girniy.ru 1


«Стационарлық және стационарды

алмастыратын медициналық көмектің

көлемін жоспарлау әдістемесін

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2011 жылғы «___»_________

№ ____ бұйрығына қосымша


Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің көлемдерін жоспарлау әдістемесі


1. Кіріспе


Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің көлемін жоспарлау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының Іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында әзірленді.

Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің (бұдан әрі – СМК/САМК) көлемдерін жоспарлаудың мақсаты мынадай жолдармен денсаулықты сақтауға азаматтардың конституциялық құқығын, медициналық көмектің қолжетімділігін, денсаулық сақтау жүйесінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету болып табылады:

кадрлық және материалдық ресурстарды оңтайлы бөлу;

медициналық ұйымдардың қызметін бақылау және үйлестіру.

Әдістеме СМК/САМК көлемдерін болжау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарына және денсаулық сақтау субъектілеріне арналған және СМК/САМК көлемдерін жоспарлау үдерісін және СМК/САМК қажеттілік нормативтерін есептеу әдістемесін регламенттейді.


2. Жалпы ережелер


Әдістеме Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтаудың жүйесінде клиникалық-шығынды топтар бойынша (бұдан әрі – КШТ) Қазақстан Республикасының тәуліктік және күндізгі стационарларындағы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің көлемін жоспарлауды регламенттейді.

Осы Әдістемеде мынадай терминдер, ұғымдар және олардың анықтамалары пайдаланылады:


стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектегі негізгі қажеттілік – емхананың стационарында/күндізгі стационарында емделуді қажет ететін пациенттердің нормативтік саны;

күндізгі стационар (стационарды алмастыратын көмек) – күн ішінде төрттен сегіз сағатқа дейін медициналық бақылау ұзақтығымен дәрігерлік жәрдемге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұсынудың нысаны;

клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі – КШТ) – емдеудің шығындары ұқсас клиникалық біртекті аурулардың топтары;

төсектік қор – бұл стационарлық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдағы сметалық төсектер саны (немесе қаланың, ауданның, облыстың және т.б. барлық медициналық ұйымдарындағы жиынтығы);

1000 халыққа шаққанда төсектік-күн – белгілі бір аумақтың 1000 халқына шаққандағы есеппен пациенттің медициналық ұйымдағы төсекте жатқан күнінің санын көрсететін, халықтың стационарлық (стационарды алмастыратын) көмекпен қамтамасыз етілу көрсеткіші;

норматив – нормалардың экономикалық немесе техникалық көрсеткіші, оған сәйкес жұмыс жүргізіледі;

жоспарлы емдеуге жатқызу – Емдеуге жатқызу бюросының Порталы арқылы пациентті емдеуге жатқызу, оның ішінде квоталар бойынша;

СМК/САМК жоспарланатын көлемі – төсектік қорды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында күнтізбелік жылға арналған стационарлық/стационарды алмастыратын емдеуге жоспарланатын пациенттер санында көрсетілетін СМК/САМК шамасы;

емдеуге жатқызу бойынша жоспар-тапсырыс – СМК/САМК жоспарланатын көлеміне сұраным;

шұғыл емдеуге жатқызу – денсаулыққа елеулі зиян келтіруді болдырмау және өмірге қауіп төнуді жою үшін шұғыл медициналық көмекті қажет ететін аурулар мен жағдайлар туындаған кезде пациентті емдеуге жатқызу.

СМК/САМК көлемін жоспарлау барысында мақсатты кешенді жоспарлау әдісі пайдаланылады, оның басты мақсаты пациенттің дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау қағидатын, бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруды және медициналық қызметті көрсету үдерісінің айқындылығын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде ресурстарды әділетті және анағұрлым ұтымды бөлуге қол жеткізу болып табылады.



3. СМК/САМК көлемдерін жоспарлау үшін ақпарат


СМК/САМК көлемдерін болжау (жоспарлау) үшін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары және денсаулық сақтау субъектілері мынадай ақпаратты пайдаланады:

- облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – ОДБ), медициналық ұйымдардың басшылары растаған ауруханалардан алынатын төсек қоры, тәуліктік және күндзігі стационар жағдайларында КШТ бойынша нақты көрсетілген медициналық көмек туралы деректер;

- ОДБ растаған КШТ бойынша стационарлық көмектегі халықтың қажеттілігін бағалап, амбулаториялық-емханалық ұйымдардан (бұдан әрі – АЕҰ) (стационарлық көмек көлемінің нақты тапсырыс берушілері) алынатын СМК/САМК қажеттілігі туралы ақпарат;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінен (бұдан әрі – ҚР ДСМ МФҚБК) және ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінен (бұдан әрі – ҚР МҚАТК) алынған негізделмеген емдеуге жатқызу жағдайлары туралы ақпарат;

- Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығынан (бұдан әрі – ДСДРО) Емдеуге жатқызу Порталынан алынған стационарлық емдеуге жатқызудың кезектілігі туралы ақпарат.

Одан басқа, жоспарлау кезінде мынадай факторлар есепке алынады:

- медициналық көмектің нақты қалыптасқан көлемі;

- стационарлардың төсек қуаттылығы;

- сырқаттанушылықтың, туып-көбеюшіліктің деңгейі.

Алынған деректерді талдаудың негізінде өткен кезеңнін көлемдерімен салыстырғанда тәуліктік стационарлық көмектің көлемдерінен асуды болдырмай СМК/САМК деңгейін келесі кезеңге жоспарлау жүзеге асырылады.


4. СМК/САМК бюджетін жоспарлау

1. СМК/САМК қаржылық шығындарын жоспарлау төлеуші мен СМК/САМК жеткізушісінің экономикалық мүдделерінің келісімінде негізделген.


2. СМК/САМК бюджетін қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі осы Әдістеменің 3-бөліміне сәйкес алынған ақпараттың негізінде айқындайды:

жоспарланатын кезеңге көмектің нысандары бойынша медициналық қызметтерді тұтынудың жоспарлы көлемін;

СМК/САМК көрсетуге медициналық ұйымдар шығындаған қаражатты өтеу үшін қажетті қаржылық ресурстардың көлемін.

3. СМК/САМК қаржыландыру көлемі СМК/САМК жоспарланатын көлеміне сәйкес есептеледі.

4. СМК/САМК көлемінің бірлігі ретінде тиісті КШТ салмақ коэффициенті бойынша мөлшері анықталатын КШТ-да емдеуі аяқталған әрбір жағдайдың құны болады.

5. Қаржылық жоспар СМК/САМК шектеулі көлемінің жоспарына сәйкес күнтізбелік қаржылық жылға құрастырылады.


5. СМК/САМК көлемін жоспарлаудың нұсқалары


СМК/САМК көлемін жоспарлау екі нұсқа бойынша іске асырылады.

№1 нұсқа СМК/САМК қалыптасқан деңгейіне байланысты көлемдерін жоспарлауды көздейді, СМК/САМК нормативтері жоқ болған жағдайда іске асырылады:

№2 нұсқа СМК/САМК қажеттілігінің нормативтерін әзірлеуді, бекітуді, олар бойынша СМК/САМК көлемдерін жоспарлауды көздейді.

Жауапты орындаушылар СМК/САМК көлемдерін жоспарлауды мынадай алгоритмдер бойынша жүзеге асырады.


6. № 1 нұсқа бойынша СМК/САМК көлемін жоспарлаудың алгоритмі және әдістемесі


№ 1 нұсқа бойынша СМК/САМК көлемдерін жоспарлаудың алгоритмі жүйелі кезеңдері бар 4 қадамнан тұрады.

1-қадам – КШТ кескінінде СМК/САМК бойынша жоспар-өтінімдерді құрастыру:


Кезеңдер

Іс-шара

Жауапты орындаушылар

1.

КШТ бойынша соңғы жыл ішіндегі әрбір медициналық ұйым бойынша халықты емдеуге жатқызудың ағыны туралы деректерді талдау


ДБО

АЕҰ

Стационарлар


2.

Қалыптасқан көлемді және оның орындалуын талдау, тиімсіз аймақтарды анықтау:


- бейіндер бойынша төсек қорын талдау, оның динамикасы, қайта бейімдеу және т.б.;

- қалыптасқан көлемді және оның орындалуын талдау;

- тиімсіз аймақтарды анықтау;

- емдеуге жатқызу кезектілігін талдау жолымен қанағаттандырылмаған қажеттілікті бағалау;

- негізсіз емдеуге жатқызу жағдайларын анықтау;

- стационарлық емдеу жағдайларының бір бөлігін амбулаториялық деңгейге ауыстыру бойынша емханалардың мүмкіндіктерін талдау;

- стационардың стационарды алмастыратын және ресурс үнемдеуші технологияларды пайдалану мүмкіндігін талдау

ДБО

АЕҰ

Стационарлар


3.

Емхана стационарлықтан амбулаториялық деңгейге ауыстыруды жоспарлайтын КШТ тізбесін айқындау:

- амбулаториялық көмек көрсетудің жаңа әдістемелерін енгізу, емдеу және ұйымдастырушылық (күндізгі стационар, үйдегі стационар, белсенді патронаж және т.б.);

- тәуліктік стационарлардағы қарқынды емдеу кезеңінен кейін және т.б. пациенттерді емдеу бөлігінде амбулаториялық көмекті кеңейту

ДБО

АЕҰ


4.

Тәуліктік стационардан күндізгі стационарға ауыстыруды жоспарлайтын КШТ тізбесін айқындау және стационарды алмастыратын және ресурс үнемдеуші технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктерін талдау

ДБО

Стационарлар




Бұл кезеңде қолданыстағы бейіндер бойынша науқастарды анағұрлым ұтымды орналастыру үшін қорлар айқындалады.


Бұл ретте стационарларға:

а) мыналарды:

- оперцияларды нашар жоспарлауға байланысты операцияға дейінгі ұзақ кезеңуі;

- зерттеулер мен консультацияларға ішкі кезектіліктің болуына байланысты ұзақ диагностикалық кезеңді (мысалы, параклиникалық қызметтердің жұмыс уақыты шектеулі болғандықтан, демалыс және мереке күндерінде қызметі тоқтап қалуына байланысты);

- қарқынды емдеу курсы аяқталғаннан кейін стационарда жатудың ұзақ кезеңі және т.б. болғызбау үшін шаралар қабылдау қажет;

б) мүмкіндіктерді қарастыру:

- емдеудің жаңа және тиімді технологиялық әдістерін енгізуді кеңейту (эндоскопиялық хирургияны, емдеудің қазіргі заманғы дәрілік және физиотерапиялық әдістемелерін пайдалану және т.б.);

- емдеуге жатқызуды қажет етпейтін аурулар кезінде науқастарға амбулаториялық және стационарды алмастыратын көмекке (біріктірілген аурухана жағдайларында) кадрлық және қаржылық ресурстарды қайта бөлу.



Кезеңдер

Іс-шара

Жауапты орындаушылар

5.

КШТ кескінінде СМК/САМК бойынша жоспар-тапсырысты құрастыру

МҰ (стационарлар, АЕҰ)


Жоспар-тапсырыстан амбулаториялық деңгейде емдеуге жататын емдеуге жатқызу жағдайлары жойылады.

КШТ бойынша СМК жоспарлы көлемін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:


ЖК =∑ (БҚ – НЕМ + КП – САМК), мұнда:

ЖК – стационарлық көмектің жоспарлы көлемі;

БҚ – стационарлық көмектегі базалық қажеттілік;

НЕМ – негізделмеген емдеуге жатқызу жағдайларының саны;

КП – қазіргі уақытқа Күту парағы бойынша емдеуге жатуды күтіп отырғандар;


САМК – күндізгі стационар деңгейіне ауыстырылған жағдайдың саны;

∑ – деңгейлер немесе КШТ бойынша қосындылау белгісі.


СМК барлық көлемінен ЖММК жағдайы ерекшеленеді.

СМК және САМК үшін жоспар-өтінім «СМК/САМК жоспарлы көлеміне жоспар-өтінім» 1-кестеге сәйкес нысан бойынша бөлек құрастырылады.


1-кесте – СМК/САМК жоспарлы көлеміне жоспар-өтінім

Өңір________________________




КШТ

Медициналық ұйым

Жағдай саны

барлығы

оның ішінде ЖММК

1

2

3

4

5

1













2













….
















БАРЛЫҒЫ











Кезеңдер

Іс-шара

Жауапты орындаушылар

6.

ОДБ-на КШТ кесіндісінде СМК/САМК бойынша жоспар-өтінімді жіберу

МҰ (стационарлар, АЕҰ)


2-қадам – өңір бойынша КШТ кесіндісінде СМК/САМК бойынша жоспарлар-өтінімдерді қарастыру, жиынтықтау және бекіту


Кезеңдер

Іс-шара

Жауапты орындаушылар

7.

Деректерді жиынтықтау, өңір бойынша СМК/САМК жоспарлы көлемнің жоспар-өтінімін теңестіру және қалыптастыру

ОДБ

МҚАТК АД

8.

ҚР ДСМ-не өңір бойынша СМК/САМК жоспарлы көлемнің жоспар-өтінімін жіберу

ОДБ


3-қадам – СМК/САМК жоспарлы көлемін қарастыруды, жиынтықтауды және теңестіруді ҚР ДСМ МКҰД-ті құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық ұйымдарды жұмылдырумен іске асырады.

Халық қажеттілігінің талдауы негізінде қаржыландыру басымдығы айқындалады, қажет болғанда ОДБ ұсынған жоспар-өтінімге түзетулер жүргізіледі. Сондай-ақ халықтың МҰ өз бетімен таңдау ерекшеліктері, оның қажеттілігін әртүрлі МҰ және өңірлерде қанағаттандыру мүмкіндіктерін, халық саны, төсек қоры, туу, алғашқы рет сырқаттану бойынша соңғы 10 жыл ішінде орташа қалыптасқан көрсеткіштер есепке алынады.


4-қадам – ҚР ДСМ-де ҚР бойынша СМК/САМК жоспарлы көлемін өңірлер кесіндісінде ҚР ДСМ МҚҰД бекітеді.

Әрбір өңір және МҰ өз өтінімдерінің нұсқаларын әлеуетті бәсекелесімен салыстырады және мемлекеттік тапсырыс алуға өздерінің мүмкіндіктерін бағалайды.


7. № 2-нұсқа бойынша СМК/САМК көлемін жоспарлаудың

алгоритмі және әдістемесі


№2 нұсқа бойынша СМК/САМК көлемдерін жоспарлаудың алгоритмі 4 қадамнан тұрады.

1-қадамСМК/САМК бойынша нормативтерді есептеу және бекіту (базалық қажеттілік) және 1 мен 2-кестені толтыру.

Нормативтерді әзірлеуді ДСДРО жүзеге асырады.


1-кесте – СМК/САМК базалық көлемі (нормативтері)




КШТ

Емдеуге жатқызу деңгейі (1000 халыққа шаққанда емдеуге жатқызу жағдайының саны)

Уi r

1 науқастың стационарда жату уақытының орташа ұзақтығы

Ti дп

1000 халыққа шаққанда төсек-күндерінің саны

Ni к/д

1

2

3

4

5



















……











БАРЛЫҒЫ











2-кесте – Деңгей бойынша Ni т/к КШТ бойынша ҚР 1000 халқына шаққандағы Ni т/к емдеуге жатқызудың төсек-күндерінің орташа көрсеткіші




КШТ

Республикалық деңгей

Облыстық

(қалалық) деңгей

Өңір деңгейі

Барлық деңгей бойынша жиыны

Жиыны

жағдайлар саны:

ересектер үшін

балалар үшін

ересектер үшін

балалар үшін

ересектер үшін

балалар үшін

ересектер үшін

балалар үшін




1

2

3

4

5

6

7

8

9


10

11






































































БАРЛЫҒЫ





























2-қадам – өңірлер бойынша КШТ кесіндісінде СМК/САМК бойынша нормативтерді есептеу және бекіту.

Келесі қадамдарды ҚР ДСМ МКҰД-ті жасайды.

3-қадам – өңірлер және МҰ кесіндісінде нормативтер бойынша СМК/САМК көлемін есептеу және бөлу.

4-қадам – нормативтер бойынша өңірлер кесіндісінде және ҚР бойынша СМК/САМК бойынша жоспарлы көлемді бекіту.

Нормативтерге сәйкес жоспарлы көлемді түзетіп, теңестіргеннен кейін кейінгі жылдары жоспарлау №1-нұсқаға сәйкес іске асырылады.



8. СМК/САМК қажеттілік нормативтерін есептеу әдістемесі


Базалық (нормативтік) қажеттілік ретінде СМК/САМК-те аталған КШТ бойынша науқастың нормативтік орташа жату ұзақтығының санына сүйене отырып, КШТ бойынша емдеуге жатқызу төсегінің, төсек-күндерінің нормативтік санының есебі арқылы 1000 халыққа шаққанда емдеуге жатқызу жағдайының нормативтік саны бекітіледі («Жалпы көлемді және медициналық көмектің мамандандырылған түрін жоспарлау» әдістемелік нұсқаулықтар, Мәскеу, 2001 жыл).

1) Жалпы және жеке КШТ (немесе бейіндер) бойынша халықтың стационарлық төсектегі қажеттілігі мынадай формула бойынша айқындалады:


К = (Р х О х СП)/(З х 100)


К — 1000 халыққа шаққанда орта жылдық төсектің қажетті саны;

О — 1000 халыққа шаққанда қаралу (сырқаттану) деңгейі;

Р — келгендер санынан емдеуге жатқызу пайызы немесе емдеуге жатқызуға іріктеу пайызы;

СП — науқастың төсекте жатуының орташа ұзақтығы;

З — төсектің орта жылдық бос болмауы.


Халықтың ревматологиялық төсектердегі қажеттілігі есебінің мысалы


Р = 113,0 (1000 халыққа шаққанда қаралу (сырқаттану) деңгейі);

О = 25% (келгендер санынан емдеуге жатқызу пайызы немесе емдеуге жатқызуға іріктеу пайызы);

СП = 12 күн (науқастың төсекте жатуының орташа ұзақтығы);

З = 325 (төсектің орта жылдық бос болмауы).


К = (113,01 х 25 х 12)/(325 х 100) = 1000 халыққа шаққанда 1 төсек

Тиісінше, 10 000 халыққа шаққанда – 10 төсек


2) СМК/САМК төсек-күндеріндегі базалық көлемі (нормативі) 1000 халыққа шаққанда мынадай формула бойынша төсек нормативтеріне тұспалдаумен КШТ бойынша есептеледі:

N iт/к = ∑ (Yir х Т iдп)

N iт/к - КШТ бойынша СМК/САМК төсек-күндеріндегі СМК/САМК нормативі;


Yir – 1000 халыққа шаққанда КШТ “i” бойынша емдеуге жатқызу деңгейі;

Т iдп – КШТ “i” бойынша науқастың емдеуде жатуының орташа ұзақтығы.

∑ – КШТ “i” бойынша қосындылау белгісі.


«Жүректің ревматизм аурулары» КШТ бойынша төсек-күндерінің нормативін есептеу мысалы


N ревм.т/к = 9,7 х 11,5 = 1000 халыққа шаққанда 116,1 төсек-күн


Төсектердің нақты саны нормативтен жоғары немесе төмен болған жағдайда (1-т. формуласы бойынша алынған), мынадай формула бойынша төсектердің нормативтік санына 1000 халыққа шаққанда төсек-күндер қайта есептеледі:


N nт/к = N iт/к× К ÷ Кн


N nт/к – төсектердің нормативтік санына түзетілген КШТ бойынша төсек-күндердегі СМК/САМК нормативі

N iт/к – КШТ бойынша төсек-күндердегі СМК/САМК нормативі

К – 1000 адамға шаққанда орташа жылдық төсектің қажетті саны

Кн – өңірдегі 1000 адамға шаққанда төсектердің нақты саны

Алынған қосынды 2 және 3-кестелерге енгізіледі.


Мысалы:

2-кесте – Стационарлық медициналық көмектің базалық көлемі (нормативі)




КШТ

Емдеуге жатқызу деңгейі (1000 халыққа шаққанда емдеуге жатқызу жағдайының саны)

Уi r

1 науқастың стационарда жату уақытының орташа ұзақтығы

Ti дп


1000 халыққа шаққанда төсек-күндерінің саны

Ni к/д

1

2

3

4

5

40

Жүректің ревматизм аурулары

9,7

11,5

116,1




……













БАРЛЫҒЫ











Мысалы:

3-кесте – Деңгей бойынша Ni к/д КШТ бойынша ҚР 1000 халқына шаққандағы Ni к/д емдеуге жатқызудың төсек-күндерінің орташа көрсеткіші




КШТ

Республикалық деңгей

Облыстық (қалалық) деңгей

Өңір деңгейі

Барлық деңгей бойынша жиыны


Жиыны

жағдай саны:

ересектер

балалар

ересектер

балалар

ересектер

балалар

ересектер

балалар




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

40

Жүректің ревматизм аурулары

11,57

3,8

97,28

3,44

0

0

108,85

7,24

116,1




…….





























БАРЛЫҒЫ





























3) Өңір халқының демографиялық құрамының ерекшеліктерін есепке алатын, дұрысталған коэффициенттердің көмегімен, базалық көлемдерді түзету.

Дұрысталған коэффициенттер базалық ретінде қабылданатын, ҚР бойынша тиісінше көрсеткіштерге аумақ халқының құрылымында балалар мен ересектер санының үлес салмағын (%) бөлу жолымен тұрады.

Мысалы, ҚР бойынша базалық көрсеткіштер жалпы халық санынан 2011 жылғы 1 қаңтар жағдайына 16441.9 мың адам:

балалар – 29,5%

ересектер – 70,5%

«Х» аумағы үшін, мысалы, халық құрамында 35% балалар және 65% ересектер, түзету коэффициенттері:

балаларға арналған ТКбалалар= 1,19 (35%/29,5% = 1,19)

ересектерге арналған ТКересектер= 0,92 (65%/70,5% = 0,92)


4) ересектер мен балалардың 2-кестенің деректерін осы коэффициенттерге көбейтіп, аталған аумақта 1000 халыққа шаққанда (ересектер мен балаларға) төсек-күндердің толықтай түзетілген базалық нормативтерінің санын аламыз.


Мысалы:

«Жүректің ревматизм аурулары» КШТ бойынша стационарлық көмекке 1000 халыққа шаққанда төсек-күндері санының толықтай түзетілген (соңғы) нормативтері:



КШТ

Республикалық деңгей

Облыстық (қалалық) деңгей

Өңір деңгейі

Барлық деңгей бойынша жиыны

Жиыны

1000 халыққа шаққанда төсек-күндерінің саны:




ересектер

балалар

ересектер

балалар

ересектер

балалар

ересектер

балалар




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

40

Жүректің ревматизм аурулары

11,57

3,8

97,28

3,44

0

0

108,9

7,2

116,1




Дұрыстау коэффициенті

0,92

1,19

0,92

1,19

0,92

1,19

0,92

1,19







«Х» аумағы үшін толықтай түзетілген норматив

10,6

4,5

89,5

4,1

0

0

100,1

8,6

108,7


5) Өңірдің (республиканың) халқы үшін қажетті төсек-күндерінің абсолюттық саны мынадай формула арқылы анықталады::

∑ (К iт/к х N)

Кт/к= -------------------, бұнда:

1 000


Кт/к – осы аумақтың халқы үшін төсек-күндерінің сомаланған саны;

К iт/к – 1000 халық санына шаққанда ересектер мен балалар үшін КШТ “i” төсек-күндерінің толықтай түзетілген нормативі;

N – аумақ халқының (балалар+ересектер) жалпы саны (мың адам)

∑ – КШт деңгейлері және “i” бойынша қосындылау белгісі.

Төсек-күндерінің түзетілген нормативтері бойынша төсек-күндеріндегі (абсолюттық маңызы) көмектің көлемін есептеу мысалы






Республикалық деңгей

Облыстық (қалалық) деңгей

Өңір деңгейі

Барлық деңгей бойынша жиыны

Жиыны

төсек-күндер:




ересектерге

балаларға

ересектерге

балаларға

ересектерге

балаларға

ересектерге

балаларға




1

2

3

4

5

6

7

8







9

1

1000 халық санына шаққанда кардиология бойынша «Х» аумағы үшін түзетілген нормативі

10,6

4,5

89,6

4,1

0

0

100,1

8,6

108,7





Мың адамға шаққанда «Х» аумағы халқының саны

750000

403846

750000

403846







750000

403846







Төсек-күндер саны

7950

1817

67125

1656







75075

3473

78548


Әрбір КШТ бойынша қажетті төсек-күндерінің саны ұқсас есептеледі.

6) жалпы стационарлық көмектің және КШТ бойынша бөлек жоспарлы көлемінің нормативтері мынадай формула бойынша анықталады:

ШК =∑ (Кт/к / СП), бұнда:

ШК – осы аумақтың халқы үшін стационарлық көмектің жоспарлы көлемі;

К т/к – осы аумақтың халқы үшін төсек-күндерінің жалпы саны;

СП – стационарлық емделудің орташа ұзақтығы (немесе әрбір КШТ бойынша бөлек)

∑ – деңгейлер немесе КШТ бойынша қосындылау белгісі.


«Жүректің ревматизм аурулары» КШТ бойынша жоспарлы көлемді есептеу мысалы


ЖК = 78548 :11,5=6830

Қажет болғанда 1000 халыққа шаққанда ересектер мен балаларға арналған стационарлық көмек көлемінің нормативі анықталады.


7) Өңірдегі медициналық ұйымдар бойынша жоспарланған көлемдің жоспар-өтінімі нормативтер бойынша 1-кестеге сәйке нысан бойынша құрастырылады.

Мысалы:


Облыстың «Х» стационарлық медициналық көмегінің жоспарлы көлемінің жоспар-өтінімі


р/с№

КШТ

Медициналық ұйым

Жағдай саны

40

Жүректің ревматизм аурулары

ҰО

850

Обл. аурухана

5980

ОӨА

0

Барлығы

6830



9. Қорытынды


Медициналық-демографиялық деректерді талдауға, қаралуға, қарқындылық коэффициенттерін есептеуге негізделген жоспарлық-нормативтік мәселелерді шешуіне ұсынылған әдістемелік тәсілдер медициналық көмектің жалпы көлемінің және басқа мамандандырылған түрінің даму пропорциясын айқындауға мүмкіндік береді.

Медициналық көмек көрсету деңгейлері бойынша бөлінген нормативтерді қолдану медициналық көмек ұйымдарының иерархиялық деңгейлері бойынша төсектік қорды ұтымды бөлуге және әртүрлі деңгейдегі медициналық ұйымдарға қаржылық түсімдердің теңгерімделуіне мүмкіндік береді.