https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Оқушылардың интеллектуалдық потенциалын дамыту


Хабибуллина А.К.

ММ «Меновное орта мектебі»

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ФИЗИКА ПӘНІНЕН БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ҚОЛДАНУ


Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі - жаңа тарихи - әлеуметтік жағдайдың талабы. Компьютерлік технологиялардың дамуы мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығына тағы бір көрсеткіш, компьютерлік сауаттылық көрсеткішін енгізіп отыр. Яғни бүгінгі таңда мектеп түлегінің білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын жоғарлату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән сабақтарында, соның ішінде физика сабағында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану әр ұстаздың міндетіне айналып келеді. Бірақ бұл технологияларды біз қалай қолдануымыз керек?

Егер біз бұл технологияларды бұрыңғы білім беру жүйесіне бұлжытпай кірістірсек, компьютер сабақта тек қана техникалық құрал ретінде қолданылып қала береді. Компьютерді - білім беретін бағдарламалық педагогикалық құрал ретінде қарастыру қажет. Яғни компьютерді тек қана техникалық жағынан қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана қолданып қоймай, оқушымен сұхбаттасатын таза білім “сақтаушысы” ретінде қарастырған жөн. Бұл ойды А.С. Якубов та қолдайды. [1. 99 Б.]

Сонда ғана мультимедиа жүйесі:


  • қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайдағы жеке тұлғаны дамытуға арналған міндеттерге сәйкес білім мазмұнын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру түрлерін іріктеу әдіснамасын жетілдіруге;

  • пәнді белсенді оқытудың әртүрлі үдемелі әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;

  • оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу біліктіліктерін қалыптастыруға, ақпараттық оқу, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға;
  • оқушының оқуға деген қызығушылығын қазіргі кездің кешенді ұсынатын және көру, есту негізінде қабылданатын ақпаратты құбылтып өзгертетін құралдарды қолдану арқылы арттыруға мүмкіндік береді.


Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы нәтижеге жетемін деген мұғалім алдымен келесі міндеттерге мән беру керек:

  1. Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану;

  2. Тиімді тәсілдерді анықтау;

  3. Ақпараттық технологияларды зерделеу;

  4. Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану;

  5. Қолданылған тәсілдердің нәтижесін бағалау.

Қазіргі кезде сабақта әдістемелік мақсатқа қарай келесі бағдарламаларды қолдануға болады:

  1. Тренажер – бағдарламалар;

  2. Бақылаушы - бағдарламалар;

  3. Тәлімгерлік бағдарламалар;

  4. Көрнекіліктер бағдарламалары;

  5. Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар [ 2. 68 Б. ]

Тренажер – бағдарламалар оқушының білімін, білік-дағдысын бекітуге, пысықтауға арналған.

Бақылаушы - бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты, көпнұсқалылықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, білім беру үрдісінің сапасын жоғарлатып, оқытушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін жоғарлатады.

Тәлімгерлік бағдарламалар - оқушылардың жауабын өндейтін бағдарламалар.

Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы ретінде қолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен таныстыруға болады.

Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар керекті ақпаратты алуға арналған. Оқушы компьютер арқылы кез келген ақпарат қорынан керек ақпаратын жинай алады.

Педагогикалық компьютерлік бағдарламалық құралдарды (ПКБҚ) құрастырып қолданамын деген мұғалім келесі талаптарды ескеру керек:

  1. ПКБҚ базистік курстың бағдарламасын қамту керек;

  2. ПКБҚ жүйелі түрде де, эпизодтық түрде де қолданылу керек;

  3. ПКБҚ оқыту, бақылау, ізденіс функцияларын орындау керек;
  4. ПКБҚ мазмұнының көлемі ресми оқулықтардың көлемінен асып түсу керек;


5. ПКБҚ дидактикалық мазмұнын компьютерсіз оқытуда да қолдану үшін, бағдарлама басып шығаратын өніммен қамтамасыз етілуі керек. [1. 70 Б.]

Бүгінгі таңда білім сапасы мен оның деңгейін бағалау ең басты мемлекеттік те, саяси да, моральдық та маңызы бар мәселе болып отыр. Білім сапасынының деңгейін ақиқатқа барынша жақындатып бағалау өте нәзік те, күрделі де мәселе. Бағаны қоюда « қиянат жасамау» басым ролі оқушының білімін бағалауда ақиқаттан қашықтатуда.

Баға – ұстаз бен шәкірттің білім – тәрбие процесіндегі ең күшті, екі ұшты қарым- қатынас құралы ; адамгершілік тәрбиесі тұрғысынан « адам», «шыншыл», «иманды» ұғымдарын туындайтын күш және рухани жаралайтын да күш; нарықтық қатынас заманында дербес қажетті «товар-өнім» ролін де атқарады қазіргі педагогикада жазалау құралы да болып табылады. Бағаны жалпы саяси- идеологиялық, ең күшті рухани құралы ретінде де қарастыруға болады. Оқушының білімін бағалау үшін, әр тарау аяқталған соң, бағалау парағын пайдаланған жөн. Осы парақ бойынша оқушы өзінің білім денгейін саралауға мүмкіндігі болады. [ 5]

Қазіргі теория мен практикада жиынтық білім қалыптастыру әдістерінің бірі- алгоритмдік тәсіл. Оның негізгі мазмұны алгоритмнен тұрады, сол арқылы мұғалім мен оқушының белгілі бір өзара қарым-қатынас тиімді нәтиже береді. Алгоритм іс-әрекеттің моделі міндетін атқарады.

Оқушылардың зертханалық жұмыстарды орындау кезіндегі іс-әрекеттің жобасы

Тәжірибе, бақылау, өлшеулер жүргізу/3/

Істелінген жұмыс бойынша есеп


Алгоритм

Эвристика

  1. Жұмыс үстелінде құралдар мен материалдарды түгелдеу .

  2. Эксперименталдық қондырғыны жинау және ретке келтіру.
  3. Тәжірибелерді, өлшеулерді және бақылауларды жоспарланған ретпен жүргізу.


  4. Тәжірибелік деректерді өндеу.

  5. Алынған мәліметті талдау.

  6. Қорытындыларды шығару, жұмысты қорғауға дайындау.

Жұмыс үстеліндегі барлық құралдар, олардың сипаттамалы және материалдары тәжірибелік қондырғының сипатталған сызба нұсқасына сәйкес келе ме? Тәжірибелік қондырғыны жинауды және ретке келтіруді (юстировка) қалай тиімді жүргізуге болады? Тәжірибең барысында жағдай өзгерді мен, тәжірибеге қандай да бір түзулер енгізу қажет пе?

Алынған өлшеу кестелік мәнге есептелген қателік шегінде сәйкес келе ме? Сәйкессіздік себептерін өлшеу қателігінің жүйелі және кездейсоқ бөліктерін анықтаңдар. Өлшеу дәлдігін арттыру үшін тәжірибелік қондырғыға түзетулер енгізуге бола ма? Зерттелетін физикалық құбылыста немесе процесті басқа тәжірибелік қондырғының көмегімен басқа әдістермен оқып үйренуге бола ма?


Оқушылар зертханалық жұмыстарды осындай жоспарлау көмегімен орындауы өз беттерінше, оқытушының көмегінсіз жұмысты қорытындылауға жағдай жасалынады.


Сабақтың тақырыбы : Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың өткізгіштіерді жалғау тәсілдерімен танысып, ізденіс нәтижесінде есептеу жүргізіп, өз пікірлерін айта білуге үйрету.

2. Аспаптармен жұмыс жүргізу іскерліктерін , ой- өрістерін дамыту.

3. Оқушылардың ой түйіндей білуіне, бір-біріне көмек жасауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Көрнектілігі: 1. ток көзі, кілт, шам, амперметр, вольтметр,кедергілер(5,15Ом)

сымдар

2.Электрондық оқулық /10с /

3. 88,89 суреттер /оқулықтан/ документ камера

4. кесте

Физ. Шама

Тізбектей жалғау

Параллель жалғау

J

U

R








Типі : Жаңа материалды игеру сабағы

Түрі: зерттеу сабағы

Оқыту әдісі : зерттеушілік, көрсетілім, деңгейлік тапсырмалар.

Технология: Оқытудың үш өлшемді жүйесі

Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезені /аспаптарды қою, компютерді қосу, көмекшілерді сайлау.

2. Өткен материалды пысықтау /сұрақ- жауап/

1. Электр тогі дегеніміз не?

2. Ом заңы тұжырымдамасы

3.Ток күшін өлшеу аспабы

4.Кедергі деп нені айтады?

5.Вольтмердің тізбекке жалғану тәсілі

3.Жаңа материалға даярлық . Оқулық бойынша /бет 145. * 41/

88-сурет Шамның жалғану тәсілі

89-сурет Шамның жалғану тәсілі Кестені сызыңдар

4. Жаңа сабақ 1-ші тапсырма

/88 ә суреті /

Тізбекке 5Ом және 15Ом кедергілерді тізбектей жалғаңдар/амперметрдің , вольтмердің көрсетуін жазыңдар/

Тізбектей жалғау бойынша кестені толтырыңдар

2-ші тапсырма /89 ә суреті /

5Ом және 15Ом кедергілерді параллель жалғандар /амперметр мен вольтметр көрсетуін жазыңдар/

3-ші тапсырма

Rж есептеңдер. Электрондық оқулық 10с /көрсетілім /


Сұрақтарға жауап: 1.Параллель жалғаудың практикадағы маңызы қандай?

2. Тізбектей жалғаудың практикадағы кемшілігі қандай?

Зерттеу сабағын пысықтау:

1. R1= 1 Ом , R2= 2 Ом , R3 =3 Ом , Rж=? 20жаттығу № 1. №2 . № 3

Оқушы көмекшілердің пікірі

Оқушының білімін бағалау парағы 8 «в»



Оқушы аты-жөні

Ауызша



Зерттеу

/ 5б /





++Д



+++Д



Қорытынды

баға
























































Қорытындылау

Бағалау. Үйге тапсырма : * 41 Сұрақтар 1-5 +Д 20жаттығу №3 , 4 ++Д, №5,6+++Д

Сабақ жоспарында ұйымдастыру кезеңінің өзі сәлемдесуден басталады. Дұрыс сәлем , жарқын сәлем қарым-қатынастың алғы шарты.

Өткен материалды қайталау барысында оқушылардың бірін-бірі тексеруі,бірін-бірі бағалауы қарым-қатынас негізі.

Оқушыларымыз шығармашылық іскерлікке, бәсекелестікке дайын, түрлі мамандықты меңгере алатын, өмірдің күрделі мәселесін шеше алатын, білімі кәсіпкерлікке бағытталуы – бүгінгі күннің қатал қажеттілігі. Оны ғылыми тілде компетенция деп түсіндіреді. Компетенция- жеке тұлғаның белгілі бір заттар мен процестер аймағында нәтижелі әрекет етуіне қажет болатын өзара байланысты сапа ( білім, білік, дағды, әрекет ету тәсілдері) жиынтығы. [ 6 ]


Мұғалімнің шеберлігі, ата- ананың ықпалы, оқушының өзінің ынта-ықыласы, пәнге деген қызығушылығы себеп болғанда аталған қасиеттер өз дәрежесінде болады.

«Біле бер қанша білсең –тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле-біле.»

/Ж. Баласағұн /


Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж

2. Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңы. 30 бап

3. Математика және физика журналы №1 2002 27-бет

4. Нұрхат Шахкузадаұлы «Әдептілік қағидалары» 294 бет Өнер баспасы 2000ж

5 Сабақ жоспары , 5 бет

6. Математика және физика журналы №1-09ж., 52 бет