https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Зайсан ауданының 2011 жж. әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама


Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 9157,8 млн теңге болды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен (8394 млн теңге) 9,1% артық. Аудан көлемінде 12060,6 тонна ет, 42080,1 тонна сүт, 3598,8 мың дана жұмыртқа, 255,6 тонна жүн өндірілді. Өткен жылғымен салыстырғанда ет 2,5%-ға, сүт 9,6%-ға, жұмыртқа 3,2 %, жүн 1,5%-ға артты. Ірі қара саны 60744 басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда (60055 бас) 101,1% болды. Жылқы 12932 бас болып, өткен жылғымен салыстырғанда (12375 бас) 4,5%-ға артты. Қой-ешкі саны 130207 бас болып, өткен жылғыдан (129866 бас) 0,3%-ға артты. Құстар саны 40482 басқа жетіп, өткен мерзіммен салыстырғанда (38838 бас) 4,2%-ға артты.

2011 жылы аудан бойынша егістік көлемі 14107 га болды, бұл өткен жылғыдан 1201 гектарға артық (9,3 пайыз). Көктемде 8940 га жер жыртылып, 10977 га жаздық дақылдар егілді. Дәнді астық өткен жылғыдан 456 га, күнбағыс дақылы 518 га артық егілді. Егістіктерге 5800 тонна органикалық, 65 тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді. Аудан бойынша 2500 га а/ш дақылдары ылғал сақтау технологиясы бойынша егілді.

Ауылшаруашылығы дақылдары 100% себу дәрежесіне жеткізілген және отандық селекция тұқымдармен себілді. Суармалы егістік жерлер 100% сумен қамтамасыз етілді. 3,5 мың га алқап өсімдіктердің аса қауіпті ауруларына, карантиндік зиянкестерге және ауруларға қарсы химиялық тәсілмен өңделді.

5176 га дәнді астық толық жиналып, 8950 тонна дән, 682 га көкөністен 9890 тонна, 1432 га картоптан 19330 тонна, 140 га бақша дақылдарынан 2240 тонна өнім жиналды. Әр гектардан дәнді астықтан 18,4 көкөністен - 145, картоптан 135, бақша дақылдарынан 160 центнерден өнім алынды. Өткен жылмен салыстырғанда дәнді астық 17,2%, картоп - 45,9 %, көкөніс-33,8%, бақша дақылдары-16,8% артық өндірілді. Биылғы жылы лизинг бағдарламасы бойынша 1 МТЗ-82 тракторы несиеге алынды. 1 МТЗ-82, үш Е-295 тракторлары сатылып алынды.

Көктемгі егіс жұмыстарына 300 тонна дизель отыны бөлініп, толықтай тасылып АШТӨ-ге жеткізіліп берілді. Күзгі егін жинау жұмыстарына 360 тонна дизель отыны бөлініп, толық алынды.


Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қажетті жанар-жағар май материалдарының құнын арзандатуға шаруа қожалықтарына 22,2 млн. теңгенің субсидиялары есептеліп, облыстық ауылшаруашылығы басқармасына құжаттар өткізілді.

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2983,1 млн. теңге болды, бұл өткен жылмен (1925,4 млн теңге) салыстырғанда 54,9%-ға немесе 1057,7 млн теңгеге артық, жоспар-тапсырмадан (1782,4 млн теңге) 1200,7 млн теңге артық. Табиғи көлем индексі (ИФО) 97,9, былтыр сәйкес мерзімде 95,5% болған.


Шағын кәсіпкерлік

Тіркелген шағын және орта кәсіпорындар саны – 66 бірлік (тапсырма – 70), өткен жылы - 66, жұмыс істеп тұрғандарының саны 36 бірлік (тапсырма –60), былтырғы жылы 37 болған, белсенді кәсіпорындар саны 2010 жылы – 31, 2011 жылы – 32 (тапсырма – 40).

ҚР-ның Индустриялық картасына енгізуге «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің құрылыс комбинатының темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытын ұлғайтуы және жаңалауы жобасы ұсынылып, облыстық үйлестіру кеңесінде мақұлданды.

Аудандық құнсыздану үдерістеріне бақылау жасау жөніндегі штаб отырысы тұрақты өткізілуде. Азық-түлік, өндірістік тауарларының, көкөністің, жанар-жағар май өнімдерінің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, үстеме бағаны 10%-дан асырмай тұтынушыға сату туралы жасалған меморандумдардың орындалуы қадағалануда. 2011 жылдың қазан айында наубайхана иелерімен 1 жыл мерзімге нан бағасын 43 теңгеден асырмай дүкендерге босату туралы меморандум жасалды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бағытында жасалған меморандумдарға байланысты ауданымызда 2011 жылы 3 мешіт (Келгенбаев Е., Төртбаев К., Құлжынов К.), Дайыр және Жамбыл ауылдарында саябақ (Утебаев А., Бошақов М.), Зайсан қаласында «Қазақстан Тәуелсіздігі» монументі (Абижанов М.) салынды, Зайсан қаласына, Көкжыра, Қаратал ауылдарының кіре берістеріне қақпа орнатылды. «СМУ Шығыс», «Зайсан» құрылыс компаниясы», «Зайсан Тазалық» ЖШС-лары және «Зайсан» КМГП мекемелері Жарсу, Қуаныш, Жамбыл ауылдарының көшелеріне 16,4 млн. теңге қаржыға жөндеу жұмыстарын жүргізді. «СМУ Шығыс» ЖШС Ауған соғысы ардагерлеріне арналған саябақтың жолын асфальттады.


Бөлшек сауда

Бөлшек сауда айналымы 2000,6 млн теңге, өткен жылы 1712,8 млн теңге болған, немесе 116,8% артық (тапсырма – 1832,9 млн теңге).

Инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 12527,8 млн. теңге болды, өткен жылы инвестиция көлемі 4728,4 млн. теңге болған, биылғы жылы инвестиция көлемі 7799,4 млн теңгеге немесе 2,6 есе артқан, жоспар-тапсырмадан (3308,1 млн теңге) 9219,7 млн теңге артық.

Бюджет

Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 483,4 млн. теңге, орындалғаны 489,1 млн теңге немесе 101,2% (жоспар-тапсырма 106,7%). Шығындар жоспары 2835,5 млн. теңге, орындалғаны 2832 млн. теңге немесе 99,9 пайызды құрайды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру

Жыл басынан тіркелген жұмыссыздар саны 625 адам (2010 ж – 626 адам), 1 қаңтарға тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 160 адамды (2010 ж – 160 адам) құрады.

Есепті мерзімде 769 адам (2010 ж – 855 адам) жұмысқа орналастырылды.

Жаңадан 173 жұмыс орны (2010 ж – 179 орын) ашылды.

Күнкөріс деңгейінен төмен тұратындар саны 2198 болды (жылдық жоспар-тапсырма – 2198).

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша аудандық бюджеттен 36644,0 мың теңге бөлінді. 22 шақырымдық Зайсан-Жаңатұрмыс-Шүршітсу, 16 шақырымдық Омск– Майқапшағай-Жамбыл-Дайыр-Көкжыра, 12 шақырымдық Біржан-Ақарал автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 4 жолға техникалық құжаттар жасалынды, олар: Омск – Майқапшағай – Жамбыл - Дайыр – Көкжыра – 16 шақырым, Зайсан – Жаңатұрмыс – Шүршітсу -22 шақырым, Сартерек ауылына кіреберіс – 12 шақырым автомобиль жолдары.


3300,0 мың теңге қаржы бөлініп, Жангельдин және Байытов, Чигиров және Керімбаев көшелерінің қиылысына бағдаршамдар орнатылды.

Зайсан қаласындағы қала ішілік автобустарға 7000,0 мың теңге субсидия бөлініп, толығымен игерілді.

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету үшін 10400,0 мың теңге бөлініп, игерілді.

Семей қаласының Беспалов көшесіндегі скверін абаттандыру жұмыстарына 1500,0 мың теңге бөлініп, жұмысы толығымен аяқталып комиссия арқылы қабылданып алынды.

Құрылыс жұмыстары

Құрылыс жұмыстарының көлемі 3741,5 млн теңге, бұл сәйкес мерзімдегіден (857,0 млн теңге) 2884,5 млн теңгеге немесе 4,4 есе артық. Тапсырма (1082,4 млн теңге) 2,7 есе артық орындалды.

Зайсан қаласында әуе жайға баратын жолда маңайы қоршалып , тоғайлар отырғызылып 4 сквер салынды, көше жарықтандырылды. 4 көшеге жарық орнату жұмыстары, 9 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаланың ішінен 4 декоративтік қақпалар орнатылды, Аудан әкімдігі ғимаратының іші сырты, ауласы қазіргі заманының талапына сай жөндеуден өткізілді.

Тұрғын үй бағдарламасының орындалуы 2986 м 2 болды.

Қатты қалдықтар полигонының құрылысы (81,2 млн т.), Біржан ауылының су құбыры желілері құрылысы (115,05 млн т.), спорттық модуль құрылысы (186 млн т.), ветлаборатория ғимаратының құрылысы (108 млн. т. респ. бюджеттен), прокуратура ғимаратының құрылысы (90 млн. т. респ. бюджеттен) аяқталды.

Зайсан қаласындағы су құбырлары желілерін қайта жаңғыртуға 2011 жылы 280 млн. теңге жұмсалды.

Жарықтандыруға Шалқар ауылына 1500 мың т., Ақарал ауылына 500 мың т., Көкжыра ауылына 1050 мың т., Айнабұлақ ауылына 3000 мың т., Үлкен-Қаратал ауылына 3000 мың т., Зайсан қаласындағы Абай, Желтоқсан, Жангелді көшелеріне 10847 мың т. жұмсалды. Желтоқсан, Жангелді көшелерін абаттандыруға 35 млн т., Зайсан қаласының көшелерін жөндеуге  10 млн т. бөлініп, қаржы толығымен игерілді.


Зайсан қаласының ластанған суды әкету және тазалау ғимараттарының құрылысын салуға ЖСҚ-сына 20,0 млн.теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Айнабұлақ және Дайыр елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етудің ЖСҚ сараптамадан өтті.

Зайсан қаласы бойынша көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізу, қақпалар орнату, жарықтандыру, «Бәйтерек» мұнарасын орнату, Жангелді және аэропорт скверлерін сумен қамту жүйесін орнатуға жергілікті бюджеттен 63,914 млн. қаржы бөлініп, игерілді.

«Қарашоқы» учаскесінде спорттық сауықтыру базасының құрылысын салуға 2011 жылы 75 млн. теңге бөлініп, СК «Зайсан» мердігер мекемесі құрылыс жұмыстарын атқаруда, аяқталу мерзімі 2012 жылы мамыр айына жоспарланған.

140 орындық бала-бақша құрылысына ЖСҚ әзірленуде.

Білім саласы

2011 жылды 6260 оқушы 50,5% сапамен аяқтады. 625 бала орта мектепті бітірді, оның 595 –і ҰБТ-ға қатысып, орташа 97 балл көрсетті. ҰБТ-ға қатысқан 585 түлектің 325-сі мемлекеттік грантқа, 20-сы облыс әкімі грантын иеленді, бұл 58 %-ды құрайды.

2010-2011 оқу жылында мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарында 2031 баланы сауықтыруға бюджеттен 7000,0 мың тенге бөлініп , жазғы каникул кезінде оқушылардың сауықтырылуы, демалыспен қамтамасыз етілуі 83,2 пайызды құрап, 19 пайызға артты.

Қала сыртындағы лагерь Жаңатұрмыс мектебінің негізінде ұйымдастырылып, 300 бала жазғы демалыспен сауықтырылумен қамтылды. Республикалық «Бөбек» сауықтыру орталығында 7 бала, республикалық «Балдәурен» лагерінде 1 бала демалды.

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Туған жер-алтын бесігім» акциясы аясындағы саяхат үшінші жыл жалғасын тауып, 70 бала екі кезеңмен Астана қаласына саяхатқа баруына аудан кәсіпкерлері демеушілік жасады.

Аз қамтылған отбасынан 2 бала Италияның Чезенатико қаласында лагерьде демалды.

Жергілікті бюджеттен 1-4 сынып оқушыларының ыстық тамағына 18805,0 м.т, оның ішінде міндетті білім беру қорынан 9068,0 мың теңге бөлінді.


Қала, ауыл округтері әкімдері арқылы жеке кәсіпкерлермен 3886640 теңгеге үшжақты 101 меморандум жасалып, мектептер 73 га жер игеріп, нәтижесінде 1-4 сыныптың 2178 оқушысы 100 % тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Аудан бюджетінен мектептердің ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 104 млн 305 мың теңге бөлінді:

Ломоносов атындағы мектепке 64 млн теңге; Әуезов атындағы мектепке 16 млн теңге; Жаңа Тұрмыс мектебіне 8 млн 457 мың теңге; Жарсу мектебіне 3 млн теңге; Саржыра мектебіне 1 млн 972 мың теңге; Амангелді атындағы мектепке 10 млн 876 мың теңге.

Абай, Әуезов, Шекарашы, Сарытерек, Қаратал, Гагарин, Мұстафина мектептеріне жылу қазандықтарын сатып алуға 4180,0 мың тенге бөлінді, 1810,0 мың тенгеге қазандық орнатылды, 2954,0 мың тенгеге қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бюджеттен 32410,0 мың тг. қаржы бөлінді. Айнабулақ, Кеңсай мектептеріне биология, Көгедай, Гагарин мектептеріне мультимедия кабинеттері, Ломоносов мектебі мен №3 балабақша, №1 балабақшаларға мебель, Қарасай, Абай, Жаңатұрмыс, Қазақстан мектептеріне асхана жабдықтары, Жаңатұрмыс мектебіне радиотелефон алынды. Абай, Сарытерек, Жарсу, Мұстафина, Ломоносов, Гагарин, Дауленов, Амангелді мектептеріне және мектеп-интернатқа мүгедек балаларға арналған құрал –жабдықтар алынды.

Аудан бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 92,2%-ы мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен қамтылған (былтыр – 78,5%). Оқушылардың 93%-ы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген (2010 жылы 86,5%).

Мәдениет және тілдерді дамыту

Семей қаласында Зайсан ауданының күндері өткізілді. Облыс бойынша Зайсан ауданының көркемөнерпаздары жоғары баға алды.

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғырым, туған жер -Зайсаным», «Ауылым-Атамекенім, Отаным-Қазақстаным» атты ауыл округтері мен мекемелер арасында көркемөнерпаздар байқауы жоғары деңгейде өткізілді.


Халықтық «Жалында» балалар би ансамблі «Қазақстан» телеарнасының «Айгөлек» балалар бағдарламасына қатысып, «Үміт» номинациясын жеңіп алды. 2011 жылдың сәуір айында аталған ұжым Түркия мемлекетінде өткен «Посланники мира» атты халықаралық фестивальға қатысып қайтты. Бұл шараларға «Жалында» би ансамбліне жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге бөлінді.

«Еңлік» бала бақшасының би тобы «Қазақстан» телеарнасының «Айгөлек» балалар бағдарламасына қатысып, финалға шықты.

Тәжірибе алмасу және Тарбағатай халқын Зайсан өнерпаздарымен таныстыру мақсатында «Туған жер-алтын бесігім» акциясы аясында «Тарбағатай –Зайсан ағайын, домбырамды қағайын» айдарымен екі аудан бір-біріне концерттік бағдарламамен және жәрмеңке ұйымдастырып барып қайтты.

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «20 жұлдызды күн» шеңберінде ҚХР Алтай аймағы көркемөнерпаздары «Атамекен» бағдарламасы байынша Зайсан ауданы көркемөнерпаздарымен бірлесіп Гала концерт өткізді. Облыс әкімі бұл мәдени шараға жоғары баға берді.

Сартерек ауылындағы клуб үйін жөндеуге 64581,0 мың теңге, Көкжыра клуб үйіне- 4340,0 мың теңге жұмсалды.

«Мұрагер» ұлт аспаптар оркестрі мен «Айнакөл» ән-би ансамбліне 1 млн. теңгеге үлттық аспаптар алынды, ансамблге 500 мың теңгеге костюмдер тіккізілді.

Сарытерек ауылдық клуб үйінің материалдық техникалық базасын нығайтуға (орындыққа) 2 млн теңге бөлініп, 250 мың теңгеге дыбыс күшейту аппаратурасы берілді, Көкжыра ауылдық клуб үйіне 100 орындық 300 мың теңгеге сатып алынды.

1 млн. теңгеге жаңадан құрылған «Жас дәуір» фольклорлық ансамбль мүшелеріне, «Нұр-Зайсан» көңілді тапқырлар клуб мүшелеріне, аудандық мәдениет үйінің әртістеріне сахналық киімдер тіккізілді.

Аудандық мәдениет үйінің көрермен залына 4 кондиционер орнатылды

Дене шынықтыру және спорт саласы

2011 жылы 26.0 млн.тенге бөлініп, аудан спортының бюджеті 2010 жылмен салыстырғанда үш есеге дейін өсті. Ұйымдастыру жұмыстары және спортшыларға жасалған қаржылай көмек өз нәтижесін берді. 2011 жылғы 13-17 маусым аралығында Өскемен қаласында ХV - халықтық спорт ойындары болып өтті. Зайсан құрама командасы 279,5 ұпай жинаған жүлделі 5 орынға ие болды.


Ел басының 2011 жылғы жолдауында «Барлық жерде салынған мәдениет және спорт базаларын тиімді пайдалану» туралы тапсырмасына орай мектептердің спорт залдары арнайы кесте бойынша жергілікті жастарға жұмасына екі рет жаттығуға беріліп отыр.

Зайсан ауданында 2011-2015 жылдары дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған арнайы бағдарлама қабылданған. 2012 жылы аудандағы барлық деңгейдегі дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын 32 % пайызға жеткізу жоспарлануда. Аудандағы кәсіпкерлер спорт федерацияларына тартылып, спортты дамытуға облыстық маслихат депутаты «Зайсан құрылыс компаниясының» бастығы Б.Нұрасыл, «СМУ Шығыс» мекемесінің бастығы Қ.Абжанов қаржылай көмек жасауда.

Денсаулық сақтау

Нәресте өлімінің деңгейі 12,1 болды (2010 жылы – 22,7). Ана өлімі тіркелмеген.

2010 жылы 12 айда туберкулезбен 1-ші рет ауырған 55 адам тіркелсе. биылғы жылы 41 адам.

Қоғамдық тәртіп

Қылмыстар саны 36,8%-ға өскен. 2010 жылы 185 қылмыс тіркелсе, 2011 жылы 244 қылмыс тіркелген. Қылмыстардың ашылу деңгейі өткен жылғы 92,4%-тен биыл 72,4%-ке дейін төмендеген.