girniy.ru 1


Орал қаласының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі


ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ


ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ


НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ


АНЫҚТАМАЛЫҚ


Қаңтар-қыркуйек

2011 жыл


Ө
Орал қаласының экономикасы

НЕРКӘСІП


Кәсіпорындардың көтерме бағадағы өнім (жұмыс, қызмет) көлемі

млрд. теңге



Қызмет түрі бойынша тауарлы өнімнің құрылымы




Ө
Орал қаласының экономикасы
НЕРКӘСІП



2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айына өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 55,0млрд. теңгеге жетті, өсу қарқыны 109,4% құрады.

Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінде өңдеу өнеркәсібіне 67,4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 26,8% тиесілі, сумен жабдықтау жүйесіне -5,6%, кен ­өндіру- 0,2%.

Қаланың 25 ірі кәсіпорындарымен жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 15 кәсіпорын немесе жалпы санынан 60% өткен жылғы өнім көлемін басып озды. Мәселен «ЗКМК» АҚ-62,1%, «УМЗ ААҚ»-11,3%, «Металоизделий»з-д-4,6есе, «КазАрмапром» ЖШС-2,5 есе, «ҚҚМ ОӨК»-86,7%, «ҚҚС ОӨК»-41,2%, «Шаныбек»ЖШС-6,2%, ЖК«Исаев»-79,9%, ШТФ«Надежда»-21,6%, , Желаев ХПП на-34,6%, «Уральскагрореммаш» АҚ-31,6%, «ЗККСМ»- 2,3 есе құрады. Жоғары көрсеткіштер өндіріс көлемінің артуымен түсіндіріледі.

Өңдеу өнеркәсібінің есепті айына 37,1млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Өндірістің нақты көлем индексі алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,3% құрады.

Тоқыма бұйымдарын өндіру-19,1%,киім өндіру-1,8%,жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру-26,3%,өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 35,6%-ға, машина жасау -2,2есе, ұн тартатын тастар және соған ұқсас диірменге арналған құйма бұйымдар-7,6%, иінді біліктер-12,1%, суды тазарту немесе сүзгіден өткізу үшін қажетті аппараттар мен жабдықтар-23,1%, мұнай-газды өңдейтін жабдықтар- 15,8 есе өсті. Құрылыс мақсатындағы бетоннан жасалған бұйымдар-56,8%, әк өндіру- 50,9%,керамзит -5,6%,құрылыстық ерітінділер- 86,3%, жатын бөлме, ас бөлме және қонақ бөлмеге арналған ағаштан жасалған жиһаз- 36,6% өсті.


Былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда тағам өнімдерін өндіру-8,9%, ет және ет өнімдері 71,3, % консервіленген және дайын ет өнімдері-17,8%, еттен жасалған консервілер-21,7%, дайындалған және консервіленген балық -2,3есе, сары май- 2,2 есе, шоколад, шоколад пен қанттан жасалған кондитер өнімдері- 3,3есе, макарон өнімдері- 7,3% өскен.

Бұдан басқа жұмыс киімдері-2,2%, төсек жаймалары- 39,1%, жүн көрпе-21,3%, ерлер мен ер балаларға арналған сырт киімдер-24,3%,қалпақтар және бас киімдер-18,9%, өскен.

Электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 14,8 млрд.теңгені құрады (өнімнің нақты көлемінің индексі 101,2% құрады),сумен жабдықтау;кәріз жүйесі,қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 3,1 млрд.теңге (119,3%)өсті.

Орал қаласының экономикасы


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

бас.


Орал қаласының экономикасы

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


Қаланың аграрлық секторында 43 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде - 1 мемлекеттік кәсіпорын, 9 - ЖШС және 33 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады және соның 12%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

Ағымдағы жылдың 25 қазандағы мәлімет бойынша биылғы жылы дәнді дақылдар - 15,4 га, майлы дақылдар -0,31 га , картоп -1,1 га , көкөністер -0,7 га, мал азықтық дақылдар -4,3 га егілді.

Жиналған өнім: дәнді дақылдар - 15,2 мың тонна, картоп - 15,5 мың тонна, көкөністер - 10,3 мың тонна,бақша өнімдері - 0,7 тонна.

Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қаңтар - қыркүйек айына ет өнімдері 8,9%-ға (864,3 тонна) кеміген, сүт өнімдері 7,1% (5167,4 тонна) кеміген, тауық жұмыртқалары 3,2% (54 573,0 мың.дана) өскен. Бұдан басқа бір сиырдан сауылатын орташа сүт көлемі 2741 кг немесе былтырғы жылдың кезеңімен салыстырғанда 4,4% кеміді, 1 мекиен тауықтың орташа жұмыртқалауы - 10,5% өскен (211 дана).


Былайша мал шаруашылық өнімдерін көлемін өндіру тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен ағымдағы кезеңде мал мен құс өнімдерін өткізудің жалпы көлемінде бұл шаруашылықтың санаты 94,0% құраса, сүт өнімдерін өндіруде –91,0% құрап отыр. Жұмыртқа өндіру көлемінде 94,6% негізгі үлесті «Орал құс фабрикасы» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорыны алады.

Талдау кезеңі бойынша 1448 бас бұзау (27,1%-ға алдыңғы жылғы кезең деңгейінен төмен), 775 бас қозы (37,2%-ға алдыңғы жылғы кезең деңгейінен төмен), 1187 бас торай (1,2% алдыңғы жылғы кезең деңгейінен төмен) алынды.


К
Орал қаласының экономикасы
ӨЛІК


Қаланың жүк автомобиль көлігі келесі кәсіпорындарымен ұсынылады: «Эра» ӨК, «Авто» ӨК, «Амрита» ЖШС, «Оралавто»ЖШС, «Мөлшер»ЖШС, «Пластикавтотранс» ЖШС, «Uniserv» ЖШС, «Казавтотранс» АҚФ, «Avto-Trast-Contract» ЖШС, «Қазавтотранс-Батыс» ЖШС, «Трансагенство» ААҚ, «Автокомбинат» ЖШС, «Казросимпорттранс» ЖШС, «КК Орал-Камаз» ЖШС, «Дат-Көлік» ЖШС, «Темірат» ЖШС- олардың жүк тасымалдауының негізгі түрі құрылыс материалдары болып табылады.

Есепті кезеңде қаланың көлік кәсіпорындарымен тасымалданған жүк барлығы 10,7%(17796,4 мың.тонна), жүк айналымы 44,2% (1216,4 млн.жол/км), жолаушы тасымалы 34,4% (253 579 мың.адам), жолаушы айналымы 23,2% (4 164,6 млн.адам ш) өсті.

Қоғамдық көлік бойынша Орал қаласында 7 кәсіпорын 35 қала маршруты және 14 саяжай маршруты бойынша қызмет көрсетеді. Жол желісіне күніне 6автобус және 172 шағын автобус, ал саяжай маршрутына-14 автобус және 1 шағын автобус шығады.


Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ





Орал қаласының экономикасы
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК

2011 жылдың 1 қазанына қаладағы есепті деректер бойынша 21829 шағын бизнес субъектісі тіркелген, (соның ішінде 3431 заңды тұлға, 18398 жеке кәсіпкерлер) олардың 18385 (2381 заңды тұлға, 16004 жеке кәсіпкер) қолданыста (84,2 %), еңбек ететіндер саны 37707 адамды (18978 заңды тұлға, 18729 жеке тұлға) құрайды.


Былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген шаруашылық субъектілерінің саны 0,8% - ға өскен.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 60757,0 млн.теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді. Өнім өндіру, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінде сауданың ең жоғары салмағы сақталады.

Салық комитетінің нақтыланған деректері бойынша қаладағы өнеркәсіп өндірісі бүгінгі таңда ет пен бидайды қайта өндеуге мамандандырылған, заңды және жеке тұлғаларға бағынышты нан-бөлке, макарон және кондитер өнімдерін, т.б. тауарлар (өнеркәсіп пен азық-түлік тауарлары) өндіретін 79 шағын қайта өндеуші цехтармен іске қосылған, олардың қолданыстағысы 37 мини-цехтар, 357 адам еңбек етеді.

2011 жылдың қаңтар-қыркуйек айында салық комитеті арқылы 3560 патент және 2368 куәлік берілді, тіркеу салымы 21,2 млн.теңгені құрады.

2011 жылдың 1 қазанына шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 110 (6,8 га) жер учаскелері бөлінді, оның ішінде сатып алынғаны – 26 (2,56га).

Сонымен қатар 64 рұқсат берілді, 66 оңды қорытынды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарын қайта жоспарлауға берілді, сонымен қатар 107 нысан қайта жоспарланып іске қосылды, осыған сәйкесті 51 дүкен, 14 офис, 5 мейрамхана, 14 дәмхана, 9 автокешен, 3 тіс оңдайтын бөлме, 3 дәріхана, 2 сұлулық салоны , 3 шаштараз, 2 сауда және 1 қонақ үй бар.

Орал қаласының экономикасы

млн.теңге






Орал қаласының экономикасы
САУДА



млн. теңге

Орал қаласының экономикасы


САУДА МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ

2011 қаңтар-қыркуйек айында жүзеге асырудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымы 61147,7 млн.теңгені құрайды, келесі кезеңге сәйкес былтырғы жылдан 15,2% өскен.


Нарық айналымының тауар айналымы жалпы көлеміндегі бөлшек салмағы 54% немесе 33053,0 млн.теңгені құрап отыр. Нарықсыз тауар айналымы көлемі 46% өсіп, 28094,7 млн.теңгені құрап отыр.

Көтерме сауда айналымы көрсетілген мерзімде 102723,7 млн.теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 99,1%.

Нарықтың тауар массасы жылдан жылға көбейіп жатыр, тауар ассортименті тұтынушыларға үлкеюін белгілеу керек. 2011 жылдың 1 тамызына тауар қалдықтарының көлемі: көтерме саудада – 5839,8 млн.теңгені құрап отыр, бірақ негізгі тауар қалдықтары бөлшек саудада – көрсетілген күніне 2442,2 млн.теңге құрап отыр.

Тауар айналымының өсуі сауда кәсіпорындарының өсуіне, тұтыну тауарларының көбеюіне және халықтын табысының өсуіне қамтамасыз етіледі.

2011 жылдың 1 қазанына қалада 1345 дүкен мен сауда үйлері, 28 базар жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету саласы: қоғамдық тамақтандыру 344 объектілері, 183 шаштараз, киім тігу мен жөндеу бойынша 21 ателье, 85 авто шеберхана, 135 дәріхана, 47 автозаправкалық станциялар, аяқ киімді тігу мен жөндеу бойынша 48 шеберхана, 33 монша мен сауналар.

2011 жылдың қаңтар - қыркуйек айында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорын көлемі 1400,8 млн.тенгені құрап отыр.

2011 жылдың қаңтар - қыркуйек айында автомобиль, мотоциклдерге техникалық қызмет көрсетулер, жеке пайдалану құралдарын жөндеу, күнделікті тауарлар көлемі 247,0 млн.теңгені құрап отыр.

Орал қаласының экономикасы

Тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының индекстері

Б
Орал қаласының экономикасы
АҒАЛАР


2011 жылдың қыркуйек айында барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы тұтыну құн индексі 100,4% құрады, 2010 жылдың желтоқсан айына 106,0% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құн индексі 100,0% сәйкесінше 106,9% құрап отыр.


Облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2011 жылдың қыркуйегінде 2010 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 6% - ға өсті.

2011 жылдың қыркуйегінде азық–түлік тауарларыныңиндексі өзгеріссіз қалды, сонымен қатар жемістер мен көкөністердің бағасы - 6,9%-ға, қант -3,4%-ға төмендеді. Картоп - 14,6%-ға арзандады. Кондитер өнімдерінің бағалары -2,5%-ға, ет - 1,6%-ға, сүт, ірімшік және жұмыртқа - 0,9%-ға өсті. Темекі өнімдері – 1,8 %-ға қымбаттады.

Ай ішінде азық-түлік емес тауарлар бағасының өсімі 0,1% құрады. Киім және аяқ киім -0,2%-ға, бензин – 0,5%-ға өсті.

2011 жылдың қыркүйегінде халыққа көрсетілген ақылы қызметтерге тарифтер мен бағалар 1,2%-ға өсті, бұл суық су және кәріз тарифтерінің -25%-дан, білім беру қызметтерінің -3,6%-ға өсуімен белгіленген. Темір жол жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы -5,6%-ға төмендеді.

Батыс Қазақстан аймағының (Ақтөбе, Атырау, Ақтау) қалаларымен Орал қаласын саластырғанда 2011 жылдың 15 қыркүйегіне 18 позициядан статистика органымен сарапталған азық-түлік тауарлар топтарынан ішіндегі 9 атауы бағасы кем болып тұр.


Н
Орал қаласының экономикасы
ЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ


млн. теңге




И
Орал қаласының экономикасы
НВЕСТИЦИЯ



Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 25626,1 млн. теңгені (алдыңғы жылға 128,6%) құрады, соның ішінде: бюджет қаражаты есебінен – 13004,8 млн.теңге (146%), ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаты есебінен – 11159,9 млн. теңге (124%), шетел қаражаты есебінен – 1461,3 млн. теңге (73%).

Қалада 150 төсекке арналған онкологиялық диспансердың құрылысы аяқталды.

Самал шағын ауылында 360 орындық балабақша, Зашаған кентінде 110/35кВ подстанциясының құрылысы және канализациялық тазартқыштың құрылысы жалғасуда.


Жергілікті бюджеттен Круглоозерное кенттінде амбулатория салынды.

Негізгі капиталға тартылған барлық инвестицияның 25,9%-ға жуығы өнеркәсіп саласына (6634,9 млн.теңге), білім саласына – 8,2% (2090,1млн.теңге), саудаға – 4,4% (1130,9 млн.теңге), көлік саласына – 13,6% (3488,8 млн.теңге) бағытталды.

Қаладағы мердігерлік ұйымдардың өз күштерімен есепті кезеңде орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі 11002,4 млн.теңге, бұл алдыңғы жылдың деңгейіне 31,1% құрады.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қаланың құрылыс салушыларымен нақты құны 6013,1 млн. теңгені құрайтын 130 нысан іске қосылды, соның ішінде: жалпы алаңы 3043 шаршы метр болатын 36 сауда дүкендері, 2340 орындық кафе және асхана, 2 сауда ұйі, 3 автотұрақтар, спортзал, авто жуу және т.б.



Орал қаласының экономикасы


Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 6555,7 млн. теңге немесе облыстық жалпы инвестиция көлемінің 74,4% бағытталды.

Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 93969 шаршы метр 920 пәтер іске қосылды, бұл өткен жылдың деңгейіне 96,8% құрайды, cоның ішінде жұртшылық қорлар есебінең 55249 шаршы метр. Қала әкімшілігінде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға 53282 азамат кезекте тұр. Осыған орай бүгінгі таңда қалада мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік нысандар құрылысына жер учаскелерінің тапшылығы өзекті мәселе болып отыр.

Бас жоспар түзету жөніндегі жұмыстардың аяқталды. Бас жоспарға сәйкес қаланы дамыту батыс (Деркөл к. жағы) және солтүстік-шығыс бағытында (Трекин а. және Новеньки а. жағы), қаланың орталық бөлігіндегі тұрғын үй қорларын қайта құралымдаумен жоспарланып отыр. Бас жоспар мен арналған қала дамуының бағдарламасын іске асыру шенберінде 2011 жылы орындалды: Әйтиев атындағы тынымбақты абаттандыру, Қонаев атындағы тынымбақты абаттандыру, жана спорт алаңдарының орналастыру, Киров атындағы саябақтағы жаяу жүргіншілер көпірі және 5-шағынауданда Салтанат үйінің құрылысы басталды


Қазіргі уақытта Деркөл кентінде ТЖЖ дайындалып жеке тұрғын үй құрылысына арнап 1300-ге жуық жер учаскелерін беру басталды.

Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 50 мың теңгені құрап отыр.

Орал қаласының экономикасы

БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ млн.теңге




БЮДЖЕТ

А
Орал қаласының экономикасы
ғымдағы жылда Орал қаласының бюджет түсімдері контингентте 14790,6 млн.теңге, соның ішінде қалалық бюджетке 7037,3 млн.теңге немесе контингенттің 29,4% құрады.

Былтырғы жылдың аналогиялық мерзімімен салыстырсақ, қалалық бюджеттің салықтық түсімдері 9,1% -ке өсті немесе 529,7 млн теңге, соның ішінде реттеулі салықтар есебінен 7,9% немесе 337,9 млн.теңге, еңбек ақы қоры есебінен.

Жекеменшік салықтық түсімдер 10,8% немесе 258,2 млн.тенгеге өсті.

Қалалық бюджет жоспарының орындалуы бойынша түскен түсім 89,4% орындалды немесе жергілікті бюджетке 778,8 млн.теңге түскен жоқ, жалпы бюджеттін орындалуы – 86,2%.

Жергілікті салықтар және жинақтарды былтырғы жылмен салыстырғанда ағымдағы жылда өскен 12,8% немесе 191,9 млн.теңге негізі келесі салықтардың есебінің өсуі: үйге төленетін салықтың 21,6 млн.теңгеге, көлік құралдарына салықтың 44,6 млн.теңгені, жер салықтың 13,1 млн.теңгеге, акциз бойынша 19,6 млн.теңгеге, кәсіпкерлік қызметтерді жүргізу 29,7 млн.тенге және т.б.

Салықтық емес түсімдер ағымдағы жылда 58,5 млн.теңгені құрады, оның ішінде айыппұл бойынша түсімдер – 15 млн.теңге немесе былтырғы жылдан 145,9 млн.теңгеге төмен, себебі аталған түсімдер облыстық бюджетке берілген.

Есепті мерзімде төленбеген салықтардың жалпы сомасы контингентте 8,5 млрд.теңгені құрады. Соның ішінде, қалалық бюджетте толық төленбеген салықтардың сомасы 214,3 млн.тенге.

Орал қаласының экономикасы


ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Қала халқының саны алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7% көбейіп, 262,8 мың адамды құрады. Бұл тұрғындар санының миграциялық өсуіне негіз болып отыр.

Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады: Зеленов, Ақжайық, Теректі. Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып отыр.

Халықтың табиғи өсімі есепті кезеңде 1933 адам құрады, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 116,6% болып отыр.

2011 жылдың екі айына АХАЖ органдарында 3817 туылған нәресте тіркелген, бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,1% болып отыр. Өлгендер саны 1884 адам құрап, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өлім 3% азайды.

Халықтың өлу себептері құрылымында бұрынғыша қан айналым жүйелері арурулары басым.


Е
Орал қаласының экономикасы
ҢБЕК РЫНОГЫ


адам

Орал қаласының экономикасы

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ


Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 5611 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23,3% кеміген.

Тіркелген жұмыссыздар саны 934 адамды құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 251 адамға өскен.

Есепті мерзімде 2677 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 40,3% азайды.

Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 4657 жаңа жұмыс орындары құрылды (жоспар - 4841 орын). Оның ішінде сала бойынша: өндіріс саласында –500 жаңа жұмыс орны, ауыл шаруашылығында – 301, сауда саласында - 511, көлік және байланыс саласында - 138, білім саласында - 145, денсаулық саласында - 349, коммуналдық шаруашылық саласында - 501, басқа салаларда –1002, уақытша жұмыстарда - 1210 жұмыс орны құрылды.


Қала бойынша экономикалық белсенді халық саны 120,3 мың адам құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5% өсті.

Бір жұмысшының есепті кезеңінде орташа еңбек ақысы 69401 теңге құрады, алдыңғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,6% өсті (анықтамалық: ҚР бойынша - 85255 тенге, облыс бойынша - 84080 тенге). Есепті кезеңде барлық экономикалық қызмет түрлеріндегі жалдамалы қызметкерлер еңбекақысының артқаны байқалды: өндіріс саласында - 73566 теңге (125,1%), көлік саласында- 144871 теңге (124,0%), қаржы саласында- 108299 (115,7%), байланыс саласында 90611 теңге (102,8%).

Ең төмен еңбек ақы білім беру, ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында орын алды, сәйкесінше 53677 теңге(127,1%) және 38793 теңгені (96%) құрап отырды.

Ағымдағы жылда күнкөріс деңгейінің шамасы 16032 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 17,1% өскен.


Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі