girniy.ru 1

Мемлекет  меншігіндегі жер  телімдерін берудегі жер  үшін төленетін төлемдер

Меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудғы немесе  бастапқы  уақытша өтеусіз жер   телімдеріне  Қазақстан Республикасының  салық  заңдарына сәйкес  жер  салығы  салынады.

Мемлекеттік уақытша  өтеулі  пайдалануға (жалға)  берген жер телімдері үшін  жер телімдерін  пайдалану төлемақысы  алынады. Жер телімдерін пайдалану төлемақысын есептеу және бюджеттік кірісіне төлеу тәртібі Қазақстан  Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.

Жер  учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке беру өтеулі  негізде,  өзінің жер  учаскелерін беру  жөніндегі құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы  бар қаланың, астананың),  ауданның (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  жергілікті атқарушы органының шешімі  бойынша  ақысы  бірден төленіп  не төлеу мерзімін  ұзартып  сату арқылы жүргізіледі, бұған:
1)Қазақстан  Республикасының азазматтарына – тұрғын үй – жайлардың меншік  иелеріне кондоминиум  обьектілеріндегі мінсіз  үлесі  ретінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына белгіленген нормалар шегінде өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын және саяжай құрылыстары үшін;
3) Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын  халықаралық  қатысуы  бар ғылыми орталықтарға;
4) осы  Кодексте және  Қазақстан  Республикасының заң  актілерінде көзделген  өзге  жағдайларда, жер  учаскесі меншікке  өтеусіз негізде берілетін  жағдайлар қосылмайды.
Жер учаскесіне  жеке  меншік құқығын өтеулі  түрде  беру (сату) (бұдан әрі – жер учаскелері  үшін төлемақы) немесе уақытша  өтеулі  жер пайдалану  құқығын  өтеулі  түрде  беру(сату)  төлемақысы (бұдан әрі – жалдау құқығын сату  төлемақысы) жер  учаскелері  үшін  төлемақының базалық  ставкаларына түзету  коэфиценттерін қолдану  арқылы шығарылатын кадастрлық  (бағалау) құны негізінде  есептеледі.

Мемлекеттік ауыл  шаруашылығы мақсатындағы жер  учаскелерін жеке  меншікке  сатқаннан  түсетін қаражат  Ұлттық  қорға  аударылады және  Қазақстан  Республикасының заңдаоында белгіленген тәртіппен  пайдалынылады.


Өзіндік  үй ( қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық, жеке  тұрғын үй  және  саяжай  құрылысы үшін өтеусіз  берілген  жер учаскесінің  нысаналы  мақсаты  өзгерген  жағдайда жер  учаскесінің меншік  иесі  жер  учаскесінің  өзгерген  нысаналы  мақсаты үшін Қазақстан  Республикасының  заңында  көзделген кадастрлық (бағалау) құнына тең болатын  соманы бюджеттік  кірісіне төлеуге  міндетті.

Меншік  иесі  жер  учаскесін   сатқан  немесе жалға  берген  кезде, мемлекеттік  емес  жер  пайдаланушы өзіне  тиесілі  жер  пайдалану құқығын  басқа  тұлғаларға сатқан кезде, сондай-ақ  ол  жер  учаскесін кейінгі  жер  пайдаланушыларға жалға  берген  кезде,  жер  учаскелері үшін  төлемақының  мөлшері,  мерзімдері  мен  нысаны Қазақстан  Республикасының  азаматтық  заңдарына  сәйкес сатып алу – сату  немесе  мүлік  жалдау  шарттарымен  айқындалады.

Қазіргі  уақытта облыста  жер  реформасының  басынан  нарықтық  қатынастардың  дамуы  жалғасуда. Шығыс Қазақстан облысында 2007 жылдың 1  қарашасына жеке  меншікке 133432,0 мың  теңге  бағалау құнымен жалпы ауданы -15145,3 га ауыл  шаруашылық мақсатындағы 148 жер  телімі, соның ішінде: жеке  тұлғаларға -94445,2  мың теңге бағалау   құнымен жалпы  ауданы – 11850,1 га 130 жер телімі, заңды тұлғаларға – 38896,8 мың  теңге бағалау құнымен  жалпы  ауданы – 3325,2 га 18 жер  телімі  сатылды.

2007 жылдың 1 қарашасына ауыл  шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерді жеке  меншікке 363 5,35,4 мың  теңге  бағалау  құнымен жалны  ауданы – 8102,2 га 30324 жер  телімі берілген, 99320,0 мың  теңгеге  жалпы  ауданы – 529,6 га 503 жер  теліміне  жалға  алу  құқығы  сатылған.

5277,6 мың  теңге  бағалау  құнымен  жалпы  ауданы  - 4,0 га 50 жер телімі сатылған, 21 жер аукциондары, 22147,4 мың  теңге  бағалау  құнымен жалпы ауданы – 251,9 га105 жер  телімі  сатылған, 65 жер конкурстары  өткізілді. Сонымен  қатар, 8691,3 мың теңге  бағалау  құнымен жалпы  ауданы – 1299 га ауыл  шаруашылығы мақсатындағы  жер  телімдерін беру  бойынша 2 жер конкурсы өткізілді.
Еркін нарықтық  экономика жерлерді тауар айналымына белсенді қатыстыру үшін жағдай жасап отыр, бұл бюджеттік қаражаттың көбеюіне және халықтың  жағдайын жақсартуына әсерін тигізеді.