https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Пісірілген металдар мен олардың қосындыларын көзбен шола және өлшеу бақылауы бойынша әдістемелік ұсынымдарға


1-қосымша

Негізгі ұғымдардың терминдері мен анықтамалары


Термин

Анықтама

1

2

Жалпы ұғымдар

Көзбен шолып бақылау

Көру мүшесімен жүзеге асырылатын органолептикалық бақылау

Органолептикалық бақылау

Бастапқы ақпарат сезім мүшелерімен қабылданатын бақылау

Өлшеу бақылауы

Өлшеу құралдарын қолдана отырып, жүзеге асырылатын бақылау

Ақау

Нормативтік құжаттамамен орнатылған талаптарға өнімнің кез келген жеке сәйкессіздігі

Брак

Рұқсат етілмейтін ақауы бар бақылау көлемі

Пісірілген қосылыстар мен жіктер

Пісірілген құрылым

Жеке бөлшектерді пісірумен дайындалған металл құрылымы


Пісірілген торап

Бір-біріне жанасатын элементтер пісірілген құрылымның бөлігі

Құрастыру бірлігі

Бір немесе бірнеше пісірілген қосылыстар бар пісірілетін бұйымның бөлігі

Пісірілген қосылыс

Пісірумен орындалған және жік пен термиялық әсер ету аймағын қамтитын бөлшектердің ажырамайтын қосылысы

Түйіспелі қосылыс

Шөркелеу беттерімен бір-біріне жанасатын екі элементтердің пісірілген қосылысы, 1-сурет

Бұрыштық қосылыс

Бұрыш астында орналасқан және шеттері жанасқан орнында пісірілген екі элементтің пісірілген қосылысы, 2-сурет

Айқассалын қосылысы

Пісірілген элементтер катар орналасқан және бірін-бірі ішінара жабатын пісірілген қосылыс, 3-сурет

Тавр нысанды қосылыс

Бір элементтің шетжағы бұрыш астында жанасып, екінші элементтің бүйір бетіне пісірілген пісіру қосылысы, 4-қосымша

Шөркелеу қосылысы

Пісірілген элементтердің бүйір беттері бір-біріне жанасатын пісірілген қосылыс, 5-сурет

Пісірілген жік

Қысыммен пісіру кезінде пластикалық деформация нәтижесінде немесе балқытылған металды кристалдау нәтижесінде немесе кристалдану мен деформацияны үйлестіру кезінде қалыптасқан пісірілген қосылыстың телімі


Түйіспелі жік

Түйіспелі қосылыстың пісірілген жігі

Бұрыштық жік

Бұрыштық, айқассалын немесе тавр нысанды қосылыстың пісірілген жігі

Таңбалы жік

Бөлшектер арасындағы байланыс пісірілген нүктелермен жүзеге асырылатын пісірілген жік

Үздіксіз жік

Ұзындығы бойынша аралығы жоқ пісірілген жік

Үзілмелі жік

Ұзындығы бойынша аралығы бар пісірілген жік

Тізбекті үзілмелі жік

Аралықтары қабырғаның екі жағы бойынша біріне-бірі қарама-қарсы орналасқан екіжақты үзілмелі жік, 6-сурет

Шахматты үзілмелі жік

Қабырғаның бір жағындағы аралықтары пісірілген жік телімінің екінші жағына қарама–қарсы орналасқан екіжақты үзілмелі жік, 7-сурет

Көп қатпарлы жік

Биіктігі бірнеше қатпармен орындалған бөлшектердің пісірілген жігі

Пісіріңкіреу жігі


Одан әрі пісіру кезінде күйдірулердің алдын алу үшін алдын ала орындалатын немесе жік түбірін тазартудан (іріктемеден) кейін соңғы кезекте сонда орындалатын екіжақты жіктің кіші бөлігі

Жік түбірі

Пісірілген жіктің бет жағынан қашықтатылған бөлігі, 8-сурет

Білікше

Бір өтуде балқытылған немесе қайта балқытылған пісірілген жіктің металы

Пісірілген жіктің қатпары

Жіктің көлденең қимасының деңгейінде орналасқан бір немесе бірнеше білікшеден тұратын пісірілген жік металының бөлігі

Қармау

Пісіруге жататын бөлшектердің өзара орналасуын тіркеу үшін қысқа пісірілген жік

Пісірілген жіктің дөңестігі

Жіктің ұзындығы бойынша кез келген көлденең қимада өлшенген негізгі металы бар пісірілген жік шекарасының көрінетін желілері арқылы өтетін жазықтық пен пісірілген жік бетінің арасындағы қашықтық (жазықтық астындағы жік беті орналасуының барынша биіктігі бойынша анықталады), 9-сурет

Пісірілген жіктің дөңестігі

Жіктің ұзындығы бойынша кез келген көлденең қимада өлшенген негізгі металы бар пісірілген жік шекарасының көрінетін желілері арқылы өтетін жазықтық пен жік бетінің арасындағы ең жоғары қашықтық, 10-сурет

Пісірілген бөлшектердің номиналды қалыңдығы


Пісірілген жікке жанасатын аймақтағы бөлшектердің негізгі металының сызбада көрсетілген қалыңдығы (рұқсаттарды есептемей-ақ)

Бұрыштық жіктің қалыңдығы

Бұрыштық жік бетінен негізгі металды барынша балқыту нүктесіне дейінгі ең жоғары қашықтық, 11-сурет

Бұрыштық жіктің есептік биіктігі

Пісірілген бөлшектердің жанасу нүктесінен (о нүктесі) жік бетінің шеттерін көлденең қимада біріктіретін түзу сызыққа немесе пісірілген жік бетіне (дөңестік бұрыштық жік кезінде) қатысты көрсетілген сызыққа катар сызыққа түсірілген суретте көрсетілген перпендикулярдың мөлшері, 12-сурет

Бұрыштық жіктің катеті

Пісірілетін бір бөліктерінің бетінен екінші пісірілетін бөліктің бетіндегі бұрыштық жіктің шегіне дейінгі ең қысқа қашықтық, 13-сурет

Пісірілген жіктің ені

Бір көлденең қимадағы пісірілген жіктің бет жағындағы пісіру желілерінің арасындағы қашықтық, 14-сурет

Негізгі металл

Пісірумен қосылған бөлшектердің металы

Жиектерді өңдеу

Пісіруге жататын бөлшектер жиектеріне қажетті нысан беру

Жиектерді шабу

Пісіруге жататын бөлшек жиегінің түзусызықты көлбеу кесіндісі, 15-сурет

Жиекті мұқалту


Пісіруге жататын шетжақтың шабылмаған бөлігі, 16-сурет

Жиекті шабу бұрышы

Жиекті шабу жазықтығы мен бөлшектің шетжақ жазықтығы арасындағы сүйір бұрыш немесе сызбамен берілген мөлшерлерге дейін механикалық өңдеуден кейінгі бөлшектің шеркеулі беті, 17-сурет

Жиектерді өңдеу бұрышы

Пісірілетін бөлшектердің шабылған жиектері арасындағы бұрыш, 18-сурет

Жиектердің ығысуы

Түйіспелі пісірілген қосылыстардағы пісірілетін (пісірілген) бөлшектердің ішкі және сыртқы беттерінің орналасу деңгейлерінің сәйкес келмеуі, 19-сурет

Қосылыстағы саңылау

Бөлшектер жиектерінің көлденең қимасындағы пісіруге құрастырылған бөлшектер арасындағы қашықтық, 20-сурет

Конструктивтік шалапісірім (саңылау)

Пісірілген торапқа конструкторлық құжаттамамен көзделген пісірілген қосылыстағы шалапісірім (саңылау), 21-сурет

Төсем. Қалып қалған төсемдік тілім (сақина)

Пісірілетін бөлшектер жиектеріне балқыта отырып пісіру кезінде орнатылатын берілген нысаны, қалыңдығы және ені бар болат тілім немесе сақина, 22-сурет

Балқытылатын ендірме

Пісірілетін бөлшектер жиектер арасасында орнатылатын және пісіру кезінде балқытылатын берілген нысаны, ені және қалыңдығы бар болат сым ендірмесі, 23-сурет


Пісірілім

Негізгі металл беттерінің, пісірілген жіктің қатпары мен білікшелері арасындағы тұтас металл байланысы

Пісіру кезіндегі қорыту аймағы. Қорыту аймағы

Негізгі металл мен жік металының шетіндегі ішінара қорытылған түйіршіктердің аймағы

Пісіру кезіндегі термиялық әсер етудің аймағы. Термиялық әсер ету аймағы

Қорыту желісінен пісіру немесе балқытып қаптастыру кезінде қыздыру нәтижесінде металдың құрылымы мен қасиеттерінің өзгеруі орын алатын аймаққа дейін негізгі металдың телімі

Көзбен шолып және өлшеу бақылау кезінде пісірілген бөлшектердің ақаулары

Тұтассыздық

Жарықтардың, қабаттанулардың, күйдірулердің, қаяулардың, кеуектердің, шалапісірілімдер мен кірінділердің жалпыланған атауы.

Пісірілген қосылыстың жарығы. Жарық

Пісірілген жіктегі және (немесе) оған іргелес пісірілген қосылыстар және негізгі металдар аймағындағы үзілім ретінде пісірілген қосылыстың ақауы

Пісірілген қосылыстың бойлық жарығы. Бойлық жарық

Пісірілген жік осінің маңында бағдарланған пісірілген қосылыстың жарығы, 24-сурет

Пісірілген қосылыстың бойлық жарығы. Бойлық жарық

Пісірілген жік осіне көлденең бағдарланған пісірілген қосылыстың жарығы, 25-сурет


Пісірілген қосылыстың тармақталған жарығы. Тармақталған жарық

Әртүрлі бағытта тармақталатын пісірілген қосылыстың жарығы немесе бір жалпы жарықтан тарайтын қосылған жарықтар тобы, 26-сурет

Радиалдық жарық

Бір нүктеден шығатын әртүрлі бағыттағы бірнеше жарықтар (пісірілген жіктің металында, термиялық әсер ету аймағында, негізгі металда орналаса алады)

Ескерту. Осындай түрдің кіші жарықтары жұлдыз тәрізді жарықтар ретінде танымал, 27-сурет

Кратерлік жарық. Кратердегі жарық

Пісірілген жік білікшесінің (қатпар) кратеріндегі жарық (бойлық, көлденең, тармақталған), 28-сурет

Қосу

Металдағы газбен, қожбен немесе бөтен металмен толтырылған қуыс, кеуктердің, қож және вольфрамдық кірінділердің жалпылынған атауы

Пісірілген жіктің қож кіріндісі. Шлак кіріндісі

Қожбен толтырылған металдағы, соның ішінде пісірілген жіктегі қуыс

Флюс кіріндісі

Қату кезінде жіктің металына түсіп кеткен балқытылмаған флюспен толтырылған пісірілген жік металындағы қуыс

Вольфрам кіріндісі

Жік металына енгізілген балқытылмайтын вольфрам электродының балқытылмаған бөлігі (сынығы)


Тотығу кіріндісі

Қату кезінде жіктің металына түсіп кеткен метал тотығы

Кеуек

Дөңгелек нысанды ғазбен толтырылған қуыс

Қабаттану

Ерітіп дәнекерленген металдың негізгі металмен еріп қосылуы тұтастығының бұзылуы түріндегі ақау, 29-сурет

Кратер. Пісірілген жіктің отырылған ішкі ойығы

Қату кезінде балқытылған металды отырғызу кезінде пайда болған қуыс немесе ойыс түріндегі ақау (доғаның үзілу немесе пісіру аяқталған орындарда орналасады), 30-сурет

Пісірілген жіктегі қаяу

Пісірілген жіктегі құйғыш тәрізді немесе құбырлы тереңдетулер түріндегі ақау, 31-сурет

Ескерту. Қаяулар негізінен жиналымға топтастырылады және шырша тәрізді таратылады.

Тілік

Негізгі металы бар пісірілген жік бетінің шетіндегі сүйір конус тәрізді тереңдетулер, 32-сурет

Металл бүркуі

Негізгі металы бар кристалл байланысының түзілуімен немесе түзілуінсіз ерітіп дәнекерлеу немесе пісірілген бөлшектердің бетіндегі балқытылған металдың қатып қалған тамшылары ретіндегі ақау

Шалапісірілім. Толық емес пісірілім

Негізгі металл жиектерінің немесе пісірілген жіктің бұрын орындалған білікшелері беттерінің толық емес балқытылуы салдарынан болған пісірілген қосылыстағы қорытпа емес түріндегі ақау, 33-сурет


Жік білікшелері арасындағы тереңдеулер (түсіп кетулер)

Жіктің екі көрші білікшесі (қатпар) арасындағы бойлық ойыс (ең жоғары тереңдік бойынша бағаланады), 34-сурет

Пісірілген жіктің кедір-бұдырлығы

Пісірілген астау металының қатуының біркелкі еместігі салдарынан пайда болған білікше бетіндегі көлденең немесе дөңгелек (флюс атында автоматты пісіру кезінде – ұзартылған-дөңгелекті) тереңдетулер, 35-сурет

Жік түбірінің дөңестігі (қосымша балқытуды арттыру)

Пісірілген бөлшектер беттерінің орналасу деңгейінің үстінде шығып тұратын түбірі жағындағы біржақты пісірілген жіктің бөлігі (көрсетілген деңгейдің үстінде жік түбірі бетінің орналасуының барынша биіктігі бойынша бағаланады), 36-сурет

Жік түбірінің имектігі

Пісірілген біржақты жіктің кері жақ бетіндегі тереңдетулер түріндегі ақау (пісірілген бөлшектер беттерінің орналасу деңгейінен жік түбірі бетінің орналасуының барынша тереңдігі бойынша бағаланады), 37-сурет

Кіріндінің ең жоғары мөлшері

Кіріндінің сыртқы контурының нүктелері арасындағы ең жоғары а қашықтық, 38-сурет

Кіріндінің ең жоғары мөлшері

Кіріндінің ең жоғары мөлшеріне перпендикуляр бағытында өлшенген кіріндінің сыртқы контурының екі нүктесі арасындағы ең жоғары b қашықтық, 38-сурет


Жеке кірінді

Кірінді шетінен кез келген көрші кіріндінің шетіне дейін ең төмен l қашықтық - кез келген екі қаралатын кіріндінің ең жоғары қалыңдығынан кем емес, бірақ кіріндінің үш есе ең жоғары мөлшерінен кем емес (екі қаралғандардан), 39-сурет

Кірінділер жиналымы

Екі немесе бірнеше кірінді (кеуек, қож және өзге де кірінділері), кемінде жеке кірінділер үшін орнатылған олардың шеттерінің арасындағы ең төмен қашықтық, бірақ кез келген екі қаралатын көрші кіріндінің ең жоғары қалыңдығынан кем емес, 40-сурет

Кеуктер тізбегі. Сызықты кеуктілік

Пісірілген жік осіне қатар сызыққа орналасқан пісірілген жіктегі кеуектер тобы, 41-сурет

Пісірілген жіктің күшейтуін арттыру

Пісірілген жіктің бет жағында (жақтарында) балқытып қаптастырылған металдың артығы, 42-сурет

Дөңестікті арттыру

Бұрыштық жіктің бет жағында балқытып қаптастырылған металдың артығы, 43-сурет

Қосымша балқыманы жергілікті арттыру

Жергілікті артық қосымша балқыма (біржақты жіктің ішкі жағынан)

Пісірілген жіктің дұрыс емес профилі

Негізгі металл беті мен пісірілген жік бетіне жанама жазық арасындағы тым аз бұрыш, 44-бет


Металдың ағылуы

Пісірілген (балқытып қаптастырылған) бөлшектер немесе бұрын орындалған білікшелер және олармен еріп қосылмаған бетіне пісіру үдерісінде ағып жиналған металл түріндегі ақау, 45-сурет

Бөлшектер остерінің сынуы. Бұрыштық ығысу

Екі пісірілген бөлшектер арасындағы ығысу. Ығысу кезінде олардың жазық беттері қатар емес (немесе белгілі бұрышта бағытталмаған), 46-сурет

Пісірілген жікті күйдіру

Пісіруді орындау үдерісінде пісірілген астаудың сұйық металының жартысының ағуы салдарынан пайда болған пісірілген жіктегі тесіп өткен тесік түріндегі ақау

Жиектердің толық емес толтырылған өңдеуі

Металл қосымының жеткіліксіздігінен пісірілген жіктің бетіндегі бойлық үздіксіз және үзілмелі имектік, 47-бет

Бұрыштық жіктің асимметриясы

Жік катетінің іс жүзіндегі мәнінің жобалық мәнге сәйкессіздігі, 48-сурет

Жіктің біркелкі емес ені

Жік қалыңдығының аса тербелуі

Жіктің біркелкі емес беті

Жіктің сыртқы бетінің аса тегіс еместігі

Жіктің нашар жаңартылуы


Пісіру жаңартылған жердегі беттің жергілікті тегіс еместігі, 49-сурет

Негізгі металл бетінің ақаулығы

Доғаның тұтануы немесе сөнуі нәтижесінде негізгі металдың кездейсоқ ерітілуі

Пісірілген жікке жанасатын қосылыс өңдеуінен тыс доғаның кездейсоқ және/немесе алдын ала қозуының нәтижесінде пайда болған негізгі металл бетінің жергілікті бүлінуі

Негізгі металл бетінің қайырылып көтерілуі

Уақытша бекітуді үзу жолымен туындаған беттің бүлінуі

Металды жіңішкерту

Абразивті құралмен өңдеу кезінде металл қалыңдығын аса жою салдарынан металл қалыңдығын азайту

Кесуден қалған күйдіру қалдықтары металды шабу ақауы

Негізгі металдан өңдеу бойынша ерекшеленетін қара дақ немесе анодтық-механикалық станоктарда кесу кезінде қалыптасқан балқытылған металл мен қожбен ішінара толтырылған тереңдету

Металды шабу ақауы

Жарықтар немесе үзілген тұтқыр сынықтар

Металдың беттік қатпарындағы көбікшелер

Көлденең қимада дөңгелек нысанды, ал бойлық қимада – құма осіне перпендикулярлық бағытталған капсула нысанды қуыстар. Құйма бетіне көбікшілер шыққан жағдайда дөңгелек нысанды тесіктер түрінде болады.

Жиектердің қайырылуы


Құймалар бетінде орналасқан металдың қайырылған жиектері, тотыққан құйылмалар мен бүркулер. Деформацияланған металда үзілімдер немесе қайырылған қабықтарды дөңгелектетіп кеңейту немесе бүрку нәтижесінде қалыптасқан ішінара қабаттанулар ақау болып саналады.

Ластанулар және жіпшелер

Құймалар, шыбықтар және өзге де бұйымдар беттерінің металды емес кірінділермен (қожбен, отқатөзімділермен, жылыту қоспаларымен, тотықтармен) ластануы. Олардың түрі қатып қалған немесе ішінара металлмен немесе ашық сұр, қоңыр түсті ұсақ бөлшектермен құйылған кесектер тәрізді

Ыстық жарықтар (кристалдандыру)

Құйманың сыртқы қатпарының беріктігінен асатын созылыңқы кернеулер салдарынан металдың кристалдану кезеңінде пайда болған металдың иінді, тотыққан, бет жағында кең және тереңге қарай тарылатын үзілімдері

Құймаға кран тістеуіктерінің жынысөзектерін басып енгізуден болған ақау

Ыстық құймаларға оларды тасымалдау кезінде кран тістеуіктерінің жынысөзектерін басып енгізуден пайда болған блюмдардағы және слябтардағы тереңдетулер. Ақаудың түрі жеке жасымық тәрізді кең ашылған, салыстырмалы қысқа жарық сияқты.

Кернеу жарығы

Металдың құрылымдық өзгерулеріне немесе қызуына және салқындауына байланысты көлемдік өзгертулер салдарынан пайда болған металдың тереңдігіне, жиі тік бұрышта бетіне бағытталған үзілім

Тегістеу жарығы

Металды тегістеу кезінде пайда болған өрмекшінің ұясы тәрізді үзілімдердің немесе жеке өз бетінше бағытталған беттік үзілімдердің торы. Өте жіңішке, иінді және метал тереңдігіне иректермен немесе тармақтары бар сатылармен өтетін


Өңдеу жарығы

Құрылымдық өзгеру немесе деформация салдарынан ішкі кернеулермен металды өңдеуден пайда болған үзілімдер. Өңдеу жарықтары кей кезде тегістеу жарықтарының торына ұқсас, бірақ одан дөрекілеу беттік торды түзейді.

Үзіктер

Металдың ең үлкен сүзіндісінің бағытына перпендикуляр немесе бұрышта орналасқан ашық үзілімдер

Илемдік плендер

Негізгі металмен қосылған және үзіктерді дөңгелектетіп кеңейту немесе қопарып алу салдарынан пайда болған тіл тәрізді нысанды металдың қабаттанулары

Кедір-бұдырлығы

Шалғай аймағындағы металдың қызуы (күйдіру) немесе төмен пластикалығынан илемдеу кезінде пайда болған тор тәрізді қабаттанулар немесе үзілімдер

Күйдірулер

Кернеулердің құрылымдық концетраторлары болып табылатын (олардың аймағында шатынау туындауы мүмкін) металды жергілікті қыздыру (тегістеу, электрохимиялық таңбалау, спектрлік талдау және т.б.) кезінде пайда болған ақаулар

Мұрт

Шыбықтың бір жағынан немесе оның екі диаметрлік қарама-қарсы жақтарынан бойлық шығыңқы

Тіліктер


Білікті арматураны немесе калибрді біржақты жабуды қате реттеуден пайда болған шыбықтың барлық ұзындығы бойынша немесе оның бетінің жеке телімдеріндегі бойлық тереңдетулер. Илемдік тілікте толқынды немесе кетілген шеты болады

Әжімдер

Бойлық тереңдетулер мен шығыңқылардың алмасатын топтары


Ізікше

Металдың бетін пісірілімдермен және өзге де шығыңқылармен тырнаудан пайда болған дөңгелектетілген немесе жазық түбі бар тікбұрышты бойлық тереңдетулер

Таңбалар

Металдың барлық бетінде немесе оның жеке телімдерінде орналасқан тереңдетулер мен шығыңқылар

Дақты түс

Қалың қатпарлы қабыршағы бар металды қақтау, илемдеу немесе түзету кезінде пайда болған басып енгізілген қабыршақтан болған тереңдетулер

Қылау

Металды кесу кезінде пайда болған шыбық шетіндегі тарақ сияқты сүйір шығыңқы

Қабыршақ қалдықтары

Шыбықтардың жеке телімдерінен жойылмаған қабыршақ

Қайта өңдеу

Өңдеу кезінде метал бетін жергілікті немесе жалпы жегідей желінуі

Сызат

Механикалық бұзылулар нәтижесінде, соның ішінде металды қоймалау және тасымалдау кезінде пайда болған дұрыс емес нысанды және өз бетінше бағыты бар жарашық


Қысып жабылған қабыршақтан ойықтар

Домалатып кіргізілген қабыршақтың түсуі немесе өңделуі кезінде пайда болған, кей кезде илемдеу бағытының бойында ішінара созылған жеке тереңдетулер

Металдың домалатып кіргізілген кесегі

Негізгі материал металына бөтен металдың пісірілген кесегі







1-сурет. Түйіспелі қосылыс





2-сурет. Бұрыштық қосылыс





3-сурет. Айқассалын қосылысы





4-сурет. Тавр нысанды қосылыс





5-сурет. Шөркелеу қосылысы




6-сурет. Тізбекті үзілмелі жік





7-сурет. Шахматты үзілмелі жік




8-сурет. Жік түбірі






9-сурет. Пісірілген жіктің дөңестігі




10-сурет. Пісірілген жіктің имектігі




11-сурет. Бұрыштық жіктің қалыңдығы





12-сурет. Бұрыштық жіктің есептік биіктігі (h)

(екіжақты бұрыштық жіктің есептік биіктігі әр жақтан орындалған оның бөлшектерінің есептік бийіктігінің сомасы ретінде анықталады)





13-сурет. Бұрыштық жіктің катеті




14-сурет. Пісірілген жіктің ені





15-сурет. Жіктің шабылуы





16-сурет. Жікті мұқалту





17-сурет. Жікті шабу бұрышы




18-сурет. Жіктерді бөлу бұрышы




19-сурет. Жіктердің ығысуы



20-сурет. Қосылыстағы саңылау





21-сурет. Конструктивтік шалапісірілім (саңылау)




22-сурет. Қалып қалатын төсемдік тілім (сақина)




23-сурет. Балқытылатын ендірме





24-сурет. Пісірілген қосылыстың бойлық жарығы





25-сурет. Пісірілген жіктің көлденең жарығы




26-сурет. Пісірілген қосылыстың тарамдалған жарығы


27-сурет. Пісірілген қосылыстың радиалдық жарығы





28-сурет. Пісірілген қосылыстың кратер жарығы





29-сурет. Қабаттану





30-сурет. Кратер





31-сурет. Пісірілген жіктегі қаяу



32-сурет. Тілік





33-сурет. Шалапісірілім





34-сурет. Жік білікшелері арасындағы тереңдетулер (түсіп кетулер)




35-сурет. Пісірілген жіктің кедір-бұдырлығы





36-сурет. Жік түбірінің дөңестігі





37-сурет. Жік түбірінің имектігі





38-сурет. Кіріндінің ең жоғары мөлшері мен ені





39-сурет. Жеке кірінді





40-сурет. Кірінділер жиналымы