегі мәртебесін растау үшін Халықты жұмыспен қамту орталығы:
- "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дерекқоры бойынша зейнетақы жинақтау қорында міндетті зейнетақы жарнасы аударымдарының жоқ екендігі немесе бар болуы (мөлшері) туралы;
- "Атаулы әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерекқоры бойынша атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны алатыны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы;

- "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерекқоры бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдерді алу туралы мәліметтердіѕ болуы немесе болмауы жөнінде мағлұматтарды салыстырып тексеруді жүзеге асырады.