girniy.ru 1


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « 8 » қарашадағы

№ 1310 қаулысымен

бекітілген


Көлік құралы салығы, жер салығы мен мүлік салығы

бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары

(700.00-нысан)

 


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Көлік құралы салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (700.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген салық төлеушілердің көлік құралдары салығын, жер салығы мен мүлік салығын есептеуге арналған Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігін жасау тәртібін (бұдан әрі – Декларация) айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 365, 373, 394-баптарында көрсетілген, салық төлеушілер, сондай-ақ Салық кодексінің 407-бабында көрсетілген объектілер бойынша жеке нотариустар, адвокаттар, жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар толтырады.

2. Декларация Декларацияның өзінен (700.00-нысан) және оған көлік құралдары салығын, жер салығы мен мүлік салығын салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан (700.01-ден 700.03-ке дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөзі толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.


8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электронды тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны тапсырған кезде:

1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

13. Лизинг шарттары бойынша берілген (алынған) объектілер бойынша Декларацияны және тиісті оған қосымшаларды лизинг алушы толтырады және тапсырады.

14. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер салығы мен мүлік салығы салынатын объектiлер бойынша Декларацияны пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы толтырады және тапсырады.

15. Концессия шарты бойынша берілген мүлік салығы салынатын объектілер бойынша Декларацияны концессионер толтырады және тапсырады.

16. Декларацияға қосымшалардың (700.01-ден 700.03-ке дейінгі-нысандар) «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде осы Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.


17. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтыруы тиіс.




  2. Декларацияны жасау


18. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша төлеушінің СТН;

2) көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша төлеушінің ЖСН (БСН); 

3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (жыл) – Декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлік басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;

5) декларация түрі.

Тиісті торкөздер Декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген, салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама бойынша қосымша Декларация тапсырылған жағдайда белгіленеді;

7) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер егер салық төлеуші А, В, С, D жолдарында көрсетілген бір немесе бірнеше санатқа жатқан жағдайда белгіленеді;


8) келісімшарт жасасқан күн және нөмірі.

Егер 7 D жолы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі мен жасалған күні көрсетіле отырып, белгіленсе, жер қойнауын пайдаланушы толтырады;

9) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

10) тапсырылған қосымшалар.

Тапсырылған Декларацияға қосымшалардың торкөздері белгіленеді;

11) қосымшалар парағының саны.

Мынадай нысандар бойынша тапсырылған Декларацияға қосымшалардың парақтарының саны көрсетіледі (араб сандарымен көрсетіледі):

А жолда – 700.01 қосымшасы бойынша;

В жолда – 700.02 қосымшасы бойынша;

С жолда – 700.03 қосымшасы бойынша.

19. «Көлік құралдары салығы» бөлімінде:

1) 700.00.001 жолында 700.00.002 және 700.00.003 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы барлығы көрсетіледі;

2) 700.00.002 жолында ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын көлік құралы салығын төлеушілерді қоспағанда, көлік құралдары салығын төлеушілер салық кезеңі үшін есептеген, 700.01.001-ден C бағанының 700.01.028-ге дейінгі жолдардың арасындағы жолдар сомасы ретінде айқындалатын салық сомасы көрсетіледі;

3) егер 700.00.003 жолында ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын көлік құралы салығын төлеушілер салық кезеңі үшін жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте есептеген және Салық кодексінің 451-бабына сәйкес 70 пайызқа азайтылған, 700.01.001-ден C бағанының 700.01.028-ге дейінгі жолдардың арасындағы жолдар сомасы ретінде айқындалатын салық сомасы көрсетіледі;


4) 700.00.004 жолында ағымдағы төлемдердің салық кезеңі үшін есептелген сомасы көрсетіледі;

5) егер 700.00.001 жолында көрсетілген, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы 700.00.004 жолында көрсетілген, есептелген ағымдағы төлемдердің сомасынан көп болған жағдайда 700.00.005 жолында 700.00.001 және 700.00.004 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептеуге салық сомасы көрсетіледі;

6) егер 700.00.004 жолда көрсетілген, салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы 700.00.001 жолында көрсетілген, есептелген ағымдағы төлемдердің сомасынан көп болған жағдайда 700.00.006 жолында 700.00.004 және 700.00.001 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын азайтуға салық сомасы көрсетіледі.

20. «Жер салығы» бөлімінде:

1) 700.00.007 жолында жер учаскесіне сәйкес келетін бюджет сыныптамасының тұсына 700.02 барлық нысандарының әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.00.009 І және 700.00.009 ІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі;

2) 700.00.008 жолында жер учаскесіне сәйкес келетін бюджет сыныптамасының тұсына жыл басына жер учаскесі бойынша салық төлеуші табыс еткен Жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (701.01) G бағанының 104303, 104304, 104305, 104306, 104307, 104308 жолдарының мәні қосу (алу) салық кезеңі ішінде бюджет сыныптамасының кодтары бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде табыс етілген Жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебінің (701.01) барлық нысандары бойынша G бағанының мәні ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі;

3) егер әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.02.007 жолында көрсетілген, салық кезеңі үшін есептелген жер салығы сомасы әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.02.008 жолында көрсетілген, салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасынан көп болған жағдайда, әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.02.009 жолында есептеуге (+) салық сомасы көрсетіледі;


4) егер әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.02.008 жолында көрсетілген, салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.02.007 жолында көрсетілген, салық кезеңі үшін есептелген салықтардың сомасынан көп болған жағдайда, әрбір бюджет сыныптамасының коды бойынша 700.02.010 жолында азайтуға (–) салық сомасы көрсетіледі.

21. «Мүлік салығы» бөлімінде:

1) 700.00.011 жолында барлық 700.03-нысандары бойынша 700.03.004 І және 700.03.004 ІІ немесе 700.03.004 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі;

2) 700.00.012 жолында ағымдағы салық кезеңі үшін барлық тапсырылған 701.01-нысандар бойынша Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебінің (701.01) G бағанының 104101 жолдарын жиынтықтау арқылы айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдердің сомасы көрсетіледі;

3) егер 700.00.011 жолында көрсетілген, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы 700.00.011 жолында көрсетілген, есептелген ағымдағы төлемдер сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.012 жолында 700.00.008 және 700.00.009 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептеуге салық сомасы көрсетіледі;

4) егер 700.00.009 жолында көрсетілген, салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы 700.00.008 жолында көрсетілген, есептелген салық сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.011 жолында 700.00.012 және 700.00.011 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, азайтуға салық сомасы көрсетіледі.

22. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) аты-жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға тапсыратын болса, жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қамтылуы тиіс;

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес сенімгерлікпен басқарушының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын басқа жағдайларда пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

2) Декларацияның тапсырған күні.

Декларацияны салық органына тапсырған ағымдағы күн көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық салу объектісінің орналасқан және (немесе) тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының аты-жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

5) Декларацияның қабылданған күні.

Салық органына Декларацияның нақты табыс етілген немесе пошта немесе өзге байланыс ұйымынан келіп түскен күн көрсетіледі;

6) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы беретін Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымында қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.


3. Көлік құралдары салығы – 700.01-нысанын жасау

 

23. Аталған Декларацияға қосымша Салық кодексінің 13-бөліміне сәйкес салық төлеушілердің көлік құралдары салығын есептеуге арналған.
700.01-нысаны салық кезеңі ағымындағы меншік құқығындағы, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқару құқығындағы, сондай-ақ қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) жиынтық барлық көлік құралдары бойынша салық төлеуші толтырады. Қосымша:

1) арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын көлік құралдары бойынша;

2) арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылмайтын көлік құралдары бойынша бөлек жасалады.

24. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) көлік құралдары салығын төлеушінің СТН;


2) көлік құралдары салығын төлеушінің БСН;

3) салық есептілігі табыс етілетін кезең (жыл) – салық есептілігі табыс етілетін есепті салық кезеңі;

4) 4 жолды Салық кодексінің 448 – 452-баптарына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер толтырады және көлік құралдарына қатысты қолданылатын салық салу режимінің түрі көрсетіледі:

4 А торкөзін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын көлік құралдары бойынша салық төлеушілер белгілейді;

4 В торкөзін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылмайтын көлік құралдары бойынша салық төлеушілер белгілейді.

25. «Көлік құралдары салығын есептеу» бөлімінде:

1) «көлік құралдарының түріне (санатына) қарай салық салу объектісі» бағанында көлік құралдары көлік құралдарының түріне (санаттарына) қарай бөлініп және Салық кодексінің 367-бабында анықталған көлік құралының мінездемесі мен салық ставкасына қарай топтастырылып көрсетіледі;

700.01.001-ден 700.01.004-ге дейінгі жолдарда «Жүк таситын, арнаулы автомобильдер (тіркемелерді есепке алмағанда)» 1-кіші бөлім бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.005 жолда «Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған  басқа да автокөлік құралдары»
2-кіші бөлім бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.006-дан 700.01.008-ге дейінгі жолдарда «Автобустар» 3-кіші бөлім бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.009-дан 700.01.010-ға дейінгі жолдарда «Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер» 4-кіші бөлім бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.011-ден 700.01.014-ке дейінгі жолдарда «Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар» 5-кіші бөлім бойынша ақпарат көрсетіледі;


700.01.015-тен 700.01.021-ге дейінгі жолдарда «Жеңіл автомобильдер»
6-кіші бөлім бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.022-ден 700.01.024-ге дейінгі жолдарда «1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегiнен тысқарыдан сатып алынған ұшу аппараттарына» 7-кіші бөлім бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.025-ден 700.01.027-ге дейінгі жолдарда «1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына» 8-кіші бөлім бойынша ақпарат көрсетіледі;

700.01.028 жолда «Темір жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамдар» 9-кіші бөлім бойынша ақпарат көрсетіледі.

2) 700.01.001-ден 700.01.028-ге дейінгі жолдарда:

В бағаны бойынша – жылына көлік құралдарының саны;

С бағаны бойынша – нақты иелік ету кезеңі үшін салық сомасы көрсетіледі;

D бағаны бойынша – «Жеңіл автомобильдер» кіші бөлім бойынша қозғалтқыш көлемінің жиынтық артуы бойынша, «1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегiнен тысқарыдан сатып алынған ұшу аппараттары» G, «1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ
1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттары» Н, «Темір жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамдар» I кіші бөлімдері үшін жиынтық қуаты бойынша анықтамалық ақпарат;

Е бағаны бойынша – нақты иелік ету айларының жалпы саны бойынша анықтамалық ақпарат көрсетіледі.


4. Жер салығы – 700.02-нысанын жасау

 

26. Бұл қосымша Салық кодексінің 14-бөліміне сәйкес салық төлеушілердің жер салығын есептеуіне арналған. 700.02-нысанын салық кезеңі ішінде меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы тегін уақытша жер пайдалану құқығындағы әрбір жер учаскесі үшін жасалады.

27. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:


1) жер салығын төлеушінің СТН;

2) жер салығын төлеушінің ЖСН/БСН;

3) құрылымдық бөлімшесі филиал, өкілдік болып табылатын заңды тұлғаның СТН.

Бұл жол егер құрылымдық бөлімше дербес төлеуші болып танылған жағдайда толтырылады;

4) құрылымдық бөлімшесі филиал, өкілдік болып табылатын заңды тұлғаның БСН;

5) Салық кезеңі (жыл) – салық есептілігі табыс етілетін есепті салық кезеңі.

28. «Жер салығын есептеу» бөлімінде:

1) 700.02.001 жолында Салық кодексінің 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығы салынатын объекті болып табылатын жер учаскесінің орналасқан жері (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде – жер үлесі) көрсетіледі;

2) 700.02.002 жолында сәйкестендіру құжаттары негізінде жер учаскесінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі;

3) 700.02.003 жолында жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарына сәйкес жер учаскесінің жалпы ауданы көрсетіледі. Салық кодексінің 374-бабы
2-тармағында айқындалған салық төлеушілер нақты иелігіндегі және пайдалануындағы жер учаскесінің жалпы ауданын көрсетеді;

4) 700.02.003 І жолында Салық кодексінің 375-бабының 2-тармағына сәйкес жер салығы салынбайтын жер учаскесінің ауданы көрсетіледі;

5) 700.02.003 ІІ жолында 700.02.0038 және 700.02.003 І жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын жер салығы салынуы тиіс жер учаскесінің ауданы көрсетіледі;

6) 700.02.004 жолында Салық кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес салық кезеңі үшін жергілікті өкілдік органның шешімімен белгіленген жер салығының ставкасын арттыру немесе төмендету мөлшері (пронцентта) көрсетіледі;

7) 700.02.011 жолында Салық кодексінің 386-бабына сәйкес салық кезеңіне жергілікті өкілдік органның шешімдеріне сәйкес автотұрақтар, автожанармай құю станциялары, казино орналасқан жер учаскелеріне белгіленген жер салығының ставкасын арттыру мөлшері көрсетіледі;

8) 700.02.006 жолында тиісті салық төлеушілер үшін Салық кодексінің 387-бабының 2, 3-тармақтарында белгіленген коэффициент көрсетіледі;


9) 700.02.007 жолында арнаулы экономикалық аймақ аумақтарында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге арналған, Салық кодексінің
387-бабының 5-тармағында белгіленген коэффициент көрсетіледі;

10) 700.02.008 жолында 700.02.004, 700.02.005, 700.02.006 және 700.02.007 жолдарында көзделген базалық салық ставкасын түзетулер ескеріле отырып, жер салығының ставкасы көрсетіледі;

11) 700.02.009 І жолында (700.02.003 ІІ х 700.02.008/12) х нақты жер учаскесіне иелік ету кезеңінің айлар саны формуласы бойынша айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі.

Салық төлеушіге инвестициялық салық преференцияларын қолдануға арналған келісімшартқа сәйкес жер салығы бойынша инвестициялық салық преференциялары берілген жағдайда бюджетке төленуі тиіс жер салығының сомасы 100 пайызға кемітіледі және тиісінше бұл жолда 0 көрсетіледі;

12) 700.02.009 ІІ жолында Салық кодексінің 451-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, (700.02.003 ІІ х 700.02.008/12) х 700.02.005 х нақты жер учаскесіне иелік ету кезеңінің айлар саны формуласы бойынша айқындалатын төленуге тиісті салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі;

13) 700.02.012 жолда уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен жер салығының тиісті бюджет сыныптамасының коды көрсетіледі.




5. Мүлік салығы – 700.03-нысанын жасау

 

29. Бұл қосымша Салық кодексінің 15-бөліміне сәйкес салық төлеушілердің мүлік салығын есептеуіне арналған. Егер салық кезеңі ішінде мүлік салығын есептеу бірнеше салық режимдерінде (арнаулы салық режимі бойынша, арнайы экономикалық аумақтағы салық режимі бойынша, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте және т.б.) жүзеге асырылған жағдайда, қосымша әр салық режимі бойынша бөлек жасалады. Бұл ретте, салықты есептеу кезінде әр салық режимі бойынша тиісті ставкалар қолданылады.

Салық салу объектілеріне әр түрлі ставкалар қолданылған жағдайда қосымша салық салудың әрбір объекті бойынша толтырылады.


30. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) мүлік салығын төлеушінің СТН;

2) мүлік салығын төлеушінің ЖСН/БСН;

3) құрылымдық бөлімшесі филиал, өкілдік болып табылатын заңды тұлғаның СТН.

Бұл жол егер құрылымдық бөлімше дербес төлеуші болып танылған жағдайда толтырылады;

4) құрылымдық бөлімшесі филиал, өкілдік болып табылатын заңды тұлғаның БСН;

5) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (жыл) – салық есептілігі табыс етілетін есепті салық кезеңі;

6) 6 жолды арнаулы салық режимі қолданылатын қызметінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша мүлік салығын төлеушілер белгілейді.

31. «Мүлік салығын есептеу» бөлімінде:

1) 700.03.001 жолында Салық кодексінің 397-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалатын салық салу объектісінің орташа жылдық баланстық құны көрсетіледі;

2) 700.03.002 жолында Салық кодексінің 397-бабы 4-тармағына сәйкес айқындалған салық салу объектілерінің салықтық базасы көрсетіледі;

3) 700.03.003 жолында Салық кодексінің 398-бабында белгіленген мүлік салығының ставкасы көрсетіледі;

4) 700.03.004 І жолында 700.03.001 жолда көрсетілген негізгі құралдардың орташа жылдық баланстық құны мен 700.03.003 жолында көрсетілген, салық ставкасының туындысы (700.03.001 х 700.03.003) ретінде айқындалатын салық сомасы көрсетіледі.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін салық сомасы 700.03.002 жолында көрсетілген, салық базасы мен 700.03.003 жолында көрсетілген, салық ставкасын көбейту (700.03.002 х 700.03.003) жолымен айқындалады. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің салық салу объектілеріне меншік құқығы сатып алынған немесе тоқтатылған жағдайда, салық кезеңі ішінде салық сомасы осындай объектілерге нақты иелік ету кезеңі үшін есептеледі. Бұл ретте төленуі тиіс салық сомасы жылдық салық сомасын 12-ге бөлу және меншік құқығы туындаған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейін немесе меншік құқығы тоқтатылған айдың 1-не дейін нақты иелік ету айларының санына көбейту жолымен айқындалады.


Салық төлеушіге инвестициялық салық преференцияларын қолдануға арналған келісімшартқа сәйкес мүлік салығы бойынша инвестициялық салық преференциялары берілген жағдайда бюджетке төленуі тиіс жер салығының сомасы 100 пайызға кемітіледі және тиісінше бұл жолда 0 көрсетіледі;

6) 700.03.004 ІІ жолында 0,3 (30%) және 700.03.001 және 700.03.003 жолдарының туындысын көбейту (700.03.001 х 700.03.003) х 0,3) жолымен айқындалатын, Салық кодексінің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, төленуге жататын салық сомасы көрсетіледі;

7) 700.03.004 ІІІ жолында 700.03.002 жолында көрсетілген, салық салу объектілерінің Салық кодексі 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын салық базасын 700.03.003 жолында көрсетілген, салық ставкасына көбейту жолымен айқындалатын (700.03.002 х 700.03.003) салық сомасы көрсетіледі.


__________________________