girniy.ru 1


Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау


«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде 2013 жылдың 22 мен 23 тамызы аралығында Курчатов қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік универститетімен бірлесіп «Бизнес кеңесші» кезекті семинарын өткізді. Ағымдағы жылы осындай семинар екі рет өткізілуде, бірінші рет маусым айында өткізілген.

Семинарға қаланың жұмыс істейтін және потенциалды кәсіпкерлері қатысты.

Семинар барысында бизнесті жүргізу ережелерінің мәселелері айтылды. Семинарға қатысушылар экономикалық және заңдық аспектілер мәселелеріне жауаптар алды. «Даму» қорының қызметкерлерімен мынадай бағдарламаларды жүзеге асыру «Бизнестің жол картасы 2020», «2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту Бағдарламасы» сияқты кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың механизмдері айтылды.

Оқытудан 30 адам өтіп, семинарға қатысушыларға сертификаттар мен таратпа материалдар (буклеттер, кітапшалар, кәсіпкерлік мәселесі жөнінде жұрналдар)табысталды.

«Даму» қорымен қатар кәсіпкерлікті қолдаудың Мобильді Орталығы (одан әрі қарай КҚМО) келді. КҚМО мамандары кәсіпкерлік қызметі объектілеріне тікелей барып кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша және бухгалтерлік, салық есептіліктерін құрастыру, мемлекеттік сатып алулар және т.б. бойынша тегін кеңестер берді. Сонымен қоса КҚМО мамандары «Азот» ӨК, «Казфоам» ЖШС, «МұнайГазИзоляция» ЖШС, «Сова» ЖШС сияқты шағын бизнес кәсіпорындарына барып қайтты.

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша тереңірек мағлұматты Тәуелсіздік көшесі, 4 (жалғастыра салынған жай) бойынша қалалық әкімдік ғимаратында орналасқан кәсіпкерлікті қолдау оралығынан және «ШҚО Курчатов қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ алуға болады, тел. 2-60-48, 2-36-48.

Курчатов қаласының кәсіпкерлік бөлімі