girniy.ru 1

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық органдарының жұмыс қорытындылары туралы

2008 жылы шаруашылық жүргізуші субъектілер және облыс азаматтарымен мемлекеттік бюджетке болжам бойынша 119 536.1 млн. теңгеден, 114 867.4 млн. теңге салықтар мен төлемдер аударылып, жоспардың орындалуы 96.1 % құрады. Соның ішінде:
- Республикалық бюджеттің табысы бойынша жоспар 95.6 % орындалып, болжанған 75 715.2 млн. теңгеден бюджетке 72 396.4 млн. теңге аударылды.
- Жергілікті бюджетке 42 471 млн. теңге түсіп, жоспар 96.9 % орындалды.

Жоспардың орындалмауы және түсімдердің төмендеуі, 8 925.8 млн. теңгеге корпаративті табыс салығы бойынша заңды тұлға-резиденттерден жоспардың орындалмауы себеп болып отыр.
КТС бойынша түсімдердің негізгі бөлігін «Қазмырыш» АҚ-ның түсімдері құрайды. Сонымен қатар, аталған АҚ бойынша 2007 жылмен салыстырғанда КТС түсімдері 23 666.3 млн. теңгеге төмендеген.

Республикалық мониторингте тұрған кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетке аударған түсімдері бойынша «Казцинк» АҚ бөлігі 91.6 % құрайды.
КТС және роялти бойынша түсімдердің төмендеуінің негізгі себебі ретінде Лондондық металл биржасындағы мырыш, мыс және қорғасынға баға төмендеуі болып отыр. Баға төмендеу тек қана «Казцинк» АҚ ғана емес, сонымен қатар оның мердігерлері мен жабдықтаушыларының жұмысына әсерін тигізді.
«Казцинк» АҚ мердігерлерінен бюджетке салықтық түсімдердің төмендеуі және (немесе) жетіспеушілік пайда болу тәуекеліне қатысты ШҚО СД атқарылған жұмысын жағымды жай ретінде атап өтуге болады. Мердігерлердің қаржыландыруы зерттеліп, олардың салықтарды бюджетке қаржыландыру кестесі бойынша төлеуі және 2008 жылы 146.4 млн. теңгеге бюджетке түсуі қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, 2007 жылмен салыстырғанда «ҮМЗ» АҚ КТС бойынша рентабелділік өнімнің қысқару салдарынан 1 052.5 млн. теңгеге төмендеуі байқалды.
Шығындарды толтыру мақсатында қосымша қорларды табуға ерекше көңіл бөлінді.

Камералды бақылау нәтижесінде қайта аударылған сома 117.8 млн. теңге, төлеттіріп алған сома 115.3 млн. теңге, өндірістік емес төлемдердің әкімшілендіруі бойынша бюджетке қосымша 582.4 млн. теңге түсім қамтамасыз етілді. Бюджетке түсімдерді көбейту қоры болып мерзімінде төленбеген салықтарды жою танылады. 2008 жылдың басымен салыстырғанда салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыздардың мөлшерін төмендету 14700.2 млн. теңгеге (84.4%), мерзімінде төленбеген салықтар 69 67.6 млн. тенге (86.6%) қамтамасыз етілді.


Бюджетке берешегі бар салық төлеушілер мөлшері 4530 (27%) томендетіліп, есептік күнге 12 272 болды. Мерзімінде төленбеген салықтар ішінен 1081.8 млн. теңге (31.12.2008ж.) – 984.5 млн. теңге немесе 91% үмітсіз мерзімінде төленбеген салықтарға келеді.
19 аумақтық салық басқармаларының ішінен мерзімінде төленбеген салықтар сомасы 5 салық басқармасында жойылған, 2-нде міндетті зейнетақы қорына төлемдерден қарыздары жоқ, 8-нде әлеуметтік төлемдерден қарыздары жоқ.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 21.02.2008ж. қаулысына сәйкес облыстың салық органдары заңды түлғаларды жоюға және жеке кәсіпкерлердің іс-әрекетін тоқтатуға байланысты салық төлеушілердің жазған арыздары негіз болатын тексерулерден басқа, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатты.
Жалпы облыс бойынша қайта төленген (салықтар, өсімдер) төлемдер мөлшері 1 908.4 млн. теңгені құраған, ол 2007 жылмен (2 005.2 млн. теңге) салыстырғанда 96.8 млн. теңгеге кем. Қайта төленген сомалардан бюджетке 605.2 млн. теңге немесе 31.7% өндіріліп алынды (2007 жылы өндіріліп алынған сома 845.1 млн. теңгені немесе 42.2% құрайды).

2008 жыл ішінде 92 залады кәсіпорындар тексерілді, солардың ішінде 310.713 мың теңге шығындары азайтылып, 224.9 млн. теңге сомасына салықтар мен өсімдер қайта төленді.

Салық органдары мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жұмыстарын ұдайы өткізуде. Салықтық қызмет көрсету барысында салық төлеушілерге толтыруға арналған ақпаратты қабылдау мен өңдеу орталығында болған карточкасы ұсынылады, олар токсан аяғында зерттеліп, тиісті шаралар қолданылады. Аталған учаскеде бақылау орнату мақсатында Орталықтарда бейне бақылау камералары орнатылған, әрбір салық төлеуші үшін өзінің тілектері мен қарсылықтарын білдіруге арналған сауалнама бланкілері орнастырылған, 2008 жылы 163 305 респондент сауалға салынған еді, соның ішінде 93207 жеке тұлға және 70098 бизнес өкілдері. Барлық сауалға қатысқандар ішінен көрсетілген қызметке разы еместер 0.11% немесе 45 бизнес өкілдері және 142 жеке тұлға.


Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа Салық кодексін салық төлеушілерге түсіндіру бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Семинарлар өткізіліп , кітапшалар мен буклеттер басылуда. 2008 жылы 358 мақала, 345 хабарлама жарықка шықты, 49 телебағдарлама өткізіліп, 124 хабарлама берілді және 1107 салық төлеушілерге семинарлар кездесулер өткізілді. Ауызша және жазбаша түсіндірулер әрдайым берілуде.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінде ассоциациялар, кәсіподақтар және қоғамдық бірлестіктермен «Дөңгелек үстел» отырысы өткізілуі сирек емес. Сонымен қатар 26.12.2009 жылы салық төлушілерге жаңа Салық кодексін түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

ШҚО бойынша Салық департаментімен жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық мақсатында «Нұр Отан» ХДП ШҚО бөлімшесімен меморандумға қол қойылып, жемқорлыққа қарсы күрес саласында бірлескен іс-әрекеттердің бағдарламасы қабылданды.