https://electroinfo.net

girniy.ru 1





Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс туралы

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Қазақстан республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаменті (индекс 090006, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, №208, Электрондық мекенжайы: [email protected] ақпараттық телефондар: /8-7112/ 51-52-74, факс: 50-50-95) мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

1. Қаратөбе аудандық Әділет басқармасының бас маманы /С-R-4 санаты, 1 бірлік/.

Функционалдық міндеттері: Акт жазбаларды қалпына келтіру, түзетулер енгізу, акт жазбаны жою жөнінде консультация беру; неке тіркеу, салтанатты түрде неке тіркеу, бала асырап алу тіркеу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту тіркеу, некені бұзу тіркеу, тууды тіркеу, салтанатты түрде тууды тіркеу, әкелікті анықтау, қайтыс болуды тірке; некелік жасын кеміту туралы құжаттарды дайындау; неке қию, некені бұзу, туу және әкеліктә анықтау, қайтыс болу бланкілердің шығысын тіркейтін кітаптарды жүргізу; заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгер мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім; Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Аталған лауазымның қызметтік міндеттері саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес, ҚР Конституция, ҚР «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», ҚР «Әділет органдары туралы» Заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы.

Қосымша талаптар: функциональдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс істей білу қабілеті
Сұхбаттасуға жіберілген үміткерлер, оларды сұхбаттасуға жіберу туралы хабарлама алғаннан кейін, 5 жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы департаментінде сұқбаттасудан өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.