girniy.ru 1

Зайсан ауданындағы Омск Майқапшағай Жінішкесу автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және Зайсан ауданы бойынша аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын маусымдық ұстау жұмыстары жөніндегі конкурс тәсілімен

мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы


Хаттама


Зайсан қаласы 03 мамыр 2012жыл


1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: Б.Көшербаев – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Мүшелері: В. Завалко - «Зайсан ауданының қаржы бөлімінің» бастығы, А. Өтебаев – «Зайсан ауданының құрлыс бөлімінің» бастығы, Е.Әмірханов – аудан әкімі аппратының ұйымдастыру, кадр және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маман-заңгері, О.Құсманов - аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жұмылдыру жұмысын жүзеге асыратын топтың басшысы мемлекеттік сатып алу жөніндегі Лот №1 Зайсан ауданындағы Омск-Майқапшағай-Жінішкесу автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және Лот №2 Зайсан ауданы бойынша аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын маусымдық ұстау жұмыстарына ашық конкурсын өткізді.

2. Лот №1 бойынша жеке сатып алу үшін теңгемен бөлінген сома 4584832 тенге.

Лот №2 бойынша жеке сатып алу үшін теңгемен бөлінген сома 21415168 тенге

3. Мынадай өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді:

Лот №1 бойынша 1)«Зайсан-Тазалық» ЖШС конкурсқа қатысуға өтінімі,

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының конкурсқа қатысуға өтінімі.

Лот №2 бойынша 1)«Зайсан-Тазалық» ЖШС конкурсқа қатысуға өтінімі,

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының конкурсқа қатысуға өтінімі.

4. Конкурстық комиссияның отырысына қатысуға конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткенге дейін оларды берген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары: Лот №1 бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны уаклетті өкілі Окасов Самат, «Зайсан-Тазалық» ЖШС, уаклетті өкілі Жалынқызы Лаззат, ашылды және конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде барлық қатысушыларға жарияланған мыналарды қамтиды: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған бағасы 4584832 тенге, «Зайсан-Тазалық» ЖШС ұсынған бағасы 4424832 тенге.

Лот №2 бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны уаклетті өкілі Окасов Самат, «Зайсан-Тазалық» ЖШС, уаклетті өкілі Жалынқызы Лаззат, ашылды және конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде барлық қатысушыларға жарияланған мыналарды қамтиды: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының ұсынған бағасы 21415168 тенге, «Зайсан-Тазалық» ЖШС ұсынған бағасы 20595168 тенге.

5. Конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары:

Әлеуметтік өнім берушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасына пайыздық әсері:

Лот №1 бойынша «Зайсан-Тазалық» ЖШС – 28%, шартты бағасы 3185879 тенге.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны – 30%, шартты бағасы 3209382 тенге.

Әлеуметтік өнім берушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасына пайыздық әсері


Лот №2 бойынша «Зайсан-Тазалық» ЖШС – 28%, шартты бағасы 14828521 тенге.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны – 30%, шартты бағасы 14990618 тенге..

6. Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:

1) «Зайсан-Тазалық» ЖШС конкурсқа қатысушының конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылсын.

2) Тапсырыс беруші 2012 жылдың 09 мамырына дейінгі мерзімде «Зайсан-Тазалық» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын.

3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Зайсан аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурстың қорытындылары туралы хабарландырудың мәтінін Бюллетенде жариялау үшін мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган белгілеген заңды тұлғаға жіберсін және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің веб-сайтына орналастырсын.

Осы шешімге дауыс бергендер:

Жақтаушы дауыс: 5 дауыс (Б.Көшербаев, В.Завалко, А.Өтебаев, Е.Әмірханов, О.Құсманов)

Қарсы дауыс: жоқ.

Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының қолдары:

Конкурстық комиссия төрағасы: Б.Көшербаев

Мүшелері: В. Завалко

А.Өтебаев

Е.Әмірханов


О.Құсманов

Комиссия хатшысы:              П.Конбаева