girniy.ru 1


Жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ


Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы


1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжат; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; ; № 24, 149-құжаттар; 2011 Ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар):

208-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«208-бап. Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен ережелерін бұзу, акцизделетін тауарларды сәйкестендіруге келмейтін акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен, сол сияқты акциздік маркаларсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз заңсыз айналымға салу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану»;


бірінші бөлікте:

бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Айтарлықтай зиян келтiруге әкеп соққан акцизделетiн тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен ережелерін бұзу, акцизделетін тауарларды сәйкестендіруге келмейтін акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен, сол сияқты акциздік маркаларсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз заңсыз айналымға салу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану тәртiбi мен ережесiн бұзу,-»;

екінші абзацтағы «бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің тоғыз жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацындағы «бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде» деген сөздер «айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан бір мың екі жүзге дейінгі мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140- құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25; 26, 28-құжаттар; 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; 2011 жылғы 18 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы Заңы; 2011 жылғы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 сәуірде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 наурыздағы Заңы):


1) 163-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«163-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және (немесе) олардың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу

1. Лицензиаттың этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы заңнаманы:

Этил спирті және алкоголь өнімін, оларды өндіруге арналған тауарлардың өндірісі мен айналымы бойынша декларацияны тапсыру тәртібін, этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу ережелерін бұзу, сол сияқты этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін, оларды өндіруге арналған тауарларды өндіру және олардың айналымы жөніндегі декларацияны табыс етпеу не уақтылы табыс етпеу;

лицензиарға этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру және (немесе) олардың айналымы саласындағы мәліметтерді беруден бас тарту немесе дұрыс емес ақпарат беру;

дара кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша үй-жайларға тексеру жүргізу үшін лицензиарды кіргізуден бас тартуы түрінде жасалған бұзушылық, –

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, осы баптың екінші бөлігімен қарастырылған әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –


белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы қағидаларын:

Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген орындарда айналымы;

лицензияда көрсетілмеген мекенжай бойынша этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы (экспорттан басқа);

алкоголь өнімін аралас полимер ыдыстармен, оның ішінде полиэтиленмен қапталған картон ораммен және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетімен өткізу, сол сияқты тұрқы бұзылған ыдыспен, анық сынған белгiлерi бар, тығыны бүлінген шөлмектермен айналымы (экспорттан басқа);

алкоголь өнімін (сырадан және күштілігі он екі пайызға жетпейтін градусы төмен ликер-арақ өнімдерінен басқа) қаңылтыр ыдыспен, заттаңбасы жоқ шөлмектермен және пластикалық ыдыстармен айналымы;

арақ және айрықша арақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағадан төмен бағамен айналымда болуы (экспорттан басқа);

екі және одан да көп лицензиаттың бір мекенжай бойынша, сол бір стационарлық және қойма үй-жайларда, этил спиртін (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретіндегі денатурацияланған этил спиртінің (этанолдың) және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы;

этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз сақтау, сату және (немесе) тасымалдау;

этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актіде көзделген жағдайларды қоспағанда тұтыну ыдысынсыз алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) айналымы түрінде бұзу, -


жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының бес жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

жеке тұлғаларға - құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылатын акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға- құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының сегіз жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің өндірісінің қағидаларын:

Судың ауыз су және техникалық регламент қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) суды дайындауға арналған жабдықпен жарақтандырмай өндіру;

алкоголь өнімін (шарап материалы мен сыраны қоспағанда) ақаулы бақылаушы есепке алу аспаптарымен не алкоголь өнімін ақаулы бақылаушы есепке алу аспаптарымен не өндіру көлемдері, дайын өнімдегі этил спиртінің үлесі, оларды әзірлеуге жұмсалған тұтыну ыдысының саны, және автоматты құю желісінің электр энергиясы туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын бақылаушы есепке алу аспаптарымен өндіру;


уәкілетті органға дайын өнімдегі этил спиртінің көлемдік үлесі және өңдеу көлемдері туралы ақпаратты автоматтв түрде беруді қамтамасыз ететін не уәкілетті органға дайын өнімдегі этил спиртінің көлемдік үлесі және өңдеу көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтамасыз етпейтін сол сияқты есептегі нормативтен тыс ауытқулары бар ақаулы бақылаушы есепке алу аспаптармен спирті өндіру;

спирт өлшеуіш аппараттарын, бақылаушы есепке алу аспаптарын, фланецтік қосындыларды пломбасыз пайдалану немесе уәкілетті органдар салған пломбаларды алып тастау;

екі және одан да көп лицензиаттың сол бір мекенжай бойынша, бір қоймалық үй-жайларда, стационарлық үй-жайларда сол бір жабдықта азық-түлік шикізатынан өндірілген (оның ішінде мұнай өнімдеріне қоспа ретіндегі денатуратталған этил спиртін (этанолды) және (немесе) алкоголь өнімін өндіру;

тұтыну ыдысын қайта пайдалана отырып, алкоголь өнімін (шараптан және сырадан басқа) өндіру;

этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актімен белгіленген бейне бақылау құралдарынсыз немесе ақауы бар видеобақылау құралдармен этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру;

Қазақстан Республикасы аумағында (аумағына) өндірілген (әкелінген) ферменттерді, ашытқы, құлмақты, тұтыну және көліктік ыдысты, қалпақтарды, тығындарды және этикеттеу өнімдерін тікелей өндіруші ұйымнан немесе оның ресми өкілінен, борышкердің мүлкін (актівтерін) өткізуші конкурстық немесе оңалтушы басқарушы сатып алмау түрінде бұзу, -

тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады


7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің және олардың айналымының шарттарын:

осындай қызмет бойынша лицензия қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру;

тағамдық емес шикізаттан өндірілген этил спиртінен, сол сияқты денатурацияланған этил спиртінен (этанолдан) алкоголь өнімін өндіру;

лицензиаттың лицензия қолданысының тоқтатыла тұрылуына байланысты рәсімдерді орындамауы, немесе лицензиарды этил спирті мен алкоголь өнімің өндірілуін және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актіде белгіленген функцияларын орындау үшін кіргізбеу;

Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде лицензиялық алымды төлемеу;

лицензиарға отыз күнтізбелік күн ішінде жазбаша түрде өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты бермеу;

уәкілетті органды және (немесе) қызметін жүзеге асыру орны бойынша уәкілетті органның аумақтық органын бұл туралы үш жұмыс күні бұрын жазбаша хабарландырмай демалыс және мереке күндері екінші және үшінші жұмыс ауысымында құю желілерінде алкоголь өнімін (сырадан басқа) буып-түю түрінде бұзу, -

белгілі бір қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


9. Лицензия қолданысы тоқтатылған не лицензиядан айырылған жағдайда этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірушінің этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актіде белгіленген рәсімдерді орындамауы, -

лицензия қолданысы тоқтатылған немесе лицензиядан айырған қызмет түрі үшін пайдаланылған жабдық тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Этил спиртін өткізудің (тиеп жөнелтудің, қабылдап алудың) белгіленген тәртібін бұзу:

этил спиртін күн сайын жергілікті сағат белдеуі бойынша сағат 17.00-ден сағат 9.00-ге дейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері өткізу (тиеп жөнелту, қабылдап алу);

этил спиртін алуға өкілеттігін уәкілетті орган бекітпеген тұлғаларға этил спиртін өткізу (тиеп жөнелту, қабылдау);

этил спиртін уәкілетті орган немесе акциздік бекет қызметкерлерінің қатысуынсыз өткізу (тиеп жөнелту) түрінде жасалған бұзушылық, –

белгілі бір қызмет түріне арналған лицензия қолданысын тоқтата тұрып, шағын немесе кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

белгілі бір қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;


2) 163-4-бапта үшінші бөлігінің бірінші абзацында «дәмханаларда» деген сөзден кейін «, мамандандырылған дүкендерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын пойыздардың құрамындағы вагон-мейрамханаларда, әуе, теңіз және өзен кемелерінде» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 214-бапта:

тақырыбында:

«таңбалаудың тәртібі мен қағидаларын» деген сөздер «таңбалау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалығы» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Өндірушінің немесе импорттаушының акциздік таңбалармен таңбалауға жататын акцизделетін тауарларды таңбалау тәртібін бұзуы -

екінші бөлігінің бірінші абзацында:

«акцизделенетін тауарлар», «акцизделенетін тауарлардың» деген сөздер «темекі бұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;

«және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жататын алкоголь өнімін (шарап материалы және сыраны қоспағанда) таңбалау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнаманы:

алкоголь өнімінің (шарап материалы және сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз айналымы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізуге;

сәйкестендіруге келмейтін есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімінің (шарап материалы және сыраны қоспағанда) айналымы және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізуге, –

құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылатын акцизделетін тауарларды тәркілеп және белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, этил спиртінің және алкоголь өнімінің айналымын дербес жүзеге асыратын жеке тұлғаларға – құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылатын алкоголь өніміне акциз ставкасының бес жүз пайызы мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;


4) 356-бапта:

бірінші бөліктегі «Мемлекеттiк» деген сөз «Осы Кодекстің 163-бабының бірінші – үшінші, сегізінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөлік «Кодекстiң» деген сөзден кейін «163-бабының алтыншы және жетінші бөліктерінде,» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 541-баптың бірінші бөлігі «163» деген цифрдан кейін «(үшінші – бесінші, жетінші - тоғызыншы және он бірінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;

6) 570-баптың бірінші бөлігінде «бесінші және сегізінші» деген сөздер «алтыншы және тоғызыншы» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 576-1-баптың бірінші бөлігінде «бесінші және сегізінші» деген сөздер «алтыншы және тоғызыншы» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 636-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:

екінші абзацта «163 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер алып тасталсын;

жиырма төртінші абзац «163» деген цифрдан кейін «(төртінші бөліктің төртінші және бесінші абзацтары, бесінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын;

отыз екінші абзацта:

«(163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері)» деген сөздер «(163 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«357-2» деген цифрлардан кейін «(екінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын;

отыз үшінші абзацта «163 (үшінші және төртінші бөліктері)» деген сөздер «163 (төртінші бөліктің екінші, үшінші және алтыншы абзацтары, бесінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;

отыз төртінші абзацта:

«163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері)» деген сөздер «163 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және он бірінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;


«357-2» деген цифрлардан кейін «(екінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын.

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, ст. 112; № 22, ст. 130, 132; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; 2011 жылғы 25 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 23 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңы және 2011 жылғы 6 сәуірде «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 сәуірде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 наурыздағы Заңы):

1) 471-бапта:

кестенің 3-бағанында:

реттік нөмірі 1.85 жолда:

«500» деген цифр «500 (3)*****» деген цифрлармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 1.86 жолда:

«500» деген цифр «500 (3)*****» деген цифрлармен ауыстырылсын;

ескерту мынадай 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) ***** лицензиялық қызметіне лицензиялық алым ставкасы:

этил спиртінің өндірісі, сырадан басқа алкоголь өніміңің өндірісі, лицензиясын алғанда – ЕАК 500-еселік мөлшерінде;

этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) немесе арақ және айрықша арақ өндірісі, боза айыру қонлырғысының немесе құю желісінің өнімділігі бойынша есептелген кәсіпорынның жылдық қуатының әрбір мың литріне жыл сайын қосымша АЕК 3 еселік мөлшері.»;


2) 472-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Этил спирті, сырадан басқа алкоголь өнімінің өндірісіне лицензиясын алатын төлеушілер, лицензиарға тиісті құжаттарды беруге дейін осы Кодекстің 471-бабы 5) тармақшасындағы екінші абзацпен көзделген ставкалар бойынша төлейді.

Осымен бірге, этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) немесе арақ және айрықша арақ өндірісіне лицензиясын алатын төлеушілер осы тармақтың бірінші бөлігімен қарастырылған ставкалар бойынша алым сомасымен қатар, лицензиарға тиісті құжаттарды беруге дейін осы Кодекстің 471-бабы 5) тармақшасындағы үшінші абзацпен көзделген ставкалар бойынша алым сомасын төлейді.

Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) немесе арақ және айрықша арақ өндірісіне лицензиясын алатын төлеушілер, лицензияны алған жылдан келесі жылдың басынан бастап ағымды жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей, осы Кодекстің 471-бабы 5) тармақшасының үшінші абзацпен белгіленген ставкалар бойынша лицензиялық алымның жыл сайынғы қосымша сомасын төлейді.»;

3) 653-бапта:

2) 4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«бажсыз сауда» кедендік рәсімінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін»;

10-тармақта:

мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) бейне бақылау құралдарының болуына және жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асырады.».

4. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжаттар; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):

37-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:


«5. Алкоголь өнiмдерiн мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бiлiм беру мекемелері ұйымдарында сатуға тыйым салынады.».

6. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат):

13-баптың 1-1-тармағында «белгілі болған» деген сөздер «пайдаланылатын» деген сөзбен ауыстырылсын.

7. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, № 134; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар):

1) 6-бапта:

3) тармақша «бизнесі» деген сөзден кейін «, этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау және оны көтерме саудада немесе бөлшек саудада өткізу» деген сөздермен толықтырылсын;

4) тармақша «қоспағанда» деген сөздің алдынан «сондай-ақ этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау және оны көтерме саудада немесе бөлшек саудада өткізу саласындағы қызмет түрлерін лицензиялау қағидаларын» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«36-бап. Этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі саласындағы қызметті лицензиялау

Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:

1) этил спиртінің немесе коньяк спиртінің өндірісі;


2) алкоголь өнімінің, оның ішінде арақ және айырықша арақ немесе ликер-арақ өнімдерінің, немесе шарап материалының, немесе шарап, немесе коньяк (қазақстан коньягінің), немесе бренди (қазақстан брендиінің), немесе сыра өндірісі.

3) алкоголь өнімдерін сақтауды және көтерме немесе бөлшек саудада сату;

4) жоқ;

5) темекі өнімдерінің өндірісі.»;

3) 42-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«Лицензия берудің шарттары, тәртібі мен мерзімдері, лицензия беруден бас тарту және лицензия беруден бас тартуға шағымдану, лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру, қолданылуын тоқтат тұрған, қайта бастаған және тоқтатқан кездегі іс-қимыл тәртібі, этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау және көтерме немесе бөлшек саудада өткізу саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының этил спиртін және алкоголь өнімін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңдарына сәйкес айқындалады.»;

4) 44-баптың бірінші абцазында «(лицензиялардың телнұсқасы)» деген сөздерден кейін «және өзге жағдайларда» деген сөздермен толықтырылсын.

8. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 218, 84-құжат; № 23, 100-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; №11, 58-құжат; № 15, 71-құжаттар; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжаттар):

мынадай мазмұндағы 9-3-баппен толықтырылсын:

«9-3-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 472-бабы 3-1- тармағының қолданысын 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтату, аталған баптың 3-тармағын тоқта тұру мерзімі мынадай редакцияда қолданылады:


«3-1. Этил спиртін, сырадан басқа алкоголь өнімі өндірісіне лицензиясын алатын төлеушілер, лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін осы Кодекстің 471-бабы 5) тармақшасының екінші абзацында көзделген ствкалар бойынша алым сомасын төлейді.

Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) немесе арақ және айрықша арақ өндірісіне лицензиясын алатын төлеушілер, лицензияны алған жылдан келесі жылдың басынан бастап ағымды жылдың 10 қаңтарынан және 10 шілдесінен кешіктірмей тең үлесте, осы Кодекстің 471-бабы 5) тармақшасының үшінші абзацында белгіленген ставкалар бойынша лицензиялық алымның жыл сайынғы қосымша сомасын төлейді.

Сонымен бірге, этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) немесе арақ және айрықша арақ өндірісіне лицензиясын алатын төлеушілер ағымы жылдың бірінші жартысында осы тармағының бірінші бөлігімен қарастырылған ставкалар бойынша алым сомасымен қатар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін, осы Кодекстің 471-бабы 5) тармақшасының үшінші абзацында белгіленген ставкалар бойынша алым сомасының елу пайызын төлейді. Осы Кодекстің 471-бабы 5) тармақшасындағы үшінші абзацында көзделген ставкалар бойынша ағымды жылдың 10 шілдесінен кешіктірмей алым сомасының елу пайызын төлейді.

Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) немесе арақ және айрықша арақ өндірісіне лицензиясын алатын төлеушілер ағымы жылдың екінші жартысында осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ставкалар бойынша алым сомасымен қатар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін, осы Кодекстің 471-бабы 5) тармақшасының үшінші абзацында белгіленген ставкалар бойынша алым сомасының елу пайызын төлейді.».


9. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылдағы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат):

аталған Заңға қосымшада:

мынадай мазмұндағы 93) тармақшамен толықтырылсын:


«93) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы саласында».

2-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын (алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату бойынша қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың декларациялауына қатысты), 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының жиырма алтыншы, жиырма жетінші және отыз бірінші абзацтарын, осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының отызінші абзацын қоспағанда, алғаш ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті