girniy.ru 1

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 18 шiлдедегi № 816 Қаулысы

 

"Егемен Қазақстан" 2011 жыл, 20 шiлде, № 305-306 (26700); "Казахстанская правда" от 20.07.2011 г., № 224 (26645)



 

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi К. Мәсiмов

      Қазақстан Республикасы
      Үкiметiнiң      
      2011 жылғы 18 шiлдедегi
      № 816 қаулысымен 
      бекiтiлген 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) ауыл кәсiпкерлерi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекiтiлген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрi – Бағдарлама) екiншi бағытына қатысатын өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы адамдар (бұдан әрi – адамдар) үшiн кәсiпкерлiк негiздерiн оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру, жеке iсiн ашуға немесе кеңейтуге жәрдемдесу және инфрақұрылымды дамытуды жайластыру тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы бағыт шеңберiнде мемлекеттiк қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiледi:
      1) оқитын адамдарға (оқу орнына дейiн және керi жол жүруiне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйдi жалға алумен байланысты шығындарды өтеуге) субсидия бере отырып, кәсiпкерлiк негiздерiн оқыту;
      2) микрокредит беру;
      3) Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын жобалар үшiн жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру;
      4) консультативтiк қызмет көрсету.
      3. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органы құратын мемлекеттiк мекеме;
      2) әлеуметтiк келiсiмшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетiнше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм;
      3) өтiнiш берушi – Бағдарламаға қатысу үшiн Халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша өтiнiш берген жеке тұлға;
      4) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға оң шешiм алған, өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар;
      5) аудандық/қалалық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) – жергiлiктi атқарушы органның жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;
      6) өңiрлiк комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия;

      7) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында және әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорацияларда мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берiлген ұлттық басқарушы холдинг және акциясының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым;

      8) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды үйлестiрушi орталық атқарушы орган;
      9) кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесудi қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi;
      10) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган – аудандық/қалалық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органның құрылыс және аумақтарға құрылыс салу мәселелерiне жауапты құрылымдық бөлiмшесi;
      11) микроқаржы ұйымдары (бұдан әрi – МҚҰ) – Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметiн жүзеге асыратын микрокредиттiк ұйымдар және кредиттiк серiктестiктер;
      12) микрокредиттiк ұйым – «Микрокредиттiк ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 наурыздағы № 392 Заңында айқындалған тәртiппен микрокредит беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      13) кредиттiк серiктестiк – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның iшiнде банк қызметтерiне қажеттiлiктерiн олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердiң есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға;
      14) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджеттi атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      15) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықты жайғастыру, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру саласында басқаруды жүзеге асыратын орталық уәкiлеттi орган.


2. Азаматтардың Бағдарламаның екiншi бағытына қатысу талаптары мен шарттары

      4. Бағдарламаның екiншi бағытына қатысушылар ауыл кәсiпкерлерi мен өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы адамдар болып табылады.
      5. Бағдарламаның екiншi бағытына қатысқысы келетiн адамдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi.
      6. Өтiнiш беру кезiнде мынадай құжаттар ұсынылады және мыналар қоса берiледi:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi, паспорты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн оралманның куәлiгi);
      2) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) мен әлеуметтiк жеке кодының (ӘЖК) немесе жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (ЖСН) көшiрмелерi;
      3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың (азаматтарды тiркеу кiтабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы) көшiрмесi;
      4) еңбек кiтапшасының көшiрмесi немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжат (еңбек қатынастарындағы қызметкерлер үшiн);
      5) бiлiмi туралы құжаттың (аттестат, куәлiк, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлiк, сертификат және басқалар) көшiрмелерi;
      6) отбасы құрамы туралы анықтама;
      7) денсаулық жағдайы туралы анықтама (денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысанға сәйкес);
      8) өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының дерекқорынан алынған, уәкiлеттi орган куәландырған табысы туралы анықтама немесе табысы туралы үзiндi көшiрме;
      9) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс;

      10) жоба үшiн жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм (қажет болған жағдайда).

      Жеке iсiн кеңейтудi жоспарлайтын адамдар:
      1) салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң жоқ екенiн;
      2) төлем қабiлеттiлiгiн (адам қызметiн пайдаланатын екiншi деңгейдегi банктiң немесе оның филиалының қолы қойылған және мөрi басылған адамның банктiң немесе оның филиалының алдындағы (адам бiрнеше екiншi деңгейлi банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осы банктердiң әрқайсысынан берiледi) мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берген күннiң алдында үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы анықтамасының түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
      7. Халықты жұмыспен қамту орталықтары он жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды қарайды, өтiнiш берушiлермен әңгiмелесу өткiзедi, кәсiпкерлiк негiздерiн оқуға деген қажеттiлiктi айқындайды, өтiнiш берушiлер келiскен жағдайда оларды кәсiпкерлiк негiздерiн оқуға жiбередi және кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға хабарлайды.
      8. Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларының тiзiмiн айқындау кезiнде мынадай өлшемдер ескерiледi:
      1) кәсiбiнiң (мамандығының) және бiлiктiлiгiнiң болуы;
      2) бiлiм деңгейi;
      3) бизнес-ұсыныстарының Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы бекiткен өңiрде кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағыттарына және осы Қағиданың 3-тарауында айқындалған микрокредит беру шарттарына сәйкестiгi.
      9. Кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган халықты жұмыспен қамту орталығының ақпараты негiзiнде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсiпкерлiк негiздерiн оқытуды қамтамасыз етедi, олардың оқу мерзiмi бiр айдан аспауға тиiс.
      Оқу бағдарламасы мен оны өткiзу кестесi халықты жұмыспен қамту орталықтарымен келiсiледi.

      Оқу ұйымы Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты тұратын жерiнен тыс жердегi елдi мекендерде орналасқан жағдайда, олардың мынадай шығыстары:

      1) жол ақысын төлеу туралы ұсынылған құжаттардың негiзiнде оқу орнына дейiн және керi жол жүруге, бiрақ төрт айлық есептiк көрсеткiштен асырмай;
      2) тұру қызметтерiнiң ақысын төлеу туралы ұсынылған құжаттардың негiзiнде жатақханада тұру үшiн (тұрғын үйдi жалға алу шығыстарын өтеу), бiрақ айына он айлық есептiк көрсеткiштен асырмай өтеледi.
      10. Бағдарламаның әлеуеттi қатысушылары жобалардың бизнес-жоспарларын әзiрлейдi және халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдауы бойынша микроқаржы ұйымдарына өтiнiш бередi, олар он бес жұмыс күнi iшiнде қарап, микрокердит беру мүмкiндiгi (немесе мүмкiн емес екенi) туралы шешiм қабылдайды және қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталықтарына жiбередi.
      Бизнес-жоспарларда жобалар үшiн жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру және қосалқы технологиялық жабдықты сатып алу қажеттiлiгi көрсетiледi.
      11. Халықты жұмыспен қамту орталықтары МҚҰ-дан оң қорытынды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жобалары жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және жайластырды қажет ететiн Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларының тiзiмдерiн инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
      12. Инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган үш жұмыс күнi iшiнде жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және жайластырды қаржыландыру мүмкiндiгi (немесе мүмкiн емес екенi) және қажеттi көлемi туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етедi.
      13. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларының осы Қағиданың 6-тармағында көзделген құжаттарын, МҚҰ-ның және инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындыларын қоса отырып, Комиссияның қарауына бередi.

      14. Халықты жұмыспен қамту орталығы Комиссияның ұсынымы бойынша өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылардың қатарына енгiзу (енгiзуден бас тарту) туралы шешiм қабылдайды және енгiзген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оларды бұл туралы жазбаша хабардар етедi.

      15. Бағдарламаның екiншi бағытына қатысушылар құрамына енгiзiлген адамдармен халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарлама операторы әзiрлеген нысан бойынша әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.
      16. Халықты жұмыспен қамту орталығының өтiнiштi қарау және ол бойынша шешiм қабылдауының жалпы мерзiмi МҚҰ-ның қорытындысын алған сәттен бастап он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
      17. Бағдарламаны iске асырудың барлық кезеңдерiнде адамдардың оған қатысуы туралы ақпарат «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтiк келiсiмшартты қолдауды және оған мониторинг жүргiзудi жүзеге асырады, жүргiзiлген iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалайды және Бағдарламаға қатысушылардың өздерiне қабылдаған мiндеттемелердi орындауын бақылайды.

3. Микрокредит берудi ұйымдастыру тәртiбi

      18. Облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарға республикалық бюджеттен бюджеттiк кредит қайтарымдылық, жеделдiлiк және ақылылық қағидаттары негiзiнде 0,01% сыйақы ставкасымен бес жылға берiледi.
      19. Облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттi өңiрлiк ұйымды белгiлейдi және 5 жылдан аспайтын мерзiмге кредит бередi.
      Мыналар үшiн:
      1) қаржы агенттiгi мәртебесi бар уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн жылдық сыйақы ставкасы 0,01 % мөлшерiнде белгiленедi;
      2) басқа заңды тұлғалар үшiн жылдық сыйақы ставкасы айналыс мерзiмi бюджеттiк кредит мерзiмiне сәйкес келетiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелерi бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiң орташа мөлшерлiк ставкасы деңгейiнде белгiленедi.

      20. Уәкiлеттi өңiрлiк ұйым МҚҰ-ның кредит беруiнiң белгiленген қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн МҚҰ iрiктеу бойынша ашық конкурс өткiзедi.

      21. Бағдарламаға қатысу құқығын алған МҚҰ мен уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның арасында кредит беру туралы шарт жасалады.
      22. МҚҰ үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын кредиттер бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңiрлiк комиссияның келiсiмiмен, уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредит бойынша сыйақы ставкасының және кредит берудi ұйымдастыруға байланысты жоспарланатын шығыстардың негiзiнде, уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредит бойынша белгiленген сыйақы ставкасының үстiнен 1%-дан асырмай белгiленедi.
      МҚҰ үшiн қаржы агенттiгi мәртебесi бар уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын кредиттер бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңiрлiк комиссияның келiсiмiмен белгiленедi.
      23. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары мынадай:
      1) кредит микрокредиттiк ұйымдар үшiн кепiл ұсынылғанда немесе кредиттiк серiктестердiң барлық мүшелерi немесе қаржылық жағдайлары уәкiлеттi өңiрлiк ұйымның талаптарын қанағаттандыратын үшiншi тұлғалардың кепiлдiктерi болған жағдайда қайтарымдылық негiзiнде ұсынылады. Бұл ретте бюджеттiк кредиттi қайтаруды қамтамасыз ету құны сыйақы сомасын ескергенде, бюджеттiк кредиттiң мөлшерiнен аз болмауға тиiс;
      2) нысаналы сипатта болады – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;
      3) тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарын өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлмейдi;
      4) кредит беру мерзiмi – бес жылдан аспайды;
      5) кредиттiң ең жоғары сомасы – үш миллион теңгеден аспайды;
      6) кредит бойынша негiзгi қарызды өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн, ол кредиттiң берiлген мерзiмi ұзақтығының үштен бiрiнен аспауға тиiс;
      7) соңғы қарыз алушы үшiн кредит ресурстары бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi сыйақы ставкасын өңiрлiк комиссиямен келiсе отырып, уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi.

      Кредит ресурстары бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi сыйақы ставкасының мәнi кәсiпкерлiк қызметтiң түрiне байланысты саралануы мүмкiн.

      24. Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларының жобаларын қарау кезiнде МҚҰ:
      1) өтiнiш берушiлердiң жеке iсiн ұйымдастыруға немесе кеңейтуге арналған бизнес-жоспарларын бағалауды жүзеге асырады;
      2) өтiнiш берушiлермен жеке әңгiмелесудi жүргiзедi және қажет болған жағдайда, төлем қабiлеттiлiгiн және кепiлдi қамтамасыз етудiң болуын айқындау үшiн өтiнiш берушiнiң табысы мен ресурстарына қосымша тексеру жүргiзедi.
      25. Оң шешiм қабылданған жағдайда МҚҰ-ның қорытындысы бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жiберiледi. Шешiм терiс болған жағдайда МҚҰ бас тарту себептерiн көрсете отырып, бұл туралы өтiнiш берушiге хабарлайды, өтiнiш берушiге құжаттар пакетiн қайтарады және халықты жұмыспен қамту орталықтарына хабарлайды.
      26. МҚҰ шарт жасау және микрокредит беру туралы ақпаратты шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жiбередi.

4. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және жайластыруды ұйымдастыру

      27. Инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органды жергiлiктi атқарушы орган өзi айқындайды.
      28. Инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынған жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру өтiнiмдерiн қарайды;
      2) ұсынылған жобаларды iске асыру мүмкiндiгi (немесе мүмкiн емес екенi) және оларды қаржыландырудың қажеттi көлемi туралы қорытынды дайындайды;
      3) заңнамада белгiленген жағдайларда, әрбiр жоба бойынша техникалық-экономикалық негiздеме немесе жобалық-сметалық құжаттама әзiрлейдi.

      29. Техникалық-экономикалық негiздеменi және/немесе жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлеу, сондай-ақ қосалқы технологиялық жабдықты сатып алу шығыстарын қоса алғанда, жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру шығындары Бағдарламаға қатысушыға берiлетiн кредиттiң жалпы сомасынан аспауға тиiс.

      30. Халықты жұмыспен қамту орталығы адамды Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгiзу туралы оң шешiм қабылдаған жағдайда, инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi орган қолданыстағы заңнамаға сәйкес жобаның жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру бойынша шаралар қабылдайды.

5. Кәсiпкерлiк негiздерiн оқытуды және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды қаржыландыру

      31. Қаржылық тәртiптi қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзу үшiн нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы:
      1) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында Бағдарламаға қатысушыларға кәсiпкерлiк негiздерiн оқыту бойынша;
      2) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық уәкiлеттi орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын жобалардың қолданыстағы инженерлiк-коммуникациялық жүйелерiне тарту және қосу мақсатында инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша келiсiмдер жасалады.
      32. Бағдарлама операторы мен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық уәкiлеттi орган бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударуды жүргiзедi.
      33. Нысаналы даму трансферттерi жергiлiктi атқарушы органдарға объектiлер бойынша бөлiнбей, бiр сомамен аударылады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн екi апта мерзiм iшiнде iске асырылуына қаражат бөлiнетiн жергiлiктi инвестициялық жобалар туралы объектiлер бөлiнiсiндегi жиынтық ақпаратты бюджеттi атқару жөнiндегi және құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдарға жiбередi.

      34. Бюджеттiк кредиттiң мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшiн бюджеттi атқарылу жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында осы Қағидада ескертiлген шарттарда кредиттiк шартқа қол қойылады.
      35. Бағдарлама операторы бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарлама бойынша аударады.
      36. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне қарай:
      1) Бағдарлама операторына – кәсiпкерлiк негiздерiн оқудан өткен, микрокредит алған, жеке iсiн ұйымдастырған немесе кеңейткен Бағдарламаға қатысушылар саны туралы;
      2) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы орталық уәкiлеттi органға – салынған және реконструкцияланған және/немесе сатып алынған және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған объектiлер саны туралы есептердi ұсынады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң 
белсендi шараларына қатысатын 
адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға
мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына 
1-қосымша        

______________________ ауданының
(қаласының) Халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
_________________________________
________________________мекенжайы
бойынша тұратын
_________________________________

      

Өтiнiш 

      Менi «Кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу» бағыты бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылардың қатарына енгiзудi сұраймын.
      Қосымша ___ парақта:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi, паспорты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн оралманның куәлiгi);

      салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) мен әлеуметтiк жеке кодының (ӘЖК) немесе жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (ЖСН) көшiрмелерi;

      тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың (азаматтарды тiркеу кiтабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы) көшiрмесi;
      еңбек кiтапшасының көшiрмесi немесе еңбек қызметiн растайтын өзге құжат (еңбек қатынастарындағы қызметкерлер үшiн);
      бiлiмi туралы құжаттың (аттестат, куәлiк, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлiк, сертификат және басқалар) көшiрмелерi;
      отбасы құрамы туралы анықтама;
      денсаулық жағдайы туралы анықтама (денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысанға сәйкес);
      өтiнiш берушiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының дерекқорынан алынған, уәкiлеттi орган куәландырған табысы туралы анықтама немесе табысы туралы үзiндi көшiрме;
      қажет болған жағдайда сәйкес нысан бойынша жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс;
      жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға өтiнiм.
      Жеке iсiн кеңейтудi жоспарлайтын адамдар:
      салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң жоқ екенiн;
      төлем қабiлеттiлiгiн (адам қызметiн пайдаланатын екiншi деңгейлi банктiң немесе оның филиалының қолы қойылған және мөрi басылған адамның банктiң немесе оның филиалының алдындағы (адам бiрнеше екiншi деңгейлi банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктiң әрқайсысынан берiледi) мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берген күннiң алдында үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы анықтамасының түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

      Күнi                                               қолы

--------------------------------------------------------------------

Азамат ____________________________________________________ өтiнiшi
20_ ж. «_____»____________ қабылданды, № _____ болып тiркелдi

Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:____________
_____________________________________________________________________

      * ұсынылған құжаттардың дұрыстығына өтiнiш берушi жауапты.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң 
белсендi шараларына қатысатын 
адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға
мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына 
2-қосымша          

Бизнес-ұсыныс

      1. 
Жобаның атауы______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2. Тегi, аты, әкесiнiң аты_____________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Бiлiктiлiгi (кәсiбi, мамандығы) ____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Кәсiпкерлiк негiздерiн оқу туралы мәлiметтер (аяқтау күнi, ұйымның атауы, оқу бейiнi)___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      5. Жобаның сипаты (мақсаты, ерекше белгiлерi, iске асыру кезеңдерi – тактикалық жоспар, мақсаттарға қол жеткiзу жолдары, қызметтердi немесе өндiрiлген өнiмдi тұтынатын болжамды тұтынушылар)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      6. Жобаның болжамды құны ____________________________мың теңге
      7. Қажеттi кредит сомасы ___________________________ мың теңге
      8. Кредиттiң жоспарлы мерзiмi_____________________________
      9. Кредиттi өтеу үшiн төлемдi шегеру қажеттiлiгi (бар, жоқ)
      10. Қолда бар мүлiктiң, техниканың және жобаны iске асыру үшiн қажеттi жабдықтың сипаты ____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      11. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту қажеттiлiгi (жол, электр, сумен жабдықтау, кәрiз не септик, байланыс және оның болжамды құны ________________________ мың теңге).

      Қолы                                           Күнi

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң 
белсендi шараларына қатысатын 
адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға
мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру
және қаржыландыру қағидасына 
3-қосымша       

Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға өтiнiм 

      1. Жобаның атауы______________________________________________
____________________________________________________________________
      Жобаның болжамды құны ___________________________ мың теңге
      2. Тегi, аты, әкесiнiң аты ___________________________________
      ____________________________________________________________

      3. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның сипаты:

      а. Жол (ұзындығы км, жол төсемiнiң енi м, бетiнiң сипаты (түрi), су өткiзгiш құрылыстарды орнату қажеттiлiгi) ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      болжамды құны __________ мың теңге
      b. Электрмен жабдықтау (желiнiң ұзындығы км, тiреулердiң, оның iшiнде қос тiреулердiң қажеттi саны, желiдегi қажеттi кернеу (вольт), төмендеткiш трансформатор сатып алу және орнату қажеттiлiгi) ________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      болжамды құны __________ мың теңге
      с. Сумен жабдықтау (желiнiң ұзындығы км, өткiзу қабiлетi тәулiгiне куб.м, байланыстырушы құбырдың диаметрi мм, өрт сөндiру жүйесiн, оның iшiнде өрт гидрантын жайластыру қажеттiлiгi) __________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      болжамды құны __________ мың теңге
      d. Кәрiз (суды ағызып әкету)
      а) қолданыстағы жүйеге қосу – ұзындығы км, өткiзу қабiлетi тәулiгiне куб.м, ағызып әкету құбырының диаметрi мм, қайта жiберу құдықтары құрылыстарының қажеттi саны, сорғы жабдықтарын сатып алу және орнату қажеттiлiгi)_____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      болжамды құны __________ мың теңге
      б) септиктi жайластыру – қажеттi көлемi куб. м ________________
      болжамды құны __________ мың теңге
      4. Байланыс (желiнiң ұзындығы км, тiреулердiң қажеттi саны, абоненттiк нөмiрлердiң қажеттi саны) _______________________________
_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________
      5. Жетiспейтiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру және қосалқы технологиялық жабдықты сатып алудың жалпы құны ______________________________ мың теңгенi құрайды.

      Қолы                                          Күнi