girniy.ru   1 ... 2 3 4 5


Параграф 3. Стандарттау аппаратшысы, 5-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Шығарылатын өнімдер түржиынының атауы 20 асқан кезде әр түрлі маркалы конденсациялы шайырларда лактарды стандарттау («типке» қою) процесін жүргізу. Жабдықтар мен коммуникацияны жұмысқа дайындау. Әр түрлі лактарды, техникалық шарттар талап ететін қасиетке дейін жеткізу үшін араластыру. Лактарды «типке» қою үшін әр түрлі компоненттерді мөлшерлеуді есептеу. Дайын лактарды сүзуге беру, жинақтағыш ыдыстарға құю. Технологиялық картада жазбаларды жүргізу. Учаскедегі жұмыстарды үйлестіру және лак шығаратын бөлімшенің жұмысшыларын басқару.

  1. Білуге тиіс:

шығарылатын өнімнің түржиыны, шикізатқа, жартылай дайын өнімге және дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар, лактарды «типке» қою үшін қоспаларды есептеу.


41. Колоршы


Параграф 1. Колоршы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Жоғары білікті колоршының басшылығымен түсі бойынша (түс эталонына сәйкес) эмальдар мен бояуларды «типке» қою. Түсті келтіру үшін қажетті пигментті пасталар мен құрғақ жаншылған пасталар (бұдан әрі - ҚЖП) ерітінділерінің болуына тексеру. Дайын өнімнің түсі мен реңін айқындау үшін әр түрлі аппараттардан сынамаларды іріктеу. Эмальдар мен бояуларды әр түрлі төсеніштерге шашырату немесе құю. Колер астына қойылатын материалдарды аппараттарға жеткізу. Жоғары білікті колоршының нұсқауы бойынша колер астына жағылатын пасталарды аппаратқа тиеу.

  1. Білуге тиіс:

лак-бояу өнімдерінің түстері мен реңдері, органикалық емес және органикалық пигменттердің, ҚЖП негізгі қасиеті, сынамаларды іріктеу ережесі, эмальдар мен бояуларды түрлі төсеніштерге жағу әдістері.


Параграф 2. Колоршы, 5-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Түсі бойынша (түс эталонына сәйкес) эмальдар мен бояуларды «типке» қою. Өнімнің азғана түржиыны кезінде 2-3 құрамды компоненттерден күрделі емес колерді жасаған кезде қоспалардың санын есептеу. Түсті келтіру үшін қолданылатын пигментті пасталардың сапасын бақылау. Зертханалық журналда және технологиялық картада жазбалар жүргізу.


  1. Білуге тиіс:

органикалық емес және органикалық пигменттердің физикалық-химиялық қасиеті, түстер картотекасы, күрделі емес колерлерді жасаған кезде колер астына жағылатын пасталарды қосуды есептеу әдісі, жартылай дайын өнімдерге (колер астына жағылатын пасталар) қойылатын талаптар және талдаулар жүргізу әдістері.


Параграф 3. Колоршы, 6-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Түсі бойынша (түс эталонына сәйкес) эмальдар мен бояуларды «типке» қою. Өнімнің азғана түржиыны кезінде 4-5 құрамды компоненттерден күрделі колерді жасаған кезде қоспалардың санын есептеу. Шығарылатын өнім сапасының жекелеген көрсеткіштерін техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкестігіне бақылау.

  1. Білуге тиіс:

шығарылатын өнімнің түржиыны, күрделі колерді жасаған кезде колер астына жағылатын пасталардың қоспасын есептеу әдістемесі, дайын өнімге қойылатын талаптар және талдаулар жүргізу әдістері.


42. Бояу ұсатушы


Параграф 1. Бояу ұсатушы, 1-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Қарапайым қалың ұсатылған бояулар мен барлық сорттағы шпатлевкаларды талап етілетін ұнтақтауға дейін ұсату. Бояу ұсатқышқа қою массаны дайындау және тарату. Берілген рецептураны сақтай отырып, материалдарды бояулар мен жартылай дайын өнімдерді ұсату және араластыру үшін машиналар мен механизмдерге тиеу. Машиналар мен механизмдерді басқару, оларды тазалау және майлау. Жоғары білікті бояу ұсатушының басшылығымен мастикаларды, шпатлевкаларды, замазкаларды және сырларды жасау.

  1. Білуге тиіс:

технологиялық процестің мәні, технологиялық жабдықтың міндеті, жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі, берілген уату дәрежесіне дейін бояуларды ұсату ережесі.


Параграф 2. Бояу ұсатушы, 2-разряд

  1. Жұмыс сипаттамасы:


Талап етілетін ұнтақталуға дейін бояу ұсатқыш машиналарда барлық сорттағы қалың ұсатылған бояуларды ұсату. Берілген рецепт бойынша бояуларды жасау. Дайын өнімді талап етілетін консистенцияға және берілген колерге дейін жеткізу. Әр түрлі дайындық материалдарын (мастика, сыр, шпатлевка, замазка, паста) даярлау.

  1. Білуге тиіс:

бояулар мен басқа материалдардың негізгі сорттарының химиялық құрамы, бояулардың қосу ережесі және мастика, сыр, шпатлевка, замазка мен пастаның құрамы, жасалатын бояулардың, сырлар мен пасталардың қалыпты консистенциясы.


Параграф 3. Бояу ұсатушы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Барлық сортты нитроцеллюлозды, майлы және эмальды бояулар мен декоративтік пасталарды жасау және дайындау. Әр түрлі бояулар және түрлі өңдеуші және дайындаушы құрамдар үшін рецептура жасау. Берілген техникалық шарттар мен үлгілер бойынша колерлерді іріктеу. Дайындалған боялар мен өңдеу материалдарының құрамды бөліктерін талдау және сапасын, консистенциясын әрі алынған құрамды бояулардың, пасталардың міндетін айқындау.

  1. Білуге тиіс:

барлық соттағы бояулардың химиялық құрамы және колерді іріктеу ережесі, әр түрлі жұмыстарға арналған түрлі бояулар мен өңдеуші және дайындаушы материалдардың басқа да құрамды бөлігін араластыру ережесі, бояуларды механикалық және қолмен ұсату мен қосу тәсілдері.


43. Лак-бояу жабындарының жабдықтарын баптаушы


Параграф 1. Лак-бояу жабындарының жабдықтарын баптаушы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Жоғары білікті баптаушының басшылығымен түрлі әдістермен (электр статикалық өрісте, ауасыз тозаңдану, электр тұндыру әдісімен және тағы басқа) және сериялық лак-бояу материалдарын қолдана отырып, бояудың үздік технологиясын енгізу бойынша іске қосу-баптау жұмысының жекелеген түрлерін орындау.


  1. Білуге тиіс:

бір типтік жабдықтардың құрылғысы әрі жұмыс істеу принципі және оның жекелеген бөлімшелерін реттеу тәртібі, бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті және қолдану шаралары, әмбебап және арнайы аспаптардың құрылғысы және қолдану ережесі, сериялық лак-бояу материалдарының түржиыны, олардың негізгі қасиеті.


Параграф 2. Лак-бояу жабындарының жабдықтарын баптаушы, 5-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Жоғары білікті баптаушының басшылығымен жаңа лак-бояу материалдарын және отандық әрі шетелдік жаңа техниканы қолдана отырып, түрлі әдістермен бояудың үздік технологиясын енгізу бойынша іске қосу-баптау жұмысының жекелеген түрлерін орындау. Отандық әрі шетелдік жаңа лак-бояу материалдарының техникалық параметрлерін айқындауға және сынауға қатысу.

  1. Білуге тиіс:

түрлі бояу жабдықтарын пайдалануға қойылатын техникалық шарттар, құрылғысы, жұмыс істеу принципі, баптау тәсілдері, жабдықтардың жекелеген құрылғысының жұмыс істеу режимін белгілеу принципі, шектеулер мен орнықтырулардың, кластардың және дәлдік дәрежесінің әрі бөлшекті механикалық өңдеу тазалығының жүйесі, жабдықтарды сынау кезінде техникалық сипаттаманы түсіру және бұйымдарда лак-бояудың жаңылуын бақылау, лак-бояу материалдарының физикалық-химиялық қасиеті, техникалық сипаттамасы және қолдану саласы, механика негіздері.


Параграф 3. Лак-бояу жабындарының жабдықтарын баптаушы, 6-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Жаңа лак-бояу материалдарын және механикалық немесе автоматтандырылған бояу желілерін қолдана отырып, түрлі әдістермен бояудың үздік технологиясын енгізу бойынша іске қосу-баптау жұмысын орындау. Лак-бояу материалдарын шығындау нормаларын айқындауға қатысу. Сырлаушыларға бояудың жаңа әдістерін және жаңа лак-бояу материалдарын үйрету әрі нұсқау беру. Біліктілігі төмен баптаушылардың жұмысын басқару.


  1. Білуге тиіс:

кинематикалық схемалар, түрлі бояу және кептіру жабдықтарын (стационарлық және қолмен электр бояу қондырғылары, ауасыз тозаңдау қондырғылары, малтып, электрмен тұндырып және ағынмен құйып бояу) баптау және жұмыс істеу ережесі, бұйымдарды пайдаланудың әр түрлі шарттары үшін бояудың технологиялық процесінің типтік схемалары, күрделілігі әр түрлі аппаратуралардың блоктарын құрастыру технологиясы, автоматтар мен жартылай автоматтардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдері, тапсырудың техникалық құжаттамасын рәсімдеу ережесі. Орта арнайы білім талап етіледі.


44. Металл тараны күйдіруші


Параграф 1. Металл тараны күйдіруші, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Лак-бояу тұрған қайтарылған металды тараны түрлі конструкциядағы газ пештерінде күйдірудің жекелеген операцияларын орындау. Тараны күйдіргеннен кейін пештен шығару немесе конвейерден түсіру. Тарадан қабыршықтарды және қақтарды қолмен немесе құрылғылардың көмегімен алып тастау. Тараларды сұрыптау және одан әрі өңдеу үшін конвейерлерге салу. Жабдықтарды кезеңмен тазалап тұру.

  1. Білуге тиіс:

тараны пештерден шығару ережесі, күйдіруден кейін тарадан қабыршық пен қақтарды шығару ережесі, термиялық процестерге қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік техникасының ережесі.


Параграф 2. Металл тараны күйдіруші, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Лак-бояу тұрған қайтарылған металды тараны түрлі конструкциядағы газ пештерінде күйдірудің жекелеген операцияларын орындау. газ құбырларының, кран ысырмаларының, газ қысымдарының дұрыстығын, тарту күшін тексеру. Тарадағы өнім қалдығының түрлеріне қарай пештің қажетті жұмыс режимін іріктеу. Тараны тиеу. Газ құбырларын үрлеп тазарту, берілген режимге дейін температураны көтере отырып, жылытқышты қосу.газ жанарғыларының, конвейерлердің жұмысын қадағалау. Оттықтағы сиреуді, тараны түсіру алдында температураны, күйдіру сапасын бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша жұмыстарды реттеу. Учаскеде қауіпсіз жұмысты ұйымдастыру. Өндірістік журналда (картада) жазбалар жүргізу. Жабдықтарды жөндеуге дайындау.


  1. Білуге тиіс:

лак-бояу өнімдерінің негізгі қасиеті, олардың түрлері және оларды органолептикалық айқындау, лак-бояу тұрған қайтарылған металды тараны күйдірудің технологиялық режимі, қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі, бақылау-өлшеу аспаптары мен процесс параметрлерін реттеу және пайдалану ережесі, қауіпсіз жұмыс әдістері.


45. Жарық қайтарғыш құрамдарды жағатын ағынды

сызықтардың операторы


Параграф 1. Жарық қайтарғыш құрамдарды жағатын ағынды

сызықтардың операторы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Жоғары білікті оператордың басшылығымен фольгаға жарық қайтарғыш құрамды жағудың технологиялық процесін жүргізу немесе полиэтилентерефталатты пленкаға (лавсан) жарық қайтарғыш құрамды жағудың технологиялық процесін жекелеген сатыда орындау. лактың сынамаларын іріктеу, оның консистенциясын тексеру және қажетті созылымдылыққа дейін сұйылту. Лакты фольганың бетіне жағу. Лактың қажетті деңгейін ваннада ұстау, барлық сызықтағы біліктердің тазалығы. Шынылы шағын шариктерді (бұдан әрі - ШШШ) бункерлерге тиеу, бөгде қоспалардан тазалау үшін оларды табандықтан діріл електеріне қайта таралау. Ағынды сызықтардың тораптарын тазарту, майлау және жуу.

  1. Білуге тиіс:

технологиялық процестің мәні, сызықтың жекелеген тораптары мен механизмдерінің құрылғысы, сынамаларды іріктеу ережесі және қарапайым талдаулар жүргізу механизмі, қолданылатын шикізаттың және жартылай дайын өнімнің негізгі қасиеті.


Параграф 2. Жарық қайтарғыш құрамдарды жағатын ағынды

сызықтардың операторы, 5-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Жоғары білікті оператордың басшылығымен фольгаға жарық қайтарғыш құрамды жағудың технологиялық процесін немесе полиэтилентерефталатты пленкаға (лавсан) жарық қайтарғыш құрамды жағудың үздіксіз технологиялық процесін жүргізу. Шикізат пен жартылай дайын өнімдерді дайындау: лак-бояу материалдары мен құрамдарын берілген технологиялық параметрлерге дейін жеткізу. Төсеніштердің (фольганың, лавсанның) бетіне функционалдық құрамдарды жағу. Жағылған қабаттың қалыңдығын индикаторлы және сандық микрометрлердің көмегімен бақылау, жағатын құрылғылардағы саңылауларды шағын бұрандалардың көмегімен түзеу. Алынған жабынның бетінің сипатын талдау үшін сынамаларды кесіп алу және оған одан әрі сынақтар жүргізу. Пигменттердің шөгуін бақылау. Қысылған ауаны беру торабының, механикалық щетканың жұмысын, агрегаттың кептіргіш камераларындағы температураны (пештегі газ қысымының өзгеруі немесе ауамен араласуы) реттеу.


  1. Білуге тиіс:

технологиялық процесс, технологиялық режим және процесті реттеу ережесі, ағынды сызықтың құрылғысы, лак-бояу материалдары мен құрамдарын талдау, өлшейтін механикалық аспаптармен жұмыс істеу әдісі.


Параграф 3. Жарық қайтарғыш құрамдарды жағатын ағынды

сызықтардың операторы, 6-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Полиэтилентерефталатты пленкаға (лавсан) жарық қайтарғыш құрамды жағудың технологиялық процессін жүргізу. Шынылы шағын шариктердің (ШШШ) көп қабаттылығын және бір қалыпты таралуын қамтамасыз ету, кейін микроскоппен талдау және қажетті параметрлерді қамтамасыз ететін шарттарды реттеу: ШШШ бар бункердің саңылауларын бақылау, ШШШ алаң бойынша бір қалыпты тарату және домалатқыш біліктің қысымын және температурасын реттеу. Артық ШШШ алып тастауды бақылау. Технологиялық процестің барысын бақылау-өлшеу аспаптары, автоматтық құрылғысының көрсеткіштері бойынша және көзбен қадағалау. Статикалық электрдің зарядтарын алып тастау мақсатында ауаны иондау үшін радиациялық көздерді реттеу. Қайта пайдалану алдында микроскоптың көмегімен ШШШ-ны бақылау. Жылдамдық вариаторының және фрикциялық тежегіш тораптардың көмегімен қозғалыстың және төсенішті созудың бір қалыптылығын сақтау. Технологиялық режимнің бұзылу себебін жою. Учаскенің барлық желілерінде және цехтың араласқан учаскелерінде жұмыстарды бақылау және үйлестіру. Технологиялық құжаттамада жазбалар жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

жарық қайтарғыш материалдарды алу процесінің теориясы, бақылау-өлшеу аспаптарын және автоматика құралдарын пайдалану ережесі, өндірісте қолданылатын шикізат пен жартылай дайын өнімдерінің оптикалық сипаттамасы, шикізатқа, жартылай дайын өнімге және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар.


46. Полиэтилендеу ағынды сызығының операторы

Параграф 1. Полиэтилендеу ағынды сызығының операторы, 6-разряд



  1. Жұмыс сипаттамасы:

Металл ыдыстың ішкі бетін ағынмен тозаңдандыру және сыртқы бетін электр контактілі-блоктау басқару жүйесі бар, өзара толықсыма аспалы конвейермен қосылған аппараттар мен механизмдер кешенінен тұратын ағынды желіде электростатикалық өрісте бояу арқылы полиэтилендеу технологиялық процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу және реттеу аспаптарының (кенотрон, жоғары вольтті трансформаторлар, электронды уақыт релесі және тағы басқалар) көмегімен басқару пультінен процестің тиімді технологиялық өлшемдерін сақтау. Ағынды желі кешеніне кіретін аппараттардың, механизмдер мен жоғары вольтті құрылғылардың жұмыс режимін және процесс өлшемдерін, полиэтилен салу уақытын, жоғары кернеу көлемін, ағын сорғысының көмегімен жабдықтау жүйесіне ұнтақ полиэтиленің берілуін, температуралық режимді және тағы басқаларды реттеу. Шикізат пен қолданылатын материалдар мен ыдысты дайындау. Оларды жабдықтау жүйесіне, ағын желісіне салу. Бұйымның сапасын бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптарының, қорғаныш құралдары мен жалпы ағын желісінің жұмысын бақылау. Технологиялық журналға жазба жазу. Жабдықтарды жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдау. Жабдықты жөндеуге қатысу. ағынды желіге қызмет көрсету жөніндегі операторлардың жұмысын басқару және үйлестіру.

  1. Білуге тиіс:

ағынды желінің аппараттары мен механизмдерінің құрылысы мен жұмыс қағидаты, кинематикалық және электр схемалар (орындалатын жұмыс көлемінде), күрделі бақылау-өлшеу және тіркеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі, кептіру мен балқытудың терморадиациялық элементтерінің жүйесі және оларды реттеу, ағынды желіні автоматты басқару схемасы, электростатикалық бояу механизмі жүйесі, лак-бояу материалдарының түрлері мен физикалық-химиялық қасиеттері, желі жұмысындағы ақаулықтардың себептері және оларды түзету тәсілдері жоғары кернеулі құрылғыларда жұмыс істеу ережесі.


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығына (26-шығарылым) 1-қосымша


Жұмысшылар кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші


Р/с



Кәсіптердің атаулары

Разряд диап

азоны

Беті

1

Полимеризациялық шайырдан лак пен эмаль алу аппаратшысы

2-5

35

2

Аммонолиз аппаратшысы

4-6

2

3

Ацильдеу аппаратшысы

3-5

4

4

Пигменттер мен бояғыштарды майдалау аппаратшысы

2-5

30

5

Металмен тозаңдандыру аппаратшысы

5

18

6

Титан қостотығы өскінін алу аппаратшысы

4-6

34

7

Метатитан қышқылын алу аппаратшысы

4-5

37

8

Микронизацияланған материалдарды алу аппаратшысы

4-5


38

9

Металл тотығын алу аппаратшысы

3-5

39

10

Илем дайындау аппаратшысы

3-5

41

11

Азобояғыштар өндірісінің аппаратшысы

3-5

6

12

Үлбірге арналған бояу өндірісінің аппаратшысы

4

8

13

Литопон өндірісінің аппаратшысы

5

42

14

Фталоцианин бояулары өндірісінің аппаратшысы

4-5

9

15

Мырыш купоросы өндірісінің аппаратшысы

5

43

16

Мырыш ұнтағы өндірісінің аппаратшысы

4

10

17

Лак негіздерін ерітетін аппаратшы

4-5

43

18

Бояуларды араластырушы аппаратшы

3-5

11


19

Эмальдар жасайтын аппаратшы

3-5

46

20

Стандарттау аппаратшысы

3-5

47

21

Фенилирлеу аппаратшысы

5

13

22

Шарлы диірмен аппаратшысы

4-6

20

23

Жаныштама пісіру аппаратшысы

4

14

24

Пісіру аппаратшысы

3-4

14

25

Индулин пісіру аппаратшысы

4

15

26

Бояуды ұнтақтау аппаратшысы

3-4

15

27

Лак пісіру аппаратшысы

4-6

16

28

Олифа пісіру аппаратшысы

2-5

32

29

Сиккатив пісіруші-аппаратшы

3-4


44

30

Қоспалауыштар аппаратшысы

3-5

19

31

Фирнис пісіру аппаратшысы

4

20

32

Бондарь-жабушы

3

22

33

Бағалы металдар мен люстр препараттарын жасаушы

2-5

22

34

Колоршы

4-6

48

35

Қабылдаушы-бақылаушы

4

24

36

Бояу ұсатушы

1-3

49

37

Лактау машинасының машинисі

4-6

25

38

Қола жағушы машинист

4-5

25

39

Лак-бояу жабындарының жабдықтарын баптаушы

4-6

50

40

Қыш пигменттерді күйдіруші


3-4

27

41

Металл тараны күйдіруші

2-3

51

42

Жарық қайтарғыш құрамдарды жағатын ағынды сызықтардың операторы

4-6

52

43

Полиэтилендеу ағынды сызығының операторы

6

54

44

Сұрыптап ораушы

3-4

28

45

Препараторшы

4

29

46

Химиялық шикізатты өлшеуші

3

29






<< предыдущая страница