girniy.ru 1

Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығына арналған жерлерге түгендеу барысы туралы.


Жер қорын тиімді пайдалану қазіргі заманда тұрақты дамудың негізі болып келеді. Ол қанша аз немесе көп болғанмен де «Табыс формуласы» оның экономика мен адамдардың қажеттілігіне қаншалықты тиімді қолданылуында болып табылады. Соңғы 10 жылда республикамызда жерді пайдаланбау мәселесімен айтарлықтай жиі кездесіп тұрды.

Ағымдағы жылы Қазақстанның президенті Н.Ә. Назарбаевпен ауыл шаруашылығына арналған жерлерді түгендеуді жүргізу бойынша тапсырма берілді.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен ауыл шаруашылығына арналған жерлерді түгендеуді жүргізу бойынша облыстық Жұмыс тобын құру туралы қаулы қабылданды. Облыстың қалалары мен аудандарында жергілікті атқарушы органдардың шешімімен ұқсас жұмыс топтары құрылды, ауылдық округтер шегінде түгендеу жүргізу кестесі әзірленді және бекітілді.

Осыдан кейін қарқынды жұмыс басталды. Осылайша, көктемде, ауылдық аймақтар бойынша рейд басталды, оны жүргізу барысында ауыл шаруашылық құрылымдармен жалға алынған пайдаланылмайтын жерлер табылды. Егерде осы сияқты жағдайлар орын алып жатса, онда «Ықылассыз иелерге» жерді өз бетімен мемлекетке қайтарып беру немесе 1 жыл ішінде игеруді ұсынды.

Қазіргі таңда біздің облыс бойынша көбінесе барлық аудандарда жерлерді тексеру аяқталды және пайдаланылмайтын жерлер анықталды және қазіргі уақытта осындай жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

10 қыркүйек жағдайы бойынша 575,6 мың гектар пайдаланылмайтын жерлер анықталды, оның ішінде 97,4 мың гектар егістік, оның 203,7 мың гектары иесіз жерлер ретінде есепке қойылды, 112,7 мың гектары мемлекетке қайтарылды. Алайда, мынандай аудандарда Аягөз, Күршім, Семей қаласында құжаттардың көп мөлшері жұмыс тобының қарауында болғандықтан пайдалануға және ауыл шаруашылық құрылымдармен жалға алынған жерді айналымға тартуға шара қолданылмады.


79,7 мың гектар ауданда 172 жер пайдаланушылар бойынша құжаттар Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша аймақаралық жер инспекциясына берілді және келесі шаралар қабылданды:

- 63,3 мың гектар ауданда 149 субъектілерге жерді пайдалану қажеттігі туралы жазбаша ескертулер берілді;

- 733,3 мың теңге сомада 9 субъектілер бойынша айппұл санкциялары салынды.

Оған қоса, Риддер қаласы бойынша 0,1 мың гектар ауданда 2 учаске бойынша жерлерді ұтымсыз пайдалану бойынша құжаттар инспекцияға берілді, жер пайдаланушыларға жазбаша ескертулер берілді және сомасы 90,7 мың теңге айппұл салынды.

Осымен жұмыс бітпеуі керек. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдарға тұрғындармен тұрақты түрде алдын алу жұмыстарын жүргізу, оларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жер заңнамасына толық түсінік беру, жауапсыз жер пайдаланушыларға жіберілген тәртіп бұзушылықтары үшін жауапты екенін ескерту қажет.

Ел басымен ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеуді көтеру және индустриализациялау, елдің өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізінде агроөнеркәсіп кешенде еңбек өнімділігін кемінде екі есе көтеруге міндет қойылды. Жерлерді тиімді және ұтымды пайдалану жолымен ғана алға қойылған мақсаттарға жетуге болады.

Ауыл шаруашылық өндірістерінің басшыларына жерге немғұрайлы қарау соңында оның түгелдей құнсыздануына әкелетіндігіне назар аударғымыз келеді. Біздің міндетіміз осыны болдырмау, сондықтан жауапсыз жер пайдаланушыларға алдағы уақытта қатаң шара қолданатын болады.


ШҚО жер қатынастары

басқармасы бастығы Қ. Толеубеков