girniy.ru 1

Сартерек ауылдық округінде 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған іс-шаралар


2012 жылы Сартерек ауылдық округі бойынша Сартерек ауылы тірек ауылына енгізілді. Тірек ауылына енгізілген Сартерек ауылында 28 сәуір күні аппараттық кеңес өткезілді. Онда барлық бөлім бастықтары мен мекеме басшылары қатысып, ауылда атқарылатын жұмыстардың жоспары жасалынды. Сол күні ауыл тұрғындарымен жиын өткізіліп, әрбір үйлердің сыртқы қоршауларын жөндеу, үйлерді әктеу, гүлдер, көшеттер отырғызу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Осы жиналыс қорытындысы негізінде істелетін жұмыс жоспары құрылып, Сартерек ауылының макеті жасалынды.

Сартерек ауылында 1444 адам тұрады. Тірек ауылына кіргізілгеннен бастап, ауылдың кіре берісіне ені 14 метр, ұзындығы 450 метр болатын саябақтың орны жасалды. Саябақты жасау үшін ауыл тұрғындарының күшімен 4 мәрте сенбілік ұйымдастырылды. Оған 150-ден астам адам қатысты.

«Әудиебұлақ» учаскесінен 2 мәрте сенбілік ұйымдастырылып, қоршауға 500 діңгек әкелінді. Бүгінгі күні саябақ толық қоршалып, ішіне 600 түп әртүрлі ағаштар отырғызылды., сонымен бірге Сартерек, Когедай орта мектебі және С.Биқадамов атындағы шағын жинақталған мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің күшімен гүлдер отырғызылып, бүгінгі күні өсірілуде.

Ауылдық мәдениет үйінің алдыңғы қоршауы толық аяқталды. ( Зайсан-Тазалық мекемесі- Тлеубердин Д. және мәдениет тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Сиырбаев С).

Мәдениет үйінің жанындағы алаң тазартылып, тегістеліп, (питомник) 1000 түп шырша егілді.

Мәдениет үйінің алдына Катонқарағайдан әкелінген шыршалар қосымша егіліп, гүлдер егіліп, ҚызылҚия учаскесінен таудың тастары, Қарашоқы учаскесінен шым әкелініп, безендендіру жұмыстары жүргізілді.

Сартерек ауылының барлық бұрынғы ескі үйлерінің, қоймалардың орындары тазартылып, тегістеліп, артық қоқыстар арнайы қоқыс төгетін орынға шығарылды. ( Тлеубердин Д, Амренов Қ, Келгенбаев Е техникаларының көмегімен шығарылды).

Ауылды абаттандыру мақсатында 437 дана ағаш қоршауы алынып, 37 үйдің қоршауы жаңаланды. 48 үйге жаңадан темір қоршау салынып, бұрынғы қоршаулары жөнделіп сырлау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні қоршауы ауыстырылмаған 21 үй қалып отыр. Осыған байланысты тағы да 150 дана ағаш қоршаудың ақшасы төленіп тұр, 25 маусымға дейін алынады.


Ауыл тұрғындарына осы қоршаулардың бояу жұмыстарына Зайсан қаласынан арзандатылған бояу әкелініп отыр.

Ауыл ортасынан ескі пайдаланылмай тұрған монша ғимараты жөнделіп, 10 кісіге арналған жаңадан шағын монша салынды. Бүгінгі күні толығымен аяталып, пайдалануға дайын тұр. (СМУ- Шығыс Қ.Абжанов, Зайсан-Тазалық Д.Тлеубердин, Зайсан Таза Су А.П.Ковальков меморандуммен жасалды).

Ауылшаруашылығын өркендету мақсатында қазақтың қылшық жүнді қойын өсіру үшін 2 адам 4 млн тенгеге «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша несие алу үшін толық құжаттары өткізілді.

Сартерек ауылына қажетті мал сою пунктін ашу үшін 3 млн тенге несие «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша «Ақмарал» шаруа қожалығы, басшысы А.Ахметжанова алып жөндеу жұмыстарын жүргізілуде.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарын, мектеп, балабақша мекемелерін балмен қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкер С.Кокышева 3 млн несие алып, 70 ара ұясын әкеліп, орналастырды.

Ауыл тұрғындарының күшімен ауылға қажетті мал егу, таңбалау үшін 150 бас сыятын қоршау (раскол) орны жасалды.

Жеке кәсіпкер Г.Тоқтабаева мәдениет үйі ғимараты ішінен бір бөлме беріліп, шаштараз ашылды.

Жеке кәсіпкер М.Тлеубердиноваға мәдениет үйі ғимараты ішінен бір бөлме беріліп, кеңсе тауарларын саудалайтын дүкен ашылды.

Сонымен бірге мәдениет үйі ғимаратының ішінде халыққа қызмет ететін пошта, дәріхана, дәрігерлік емхана , кітапхана орналасқан және ауылдың қажеттілігіне байланысты аяқ киім жөндеу, киім тігетін шеберханалар ашу үшін бөлмелер берілді, ашылады.

Ауылдың кіре берісіндегі астық сақтау қоймасы, астық тазалау ЗАВ-40 механикаландырылған қондырғы, машина жөндеу шеберханасының қоршаулары жөнделуде. (Зайсан Құрылыс Компаниясы Болатбек Икепұлы)

Бүгінгі күні Зайсан Құрылыс компаниясымен жасалынған меморандум негізінде Сартерек орта мектебінің 100 метр жолы асфальт салынып, мәдениет үйі, ақсақалдар алқасы бөлмесіне қажетті жиһаздар алып берді.


2012 жылғы Сартерек ауылының тірек ауылына кіруіне байланысты әр деңгейдегі бюджеттен 52 877 000 тенге қаржы бөлінді.

Бүгінгі күні Сартерек ауылындағы балабақшанының жұмысын ұтып алған мердігер «Зайсан Нұр Сервис Е.Келгенбаев мамыр айынан жөндеу жұмыстарын бастап, қазіргі күнде 50% жұмыс атқарылды.

Сартерек ауылындағы көшелерді орташа жөндеу жұмыстарын Зайсан Құрылыс Компаниясы Болат Икепұлы жеңіп алып, жұмыс толығымен аяқталды.

Хоккей алаңын салу жұмыстарын «Зайсан Қорған» ЖШС бастығы Қ.Амренов жүргізуді бастаған, жұмыс ары қарай жалғасады.

Сартерек ауылын жарықтандыру, демалыс саябағын салу жұмыстары жоспарланып, қаржы қаралып, биылғы жылы атқарылуы тиіс .