https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің

азаматтарға үндеуі


Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және атыс қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі 2012 жылғы 1 ақпан мен 31 наурыз аралығында халықтағы заңсыз сақтаудағы атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу акциясын өткізеді.

Тіркелмеген атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Қару-жарақ құралдарын ерікті тапсырғаны үшін мемлекетпен төленетін төлем көлемі әр қару бірлігі үшін оннан бастап жүз еселік айлық есептік көрсеткішке дейін көзделген.

Атыс қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды қабылдау ішкі істер органдарының әрбір аумақтық бөлімшелерінде жүргізіледі.

Ішкі істер министрлігі жарақат алудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдар және оқ-дәрілермен ешқандай іс-әрекет жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға әрекет жасамауды, тек полицияның кез-келген бөлімшесіне 102 телефоны немесе ұялы телефон арқылы 112 нөміріне хабарлауды сұрайды.

Ішкі істер министрлігі өткізіліп жатқан акцияны тұрғындардың қолдайтынына және оған белсенді қатысатынына сенеді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі