girniy.ru 1

Шығыс Қазақстан облысының 2010 жылдың бірінші тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуалы туралы ақпарат

Есептік кезеңдегі басты ақпараттық және саяси оқиға Елбасының Қазақстан халқына жариялаған кезекті «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы болды. Құжаттың негізгі басым бағыттарын түсіндіру мақсатымен облыста ақпараттық-насихаттау жұмысы ұйымдастырылған. Құрамында облыстық басқармалардың басшылары, азаматтық қоғам институтының өкілдері бар жедел ақпараттық-насихаттау топтарының  іс-сапар кестесі, насихаттау және түсіндіру жоспары, медиа-жоспар жасалып жүзеге асырылуда.

Елбасы Жолдауының шыққан уақытынан бастап барлық деңгейдегі ақпараттық-насихаттау топтарымен 1742 кездесулер, 234 «дөңгелек үстел» отырыстары және семинарлар өткізілді. Осы жұмыс формасымен 91565 адам қамтылды. Сонымен қатар 20-ға жуық активтер өткізіліп, олардың жұмысына 4630 адам қатысты.
Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың, басқарма бастықтарының қатысуымен өткен барлық деңгейдегі әкімдердің жұртшылық өкілдерінің алдында есептері қоғамдық-саяси ахуалды нығайтуға, билік органдарының жағымды имиджін қалыптастыруға оңды үлес қосты.

Есеп беру науқаны облыс әкімінің 10 ақпанда Семейде, 12 ақпанда Өскемен қаласында облыстың 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары мен 2010 жылға арналған  міндеттер жайындағы баяндамасымен  аяқталды. Өткізілген есеп беру жиындары халықтың билік органдары жүргізіп отырған мемлекеттік саясатты  қолдайтынын дәлелдеді.
Атқарушы билік органдары мен азаматтық қоғам институттарының қарым-қатынасын нығайту барысындағы сындарлы жұмыстардың жалғасуы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың сақталуына ықпалын тигізді. Түрлі үндесу алаңдары белсенді жұмыстар атқарды, олардың қатарына Қоғамдық кеңесті, Ақпараттық саясат жөніндегі кеңесті, Бас редакторлар клубын, Саяси клубты жатқызуға болады.

Тұрғындардың елеулі мәселелерін шешу мақсатымен мемлекеттік органдардың, барлық саяси партиялардың, ҮЕҰ, қоғамдық қозғалыстардың, діни бірлестіктердің, кәсіподақтардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен есептік кезең ішінде Қоғамдық кеңес жұмыс тобының 30-дан артық отырыстар өтті.

Облыста 9 саяси партия филиалы және республикалық қоғамдық-саяси ұйымдардың 3 өкілдігі: «Лад», «Поколение», «Ұлт тағдыры», тіркелген.
Ұлтаралық ынтымақ пен келісімді нығайту мәселелері мемлекеттік органдардың тұрақты назарында. 1 наурызда облыстық Достық үйінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 - жылдығына арнап Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясы бірігіп «Қазақстандық үлгідегі этносаралық келісімнің табысты дамуы» атты аймақтық форумды өткізді. Оның қорытындысы бойынша форумға қатысушылардың шығысқазақстандықтарға үндеуі қабылданды. Іс-шаралар облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдары мен «Үміт» балалар үйінің дайындаған мерекелік концертімен аяқталды.

20 наурыздан бастап Өскемен қаласында «Туған ел – алтын бесігім» акциясының аясында облыстық басқармалар мен департаменттері мемлекеттік қызметкерлерінің көркемөнерпаздар ұжымдарының байқауы өткізіледі.
Жастар саясаты және үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл бағдарламалары аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен бірге, 5 ақпанда «Нұр Отан» ХДП ШҚ филиалының «Жас Отан»  жастар қанаты ШҚО бойынша орталық сайлау комиссиясымен бірге Халықаралық сайлау күніне арналған  дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Билік органдарының барлық меншік түріндегі бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастығы елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың  сындарлы ақпараттық қамтамасыз етілуіне қол жеткізді. Мемлекеттік тапсырыс билік органдары мен БАҚ арасындағы өзара қарым-қатынасының негізгі формасы  болып отыр.  
Халықаралық Әйелдер күнін, Наурыз мерекесін атап өту аясындағы іс-шаралар қоғамның нығаюына, әлеуметтік сенімнің артуына, Шығыс Қазақстан халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің қайта жаңғыруы мен көркеюіне зор ықпалын тигізді.

Жалпы алғанда, облыстағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.